2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарда:
1) эмитенттiң толық атауы мен орналасқан жерi;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу күнi;
3) уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру жөніндегі шешiмi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
27-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тану
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тануға:
1) эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы;
2) эмитенттi заңды тұлға ретінде мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыруға негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы;
3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу жүргiзуге негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы негiз болып табылады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Соттың эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тануы уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жоюы үшiн негiз болып табылады.
Акционерлік қоғам акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап үш айдың iшiнде акциялардың жаңа шығарылымын тiркеу немесе қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешiм қабылдайды.
5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы
28-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының тәртібі
1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың қайталама бағалы қағаздар рыногындағы айналысы бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуы арқылы жүзеге асырылады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың және оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнде немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркеудiң талаптары мен тәртібі осы Заңға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес белгiленедi.
29-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру
1. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының:
1) инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуы процесiнде олардың құқықтары мен мүдделерiн;
2) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың талаптары мен тәртібін белгiлейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген талаптар бұзылған жағдайда, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнде және (немесе) бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде барлық немесе жекелеген жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың бәрiн немесе бiр бөлiгiн оқшаулау арқылы эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган эмитентке және мәмiле жасасуға қатысатын (қатысқан) тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама жiбередi. Аталған тұлғалар анықталған тәртiп бұзушылықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға және нұсқаманың орындалғаны туралы не анықталған бұзушылықтарды жою мүмкiн еместiгi туралы уәкiлеттi органға жазбаша есеп беруге мiндеттi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiмдi эмитентке және орталық депозитарийге жiбередi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру туралы хабарламасын алған кезден бастап бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі айналысы тоқтатыла тұрған бағалы қағаздармен мәмiлелердiң тiркелуiн тоқтата тұруға мiндеттi.
5. Нақтылы ұстаушы орталық депозитарийдiң хабарламасын алған кезден бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде өзiнiң клиентiн клиенттiң нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмiле жасасуын тiркеудi тоқтата тұруы туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Бұзушылықтар жойылғаннан кейiн бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі және бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қайта жаңғырту уәкiлеттi органның эмитентке және орталық депозитарийге бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қайта жаңғырту туралы шешiм қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жiберiлген жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.
30-бап. Акциялар шығарылымын жою
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Акционерлік қоғам:
1) акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімін алған;
2) ерікті түрде таратылатын акционерлік қоғамның тарату балансын бекіткен;
3) акционерлік қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімін алған;
4) акционерлік қоғамды шаруашылық серіктестік немесе өндірістік кооператив етіп қайта құру кезінде беру актісіне қол қойған;
5) беру актісіне қол қойған (бірігу арқылы қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдар үшін);
6) беру актісіне қол қойған (қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда қосылатын акционерлік қоғам (қосылатын акционерлік қоғамдар) үшін);
7) бөлу балансына қол қойған (бөліну арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда, бөлінетін акционерлік қоғам үшін) күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей акциялар шығарылымының күшін жою үшін уәкілетті органға өтініш жасауға міндетті.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Таратылатын акционерлік қоғам таратылатын қоғамның тарату теңгерімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде акциялар шығарылымын жою мақсатында уәкілетті органға өтініш білдіреді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-2. Акциялардың күшін жоюға қажеттi құжаттарды ұсынбай-ақ, уәкiлеттi орган Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы (осы акционерлiк қоғамға басқа заңды тұлғаның біріктіру немесе осы акционерлiк қоғамнан жаңа акционерлiк қоғамның бөлiнiп шығу жағдайларын қоспағанда) туралы мәлiметтер қамтылатын акционерлiк қоғамдардың акциялар шығарылымының күшін жою туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2-1. Сот не сот орындаушылары жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тану немесе мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмiн табыс еткен жағдайда уәкiлеттi орган акциялар шығарылымын жою туралы шешiм қабылдайды және бұл жөнiнде эмитенттi хабардар етедi.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою тәртібі, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Уәкілетті орган жарияланған акциялардың шығарылымын, егер құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталса, жоюдан бас тартуға құқылы.
4. Шығарылымына қатысты уәкiлеттi орган жою туралы шешiм қабылдаған акциялармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуға тыйым салынады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Эмитент уәкiлеттi органның акциялар шығарылымын жою туралы хабарламасын алған күннен кейін күнтiзбелiк жетi күн iшiнде бұл туралы қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастыруға мiндеттi.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Уәкілетті орган акциялар шығарылымын жою туралы шешімді эмитентке және орталық депозитарийге жібереді.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 30-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 30-баптың тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-1-бап. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын жою
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын жою туралы шешiмдi уәкiлеттi орган мынадай негіздердің бірі бойынша:
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
1) мынадай шарттардың бірі сақталған кезде:
осы шығарылымдағы бірде-бір мемлекеттік емес облигация орналастырылмаған;
бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент осы шығарылымның барлық орналастырылған мемлекеттік емес облигациясын сатып алған;
осы шығарылымның мемлекеттік емес облигацияларының айналыста болу мерзімі өткен соң;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарын, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау рәсімдерін жүзеге асырған кезде мемлекеттік емес облигациялар облигациялар шығарылымын жою туралы эмитент органының шешімі болғанда;
2) тарату үдерісінің аяқталғанын растайтын құжаттарды мәжбүрлі тәртіппен таратылатын эмитенттің тарату комиссиясы ұсынғанда қабылдайды.
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға қажетті құжаттарды ұсынбай-ақ, уәкілетті орган Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде таратылуы туралы мәліметтер қамтылатын эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдауға құқылы.
Мемлекеттік емес облигациялар айналысының мерзімі өткен соң олардың шығарылымының күшін жою кезінде орталық депозитарий мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының шарттарында көзделген барлық міндеттемелерді эмитент орындағанға дейін осы мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы эмитентінің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алуды жүзеге асырады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою тәртібі, мемлекеттік емес акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Уәкілетті орган мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын, егер құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталса, жоюдан бас тартуға құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік емес облигациялар эмитентінің ерікті түрде тарату туралы шешімді, егер осындай шешім қабылданған күні ол шығарған мемлекеттік емес облигациялар толық көлемде өтелмесе немесе мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы жойылмаса, қабылдауға құқығы жоқ.
31-бап. Бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеу
Төлем агентi
1. Қайталама бағалы қағаздар рыногындағы эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы кезеңiнде эмитент Қазақстан Республикасының заңдарында және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде белгiленген бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеу тәртібін сақтауға мiндеттi.
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Облигацияларды өтеу кезінде олардың номиналды құны және (немесе) облигациялар бойынша табыс осы төлемдер жүзеге асырылатын кезеңнiң соңғы күнiнiң басындағы жағдай бойынша (бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын орталық депозитарий орналасқан жердегi уақыт бойынша) оларды алуға құқығы бар тұлғаларға төленедi.
3. Эмиссиялық бағалы қағаздар және облигациялардың нақтылы құны бойынша кiрiс төлеудi оларды өтеу кезiнде эмитент дербес немесе төлем агентi көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы шығарған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеудi жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.
5. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу кезiнде олардың нақтылы құнын төлеудi жүзеге асыру үшiн төлем агентiн сайлау туралы шешiмдi өз жарғысына сәйкес эмитенттiң органы қабылдайды.
6. Төлем агентi көрсететiн қызметтердi пайдалану туралы шешiм қабылданған жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде төлем агентi туралы мынадай мәлiметтер:
1) төлем агентiнiң толық атауы;
2) төлем агентiнiң және оның бағалы қағаздар бойынша кiрiс (облигациялардың нақтылы құнын) төлеудi жүзеге асыратын барлық филиалдарының орналасқан жерi, реквизиттерi болуға тиiс.
7. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Эмитенттiң кiнәсiнен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша табыс және (немесе) оларды өтеу кезінде облигациялардың номиналды құны төленбеген, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда, эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларға негiзгi мiндеттеме сомасын және әрбір мерзiмi өткен күн үшiн ақшалай мiндеттеменi немесе оның тиiстi бөлiгiн орындау күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін негiзге ала отырып есептелетін өсiмпұл төлеуге мiндеттi.
9. Төлем агентi қызметiн жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 31-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-1-бап. Лицензиаттың қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар етуі
Лицензиат уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекітуге уәкілетті лицензиат органының қаржы өнімдерін бекітуі туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Бекітілуі туралы лицензиат уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, лицензиат қаржы өнімдерін бекіткені туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-бап. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабардар ету
1. Эмитент немесе төлем агенті (эмитентте төлем агентімен шарт болған жағдайда) облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде уәкілетті органды мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары жөнінде хабардар етеді.
2. Эмитенттің (төлем агентінің) хабарламасы эмитенттің облигацияларды өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындағаны туралы ақпаратты қамтиды, онда мыналар:
1) облигацияларды өтеу күні;
2) облигациялардың номиналды құны;
3) облигацияларды өтеу күніндегі жағдай бойынша эмитент сатып алған облигациялардың саны туралы мәліметтер;
4) облигацияларды өтеу күніне айналыста болған облигациялардың саны туралы мәліметтер;
5) облигациялар бойынша төленген сыйақының жиынтық мөлшері және толық есеп-қисабы келтірілген өтеу сомасы көрсетіледі.
3. Эмитенттің (төлем агентінің) хабарламасына эмитенттің есепті айдың соңындағы жағдай бойынша немесе облигацияларды өтеу аяқталған күнге қаржылық есептілігі және орталық депозитарийдің эмитенттің облигацияларын өтегені туралы хабарламасы қоса берілуге тиіс.
4. Уәкілетті орган эмитенттің (төлем агентінің) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламасын қарайды және:
1) эмитенттің (төлем агентінің) хабарламасы Заңның осы бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, күнтізбелік он төрт күн ішінде эмитентке (төлем агентіне) хабарламаның қабылданғаны туралы ақпарат жібереді;
2) эмитент (төлем агенті) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну шарттары мен тәртібін бұзған және хабарламаны қарау процесінде олардың Заңның осы бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда, эмитенттің (төлем агентінің) хабарламасын назарға алмайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпарат пен құжаттарды ұсынуды талап етеді.
5. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау тәртібі, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды
5-1-тарау. Ислам бағалы қағаздарын шығарудың және олардың айналымының ерекшеліктері
32-1-бап. Исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері
Мыналар исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері болып табылады:
1) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде ислам бағалы қағаздары құнының проценті түріндегі сыйақыны есептеп шығаруға, сондай-ақ ислам бағалы қағаздары бойынша табысқа кепілдік беруге құқығы жоқ;
2) ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру нәтижесінде алынған қаражат темекі, алкогольдік өнімдерді, қару-жарақ пен оқ-дәріні шығаруға және (немесе) саудалауға, құмар ойын бизнесімен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға бағытталмауға тиіс.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам бағалы қағаздары эмитентінің қызметіне қойылатын сақталуға міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
32-2-бап. Ислам бағалы қағаздарының түрлері
1. Ислам бағалы қағаздарына:
1) ислам инвестициялық қорларының акциялары мен пайлары;
2) исламдық жалдау сертификаттары;
3) исламдық қатысу сертификаттары;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ислам бағалы қағаздары болып танылған өзге де бағалы қағаздар жатады.
2. Инвестициялық портфельді басқарушылар ислам инвестициялық қорлары пайларының эмитенттері болып табылады.
Ислам арнайы қаржы компаниялары исламдық жалдау сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттарының эмитенттері болып табылады.
2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 32-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 32-3-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 32-3-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-3-бап. Исламдық жалдау сертификаттары
1. Ислам арнайы қаржы компаниясы шығарылу кезiнде айналыс мерзiмiн алдын ала белгiлей отырып шығаратын, ұстаушылары жалдау (қаржы лизингi) шарты бойынша кірістер алу құқығына ие болатын ислам бағалы қағаздары исламдық жалдау сертификаттары болып табылады.
2. Исламдық жалдау сертификаттары оларды ұстаушыларға мынадай:
1) жалдау (қаржы лизингi) шарты бойынша кірістер алу;
2) егер мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы ислам арнайы қаржы компаниясы болып табылатын жағдайда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға кері сатудан түсетін кірісті алу;
3) бөлiнген активтердi құрайтын мүлiк үлесiне сәйкес келетiн, ұстаушыға тиесiлi исламдық жалдау сертификаттары санының орналастырылған исламдық жалдау сертификаттарының жалпы санына пропорционалды мөлшерде ақша сомасын алу;
4) эмитенттiң (оригинатордың) қызметi туралы ақпарат алу, оның iшiнде исламдық жалдау сертификаттарын шығару проспектiсiнде айқындалған тәртiппен эмитенттiң (оригинатордың) қаржылық есептiлiгiмен танысу;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) ұстаушылардың исламдық жалдау сертификаттарына орталық депозитарийден немесе номиналды ұстаушыдан меншiк құқығын растайтын үзiндi көшірмелерді алу құқықтарын;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарында көзделген өзге де құқықтарды бередi.
3. Ислам арнайы қаржы компаниясы исламдық жалдау сертификаттарын шығару, оларды орналастырудың нәтижесiнде алынған ақшаға мүлiкті иелену, сондай-ақ осы мүлiктi жалға беру (қаржы лизингi) шарты бойынша түскен төлемдердi исламдық жалдау сертификаттарын ұстаушылар арасында бөлу үшiн құрылады.
Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын (исламдық жалдау сертификаттарын) шығару және онымен байланысты мемлекеттік мүлікті иелену және осы мүлікті тиісті саланың уәкілетті органына жалға беру, сондай-ақ мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын өтеу үшін ғана құрылады.
Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен бөлінген активтерді сатып алу-сату шартын және тиісті саланың уәкілетті органымен осы бөлінген активтерді жалдау шартын жасайды.
Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерінің құрамына мүлікті сатуды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімінің негізінде жүзеге асырады.
Бөлінген активтерді мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясынан кері сатып алуды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін құрайтын мүлікті басқа мүлікке ауыстыруға мұндай ауыстыру мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жол беріледі.
4. Исламдық жалдау сертификаттарының айналысы ислам арнайы қаржы компаниясының бөлiнген активтерiне кiретiн мүлiктi жалдау (қаржы лизингi) шартын жасасқаннан кейiн мүмкін болады.