ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 85-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж. № 16, 56-құжат):
1) 7-баптың 19) тармақшасында:
«өткізу жолымен» деген сөздер «ұйымдастыру арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қамтамасыз етеді» деген сөздерден кейін «, террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады» деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту
Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларға білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде әлеуметтік оңалту қамтамасыз етіледі.
Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту құқықтық, білім беру, психологиялық, медициналық, мәдени және әлеуметтік-тұрмыстық көрсетілетін қызметтерді қамтиды.».
2-тармақ 2020 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат):
10-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2-1) тармақшасында:
бесінші абзацтағы «және одан көп» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«сегіз және одан көп балаға - әрбір балаға 4 айлық есептік көрсеткіш;».
2-бап. Осы Заң, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 мамыр
№ 326-VІ