бесінші бөліктегі «екі ай» деген сөздер «үш ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Өтініш беруші жоқ құжаттарды немесе түзетілген материалдарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алдын ала сараптаманың оң нәтижесі болған кезде сараптама ұйымы өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде өтініш беруші шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етіледі. Осымен бір мезгілде өтiнiмнiң және селекциялық жетiстiк сауалнамасының көшiрмелерi мемлекеттiк комиссияға жiберiледi.»;
4-тармақтағы «бiр ай мерзiмде» деген сөздер «бес жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «бір ай» деген сөздер «бес жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігінде:
«сараптама ұйымы он» деген сөздер «сараптама ұйымы бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өтінім берушіге он» деген сөздер «өтініш берушіге бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінде:
«негiзiнде он» деген сөздер «негiзiнде бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өтiнiм берушiге он» деген сөздер «өтiнiш берушiге бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 20-2-баптың 3-тармағы 3) тармақшасындағы «мәліметтерге сәйкес келмеуі тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады.» деген сөздер «мәліметтерге сәйкес келмеуі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетін ережелердің болуы тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады.»;
6) 22-3-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қарсылықты қарау мерзімі үш айға дейін, оның ішінде өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша ұзартылуы мүмкін.»;
4-тармақ 2) тармақшасындағы «берген жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы.» деген сөздер «берген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) өтініш берушінің дәлелдерін және (немесе) қарсылыққа байланысты мән-жайларды қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы.»;
7) 22-4, 22-5 және 22-6-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«22-4-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тiркелген оның әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды білуге арналған тестілеу нысанында өткізіледі.
Уәкілетті органның жанынан құрылатын аттестаттау комиссиясы уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Аттестаттауға мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын;
2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын;
3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
4) осы Заңға сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.
3. Аттестаттауға зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар жіберіледі.
4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне;
3) осы Заңның 22-6-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы тиісті шешім қабылдағанға дейін үш ай бойы тоқтатыла тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұруға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта басталады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында құпия ақпаратқа немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қойылатын талаптар сақталған кезде құпия деп танылады.
22-5-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
1. Патенттік сенім білдірілген өкіл мыналарға құқылы:
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын иелену немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және тапсырмасы бойынша селекциялық жетістіктерге арналған өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
3) селекциялық жетістіктерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат-хабар алысу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жіберу;
4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе) басқаға беру шарттарын жасауға, қарауға, сондай-ақ сараптама ұйымында құқықтарды беруді және ұсынуды кейіннен тіркеуге жәрдемдесу;
5) патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының мүшесі болу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған, зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелерімен байланысты басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
2. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттіктері сенімхатпен куәландырылады.
Апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты істерді жүргізу кезінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органға сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.
3. Егер сенімхат шет тілінде жасалса, онда қарсылық берілген тілге байланысты сенімхаттың қазақ немесе орыс тіліне нотариус куәландырған аудармасы міндетті түрде ұсынылуға тиіс.
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл, егер бұрын осы іс бойынша мүдделері іс жүргізу туралы өтінішпен жүгінген адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ егер істі қарауға патенттік сенім білдірілген өкілдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын лауазымды адам қатысса, тапсырманы қабылдамауға міндетті.
22-6-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен аттестаттау комиссиясының шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген жеке өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабарсыз кетті деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;
7) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдарын, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша шығарылады.
2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі не айыптау үкімі негізінде патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және тиісті мәліметтер патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл бұл жөнінде мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәліктің күші жойылады.
4. Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекеттеріне жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымы не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуы келіп түскен жағдайда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан апелляциялық комиссия құрады. Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау кезеңінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне белгі қойылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері қайтарып алу және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне тиісті жазба енгізу;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;
8) 26-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «өтінім берушінің атын (атауын)» деген сөздер «өтініш беруші – заңды тұлғаның атауын не жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2-1) және 2-2) тармақшалар «конвенциясына» деген сөзден кейін «немесе 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «зияткерлік қызмет» деген сөздер «зияткерлік шығармашылық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 1-тармағындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою;»;
4) 5-баптың 3-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша әр жолы бес жылға ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте патенттің жалпы қолданылу мерзімі өтінім берілген күннен бастап жиырма бес жылдан аспауға тиіс.»;
5) 6-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Патенттер мыналарға:
1) адамды клондау тәсілдеріне және оның клонына;
2) адамның ұрықтық желісі жасушаларының генетикалық тұтастығын өзгерту тәсілдеріне;
3) адами эмбриондарды коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалануға берілмейді.»;
6) 7-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «диагностикалық,» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтағы «3-тармағында» деген сөздер «3 және 3-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 14-1-баптың 3-тармағы 3) тармақшасындағы «мәліметтерге сәйкес келмеуі тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады.» деген сөздер «мәліметтерге сәйкес келмеуі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетін ережелердің болуы тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады.»;
8) 17-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінім беруге белгіленген мөлшерде ақы төленгенін растайтын құжат және оның мөлшерін азайту негізін растайтын құжат өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылады.»;
9) 18-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;
10) 19-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;
11) 30-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Қорғау құжатын және (немесе) еуразиялық патентті жарамсыз деп тану және олардың қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату»;
1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қорғау құжаты және (немесе) еуразиялық патент сот шешiмiнiң негiзiнде толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
Патент иеленуші қорғау құжатына және (немесе) еуразиялық патентке өнертабыстың, пайдалы модельдің немесе өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілігін қамтамасыз ететін формулаға, сипаттамаға, сызбаларға немесе бейнеге өзгерістер енгізген жағдайда, қорғау құжаты және (немесе) еуразиялық патент ішінара жарамсыз деп танылады. Өзгерістер енгізілген қорғау құжаты және (немесе) еуразиялық патент сол нөмірмен қолданылуын жалғастырады.»;
12) 32-2-бапта:
3-тармақтағы «өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша үш айға дейін» деген сөздер «үш айға дейін, оның ішінде өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ 2) тармақшасындағы «берген жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы.» деген сөздер «берген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) өтініш берушінің дәлелдерін және (немесе) қарсылыққа байланысты мән-жайларды қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы.»;
13) 33-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) қорғау құжатын және (немесе) еуразиялық патентті жарамсыз деп тану туралы;»;
14) 7-тарау мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:
«34-1-бап. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі
1. Жаңашылдық және бірегейлік талаптарына сәйкес келетін өнеркәсіптік үлгі Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік үлгі алғаш рет жария етілген (ашылған) күннен бастап үш жыл бойы тіркеусіз және қорғау құжатын берусіз қорғалуы мүмкін.
Егер тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі алғаш рет жария етілген (ашылған) күнге дейін ешқандай бірдей өнеркәсіптік үлгі жария етілмесе (ашылмаса), тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі жаңа болып саналады.
Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгінің бірегейлігі осы Заңның 8-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгіге құқықты қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі, егер ол көрмеде жария етілсе, көрмеге қойылса, саудада пайдаланылса немесе Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін кәсіпкерлік қызметтің осы секторында маманданған орталарда дұрыс хабарланса, алғаш рет жария етілген (ашылған) болып саналады.
Құпиялылықтың ескертілген немесе топшыланған шарттарында үшінші тұлғаға ғана ашылған тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі жария етілген болып саналмайды.
3. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгінің авторлық құқығы осы Заңның 9-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген негіздерде айқындалады.
4. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгіге құқық мыналарға:
1) өнеркәсіптік меншік объектісінің авторына (авторларына);
2) егер жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс берушіге;
3) құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға), оның ішінде басқаға беру тәртібімен тиісті құқық алған адамға (адамдарға);
4) осы тармақта көзделген адамдардың арасында келісім болған жағдайда, оларға бірге тиесілі болады.
5. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгінің иесі осы Заңның 11-бабының 2-тармағында көрсетілген пайдалану әрекеттеріне, егер дау айтылып отырған пайдалану оның тіркелмеген өнеркәсіптік үлгісін көшірудің салдары болып табылған жағдайда ғана кедергі жасауға құқылы.
Дау айтылып отырған пайдалану, егер ол жария етілген өнеркәсіптік үлгі туралы мәліметтерді білмеген адам болып негізді түрде саналуы мүмкін автордың басқа өнеркәсіптік үлгіні жасау жөніндегі тәуелсіз жұмысының нәтижесінде пайда болса, тіркелмеген өнеркәсіптік үлгіні көшірудің салдары болып есептелмеуге тиіс.»;
15) 36, 36-1 және 36-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тiркелген оның әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды білуге арналған тестілеу нысанында өткізіледі.
Уәкілетті органның жанынан құрылатын аттестаттау комиссиясы уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Аттестаттауға мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын;
2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын;
3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
4) осы Заңға сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.
3. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар аттестаттауға жіберіледі.
4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне;
3) осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы тиісті шешім қабылдағанға дейін үш ай бойы тоқтатыла тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұруға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта басталады.
5. Өтініш берушінің, патент иеленушінің өкілі ретінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша істерді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен істерді жүргізуді өтініш беруші де және (немесе) патент иеленуші де дербес жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар өзінің өтініш беруші, патент иеленуші құқықтарын, сондай-ақ уәкілетті органдағы және оның ұйымдарындағы мүдделі тұлға құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ оның шегінен тысқары жерде уақытша жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат алмасу үшін мекенжайын көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз өзінің өтініш беруші, патент иеленуші құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын жүзеге асыра алады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында құпия ақпаратқа немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қойылатын талаптар сақталған кезде құпия деп танылады.
36-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
1. Патенттік сенім білдірілген өкіл мыналарға құқылы:
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын иелену немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және тапсырмасы бойынша өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге арналған өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
3) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат-хабар алысу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жіберу;
4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе) басқаға беру шарттарын жасауға, қарауға, сондай-ақ сараптама ұйымында құқықтарды беруді және ұсынуды кейіннен тіркеуге жәрдемдесу;
5) патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының мүшесі болу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған, зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелерімен байланысты басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
2. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттіктері сенімхатпен куәландырылады.
Апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты істерді жүргізу кезінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органға сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.
3. Егер сенімхат шет тілінде жасалса, онда қарсылық берілген тілге байланысты сенімхаттың қазақ немесе орыс тіліне нотариус куәландырған аудармасы міндетті түрде ұсынылуға тиіс.
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл, егер бұрын осы іс бойынша мүдделері іс жүргізу туралы өтінішпен жүгінген адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ егер істі қарауға патенттік сенім білдірілген өкілдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын лауазымды адам қатысса, тапсырманы қабылдамауға міндетті.
36-2-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен аттестаттау комиссиясының шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген жеке өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тысқары тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабарсыз кетті деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;
7) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдарын, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша шығарылады.
2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі не айыптау үкімі негізінде патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және тиісті мәліметтер патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл бұл жөнінде мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәліктің күші жойылады.
4. Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекеттеріне жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымы не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуы келіп түскен жағдайда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан апелляциялық комиссия құрады. Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау кезеңінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде белгі қойылады.