2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары қолданылады.
Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларында қамтылған жекелеген талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілуі мүмкін.
Типін шет мемлекеттің авиация биліктері сертификаттаған азаматтық авиацияның әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын ағылшын тілінде қолдануға құқылы.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттары Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес реттелуі жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі құжаттарға жатпайды.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамыту
1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамыту:
1) стратегиялық және ұзақ мерзімді міндеттердің операциялық және қысқа мерзімді міндеттерден басым болу қағидатына;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында адами капиталды есепке алу, зерттеу, дамыту және сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы жүйелі тәуекелдерді анықтау, талдау және барынша азайту жөнінде шаралар қолдану процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге негізделеді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамыту жөніндегі шараларды әзірлеуді және іске асыруды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қамтамасыз етеді.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ АВИАЦИЯ
ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, бақылау және қадағалау
8-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметін мемлекеттік реттеу міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуі, ұшуды адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет мүдделеріне қатер төндірмей орындау;
2) әуе кеңістігін пайдалануға және ұшуды орындауға байланысты қызметті жүзеге асырудың жалпы принциптерін белгілеу;
3) Қазақстан Республикасы экономикасының және азаматтардың авиациялық қызметтерге қажеттіктерін қанағаттандыру болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды және авиация қызметін мемлекеттік реттеуді өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Әуе кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Әуе кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын болғызбау және (немесе) тоқтату және (немесе) оның жолын кесу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Әуе кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі салаларындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуы нысанасына жүзеге асырылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қатысуымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ұшу қауіпсіздігі мəселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүргізу тəртібін мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган айқындайды.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау мынадай нысанда:
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тексерулерді қоспағанда, жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын азаматтық авиация ұйымдарын тексерулер;
2) жеке және заңды тұлғалардың осы Заңмен жүргізу тәртібі айқындалатын әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексеру;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін байқауды және талдауды қамтитын, бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын техникалық бақылау мен қадағалауды (бұдан әрі - бақылау мен қадағалау) жүзеге асырады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін, сондай-ақ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау мақсатында байқау және талдау, осы Заңның талаптарына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жеке және заңды тұлғалар берген ақпарат, құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Тексерулердің және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындысы бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері қорытынды құжаттар (актілер, инспекторлық нұсқамалар) жасауы және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 10-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-1-бап. Жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексеру түрлері
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі (бұдан әрі - ұшу қауіпсіздігі) мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) ішінара;
2) жоспардан тыс.
Ішінара тексеруді тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігіне жүргізілген бұрынғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен тұрақты қадағалау бағдарламасы негізінде азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаға, әуе кемелеріне және (немесе) олардың компоненттеріне, әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ететін жабдыққа қатысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайды.
Жоспардан тыс тексеруді Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігіне азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаға, әуе кемелеріне және (немесе) олардың компоненттеріне, әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ететін жабдыққа қатысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайды.
Мақсаттарына қарай ішінара және жоспардан тыс тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаны, оның ішінде осындай адамның ұшуды ұйымдастыруын, дайындауын және орындауын тексеру;
2) азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны тексеру;
3) шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер.
2. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, ішінара және жоспардан тыс тексерулер еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленген, тексерілетін субъектінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтар тікелей жасалған кезде олардың жолын кесу қажет болған жағдайларда жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды
10-2-бап. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын қызмет
Азаматтық және эксперименттік авиация саласында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын қызметке:
1) әуе кемелерін пайдалану, ұшуды жүргізу және соған дайындалу;
2) әуе қозғалысына қызмет көрсету;
3) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету;
4) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету;
5) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету;
6) ұшуды әуеайлақпен қамтамасыз ету;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету;
8) ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету;
9) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету;
10) авиация персоналын даярлау және қайта даярлау;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру, жолаушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
12) ұшуды авариялық және іздестіру-құтқару қызметімен қамтамасыз ету;
13) азаматтық әуе кемелерін, әуежай объектілері мен қызметтерін жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету;
14) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар мен басқа да тұтынушыларды арнайы автокөлік құралдарымен және жабдықпен қамтамасыз ету;
15), осы Заңның 90-бабының 1-тармағында көзделген, ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызмет;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) осы Заңның 105-бабының 2-тармағында көзделген авиациялық қауіпсіздік шаралары;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
17) азаматтық авиация саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жатады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап жаңа редакцияда
11-бап. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексерулер жүргізу тәртібі
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексерулерді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қажеттілік және жеткіліктілік қағидатына сәйкес жүргізеді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторы (бұдан әрі - авиация инспекторы) нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның тексеру жүргізу туралы бұйрығының негізінде жүргізіледі, онда тексеруді жүзеге асыратын адам, тексерудің басталу мен аяқталу мерзімдері, сондай-ақ тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның деректері көрсетіледі.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Авиация инспекторлары тексеру кезінде тексеру жүргізу туралы бұйрықты және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті. Тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін тексерілетін тұлғаға табыс ету кезі тексеру жүргізудің басталуы болып саналады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін қабылдаудан бас тартылған немесе тексеруді жүзеге асыратын авиация инспекторының тексеру жүргізу үшін қажетті объектілерге және (немесе) материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын авиация инспекторы мен тексерілетін тұлға не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Тексерілетін тұлға бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеру жүргізу туралы бұйрықты алудан бас тарту тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Тексеруді жүзеге асыратын авиация инспекторы тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы;
3) соның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) тексерілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауы мен деректемелері, ал шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне тексеру жүргізілген жағдайда - барлық тексерілетін жеке немесе заңды тұлғалардың және тексеру жүргізу кезінде қатысқан өзге де адамдардың тиісінше тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не атауы мен деректемелері;
6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
Тексерілетін тұлға тексеру нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға не сотқа шағымдануға құқылы.
Жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары және тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар болған кезде) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі.
7. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін тұлға оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса берілуі мүмкін, ол туралы тиісті белгі жасалады.
8. Тексерілетін тұлғаның қолындағы түпнұсқа құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар жасау үшін тексерілетін тұлғаға не оның уәкілетті өкіліне табыс етіледі.
9. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 12-баптың тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалаудың нәтижелері
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бақылау мен қадағалаудың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда, авиация инспекторлары жеке немесе заңды тұлғаларға бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық нұсқамалар береді.
Ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайда, авиация инспекторы әуе кемесін пайдалануды не инспекцияланатын пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының белгілі бір әрекеттерін тоқтату туралы талаппен инспекторлық нұсқама береді.
2. Инспекторлық нұсқама жеке немесе заңды тұлғаға немесе олардың өкілдерінің қолына немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуы тиіс.
Инспекторлық нұсқамада жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы, инспекторлық нұсқаманың берілген күні, инспекторлық нұсқаманы жіберудің негізі, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар және инспекторлық нұсқаманы орындау мерзімдері, оған шағымдану тәртібі көрсетіледі.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Хабарламалы тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы не хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін электронды байланыс арналары арқылы электронды түрде жіберілген инспекторлық нұсқама почта операторынан почта жөнелтілімін адресаттың алғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап не хабарламаны электронды түрде жіберген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң тапсырылды деп есептеледі.
4. Инспекторлық нұсқама азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Инспекторлық нұсқаманы орындамау азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған сертификаттың (куәліктің) қолданысын тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу үшін негіз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Авиация инспекторлары беретін инспекторлық нұсқамаларға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бап. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны әзірлейді, ол:
1) азаматтық авиация саласындағы азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін білдіреді;
2) халықаралық стандарттарды және ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесіне байланысты ұсынылатын практиканы тиімді енгізуді белгілейді;
3) ұшу қауіпсіздігі тәуекелдерін басқарудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге және авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың санын үздіксіз азайтуға бағытталған.
2. Азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама мыналарды:
1) мемлекеттік деңгейде қауіпсіздік саласындағы саясат пен мақсаттарды;
2) мемлекеттік деңгейде ұшу қауіпсіздігіне байланысты тәуекелдерді басқаруды;
3) мемлекеттік деңгейде азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
4) мемлекеттік деңгейде азаматтық авиацияның қауіпсіздігін дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланумен және авиация қызметімен байланысты қоғамдық қатынастардың барлық субъектілерінің қызметіндегі негізгі басымдық және міндеттеме болып табылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды
12-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылатын практикасына сәйкес авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын әзірлейді, ол:
1) белгілі бір қағидаларды, практикаларды және рәсімдерді енгізу арқылы азаматтық авиацияны заңсыз араласу актiлерiнен қорғауды қамтамасыз етеді;
2) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асырады;
3) авиациялық қауіпсіздік саласындағы саясатты, мақсаттарды және міндеттерді айқындайды;
4) әуежайларды, әуе кемелерін және аэронавигациялық құралдарды заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі талаптарды белгілейді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) әуе кеңістігін пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдарды айқындайды;
3-1) азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекітеді;
3-2) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында формальдылықты оңайлату мақсатында рәсімдерді белгілеуге жәрдемдесуге тиісті шаралар жиынтығын білдіретін, халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасын бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бекітеді;
5) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
7) - 15-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) - 26) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28) - 41) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
42) Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді;
43) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын бекітеді;