1) 3-бапта:
2) тармақта:
«337» деген цифрлардан кейін «, 340» деген цифрлармен толықтырылсын;
«бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын» деген сөздер «бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі не одан асатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақ «337» деген цифрлардан кейін «, 339» деген цифрлармен толықтырылсын;
38) тармақ «338» деген цифрлардан кейін «, 339» деген цифрлармен толықтырылсын;
2) 332-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «улы химикаттарды» деген сөздер «пестицидтерді, улы химикаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 335-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы және екінші бөліктің екінші абзацы:
«айыра отырып,» деген сөздерден кейін «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздермен толықтырылсын;
«қамаққа алуға» деген сөздерден кейін «не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзацтың 1), 2) және 4) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға, оның ішінде бекіре тұқымдас балық түрлеріне қатысты;
2) уылдырық шашатын орындарда, басқа да су жануарларының көбею орындарында немесе ол жерге өріс аудару жолдарында;»;
«4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;»;
екінші абзац «айыра отырып,» деген сөздерден кейін «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацы «айыра отырып,» деген сөздерден кейін «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 336-баптың екінші абзацы «қамаққа алуға» деген сөздерден кейін «не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 337-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңсыз аң аулау, оның ішінде атыс, пневматикалық, лақтырылатын, суық қаруды, қолға түсірудің басқа да құрал түрлерін, иттерді, аушы жыртқыш құстарды, салт атты, жегін көлікті қолданып заңсыз аң аулау, егер бұл іс-әрекет айтарлықтай залал келтіре отырып жасалса, сол сияқты жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды, авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау -»;
екінші абзацта:
«бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып» деген сөздер «екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қамаққа алуға» деген сөздерден кейін «не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, бірнеше рет жасалған заңсыз аң аулау -»;
екінші абзацта:
«бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып» деген сөздер «екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қамаққа алуға» деген сөздерден кейін «не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе төтенше экологиялық ахуал аумақтарында;
3) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты;
4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
5) ірі залал келтіре отырып жасалған заңсыз аң аулау -»;
екінші абзацта:
«екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып» деген сөздер «үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екі мың» деген сөздер «бес мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«алты жүз» деген сөздер «бір мың екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын» деген сөздер «бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) аса ірі залал келтіре отырып жасалған заңсыз аң аулау -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
6) 339-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«339-бап. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу
1. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) бірнеше рет;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
5) ірі залал келтіре отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) аса ірі залал келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
7) 340-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «орман қорына» деген сөздер «айтарлықтай залал келтіре отырып, орман қорына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «бір жүз жиырма айлық», «қамаққа алуға» деген сөздер тиісінше «мүлкі тәркіленіп, бір жүз жиырма айлық», «қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Орман» деген сөз «Айтарлықтай залал келтіре отырып, орман» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «бір жүз алпыс айлық», «қамаққа алуға» деген сөздер тиісінше «мүлкі тәркіленіп, бір жүз алпыс айлық», «қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы:
«онсыз,» деген сөзден кейін «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздермен толықтырылсын;
«қамаққа алуға» деген сөздерден кейін «не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацы «екі» деген сөздің алдынан «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 341-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы «екі мың» деген сөздердің алдынан «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы «үш» деген сөздің алдынан «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 342-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы:
«онсыз,» деген сөзден кейін «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздермен толықтырылсын;
«қамаққа алуға» деген сөздерден кейін «не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы «онсыз,» деген сөзден кейін «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздермен толықтырылсын.
9. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат):
1) 118-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар заттай дәлелдемелер деп танылады:
1) егер қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болды деп пайымдауға негіз болса, мүлік;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтың іздері сақталып қалған нәрселер;
3) қоғамға қауіпті қолсұғушылық объектілері болған нәрселер;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтың мәлім болу, істің нақты мән-жайларын анықтап алу, кінәлі адамды анықтау не оның кінәлі екенін теріске шығару немесе жауаптылықты жеңілдету құралдары болуы мүмкін ақша немесе өзге де құндылықтар, нәрселер немесе құжаттар.»;
үшінші бөлікте:
1) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға тиесілі, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулары және (немесе) құралдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабы негізінде тәркіленуге жатады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақтармен толықтырылсын:
«1-1) мүлкінің құқыққа қарсы мақсаттарда пайдаланылуы туралы білмеген не білмеуге тиіс болған адамға заңды негіздерде тиесілі, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулары және (немесе) құралдары осы адамға қайтарылуға жатады;
1-2) өзге жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулары және (немесе) құралдары тиісті мекемелерге белгілі бір адамдарға беріледі немесе жойылады;»;
4) тармақтағы «қылмыстық жолмен жиналған ақша және өзге де құндылықтар» деген сөздер «заңды иесіне қайтарылуға жататын мүлікті және одан түсетін кірістерді қоспағанда, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған ақша және өзге де мүлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 187-баптың екінші бөлігіндегі «337 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 338, 340 (төртінші бөлігінде)» деген сөздер «337 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 338, 339 (екінші және үшінші бөліктерінде), 340 (төртінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 191-бапта:
екінші бөліктегі «337 (үшінші бөлігінде), 339» деген сөздер «339 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
он алтыншы бөлік «336,» деген цифрлардан кейін «337 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын.
10. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
299 және 377-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«299-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және бөгеттердің қауіпсіздігі, тежеуіш гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу»;
«377-бап. Пестицидтерді, улы химикаттарды және басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және қолдану»;
мынадай мазмұндағы 381-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«381-1-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау»;
408-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«408-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу»;
717-баптың тақырыбы алып тасталсын;
10-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 228-баптың үшінші және жетінші бөліктері алып тасталсын;
3) 299-бапта:
тақырып «қауіпсіздігі» деген сөзден кейін «, тежеуіш гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«3. Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін тежеуіш гидротехникалық құрылысжайларды қауіпсіздік декларациясы болмай пайдалану -
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
4) 337-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «улы химикаттармен» деген сөздер «пестицидтермен, улы химикаттармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 339-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «жерді нысаналы мақсатта, ал елді мекендердің жерінде - функционалдық аймаққа сәйкес пайдаланбаудан» деген сөздер «жерді нысаналы мақсатына сай емес, ал елді мекендер жерінде - функционалдық аймаққа сәйкес емес пайдаланудан» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 377-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «(улы химикаттарды)», «пестицидтерді (улы химикаттарды) және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесіне залал келтіруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін» деген сөздер тиісінше «, улы химикаттарды», «қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесіне залал келтіруге алып келген немесе алып келуі мүмкін болған пестицидтерді, улы химикаттарды және» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) мынадай мазмұндағы 381-1-баппен толықтырылсын:
«381-1-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау
1. Үй маңындағы, саяжай мен бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейін залал келтіре отырып, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы егілген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтыру және орман өсіруге арналған алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді не қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау -
заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейін залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау -
заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер -
заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
8) 384-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) су объектілерінің су қорғау белдеулерінде пестицидтерді, тыңайтқыштарды қолдану;»;
9) 403-баптың үшінші бөлігінде:
1) және 2) тармақшалардағы «(улы химикаттарды)» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы «(улы химикаттарды)», «(улы химикаттармен)» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшада:
«(улы химикаттарды)» деген сөздер алып тасталсын;
«пестицидтің (улы химикаттың)» деген сөздер «пестицидтің)» деген сөзбен ауыстырылсын;
5), 6) және 7) тармақшалардағы «пестицидтерді (улы химикаттарды)», «пестицидтердің (улы химикаттардың)», «жағып жіберу жолымен», «қоспаларды жою үшін» деген сөздер тиісінше «пестицидтерді», «пестицидтердің», «жағып жіберу арқылы жою үшін», «қоспалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 10) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
10) 404-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
11) 408-бапта:
тақырыптағы «Иттер» деген сөз «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы «елді мекендерде» деген сөздерден кейін «ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын,» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 684-баптың бірінші бөлігі «360 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «381-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
13) 705-баптың екінші бөлігінде:
2) тармақша «астананың» деген сөзден кейін «, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.»;
14) 707-баптың бірінші бөлігіндегі «403-баптарында» деген сөздер «403, 415 (бірінші бөліктің 1) тармақшасы) (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзу бөлігінде)-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 708-баптың бірінші бөлігіндегі «(бірінші бөлігінде (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда)» деген сөздер «(бірінші (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 16) тармақшасы 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 717-бап алып тасталсын;
17) 720-баптың екінші бөлігіндегі «400 (бірінші бөлігінде), 406 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздер алып тасталсын;
18) 729-баптың бірінші бөлігінде:
«338,» деген цифрлардан кейін «382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың 18) тармақшасының үшінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
«404 (бірінші, екінші,» деген сөздер «404 (бірінші,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«406 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіретін ұйымдарда жасалған бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын қоспағанда, жетінші және сегізінші бөліктерінде),» деген сөздер алып тасталсын;
19) 785-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «құжаттар мен заттарды» деген сөздер «құжаттарды, заттар мен тауарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 786-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында:
«жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы заңнаманы басқаша бұзушылықтар жасалған кезде - орман және аңшылық шаруашылығы мемлекеттік және ведомстволық күзетінің жұмыскерлері, аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың, балық қорғау органдарының осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын басқа да бұзушылықтар жасалған кезде - мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдарының жұмыскерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жануарлар дүниесiнiң қорғалуы мен пайдаланылуына» деген сөздер «жануарлар дүниесiнiң қорғалуына, өсімін молайту мен пайдаланылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қорықтардың және басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың лауазымды адамдары, сондай-ақ» деген сөздер «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың лауазымды адамдары,» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 787-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасы саласында құқық бұзушылықтар жасалған кезде - мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар органдары, сондай-ақ уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдары;»;
9) тармақшадағы «, қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) ветеринария саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қағидалар, талаптар бұзылған кезде - осы органдардың лауазымды адамдары; өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қағидалар, талаптар бұзылған кезде - осы органның лауазымды адамдары;»;
22) 797-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша «396,» деген цифрлардан кейін «400, 403 (екінші бөлігінде), 406 (жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда),» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде)» деген сөздер «400, 403 (екінші бөлігінде), 406 (жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының, өз өкілеттіктері шегінде көліктік бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде) көлік құралын басқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, әскери полицияның қызметкерлері» деген сөздер «ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әскери полицияның, өз өкілеттіктері шегінде көліктік бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде) қызметкерлері, ветеринария саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары» деген сөздермен ауыстырылсын;