5. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамы:
1) мемлекеттік орман қоры аумағында:
заңсыз ағаш кесу фактісі;
ағаштар мен бұталарды жою немесе зақымдау;
орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы егілген, отырғызылған көшеттерді, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге арналған алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді, қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау;
отқа немесе өзге де жоғары қауіп көзіне абай болмау салдарынан ағаштар мен бұталарды жою немесе зақымдау бойынша бұзушылықтар;
2) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қасақана жою немесе зақымдау анықталған жағдайда, егер залал республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір жүз айлық есептік көрсеткішті құраса не одан асып түссе, материалдарды дереу құқық қорғау органдарына береді немесе егер залал республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейін болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.
6. Тексеру мерзімділігі:
кешенді тексерулер - жылына бір рет;
тақырыптық тексерулер жылына төрт рет жүргізіледі (қарау аймақтарын көктемгі және күзгі ревизиялау, өрт қаупі бар маусымға дайындалу, орман дақылдары жұмыстары).
Тексеру мерзімдері он жұмыс күнінен аспайды және тексеру мерзімін бес жұмыс күніне дейін ұзартуға болады. Тексеру мерзімдерін ұзарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) табиғи-климаттық факторлар (орман өрттері, өзендердің тасуы, көшкіндер, тастардың құлауы, селдер, қар басу, дауылдар, нөсерлер және басқалар);
2) жаңадан анықталған мән-жайлар (заңсыз ағаш кесудің мәлім болған көлемі, ормандарды молықтырудың зақымдалған учаскелерінің алаңдарын анықтау және басқалар).
7. Жоспардан тыс тексерулер жеке немесе заңды тұлғалардың адам өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша өтініштері, прокуратура органдары мен өзге де құқық қорғау органдарының тапсырмалары, мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша, сондай-ақ ірі орман өрттері туындаған және заңсыз ағаш кесу анықталған жағдайларда тағайындалады.
Жоспардан тыс тексеру мерзімдері бес жұмыс күнінен аспайды және тексеру мерзімін үш жұмыс күніне дейін ұзартуға болады.
8. Көлемі бойынша тексерулер:
1) кешенді;
2) тақырыптық деп бөлінеді.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлігінде Қазақстан Республикасы орман заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері кешені бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін тексеру, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін санкциялаусыз алып қоюды бақылау кешенді тексеру болып табылады.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлігінде Қазақстан Республикасы орман заңнамасының талаптарын сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін тексеру тақырыптық тексеру болып табылады.
9. Уәкілетті орган ведомствосы бірінші басшысының немесе аумақтық бөлімше бірінші басшысының бұйрығы тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады. Тиісті бұйрық шығару үшін мыналар негіз болып табылады:
1) бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне жүргізілген талдау мен мониторинг;
2) тексерулердің жылдық кестесі;
3) алдыңғы тексерулер мониторингінің қорытындылары.
10. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің тексеру үшін келген лауазымды адамдары субъектіге:
1) тексеруді тағайындау туралы бұйрықты;
2) қызметтік куәлігін;
3) қажет болған кезде - құзыретті органның режимдік объектілерге кіруге рұқсатын көрсетуге міндетті.
Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы бұйрық табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
11. Тексерулердің қорытындысына тексерілетін субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
12. Аумақтық бөлімшелер шешімдерге шағым жасау мен оларды орындаудың қолданыстағы мерзімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы орман заңнамасын анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша материалдардың орындалуы мен әртүрлі сатылардан өтуіне мониторингті жүзеге асырады.
13. Бұзушылықтарды есепке алу, саны, түрлері мен бұзу орындары бойынша олардың динамикасын талдау мақсатында аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасы орман заңнамасын бұзушылықтарды, заңсыз табиғат пайдаланудың алып қойылған құралдарын және заңсыз қолға түсірілген орман ресурстары мен жануарлар дүниесі объектілерін тіркеу журналын жүргізеді.
14. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулер, егер бұларды уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, жарамсыз деп танылады.
Жоғары тұрған мемлекеттік орган тексерудің жарамсыздығына байланысты тексеру нәтижелері туралы актінің күшін жою мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелерінің жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы бақылау және қадағалау субъектісінің өтінішін қарауды өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органның бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерудің нәтижелерін жарамсыз деп тануы олардың күшін жою үшін негіз болып табылады.
Жарамсыз деп танылған тексеру нәтижелері туралы акт пен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды бұзғанының дәлелдемесі болып табылмайды.
Тексерулерді өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:
1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізуге негіздердің болмауы;
2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы бұйрықтың болмауы;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы бұйрықты бақылау және қадағалау субъектісіне ұсынбау;
4) уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді тағайындауы;
5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді жүргізу мерзімдерін бұзу.
15. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді жүргізу кезінде уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары:
1) құжаттарды, ақпаратты, егер олар тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына қатысты болмаса, беруді талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін асырып жіберуге;
4) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оған қатысты бұрын оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге мемлекеттік орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы сол бір кезеңдегі сол бір мәселе бойынша тексеруді жүргізуге;
5) тексерілетін субъектілердің есебінен мемлекеттік бақылау мақсатында шығын сипатындағы іс-шараларды жүргізуге құқылы емес.
19-2-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жедел ден қою шаралары
1. Қоғамдық қауіпті салдардың басталуын болғызбау мақсатында тексеруді жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша қолданылатын тексерілетін субъектілерге ықпал ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
2. Тексерілетін субъектілердің қызметі ормандардың биологиялық әралуандылығының, мемлекеттік табиғи-қорық қоры, мәдени және табиғи мұра объектілерінің сақталуына тікелей қауіп төндірген жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары жедел ден қою шараларын қолданады.
3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлігінде Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін санкциялаусыз алып қоюды, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;
2) жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан заңсыз қолға түсірілген орман ресурстары мен жануарлар дүниесі ресурстарын, оларды қолға түсіру құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын алып қою;
3) ағаш кесу билетінің немесе орман билетінің қолданылуын үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұру арқылы мемлекеттік орман иеленушілердің немесе орман пайдаланушылардың қызметін тоқтата тұру;
4) орман пайдалану түрлерін шектеу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтату.»;
13) 20-бапта:
1-тармақта:
«бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер «уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Уәкілетті органның» деген сөздер «Уәкілетті орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5, 6, 7 және 8-тармақтардағы «Ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің», «Ведомствоның аумақтық бөлімшелері» деген сөздер тиісінше «Аумақтық бөлімшелердің», «Аумақтық бөлімшелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 21-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «орман қоры аумағында орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен», «заңдарында», «нұсқау» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға», «заңнамасында», «нұсқаулар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 10) тармақшасындағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 33-бап алып тасталсын;
4-тармақтың 16) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 35-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып электрондық нысанда өткізіледі.»;
17) 38-баптың 20) тармақшасында:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген» деген сөздер «уәкілетті орган айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне, облыстың» деген сөздер «уәкілетті органның ведомствосына, аумақтық бөлімшелерге, облыстардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«орман қорының мемлекеттік есебін», «мемлекеттік орман мониторингін» деген сөздер тиісінше «орман қорын мемлекеттік есепке алуды», «ормандардың мемлекеттік мониторингін» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 51-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруға айрықша жағдайларда орман орналастыру және жерге орналастыру материалдары негізінде Қазақстан Республикасының орман және жер заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде және:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге;
2) халықаралық міндеттемелерді орындауға;
3) кен орны учаскесінің астынан пайдалы қазбалар табылып, оларды игерудің баламалы нұсқалары болмауына;
4) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды салуға;
5) елді мекендердің шекарасы (шегі) өзгеріп, оларды ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмауына байланысты ғана жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда орман қоры жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын отырғызуды және оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарын күтіп-ұстауды жүзеге асырады.»;
19) 54-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік орман қоры жерінде уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру оны басқа санаттардағы жерге ауыстырмай, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, бүлінген жер учаскелерін кейіннен рекультивациялай отырып және оларды орман иеленушіге бере отырып жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттік орман қоры учаскелерін уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру үшін пайдаланған кезде жер қойнауын игерудің алғашқы үш жылы бойы пайдаланылатын учаскенің екі есе мөлшерінде орман екпелерін өтемдік отырғызуды және орман айналған алаңға ауыстырылғанға дейін оларды күтіп-ұстауды жүргізуге міндетті.»;
20) 63-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері» деген сөздер «Уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы, аумақтық бөлімшелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 67-баптың 2-1-тармағы алып тасталсын;
22) 84-баптың 3-тармағындағы «уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері» деген сөздер «уәкілетті органның ведомствосы, аумақтық бөлімшелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) мынадай мазмұндағы 102-3-баппен толықтырылсын:
«102-3-бап. Мемлекеттік орман қоры аумағында құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар
1. Мемлекеттік орман қорында ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу үшін негіз болып табылады.
Сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгіленген құрылыс объектісін жобалауға тапсырма жасау үшін негіз болып табылады.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер немесе мемлекеттік табиғи резерваттар жерінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік ұлттық табиғи паркпен немесе мемлекеттік табиғи резерватпен жасаған ұзақ мерзімді пайдалану шарты сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен жобалауға тапсырма алу үшін негіз болып табылады.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде объектілер құрылысының сапасына бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
4. Салынған объектілерді пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.».
5. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органға» және «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға» деген сөздер тиісінше «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға» және «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнындағы 37-баптың, 7-тараудың және 40-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының құзыреті»;
«7-тарау. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар
40-бап. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияның міндеттері мен функциялары»;
3) 1-бапта:
4-2) тармақшадағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-3) тармақшамен толықтырылсын:
«13-3) көпфакторлы зерттеп-қарау - судың зиянды әсерінің алдын алу мақсатында гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықтың техникалық жай-күйін бағалау, көзбен қарап-тексеру әдісімен және инженерлік (геодезиялық, геофизикалық, геотехникалық, гидрографиялық және басқа да) зерттеулер кешенін жүргізу арқылы олардың элементтерінің қалған ресурсын айқындау;»;
4) 7-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының жер туралы заң актісімен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 32-баптың 2-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті органның ведомствосы және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 33-баптың 1-тармағындағы «коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган,», «өз құзыреті шегінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары» деген сөздер тиісінше «уәкілетті органның ведомствосы, коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары», «өздерінің құзыреті шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 37-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының құзыреті»;
1-тармақта:
3-1) және 13-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«13-1) су шаруашылығы, гидромелиорациялық жүйелер мен құрылысжайларды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 28-5) тармақшамен толықтырылсын:
«28-5) гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықты көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның ведомствосы өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардың өз құзыреті шегінде қабылдаған шешімдері барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.»;
8) 39-бапта:
2) және 2-1) тармақшалардағы «бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен», «келiсiм бойынша», «бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен» деген сөздер тиісінше «су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен», «келiсу бойынша», «су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен келісу бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген» деген сөздер «уәкілетті орган айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша алып тасталсын;
9) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар»;
10) 40-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияның міндеттері мен функциялары
1. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (бұдан әрі - бассейндік инспекциялар) - уәкілетті орган ведомствосының облыстарда бөлімдері бар, негізгі міндеті тиісті бассейн аумағында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылатын (екі және одан көп облыстың аумағында қызметі жүзеге асырылатын және өкілеттіктері қолданылатын) аумақтық бөлімшелері.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бассейндік инспекциялар мынадай функцияларды жүзеге асырады:»;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы салдарынан туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысу;
9) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлінісінде су пайдалану лимиттерін белгілеу;»;
11) 41-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «уәкілетті органмен» деген сөздер «бассейндік инспекциялармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 42-баптың 1-тармағындағы «бассейндік басқармалардың» деген сөздер «бассейндік инспекциялардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 43-баптың 2-тармағында:
«бассейндік басқарманың» деген сөздер «бассейндік инспекцияның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әзірлік жұмысын ұйымдастыру бассейндік басқармаға» деген сөздер «жұмысын ұйымдастыру бассейндік инспекцияға» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 46-баптың 2-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті органның ведомствосы» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 48-баптың 3-тармағының бірінші абзацындағы «Уәкілетті органның» деген сөздер «Уәкілетті орган ведомствосының және бассейндік инспекциялардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 49-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар;»;
2-тармақтағы «Уәкiлеттi орган», «мемлекеттiк органдардың қызметiн» деген сөздер тиісінше «Уәкiлеттi органның ведомствосы мемлекеттiк органдардың», «қызметiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар:»;
екінші бөліктің бірінші абзацында:
«халықтың санитариялық-эпидемиологиялық cалауаттылығы,» деген сөздер алып тасталсын;
«саласындағы уәкiлеттi органдар, карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган» деген сөздер «, өсімдіктер карантині саласындағы уәкiлеттi органдар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық cаламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;