39) әуежайдың бақыланатын аймағы - оларға кіру бақыланатын әуежайдың (әуеайлақтың) жұмыс алаңы, оған іргелес жатқан аумақ және жақын орналасқан ғимараттар немесе олардың бір бөлігі;
40) әуе кемесi - жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әркеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;
41) әуе кемесімен жалданушы - әуе кемесін жалдау (чартер) шартына сәйкес бір немесе бірнеше рейстерде жолаушыларды, багажды, жүктi, почта жөнелтілімдерін тасымалдау және басқа да мақсаттар үшiн бір әуе кемесiнiң (немесе бірнеше әуе кемесінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлiгiн ақысын алып екiншi тарапқа (әуе кемесiн жалдаушыға) экипажымен қоса беретiн және өз күшiмен оны басқару және техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсететін әуемен тасымалдаушы;
42) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
43) әуе кемесін жалдаушы - бір немесе бірнеше рейстерде жолаушыларды, багажды, жүктi, почта жөнелтілімдерін тасымалдау немесе басқа да мақсаттар үшiн бір әуе кемесінің (немесе бірнеше әуе кемесінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлiгiн экипажымен қоса өзінің пайдалануына беру туралы әуемен тасымалдаушымен (әуе кемесімен жалданушымен) әуе кемесін жалдау (чартер) шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44) әуе кемесінің сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы - азаматтық әуе кемесінің тип сертификатында немесе ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген, әуе кемесінің рұқсат етілген ең жоғары ұшып көтерілу массасы;
45) әуе кемесiнiң ұшуы - әуе кемесінің ұшып көтерiлу кезіндегі екпін алудан (тiк ұшып көтерiлген кезде жер немесе су бетiнен ажыраудан) бастап жүру аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдамай босатқанға дейін) немесе тiк қонған кезде жер (су) бетiне жанасқанға дейiн әуе кемесiнiң жер (су) бетiмен және әуе кеңiстiгiнде қозғалуы;
46) әуе кеңістігін пайдалану режимі - әуе кеңістігін пайдалануды арнайы ұйымдастыруды талап ететін қызметті жүзеге асыру үшін белгіленетін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі құрылымының жекелеген элементтерін пайдаланудың уақытша тәртібі;
47) әуе қозғалысы - ұшып жүрген және әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы әуе кемелерінің қозғалысы;
48) әуе қозғалысына қызмет көрсету - әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабар беру, диспетчерлік қызмет көрсету (аумақтық диспетчерлік қызмет көрсету, қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету);
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 49) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
49) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы - әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпаратының орталығы немесе аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;
50) әуе қозғалысын басқару - ұшуды жоспарлаудың, үйлестірудің және қамтамасыз етудің кешенді процесі, әуе кемелерінің қозғалысын әуеде және жерде тікелей басқару, сондай-ақ ұшудың белгіленген режимінің және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылау;
51) әуе қозғалысын басқару органы - өз құзыреті шегінде және өзі үшін белгіленген аймақтар мен аудандарда әуе қозғалысын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік авиацияның әуе қозғалысын басқару орталығы немесе басқару пункті;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 51-1) тармақшамен толықтырылды
51-1) әуе қозғалысын ұйымдастыру - барлық тараптармен ынтымақтастықта құралдарды ұсыну және үздіксіз қызмет көрсету жолымен және борттағы және жерүсті функцияларын пайдалана отырып, әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, әуе кеңістігін ұйымдастыру мен әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыруды қоса алғанда, қауіпсіз, үнемді және тиімді түрде жүзеге асырылатын әуе қозғалысы мен әуе кеңістігін серпінді әрі интеграциялы ұйымдастыру;
52) әуемен тасымалдау - жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiмен жолаушыларды, багажды, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қызметi;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 53) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53) әуе трассасы - дәліз түрiндегi бақыланатын әуе кеңiстiгi (немесе оның бір бөлігі);
53-1) әуе кемесін жалдау (чартер) шарты - тасымалдау (әуе кемесін жалдау) шарты, ол бойынша жалға беруші (әуе кемесін жалға беруші) жалға алушыға (әуе кемесін жалдаушыға) жолаушыларды, багажды, жүкті, почта жөнелтілімдерін тасымалдау немесе басқа да мақсаттар үшін бір әуе кемесінің (немесе бірнеше кемелердің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін ақысын алып уақытша иеленуге беруге және бір немесе бірнеше рейске пайдалануға беруге және өз күшiмен оны басқару және техникалық пайдалану бойынша қызметтер көрсетуге міндетті;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 53-2) тармақшамен толықтырылды
53-2) борттағы өздігінен жазатын құрал - авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу үшін қосымша мәліметтер көзі ретінде әуе кемесінің бортында орналастырылатын кез келген өздігінен жазатын аспап;
54) жауапкершілік аймағы - әуе қозғалысына қызмет көрсететін орган немесе әуе қозғалысын басқару органы өз функцияларын жүзеге асыратын белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 54-1) тармақшамен толықтырылды
54-1) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші - әуежайды пайдаланушыны және өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияны қоспағанда, әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
55) жолаушы - экипаж құрамына кірмейтін және әуемен тасымалдау шартына сәйкес немесе өзге де заңды негіздерде әуе кемесімен тасымалданатын жеке адам;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 55-1) тармақша жаңа редакцияда
55-1) инспекторлық нұсқама - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторы бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жеке немесе заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою үшін берген жеке сипаттағы акт;
56) кабиналық экипаж мүшесі - қауіпсіздік мүддесіне орай және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі өзіне тапсыратын міндеттерді орындайтын, авиация персоналына жататын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын тұлға;
57) коммерциялық әуе тасымалы - заңды тұлғалардың жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін әуемен тасымалдау шартына сәйкес азаматтық әуе кемелерімен ақысын төлеу немесе жалдау бойынша тасымалдау жөніндегі қызметі;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды
57-1) кіру шектелген күзетілетін аймақ - әуежайдың бақыланатын аймағының ең жоғары тәуекел аймақтарымен айқындалған, қауіпсіздік мақсатында оларда кіруді бақылаудан өзге бақылаудың басқа да шаралары қолданылатын учаскелері;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 58) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргiзiлетiн құжат;
59) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi - Қазақстан Республикасының құрлықты және сулы аумағының үстіндегі, оның iшiнде аумақтық суларының үстіндегі әуе кеңiстiгi;
60) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмi - Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу жүргiзiлетiн құжат;
60-1) қайтарылмайтын өкілеттік - Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығаруға (тіркеуден алып тастауға) және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттамаға сәйкес әуе кемесін әкетуге талап қою құқығы соның пайдасына берілген жеке немесе заңды тұлғаның өкілеттігі;
61) қауіпті аймақ - оның шегінде белгілі бір уақыт кезеңінде әуе кемелерінің ұшуына қауіп төндіретін қызмет жүзеге асырылуы мүмкін белгіленген мөлшердегі әуе кеңістігі;
62) қону алаңы - жердің, мұздың, су бетінің, құрылыстың үстіңгі бетінің, оның ішінде қалқымалы құрылыстың үстіңгі бетінің әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына, жермен жүруіне және тұрағына арналған учаскесі;
63) қосалқы әуеайлақ - қону белгіленген әуеайлаққа бару немесе оған қону мүмкін болмаған немесе мақсатқа сәйкес болмаған жағдайда, әуе кемесі бара алатын әуеайлақ;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 63-1) тармақшамен толықтырылды
63-1) медициналық қарап-тексеру - авиациялық персоналдың ауруының болуын немесе болмауын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ уақытша еңбекке қабілетсіздігін, жұмысқа шығатын ауысымындағы кәсіптік жарамдылығын айқындау;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 63-2) тармақшамен толықтырылды
63-2) медициналық сертификат - медициналық куәландырудың оң нәтижелері бойынша берілетін, өтініш берушінің денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын және кәсіптік қызметке рұқсат беруді қамтамасыз ететін, белгіленген үлгідегі құжат;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 63-3) тармақшамен толықтырылды
63-3) мемлекеттік авиация қызметін бақылау жəне қадағалау органы - мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
64) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
65) метеорологиялық ақпарат - нақты немесе күтіліп отырған метеорологиялық жағдайларға қатысты, әуе кеңістігін пайдаланушыларға арналған метеорологиялық мәлімет, талдау, болжам және кез келген басқа хабарлама;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 65-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 65-1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65-1) нұсқамалық материал - сертификаттауды жүргізу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын біркелкі қолдану, сондай-ақ сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктерді әртүрлі санаттарға жатқызу мақсатында, процестер мен рәсімдердің сипаттамасын қамтитын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторларына арналған құжат;
66) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 66-1) тармақшамен толықтырылды
66-1) пилотсыз ұшу аппараты - бортында пилотсыз (экипажсыз) ұшуды орындайтын және ұшуда оператор басқару пунктінен автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестіре отырып басқаратын әуе кемесі;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 67) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
67) тергеп-тексеру - авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны болғызбау мақсатында жүргізілетін, оның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтауды қоса алғанда, ақпаратты жинауды және талдауды, қорытындылар әзірлеуді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеуді қамтитын процесс;
68) тұрақты емес рейс (ұшу) - тұрақты рейс (ұшу) болып табылмайтын және әуе тасымалы мақсатында немесе онсыз белгілі бір тапсырыс беруші үшін орындалатын рейс (ұшу);
68-1) тұрақты қадағалау - халыққа қауіпсіз авиациялық қызметтерді ұсыну мақсаттарында сертификаттаудан өткен жеке және заңды тұлғалардың белгіленген талаптарды сақтауын мемлекеттік қадағалау түрі;
69) тұрақты рейс - авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс;
70) тыйым салынған аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының үстіндегі белгіленген мөлшердегі әуе кеңістігі, оның шегінде әуе кемелерінің арнайы рұқсатсыз ұшуды орындауына тыйым салынады;
71) тікұшақ - ауадан ауыр, ұшу кезінде негізінен шамамен тік қалыпта болатын осьтердің айналасындағы күш қондырғысы арқылы айналатын бір немесе бірнеше тірек бұрандамен ауа реакциясының есебінен қалықтайтын әуе кемесі;
72) тікұшақ айлағы - әуеайлақ немесе құрылыстың үстіңгі бетінің тікұшақтардың келуіне, жөнелтілуіне немесе осы үстіңгі беті арқылы қозғалуына толықтай немесе ішінара арналған белгілі бір учаскесі;
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 72-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
72-1) тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператор - материалдық-техникалық ресурстары, әуе кемелері және білікті мамандары бар азаматтық авиация субъектісі болып табылатын заңды тұлға;
73) уақытша әуеайлақ - жылдың белгілі бір кезеңінде әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етуге арналған, белгіленген тәртіппен есепке алуға жататын стационарлық құрылыстары мен жабдықтары жоқ әуеайлақ;
74) ұшақ - ауадан ауыр, ұшу кезіндегі көтеру күші негізінен осы ұшу жағдайларында қозғалмаған күйінде қалатын үстіңгі беттердегі аэродинамикалық реакциялар есебінен қалыптасатын күш қондырғысы арқылы қозғалысқа келтірілетін әуе кемесі;
75) ұшуға жарамдылығы - әуе кемесiнiң қауiпсiздiгi мен ұшу сапасын қамтамасыз ететiн ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін оның техникалық жай-күйі;
76) ұшуға жарамдылығының нормалары - әуе кемелерiнiң конструкциясына, параметрлерi мен ұшу сапасына және олардың ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған компоненттеріне қойылатын талаптар;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 76-1) тармақшамен толықтырылды
76-1) ұшуға жарамдылық жөніндегі директива - қозғалтқыштар мен әуе қалақтарын, әуе кемесінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ әуе кемесінің жинақтауыштарын түрлендіруге, ауыстыруға қатысты немесе әуе кемесіне тексеру жүргізудегі және (немесе) оны пайдаланушылық шектеулерге және оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа түзетулер енгізудегі талаптарды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қолдауға бағытталған ақпарат;
77) ұшу жоспары - әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына пилот, экипаж немесе пайдаланушы ұсынатын әуе кемесінің белгіленген ұшуы немесе ұшуының бір бөлігі туралы белгілі бір мәліметтер;
78) ұшу қауiпсiздiгi - ұшудың қауiпсiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн шаралар кешенi, бұл ретте адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлкіне залал келтіру тәуекелі шекті деңгейге дейін төмендетіледі және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осындай не бұдан да төмен деңгейде сақталады;
78-1) ұшу сынақтары - әуе кемесінің, күш қондырғыларының, авиациялық және арнаулы жабдықтардың, қару-жарақтар мен басқа да авиациялық техниканың, аэродинамика және әуе кемелерінің, сондай-ақ олардың жүйелерінің беріктігі саласындағы зерттеулердің сипаттамаларын айқындау үшін және (немесе) азаматтық авиациялық техниканың ұшу жарамдылығы талаптарына сәйкестігін айқындау үшін орындалатын ұшу;
79) ұшу экипажының мүшесі - авиация персоналына жататын, авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар, ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген тұлға;
80) ұшуға шектеу қойылған аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының үстіндегі белгіленген мөлшердегі әуе кеңістігі, оның шегінде әуе кемелерінің ұшуына белгілі бір жағдайлармен шектеу қойылған;
81) үлгі сертификаты - азаматтық әуе кемесiнің үлгісі конструкциясының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестiгiн растайтын құжат;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 81-1) тармақшамен толықтырылды
81-1) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) - әуе қатынасы қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті халықаралық нормаларды белгілейтін және азаматтық авиацияға байланысты барлық салада халықаралық ынтымақтастықты үйлестіруді жүзеге асыратын Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 81-2) тармақшамен толықтырылды
81-2) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарты - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдайтын, біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігін немесе тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет болып танылатын физикалық сипаттамаларға, конфигурацияға, материалдық бөлікке, техникалық сипаттамаларға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын талап;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 81-3) тармақшамен толықтырылды
81-3) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынылатын практикасы - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдайтын, біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігі, тұрақтылығы немесе тиімділігі мүдделерінде дұрыс болып танылатын физикалық сипаттамаларға, конфигурацияға, материалдық бөлікке, техникалық сипаттамаларға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын талап;
82) халықаралық әуежай - кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндiк бақылау ұйымдастырылған халықаралық әуемен тасымалдауды қамтамасыз ететін әуежай;
83) халықаралық әуемен тасымалдау - тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзiлiстiң болуына немесе болмауына қарамастан, тасымалдауды орындау кезінде жөнелту және межелі пункттерi:
екi немесе одан да көп мемлекеттің аумағында;
егер екiншi мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бір мемлекет аумағында орналасқан әуемен тасымалдау;
84) халықаралық қатынастағы авиарейстерді жүзеге асыруға рұқсат берілген әуежайды пайдаланушының уақытша басқаруы - халықаралық қатынастағы авиарейстерді жүзеге асыруға рұқсат берілген әуежайды пайдаланушыға қатысты әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізу;
85) халықаралық ұшу - әуе кемесiнің шет мемлекет шекарасын кесiп өтетін ұшуы;
85-1) іздестіру-құтқару жұмыстары - апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдарды іздестіру және оларға көмек көрсету мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;
86) экипаж мүшесі - авиация персоналына жататын, ұшу уақыты ішінде әуе кемесінің бортында белгілі бір міндеттерді орындау үшін тағайындалған тұлға;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 87) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87) экипаж мүшесінің куәлігі - экипаж мүшелеріне, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға берілетін, белгіленген үлгідегі құжат.
2-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне егемендігі
1. Қазақстан Республикасының құрлық және су аумағы үстінде және оның аумақтық сулары үстінде орналасқан әуе кеңістігіне толық және айрықша егемендік Қазақстан Республикасына тиесілі.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі оның мемлекеттік аумағының бір бөлігі болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды және авиация қызметін реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көздегендегіден өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларға;
2) Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияға;
3) егер әуе кемесі баратын елдің заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және азаматтық әуе кемелері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болған уақытта оларға қолданылады.
5-бап. Авиация құралдарына меншік құқығы
Әуе кемелері, әуеайлақтар, тікұшақ айлақтары, әуежайлар, техникалық құралдар және әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру, орындау, қызмет көрсету және қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да мүлік мемлекеттік және (немесе) жеке меншікте болуы мүмкін.
6-бап. Авиация түрлері
1. Қазақстан Республикасының авиациясы мемлекеттік, азаматтық және эксперименттiк болып бөлiнедi.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органының, ішкi iстер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметінiң шешiмi бойынша басқа да мемлекеттік органдардың қарамағында болатын және қорғаныс, мемлекеттің қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында пайдаланылатын авиация мемлекеттік авиация болып табылады.
3. Азаматтық авиация деп эксперименттiк және мемлекеттік авиацияның құрамына кiрмейтiн және:
1) жолаушыларды, багажды, жүкті және почта жөнелтілімдерін тасымалдау (әуемен тасымалдау);
2) авиациялық жұмыстарды орындау;
3) оқу, спорттық, мәдени-ағарту iс-шараларын жүргiзу, техникалық шығармашылықты дамыту;
4) әуе кемесiн пайдаланушының жеке қажеттіліктерiн қанағаттандыру;
5) iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу, дүлей зілзалалар болған жағдайда көмек көрсету;
6) аэронавигациялық қызмет көрсету;
7) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу;
8) әуежай қызметін және (немесе) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) қызметін көрсетуді жүзеге асыру;
9) әуеайлақтарды және азаматтық авиация объектілерін жоспарлау мақсаттарында пайдаланылатын авиация танылады.
Осы тармақтың 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарда ақысы төленіп немесе жалдау бойынша пайдаланылатын азаматтық авиация коммерциялық авиация болып танылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншiгiндегі және осы тармақтың 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетiлген мақсаттарда ақысы төленбей және жалдаусыз пайдаланылатын, сондай-ақ осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын азаматтық авиация жалпы мақсаттағы авиация болып танылады.
Сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы бес мың жеті жүз килограмнан кем болатын әуе кемелерін, оның ішінде сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан кем болатын тікұшақтарды пайдаланатын азаматтық авиация жеңіл авиация болып танылады.
Сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы жеті жүз елу килограмнан кем болатын әуе кемелерін, басқа да ұшу аппараттары мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация аса жеңіл авиация болып танылады.
4. Эксперименттiк авиация деп авиациялық және басқа да техника саласында тәжiрибелiк-конструкторлық, эксперименттiк, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен сынақтарын жүргiзуге арналған авиация танылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын қолдану
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы не оларда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) нақты стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану бойынша сілтемелер көрсетіле отырып жүзеге асырылады.