39-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы «жою үшін,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет немесе жаңадан анықталған, жануарлардың аса қауіпті, экзотикалық ауруларын, карантинді объектілерді, бөтен текті түрлерді оқшаулау және (немесе) жою үшін, карантиндік аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің таралу ошақтарында іс-шаралар, шұғыл фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу үшін,» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 29-тармағы 4) тармақшасының он бесінші абзацын;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 29-тармағы 4) тармақшасының он жетінші және он сегізінші абзацтарын;
3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 29-тармағы 3) тармақшасының отыз үшінші абзацын, 4) тармақшасының он тоғызыншы абзацын, 7) тармақшасының сегізінші абзацын;
4) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 8) тармақшасының он бірінші, он екінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын, 12-тармағының 5) - 7) тармақшаларын, 15-тармағы 3) тармақшасының сегізінші абзацын, 15) тармақшасын, 16) тармақшасының отыз төртінші - отыз алтыншы, елу алтыншы және елу жетінші абзацтарын, 22-тармағы 14) тармақшасының он үшінші - он тоғызыншы абзацтарын, 24-тармағы 1) тармақшсының он екінші абзацын, 2) тармақшасының сегізінші абзацын, 6) және 8) тармақшаларын, 28-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші және он екінші абзацтарын, 39-тармағы 2) тармақшасының екінші, үшінші, жетінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын;
5) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 29-тармағы 3) тармақшасының жиырма сегізінші абзацын, 7) тармақшасының он үшінші абзацын, 32-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 5) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 6) тармақшасының екінші абзацын;
6) 2020 жылғы 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 10-тармағының 2) және 16) тармақшаларын, 11-тармағының 1), 3) және 17) тармақшаларын, 29-тармағы 1) тармақшасының екінші - төртінші, тоғызыншы, оныншы және он жетінші абзацтарын, 3) тармақшасының отыз алтыншы абзацын, 6) тармақшасын, 7) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 30-тармағын, 32-тармағы 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 39-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын;
7) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 10) тармақшасын, 18) тармақшасының үшінші абзацын, 23-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 32-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының екінші, үшінші және алтыншы абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 7) тармақшасының бесінші абзацын және 8) тармақшасын;
8) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 16) тармақшасын, 28-тармағы 13) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. 1-баптың 29-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
3. 1-баптың 19-тармағы 5) тармақшасының он бірінші абзацы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астық қабылдау кәсіпорындарының астықты сандық-сапалық есепке алуды жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;».
3-бап.
1. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат) 2020 жылғы 6 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттары сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы сақтандыру төлемдері бойынша міндеттемелерді орындағанға дейін қолданылады.
3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттар агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы жүргізген сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін өтеу туралы талаптарды орындағанға дейін қолданылады.
4. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес агент жасаған шарттар бойынша оның құқықтық мирасқоры деп айқындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 28 қазан
№ 268-VI