Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері қайтарып алу және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне тиісті жазба енгізу;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.».
8. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
«38) «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларда қорытынды береді.»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 30-2) тармақшамен толықтырылсын:
«30-2) «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларда қорытынды береді;».
9. «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде мәліметтердің күшін жою;»;
2) 11-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
«қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздер «қазақ немесе орыс тілінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екi айдан кешiктiрiлмей» деген сөздер «екi ай ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15, 15-1 және 15-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тiркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды білуге арналған тестілеу нысанында өткізіледі.
Уәкілетті органның жанынан құрылатын аттестаттау комиссиясы уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Аттестаттауға мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын;
2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын;
3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
4) осы Заңға сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.
3. Аттестаттауға зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар жіберіледі.
4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне;
3) осы Заңның 15-2-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы тиісті шешім қабылдағанға дейін үш ай бойы тоқтатыла тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұру үшін себеп болған негіздер жойылған жағдайда, аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта басталады.
5. Өтініш берушінің, құқық иеленушінің өкілі ретінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуді өтініш беруші және (немесе) патент иеленуші де дербес жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда өзінің өтініш беруші, құқық иеленуші құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ оның шегінен тысқары жерде уақытша жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат алмасу үшін мекенжайын көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз өзінің өтініш беруші, құқық иеленуші құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын жүзеге асыра алады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында құпия ақпаратқа немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қойылатын талаптар сақталған кезде құпия деп танылады.
15-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
1. Патенттік сенім білдірілген өкіл мыналарға құқылы:
1) интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды иелену немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және оның тапсырмасы бойынша интегралдық микросхемалар топологиясын тіркеуге арналған өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
3) интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама ұйымымен өзара іс-қимыл жасау;
4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе) басқаға беру шарттарын жасауға, қарауға, сондай-ақ сараптама ұйымында құқықтарды беруді және ұсынуды кейіннен тіркеуге жәрдемдесу;
5) патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының мүшесі болу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелерімен байланысты басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
2. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттіктері сенімхатпен куәландырылады.
Апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты істерді жүргізу кезінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органға сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.
3. Егер сенімхат шет тілінде жасалса, онда қарсылық берілген тілге байланысты сенімхаттың қазақ немесе орыс тіліне нотариус куәландырған аудармасы міндетті түрде ұсынылуға тиіс.
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл, егер бұрын осы іс бойынша мүдделері іс жүргізу туралы өтінішпен жүгінген адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ егер істі қарауға патенттік сенім білдірілген өкілдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын лауазымды адам қатысса, тапсырманы қабылдамауға міндетті.
15-2 бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен аттестаттау комиссиясының шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген жеке өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабарсыз кетті деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;
7) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдарын, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша шығарылады.
2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі не айыптау үкімі негізінде патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және тиісті мәліметтер патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл бұл жөнінде мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәліктің күші жойылады.
4. Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекеттеріне жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымы не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуы келіп түскен жағдайда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан апелляциялық комиссия құрады. Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау кезеңінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне белгі қойылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері қайтарып алу және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне тиісті жазба енгізу;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.».
10. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
21-баптың 7), 8), 9) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
8) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжаттарын беруге арналған өтiнiмдердi тiркеу жөніндегі қызметті, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ұйымдастыру;
9) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжаттарын беруге арналған өтінімдерге сараптама жүргізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, тиісті мемлекеттік тізілімдерді жүргізу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшінде ұстап тұру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес;»;
«11) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тiркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;».
11. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
37-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар құқықтық ақпарат беруге, құқықтық консультация беруге, адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруіне әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі» ең төмен әлеуметтік стандарты болып табылады.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Құқықтық консультация беру» ең төмен әлеуметтік стандарты «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда адвокаттардың, заң консультанттарының құқықтық консультация беру тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.
5. «Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі» ең төмен әлеуметтік стандарты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда адвокаттардың, заң консультанттарының соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.».
12. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 22-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін белгілейді;»;
2) 23-баптың 12) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
13) адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;»;
3) 25-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) заң консультанттары осы Заңда белгіленген тәртіппен;»;
4) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар
1. Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алуға барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқығы бар.
2. Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
1) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;
2) мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;
3) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
4) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;
6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;
7) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
3. Соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және тұрған жеріне қарамастан алуға құқылы.
5. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның мүддесіне орай оның өкілі заңдарда белгіленген тәртіппен осындай көмек көрсету туралы өтінішхатпен жүгіне алады.»;
5) 28-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Аумақтық әділет органы жыл сайын жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін өзінің интернет-ресурсына орналастырады.»;
6) мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:
«28-1-бап. Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібі
Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуын заң консультанттарының палаталары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұйымдастырады.»;
7) 29-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтініш иесі мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар, осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тұлғалар санатына жатпаса;»;
8) 80-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;»;
9) мынадай мазмұндағы 86-1-баппен толықтырылсын:
«86-1-бап. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу
1. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Заң консультанты көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі уәкілетті орган бекітетін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу қағидаларында белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне, іссапар, көлік шығыстарына ақы төлеу және оның құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты басқа да шығыстарын өтеу соттардың ұйғарымдары бойынша жүргізіледі.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 20 маусым
№ 128-VII