2. Өтінім берушінің осы Заңның талаптары сақталған жағдайда, өтінім бойынша шешім қабылданғанға дейін географиялық нұсқамаға арналған өтінімді тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге және керісінше өзгертуге құқығы бар.»;
21) 9-тараудың тақырыбындағы «Тауар шығарылған жер» деген сөздер «Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 33, 34, 35 және 36-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімін, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі
1. Сараптама ұйымы Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне мыналарды:
географиялық нұсқаманы не тауар шығарылған жердің атауын;
олардың тіркелген нөмірі мен күнін;
тауардың ерекше қасиеттерінің, сапасының, репутациясының және басқа да сипаттарының сипаттамасын;
тұрғылықты жерін (тұрған жерін) көрсете отырып, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының барлық иелері туралы мәліметтерді;
өтінімдердің нөмірі мен берілген күнін;
көрсетілген мәліметтердің барлық кейінгі өзгерістерін, сондай-ақ тіркеуге қатысты басқа да мәліметтерді енгізеді.
2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі тіркеу туралы мәліметтерге қатысты өзгерістер туралы сараптама ұйымын хабардар етуге міндетті. Өзгерістер туралы жазбаны сараптама ұйымы тиісінше Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізеді.
3. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімі және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімі жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады. Мүдделі тұлғалардың өтінішхаты бойынша сараптама ұйымы Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме береді.
34-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімдері
1. Мыналарды:
географиялық нұсқаманы тіркеу оның географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде байланысты тауардың белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары сақталған жағдайда мерзімсіз қолданылады;
тауар шығарылған жердің атауын тіркеу көрсетілген географиялық объектінің аумағында өндірілетін тауардың ерекше қасиеттері сақталған жағдайда мерзімсіз қолданылады.
2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы сараптама ұйымына өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
3. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімі:
тауардың географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде байланысты оның белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары;
өзіне қатысты тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауардың ерекше қасиеттері сақталған жағдайда, иесінің оның қолданылуының соңғы жылы ішінде берілген өтінішхаты бойынша әр жолы он жылға ұзартылып отырады.
4. Географиялық нұсқаманы немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхат осы Заңның 29-бабының 6-тармағында көзделген құжаттармен бір мезгілде ұсынылады. Тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
5. Осы баптың 3-тармағында белгіленген өтінішхатты беру мерзімі тіркеудің қолданылу мерзімі өткеннен кейін алты ай ішінде иесінің берген өтініші бойынша қайта басталады.
35-бап. Тіркеу туралы мәліметтерді жариялау
Географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізілген мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
36-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы
1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы куәлікпен куәландырылады және Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады.
Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
2. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме географиялық нұсқаманың және тауар шығарылған жер атауының тіркелу фактісін және Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауарға қатысты оларды пайдаланудың айрықша құқығын растайды.
Үзінді көшірменің нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
23) 10-тараудың тақырыбындағы «Тауар шығарылған жер» деген сөздер «Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 37-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану шарттары
1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесiне оларды пайдалану құқығы тиесілі болады. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы оның иесінде Географиялық нұсқамалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде оларды пайдалану құқығы тіркелген күннен бастап туындайды.»;
2-тармақтағы «тауар шығарылған жер» деген сөздер «географиялық нұсқамамен және тауар шығарылған жердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «тауарлар» деген сөз «географиялық нұсқамаларды және тауарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Тауар шығарылған жер», «тауар шығарылған жер» деген сөздер тиісінше «Географиялық нұсқаманы, тауар шығарылған жердің», «географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Ескертпе таңбалау
Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесi географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына қатар тұстан латынның R әрпi түрiндегi ескертпе таңбалауды, «тіркелген географиялық нұсқама», «тiркелген тауар шығарылған жердің атауы», «зарегистрированное географическое указание», «зарегистрированное наименование места происхождения товара» немесе «тірк. ГН», «тiрк. ТШЖА», «рег. ГУ», «рег. НМПТ» деген сөз белгiлемелерін соға алады.»;
26) 11-тараудың тақырыбындағы «Тауар шығарылған жер» деген сөздер «Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 39-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеуге дау айту»;
1-тармақтағы «тауар шығарылған жердің атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру» деген сөздер «географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тiркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«Егер тауар» деген сөздер «Егер географиялық нұсқаманы және тауар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тауар шығарылған жердiң атауын тiркеуге және (немесе) тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге» деген сөздер «географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тiркеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тауар шығарылған жердiң атауын мемлекеттiк тiркеу» деген сөздер «географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын мемлекеттiк тiркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
«тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының берiлуiне» деген сөздер «географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жер атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеуге қарсы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Қарсылық берген адамның, сондай-ақ пайдалану құқығы иесінің дауды қарауға қатысуға құқығы бар.»;
28) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғауды тоқтату және оларды жарамсыз деп тану
1. Қазақстан Республикасында географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау мынадай:
1) осы географиялық объектіге тән жағдайлар жойылған және осы географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына қатысты Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген сипаттамалары бар тауарды өндіру мүмкін болмаған;
2) тауар шығарылған елде географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады.
2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылуы мынадай:
1) осы Заңның 34-бабында белгiленген мерзімі өткен;
2) тауар Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде өзіне қатысты көрсетілген ерекше қасиеттерін, сапасын, репутациясын және басқа да сипаттамаларын жоғалтқан;
3) сараптама ұйымына географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің тиісті өтініші берілген;
4) географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі – заңды тұлға таратылған немесе жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметі тоқтатылған;
5) құқық иеленуші Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде өзіне қатысты көрсетілген ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы және басқа да сипаттамалары бар тауарды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығынан айырылған;
6) осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау тоқтатылған;
7) шетелдік заңды тұлға, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам тауар шығарылған елде осы географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына құқығын жоғалтқан жағдайларда тоқтатылады.
3. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеу және (немесе) оларды пайдалану құқығын ұсыну осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында көрсетілген негіздер бойынша апелляциялық кеңестің немесе соттың шешімі бойынша жарамсыз деп танылады.
4. Сараптама ұйымы Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеудің қолданылуын тоқтату туралы жазба енгізеді және бұл туралы мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында орналастырады.»;
29) 12-тараудың тақырыбындағы «Тауар таңбаларын иелерінің құқықтарын және тауарлар шығарылатын» деген сөздер «Тауар белгілері иелерінің құқықтарын және географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 41-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы «тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) табыстаудан» деген сөздер «географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) беруден» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) табыстауға» деген сөздер «географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «тауар шығарылған» деген сөздер «географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 41-2-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қарсылықты қарау мерзімі үш айға дейін, оның ішінде өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша ұзартылуы мүмкін.
4. Апелляциялық кеңес отырыс өткізілетін күнді мынадай:
1) тараптар, оның ішінде қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхатын берген жағдайды қоспағанда, қарсылықты мәлімдеуші келмеген;
2) өтініш беруші қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыттың қажеттігі туралы өтінішхат берген;
3) тараптардың дәлелдерін және (немесе) қарсылыққа байланысты мән-жайларды қосымша зерделеу қажет болған жағдайларда ауыстыруға құқылы.»;
32) 42-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «тауар шығарылған» деген сөздер «географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «құқығын немесе» деген сөздерден кейін «географиялық нұсқаманы және» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «және Тауар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізіліміне» деген сөздер «, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 43-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық»;
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«келісімінсіз немесе» деген сөздер «келісімінсіз немесе географиялық нұсқама және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«құқықты немесе» деген сөздерден кейін «географиялық нұсқаманы және» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
«Тауар белгісін немесе» деген сөздерден кейін «географиялық нұсқаманы және» деген сөздермен толықтырылсын;
«(құқық иеленушінің) немесе» деген сөздер «(құқық иеленушінің) немесе географиялық нұсқаманы және» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «құқықты немесе» деген сөздерден кейін «географиялық нұсқаманы және» деген сөздермен толықтырылсын;
34) 44-бапта:
тақырып «(құқық иеленушінің) немесе» деген сөздерден кейін «географиялық нұсқаманы және» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
«(құқық иеленушінің) немесе» деген сөздерден кейін «географиялық нұсқаманы және» деген сөздермен толықтырылсын;
«(құқық иеленушіге) немесе» деген сөздер «(құқық иеленушіге) немесе географиялық нұсқаманы және» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «тауар шығарылған» деген сөздер «географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «тауар шығарылған» деген сөздер «географиялық нұсқама және тауар шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «тауар шығарылған» деген сөздер «географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«(құқық иеленушінің) немесе» деген сөздерден кейін «географиялық нұсқаманы және» деген сөздермен толықтырылсын;
«тауар белгісін немесе» деген сөздерден кейін «географиялық нұсқаманы және» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы «тауар шығарылған» деген сөздер «географиялық нұсқама және тауар шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 45-баптағы «тауар шығарылған» деген сөздер «географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 46, 46-1 және 46-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тiркелген оның әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды білуге арналған тестілеу нысанында өткізіледі.
Уәкілетті органның жанынан құрылатын аттестаттау комиссиясы уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Аттестаттауға мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын;
2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы ) болып табылатын;
3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
4) осы Заңға сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.
3. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар аттестаттауға жіберіледі.
4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне;
3) осы Заңның 46-2-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы тиісті шешім қабылдағанға дейін үш ай бойы тоқтатыла тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұру үшін себеп болған негіздер жойылған жағдайда, аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта басталады.
5. Өтініш берушінің, құқық иеленушінің өкілі ретінде патенттік сенім білдірілген өкіл зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуді өтініш беруші және (немесе) құқық иеленуші де дербес жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда және оның ұйымдарында өзінің өтініш беруші, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің иесі құқықтарын және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ оның шегінен тысқары жерде уақытша жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат алмасу үшін мекенжайын көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз өзінің өтініш беруші, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің иесі құқықтарын және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын жүзеге асыра алады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында құпия ақпаратқа немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қойылатын талаптар сақталған кезде құпия деп танылады.
46-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
1. Патенттік сенім білдірілген өкіл мыналарға құқылы:
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын иелену немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және оның тапсырмасы бойынша тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге арналған өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
3) тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат-хабар алысу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жіберу;
4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе) басқаға беру шарттарын жасауға, қарауға, сондай-ақ сараптама ұйымында құқықтарды беруді және ұсынуды кейіннен тіркеуге жәрдемдесу;
5) патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының мүшесі болу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған, зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелерімен байланысты басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
2. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттіктері сенімхатпен куәландырылады.
Апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты істерді жүргізу кезінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органға сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.
3. Егер сенімхат шет тілінде жасалса, онда қарсылық берілген тілге байланысты сенімхаттың қазақ немесе орыс тіліне нотариус куәландырған аудармасы міндетті түрде ұсынылуға тиіс.
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл, егер бұрын осы іс бойынша мүдделері іс жүргізу туралы өтінішпен жүгінген адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ егер істі қарауға патенттік сенім білдірілген өкілдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын лауазымды адам қатысса, тапсырманы қабылдамауға міндетті.
46-2-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен аттестаттау комиссиясының шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген жеке өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабарсыз кетті деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;
7) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдарын, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша шығарылады.
2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі не айыптау үкімі негізінде патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және тиісті мәліметтер патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл бұл жөнінде мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәліктің күші жойылады.
4. Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекеттеріне жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымы не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуы келіп түскен жағдайда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан апелляциялық комиссия құрады. Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау кезеңінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне белгі қойылады.