23) 804-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақша «282 (үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «381-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «, 463» деген цифрлар алып тасталсын;
9) тармақша:
«шаруашылығы» деген сөзден кейін «, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» деген сөздермен толықтырылсын;
«160 (екінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «381-1 (екінші және үшінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақшада:
«400 (екінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «415 (екінші бөлігі) (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар бойынша),» деген сөздермен толықтырылсын;
«(химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша)» деген сөздер «(пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар бойынша)» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) тармақшадағы «400 (екінші бөлігі) және 425 (екінші бөлігі)-баптарда» деген сөздер «425 (екінші бөлігі)-бапта» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) тармақша «320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «381-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.
11. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
11-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) мазмұнындағы 240-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«240-бап. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды мемлекеттік қолдау»;
2) 90-6-баптың 37) тармақшасындағы «монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актісіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 138-баптың 27) тармақшасы алып тасталсын;
4) 139-баптың 19) тармақшасындағы «саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«20) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында;
21) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында;
22) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жүзеге асырылады.»;
5) 140-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша «жүргізуге» деген сөзден кейін «, сондай-ақ өсімдіктер карантині саласында бақылау және қадағалау, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау бекеттерінде ветеринариялық бақылау жүргізуге» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшаның бірінші абзацындағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ «үш жыл бойы»» деген сөздерден кейін «тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 141-баптың 3-тармағының он бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жануарлардың аурулары мен олардың тамақтан улануының, карантинді объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің пайда болуы мен таралуының себептері мен жағдайларын анықтау және белгілеу үшін, карантинді объектілердің, бөтен текті түрлердің, зиянды және (немесе) аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарын анықтау, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, жалған пестицидтерді өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілерін анықтау үшін аумақ пен объектілерге зерттеп-қарау жүргізілген;»;
7) 144-баптың 7-тармағындағы «(улы химикаттарды)» деген сөздер алып тасталсын;
8) 146-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «1) және 3) тармақшаларында» деген сөздер «1), 3) және 3-1) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 147-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «1), 3) және 6) тармақшаларында» деген сөздер «1), 3), 3-1) және 6) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 169-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «жүзеге асыру арқылы басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) нарық субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындау немесе осы нарық субъектілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына, кешенді кәсіпкерлік лицензиясына (франчайзинг), лицензиялық шартқа немесе тауар белгісімен немесе құқық иеленуші (құқық иеленуші уәкілеттік берген тұлға) мен нарық субъектілері арасындағы құқық иеленушіні дараландырудың өзге де құралымен тауар сатуды ұйымдастыру туралы өзге де келісімге сәйкес орындау үшін міндетті нұсқаулар беру құқығын алу арқылы басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.»;
11) 170-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұтынушыларға алынатын артықшылықтардың мөлшерлес бөлігін бере отырып, озық технологияларды, стандарттауды, сапаны бақылау жүйесін, қоршаған ортаны қорғауды ендіру жолымен тауарлар өндіруді (өткізуді) жетілдіруге;»;
12) 175-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Басқа тауармен алмастырылмайтын тауардың (оның ішінде шетелде шығарылған тауардың) немесе өзара алмастырылатын тауарлардың айналыс аясы тауар нарығы болып табылады, оның шекарасында (оның ішінде географиялық) сатып алушы экономикалық, техникалық немесе өзге де мүмкіндікті не орындылықты негізге ала отырып, тауарды сатып ала алады және оның шегінен тыс жерде мұндай мүмкіндік не орындылық болмайды.»;
13) 195-1-баптың 3 және 4-тармақтарындағы «монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актісіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 216-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «хабарлауы болып табылады.» деген сөздер «хабарлары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы монополияға қарсы органның хабарламасын нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның белгіленген мерзімде орындамауы болып табылады.»;
15) 218-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) тергеп-тексеру нысанасы;
4-2) тексерілетін кезең;»;
16) 224-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Келісу комиссиясының ескертулерімен және ұсынымдарымен келіспеген жағдайда, лауазымды адам (лауазымды адамдар) келісу комиссиясының қарауына жататын уәжді қорытынды қалыптастырады.
Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімінің өтуі тергеп-тексеру объектісінің өтініші немесе лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) уәжді қорытындысы келіп түскен кезден бастап келісу комиссиясы ескертулер мен ұсынымдар шығарғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім шығарылған жағдайда, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрық ол қабылданған кезден бастап он жұмыс күні өткен соң күшіне енеді.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа шағым жасау оның күшіне ену мерзімінің өтуін шағым қаралғанға дейін тоқтата тұрады.»;
6-тармақтағы «бұйрыққа қол қойылған» деген сөздер «бұйрық күшіне енген» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың 17) тармақшасы 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 240-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«240-бап. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды мемлекеттік қолдау
Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды мемлекеттік қолдау «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
18) 241-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын.
12. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-ІІ, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 427-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «(улы химикаттар)» деген сөздер алып тасталсын;
2) 428-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «(улы химикаттар)» деген сөздер алып тасталсын;
3) 509-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «бірінші бөлігінің» деген сөздерден кейін «және осы баптың 5-тармағының» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 554-баптың 4-тармағы кестесінің 1.16-жолындағы «(улы химикаттарды)» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың 5 - 7) тармақшалары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
5) 609-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мыналарды:
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды;
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды;
жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын);
жабайы жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) бергені үшін;»;
6) 615-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мыналарды:
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды бергені үшін - 2 АЕК;
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды бергені үшін - 2 АЕК;
жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) бергені үшін - 2 АЕК;
жабайы жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) бергені үшін - 2 АЕК;»;
7) 623-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мыналарды:
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды;
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды;
жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын);
жабайы жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) бергені үшін;».
13. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-І, 23-ІІ, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; 2019 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 2-тармағының 18) тармақшасы алып тасталсын;
2) 402-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағын Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын қоздырушылардың әкелінуі мен таралуынан қорғауға бағытталады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік кіріс органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
7. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағын Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын басқа мемлекеттерден карантинді объектілердің әкелінуінен немесе өздігінен енуінен қорғауға бағытталады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік кіріс органдарына іссапарға жіберілген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.».
14. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат):
1) 43-баптың 2-тармағында:
бірінші абзацтағы «Жауапкершілігі» деген сөз «Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, жауапкершілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы кредиттік сертіктестіктің атқарушы органына кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының мынадай айрықша құзыреттерін беруге құқылы:
кредиттік серіктестікке қатысушыларды қабылдау (шығару);
кредиттік серіктестікке қатысушыларды қабылдауға (шығаруға) байланысты кредиттік серіктестіктің жарғысын өзгерту немесе оны жаңа редакцияда бекіту.»;
2) 46-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының кредиттік серіктестіктер туралы заңнамасында айқындалады.»;
3) 52-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «мәселелері» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 43-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер» деген сөздермен толықтырылсын.
15. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 13, 65-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшада:
«(карантинді зиянды организмдерді)» деген сөздер алып тасталсын;
«карантиндік шаралар» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық шаралар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1) тармақшадағы «бақылауға» деген сөз «бақылау мен қадағалауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) карантинді объект - өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, Еуразиялық экономикалық одақтың карантинді объектілердің бірыңғай тізбесіне және (немесе) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) карантиндік режим - карантинді объектінің таралу ошағын жоюға, карантинді объектінің таралуына жол бермеу мақсатында шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және карантинді аймақ аумағынан карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауды (өткізуді) тоқтата тұруға бағытталған өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды міндетті түрде жүргізуді көздейтін құқықтық режим;»;
9) тармақша алып тасталсын;
9-3) тармақшада:
«және автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган» деген сөздер алып тасталсын;
«шарасы», «карантиндік шара» деген сөздер тиісінше «шарасы -», «карантиндік фитосанитариялық шара» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-4) тармақшадағы «бақылау» деген сөз «бақылау -» деген сөзбен ауыстырылып, «және автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар - Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілердің әкелінуінен және (немесе) одан әрі таралуынан қорғауды қамтамасыз ету не олар келтіретін зиянды төмендету мақсатында қолданылатын, басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы карантинге жатқызылған өнімнің транзитіне тыйым салу немесе оларды шектеу;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) фитосанитариялық бақылау бекеті - уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы карантинге жатқызылған өнімді өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды және (немесе) карантинге жатқызылған өнімнің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшесі;»;
17) тармақшадағы «фитосанитариялық шараларды» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық шараларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-1) тармақшадағы «карантиндік шараларды» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық шараларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:
«17-2) шұғыл шаралар - Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет немесе жаңадан анықталған карантинді объектілердің таралу ошақтарын дереу оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар.»;
2) 6-баптың 4) тармақшасындағы «кәсіпорын;» деген сөз «кәсіпорын кіреді.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
3) 7-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) карантиндік фитосанитариялық талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге шығындарын өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7-2) фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15-тармақтың 3) тармақшасының сегізінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
7-3) есепке алу нөмірлерін береді, қолданылуын тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
7-4) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде материалдық құралдарды, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдарды пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
«8-1) таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
9) тармақша «облыс аумағында» деген сөздерден кейін «(облыстардың аумағында карантинді объектінің жергілікті таралу жағдайларын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшадағы «(улы химикаттардың)» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: