19-17) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және қабылдау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 19-18) тармақшамен толықтырылды
19-18) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 19-19) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
19-19) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 19-20) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
19-20) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы конкурс (немесе аукцион) өткізу арқылы бөліп беруге ұсынған диапазондарда Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру жөніндегі конкурстарды (немесе аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу, конкурстар (немесе аукциондар) шарттарын, оларға қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындау;
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 19-21) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
19-21) қосарланған мақсаттағы тіреуіштерге телекоммуникация құралдарын орналастыру тәртібін бекіту;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
2. Аумақтық бөлімшелердің құзыретіне:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
4) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;
7) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
8) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-2) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды
9-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желілері мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі талаптарға сәйкестігін тексеру;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 9-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-5) тармақшамен толықтырылды
9-5) пошта желісі объектілерін пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметін пайдаланушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
9-6) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 9-7) тармақшамен толықтырылды
9-7) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді жүзеге асыратын радиожиілік органдары мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының уәкілетті органы;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
2. Уәкілетті органның радиожиілік спектрін реттеу кезіндегі негізгі функциялары мыналар болып табылады:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану мәселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиілікті құрылғыларды пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеу;
2) бөлектелетін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;
4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қатер төндірген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аса маңызды жұмыстар мен іс-шаралар орындалған кезде, оларды пайдалануды тоқтата тұру;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес радиобақылауды жүзеге асыру;
7) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
8) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) және 10) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
10) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдалану ауқымдарында радиожиілік спектрін бөлектеу және пайдалану жөнінде қажетті келісулерді жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрінің және тиісті радиоэлектрондық құралдардың пайдаланылуын реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік радиожиілік қызметі байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) халықтың теле-, радиоарналарды қабылдауы сапасын қоса алғанда, көрсетілетін байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауды, сондай-ақ радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингін;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді және Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс желілерінің болуы және байланыс сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын интернет-ресурсты (телекоммуникациялардың цифрлық картасы) техникалық қамтамасыз етуді;
3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізуді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) радиожиіліктер ресурстарын және орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз етуді, оларға қолжетімділік беруді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) телерадио хабарларын тарату желілерінің жиілік-аумақтық жоспарын келісуді, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату желілері үшін радиожиіліктерді іріктеу мен қолдап отыруды жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды
9-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін есепке алуды, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін жүргізуді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосуды;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталықты ұйымдастыруды және техникалық қолдап отыруды жүзеге асырады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік техникалық қызмет өндіретін және (немесе) өткізетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.
10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі:
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органмен және қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылысжайларының, байланыс жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
2) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындайды;
3) пошта операторларының өндірістік объектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайлар бөледі, сондай-ақ пошта операторларының олардың аумағына өндірістік объектілерді орналастыруына жәрдемдеседі;
2020.02.07. № 355-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) ұялы немесе спутниктік байланыс операторының өтініші бойынша, уәкілетті органмен келісу арқылы ұялы немесе спутниктік байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстарды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін электрмен жабдықтау жүргізілген орын ұсынады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу
1. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттің ерекше құзыретінде болады.
Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеуді Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары жүзеге асырады және ол радиожиілік спектрін тиімді пайдалануға және жиiлiктер белдеуiн, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арнасын) иелікке беру (тағайындау) рәсімінің ажырамас бөлігі болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдық және техникалық шаралар кешенін білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізуді Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары жүзеге асырады.
Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы ұлттық ресурс болып табылады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиілік спектрі мен байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын мемлекет мүддесі үшін тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы байланыс операторлары қауымдастықтары (одақтары) мен байланыс қызметтерін және радиожиілік спектрін пайдаланушылар қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен жүзеге асырады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Шектеулі ұлттық ресурс болып табылатын радиожиілік спектрін пайдалану ақылы негізде жүзеге асырылады. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары, оны есептеу мен мемлекеттік бюджетке төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
Ұялы байланысты ұйымдастыру үшін радиожиіліктерді және радиоэлектрондық құралдарды бірлесіп пайдалану кезінде радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін ақы төлеуді оған иелікке берілген жиіліктер белдеуі, радиожиілік (радиожиілік арнасы) үшін әрбір байланыс операторы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырады.
4. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылар келтіретін индустриялық бөгеуілдер деңгейі техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың осы түрлеріне арналған стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
Радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың индустриялық радиобөгеуілдерден сыртқы қорғалуы техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың осы түрлеріне арналған стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген нормалардан төмен болмауға тиіс.
12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлектеу және иелікке беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасында радиожиіліктер спектрін пайдалану:
1) пайдаланушылардың радиожиілік спектріне қол жеткізуінің рұқсаттық тәртібі;
2) мемлекеттік басымдықтар ескеріле отырып, барлық пайдаланушылардың радиожиілік спектріне тең қол жеткізу құқығы;
3) радиожиілік спектрін пайдаланудың ақылы болуы;
4) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) мерзім белгілемей бөлектеуге, иелікке беруге (тағайындауға) жол бермеу;
5) осы іс-шараларға жұмсалатын шығыстардың орны толтырыла отырып, радиожиілік спектрін пайдалануды конверсиялау;
6) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану рәсімдерінің айқындығы және ашықтығы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Радиожиілік спектрін бөліп беру Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекітетін Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлудің ұлттық кестесіне және Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде уәкілетті орган бекітетін радиожиілік спектрін перспективада пайдаланудың жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру, бөлектеу және иелікке беру тәртібін радиожиілік органдары әзірлейді.
Телевизия және радио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негізде өткізіледі.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс өткізбей бөлінеді.
4. Жиіліктерді иелікке беру Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды, қорғанысты, қауіпсіздікті және құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету мүддесіне орай, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқа жиіліктерге көшуіне байланысты залалдарын бір мезгілде өтей отырып өзгертілуі мүмкін.
5. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығы уәкілетті орган азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін және Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін беретін рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1. Жеке және заңды тұлғаларға өздеріне иелікке берілген жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) уақытша немесе тұрақты пайдалану құқығын басқа жеке немесе заңды тұлғаларға беруге, мына жағдайларды:
1) радиожиілік спектрін негізгі пайдаланушы келісім берген жағдайда, өндірісішілік қызмет үшін радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Әрбір пайдаланушыға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған жеке рұқсат ресімделеді;
2020.02.07. № 355-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін бөлінген радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Радиожиіліктерді бірлесіп пайдалану шартпен ресімделеді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Байланыс операторларына және радиожиiлiк спектрiн өндiрiсiшiлік қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануды көздейтiн тұлғаларға радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсат уәкiлеттi органға белгiленген үлгiдегi өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей берiледi.