2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертiлдi (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат қоса беріле отырып ұсынылады.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Уәкілетті орган:
1) олардың негізінде рұқсат берілген дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталға қомақты қатысуы бар ұйымдардың органдары шешім қабылдаған не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі иелігіндегі ұйым акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелігінен шығарған;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның қызметі осы Заңның 48-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес болмауы анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты қайтарып алу кезінде уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі рұқсатты қайтарып алу туралы өтініш берген күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі алты ай ішінде аталған ұйымдардағы өздеріне тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен және (немесе) сақтандыру холдингімен үлестес тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
14. Осы баптың талаптары:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мынадай шарттардың бірі:
сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ аталған тұлғалар шыққан елдің қаржылық қадағалау органының олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің еншілес немесе тәуелді ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес және тәуелді ұйымдарды құрған немесе иемденген кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) банк холдингтері немесе банктер болып табылатын және уәкілетті органның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген тиісті рұқсаты бар сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертiлдi (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Егер банк холдингі немесе банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қатысты капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу көзделген еншілес қаржы ұйымын құрған немесе сатып алған не қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды сатып алған жағдайда, уәкілетті орган, рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда, осы бапта көзделген тиісті құжаттар ұсынылмай сақтандыру холдингіне қаржы ұйымының акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын беретін тиісті құжатты берумен бір мезгілде еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға және (немесе) ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаларға қолданылады.
2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
1. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның келісімінсіз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесі шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдарын және өкілдіктерін ашуға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің филиалының немесе өкілдігінің әділет органдарында есептік тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
1) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сақтандыру қызметін жүзеге асыратын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін оқшауланған бөлімшесі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін және сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлімшесі.
2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің алдындағы үш ай ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 228-бабының бірінші, екінші, он бірінші бөліктерінде, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды уәкілетті органның қолданбауы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарын ашудың міндетті шарттары болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының залал шекпеген қызметі жағдайында өкілдік ашуға құқылы.
7. Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
2) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хатын қабылдағандығы туралы әділет органының белгісі қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін табыс етуге міндетті.
8. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасынан тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органындағы тіркеуді растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
9. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз өкілдігін уәкілетті органның келісімінсіз ашуға құқылы.
10. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
1) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
3) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметіне қолданылып жүрген лицензиясы бар екені туралы жазбаша растауын не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растау беру Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;
4) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының немесе беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
5) сақтандыру ұйымының өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса тіркей отырып, өзінің ашылуы жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
11-тармаққа өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңы (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға тыйым салынады.
12. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде өкілдік туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып, уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі өкілдік туралы ережеге есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өкілдігінің хатын қабылдағандығы туралы әділет органының белгісі қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін табыс етуге міндетті.
13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің филиалын және (немесе) өкілдігін әділет органдарында (филиалдың немесе өкілдіктің қызметі Қазақстан Республикасынан тыс жерде тоқтаған кезде мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және (немесе) өкілдігін есептік тіркеуден шығарғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың қызметін тоқтатуы жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
14. Осы баптың 5, 6, 10 және 12-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын немесе өкілдігін және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін жабуды талап етеді.
Осы баптың 2, 7, 8 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларының және (немесе) санкциялардың бірін қолданады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді);2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 34-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру қызметін және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері болып танылады.
Басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің барлық басшы қызметкерлеріне қаржы жылы ішінде төлеген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.»;
3. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер көрсету саласында еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
4) уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтер, ірі қатысушы - жеке тұлға, сақтандыру ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;
6) қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын дефолтқа жол берген, бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтер, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келуі үшін:
1) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының басшысы, атқарушы органының мүшелері, сақтандыру брокерінің бас бухгалтері және басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
6. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органмен келіспей күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы атқаруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен асыра атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.