1. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады.
2. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақыны төлеу ағымдағы ай үшін және барлық растайтын құжаттар болған кезде өтініш жасаған күннен бастап осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.
3. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақы растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе анық емес деректер қамтылған құжаттарды табыс еткен адамдарға тағайындалмайды.
4. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақыны төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайларда тоқтатылады.
2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен мазмұн 9-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1-бап. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу
1. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш жасалған күннен бастап баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.
2. Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.
3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.
9-2-бап. 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Жәрдемақылар мөлшері
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде белгіленеді:
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:
бірінші, екінші, үшінші балаға - 38,0 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға - 63,0 айлық есептік көрсеткіш;
2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:
бірінші балаға - 5,76 айлық есептік көрсеткіш;
екінші балаға - 6,81 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші балаға - 7,85 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,90 айлық есептік көрсеткіш;
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.13.05. № 326-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы:
төрт балаға - 16,03 айлық есептік көрсеткіш;
бес балаға - 20,04 айлық есептік көрсеткіш;
алты балаға - 24,05 айлық есептік көрсеткіш;
көп балаға - 28,06 айлық есептік көрсеткіш;
сегіз және одан көп балаға - әрбір балаға 4 айлық есептік көрсеткіш;
3) көп балалы анаға берілетін жәрдемақы - 6,40 айлық есептік көрсеткіш;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы - 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі;
5) 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жәрдемақылар республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы Мемлекеттік корпорацияны он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Өтініш беруші бала күтіміне байланысты жәрдемақының, көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақының, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшерлеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабар бермеген жағдайда, жәрдемақылардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап қайта қаралады, бірақ олар тағайындалған күннен ерте емес қайта қаралады.
2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 11-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Жәрдемақылар төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақылардың төленуін тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
1) баланың қайтыс болуы;
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны төлеу үшін, кәмелеттік жасқа толғанынан кейін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын баланың оқудан шығуы;
2) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;
3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынуы;
4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) жәрдемақы алушыға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны тағайындау үшін негіздер сақталған кезде, оны төлеу осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда тоқтатылмайды.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көзделген жәрдемақыны төлеуді тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш берушінің жәрдемақының заңсыз тағайындалуына алып келген, анық емес мәліметтер ұсынуы;
2) жәрдемақы алушыны «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасынан айыру;
3) жәрдемақы алушыға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жәрдемақыларды төлеу осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Жәрдемақылардың артық төленген сомалары - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 4) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген жәрдемақыларды төлеу мынадай мән-жайлар басталған кезде тоқтатыла тұрады:
1) жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;
2) жәрдемақы алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ақылы негізде ұсынылатын адамды қоспағанда, жәрдемақы алушының мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) тұруы;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) баланың осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны төлеу үшін кәмелетке толуы;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) жәрдемақы алушыға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабар-ошарсыз жоғалу фактісі туралы растайтын құжаттың болуы;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) жәрдемақы алушы - шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі.
Жәрдемақыларды төлеу жәрдемақылардың төленуін тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар өткен соң қайта басталады.
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1-бап. Жәрдемақыларды алушының өзгеруі
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды алушы қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе оның ата-ана құқықтары шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген жағдайларда, жәрдемақыларды төлеу баланы (балаларды) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне белгілеу жағдайларын қоспағанда, баланың (балалардың) заңды өкіліне жүргізіледі.
2. Жәрдемақыларды алушыны өзгерту үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар осы Заңның 5-бабына сәйкес тиісті өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді.
12-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1-бап. Өтпелі ережелер
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылардың көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасауы және растаушы құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген отбасыларға көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде тағайындалады және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап төленеді.
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 8-бапты, 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. маусымның 28-і.
№ 63-III