Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері қайтарып алу және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне тиісті жазба енгізу;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.».
7. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы»;
2) кіріспедегі «тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын» деген сөздер «тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-баптың 3), 5), 9), 10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) географиялық нұсқама – географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауардың сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін, оны өндірудің кем дегенде бір сатысы жүзеге асырылуға тиіс;»;
«5) өтініш беруші – тауар белгісін тіркеуге немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге арналған өтінімді берген заңды немесе жеке тұлға;»;
«9) тауар белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану – тауар белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын олар қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде олардың қаптамаларында орналастыру, тауар белгісінің, географиялық нұсқаманың және тауар шығарылған жердің атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды айналымға өзгеше енгiзу;
10) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі – осы Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;
11) тауар шығарылған жердің атауы – елдің, елді мекеннің, жергілікті жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не атауы бар, осындай атауды қамтитын немесе осындай атаудан шыққан және ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің тауардың ерекше қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін барлық сатысы жүзеге асырылуға тиіс;»;
4) 2-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.»;
5) 3-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) –Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.»;
2-тармақта:
1) тармақша «тауар белгілерін және тауар» деген сөздер «тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның екінші, үшінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын;
тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын;»;
«Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын;»;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою;»;
6) 6-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «Ажыратылатын реңкi жоқ белгiлерден ғана тұратын:» деген сөздер «Ажыратылатын реңкi жоқ немесе тек мынадай:» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттамалық байланысы бар элементтерден тұратын белгілемелерді тауар белгілері ретінде тіркеуге жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер өтінім берілген күнге белгілеме пайдалану нәтижесінде ажыратылатын реңкке ие болса, көрсетілген белгілемелер тауар белгісі ретінде тіркелуі мүмкін. Ажыратылатын реңк деп бір жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) ажыратуға мүмкіндік беретін белгілемелердің сипаттамалары түсініледі.»;
7) 9-баптың 4-тармағындағы «бір ай мерзімде» деген сөздер «екі ай ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Өтінімге сараптама жүргізу тәртібі
1. Өтінімге сараптама кезең-кезеңімен:
1) алдын ала сараптама – өтінім берілген күннен бастап бір ай ішінде;
2) барысында мәлімделетін белгілеменің осы Заңның 6 және 7-баптарында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілетін толық сараптама өтінім берілген күннен бастап жеті ай ішінде жүргізіледі.
2. Сараптаманың кез келген кезеңінде сараптама ұйымы қосымша материалдарды сұратуға құқылы, олар өтініш берушіге сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынылуға тиіс.
Өтініш беруші белгіленген мерзімде қосымша материалдарды не көрсетілген мерзімді ұзарту туралы өтінішхатты ұсынбаған жағдайда іс жүргізу тоқтатылады және өтінім кері қайтарып алынған деп есептеледі.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өтінімді қарау барысы туралы ақпарат үшінші тұлғаларға берілмейді.»;
9) мынадай мазмұндағы 11-2-баппен толықтырылсын:
«11-2-бап. Белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы қарсылықтар
1. Кез келген мүдделі тұлға өтінім туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап бір ай ішінде сараптама ұйымына осы Заңның 6 және 7-баптарында көзделген негіздер бойынша мәлімделген белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы қарсылық беруге құқылы.
2. Сараптама ұйымы келіп түскен қарсылық (қарсылықтар) туралы хабарламаны берілген қарсылықтың (қарсылықтардың) көшірмесін қоса бере отырып, ол (олар) келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жібереді.
3. Өтініш берушінің мәлімделген белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы берілген қарсылыққа (қарсылықтарға) қатысты өзінің жазбаша ұстанымын өзіне осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде білдіруге құқығы бар.
4. Сараптама ұйымы мүдделі тұлғаның (мүдделі тұлғалардың) қарсылығын (қарсылықтарын) және өтініш берушінің ұстанымын назарға ала отырып, тиісті сараптама қорытындысын шығарады.
5. Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімге осы Заңның 13-бабы 4) және 5) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.»;
10) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алдын ала сараптама нәтижелерi бойынша өтiнiш берушiге өтінім берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы немесе іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі.»;
11) 14-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктегі «бір ай» деген сөздер «он жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлама жіберіледі.»;
12) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау
Ұжымдық тауар белгісін қоса алғанда, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, тауар белгісін тіркеуге қатысты мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын бюллетеньде жариялайды, сондай-ақ интернет-ресурсында орналастырады.»;
13) 19-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауар белгісі тіркелген тауарларда және (немесе) олардың қаптамасында тауар белгісі иесiнiң немесе осындай құқық осы Заңның 21-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес шарт негiзiнде берiлген немесе ұсынылған тұлғаның тауар белгісін қолдануы оны пайдаланудың дәлелi болып есептеледi. Тауар белгісімен белгiленген тауарды жасау, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, оны жарнамада, маңдайшажазуларда, баспа басылымдарында, ресми бланкiлерде, өзге де iскерлiк құжаттамада, сондай-ақ домендік атауда қолдану, тауар белгісіне құқықты беру, оның ішінде Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн көрмелерде тауарлардың көрсетiлуi кезiнде қолдану, сондай-ақ оны айналымға өзгеше енгiзу тауар белгісін пайдалану болып танылуы мүмкiн.»;
14) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау
1. Қазақстан Республикасында географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау осы Заңда белгіленген тәртіппен оларды тіркеу негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай беріледі.
2. Географиялық нұсқаманы пайдаланудың айрықша құқығы осы географиялық объектіде белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен айқындалатын тауарды бірлесіп те, бір-біріне тәуелсіз де өндіретін бірнеше тұлғаға берілуі мүмкін.
Тауар шығарылған жердің атауын пайдаланудың айрықша құқығы осы географиялық объектіде ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарды бірлесіп те, бір-біріне тәуелсіз де өндіретін бірнеше тұлғаға берілуі мүмкін.
3. Шет мемлекеттегі географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге, егер көрсетілген белгілемелер тауар шығарылған елде осындайлар ретінде қорғалса, жол беріледі. Көрсетілген географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдаланудың айрықша құқығына тауар шығарылған елде оларды пайдалану құқықтары қорғалатын тұлғалар ғана ие бола алады.»;
15) 26-бапта:
тақырыптағы «Тауарлар шығарылған жердiң атауы ретінде тіркелетін белгілер» деген сөздер «Географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретінде тіркелетін белгілемелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Тауар шығарылған» деген сөздер «Географиялық нұсқама және тауар шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
16) 27, 28 және 29-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары ретінде тіркелмейтін белгілемелер
1. Географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде мынадай:
1) тауар өндірілген жерге қатысты жаңылысуға алып келуі мүмкін географиялық объектiлердiң атауларын білдіретін;
2) тауар өндiрiлген нақты жердi формальды түрде көрсететiн, бiрақ тауардың басқа аумақтан шығарылғаны жөнiнде қате түсiнiк беретiн;
3) географиялық объектiлердiң тауарлардың өндірілген жерiмен байланысты емес атауын қамтитын;
4) сол түрдегі тауарға қатысты географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы ретінде бұрын тіркелген;
5) егер осындай географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің осындай атауын пайдалану тұтынушыны тауарға, оны дайындаушыға қатысты жаңылысуға алып келетіндей болса, басқа тұлғаның атына бұрын тіркелген белгілемемен бірдей немесе оған ұқсас белгілемелер тiркелмейдi.
2. Географиялық объектінің атауын білдіргенімен немесе қамтығанымен, бірақ Қазақстан Республикасында белгілі бір тауар түрінің өндірілген жерімен байланысты емес оның белгілемесі ретінде жалпыға бірдей қолдануға енген белгілеме географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы болып танылмайды және ол құқықтық қорғау мақсаттары үшін тіркелуге жатпайды.
28-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) оларды пайдалану құқығын беруге арналған өтінімді беру және оны кері қайтарып алу
1. Өтінім сараптама ұйымына:
географиялық нұсқаманы тіркеуге және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруге (бұдан әрі – географиялық нұсқамаға арналған өтінім);
тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге (бұдан әрі – тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім) беріледі.
2. Өтініш беруші (өтініш берушілер) географиялық нұсқамаға арналған өтінімді, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімді Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізілгенге дейін оларды қараудың кез келген кезеңінде кері қайтарып алуы мүмкін.
29-бап. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімге, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге қойылатын талаптар
1. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім бір географиялық нұсқамаға қатысты болуға тиіс.
Тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім тауар шығарылған бір жерге қатысты болуға тиіс.
2. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім үлгілік бланкіде ұсынылуға және онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) өтініш берушіні (өтініш берушілерді), сондай-ақ оның (олардың) тұрған жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, географиялық нұсқаманы мемлекеттік тіркеу туралы және (немесе) осындай географиялық нұсқамаға құқық беру туралы өтініш;
2) мәлімделетін белгілеме;
3) өзіне қатысты географиялық нұсқаманы мемлекеттік тіркеу сұралатын тауар түрі;
4) тауар шығарылған (өндірілген) жердің нұсқамасы (географиялық объектінің шекаралары);
5) тауар сипаттамаларының оның шығарылған (өндірілген) жерімен байланысына қатысты мәліметтер;
6) тауардың географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде айқындалатын, оның сапасының, репутациясының және (немесе) өзге де сипаттарының сипаттамасы (оны өндіру үшін пайдаланылатын бастапқы материалды, физикалық, химиялық, микробиологиялық, органолептикалық немесе өзге де сипаттамаларын қоса алғанда);
7) егер бұл тауардың сипаттамаларын қалыптастыруға және сақтауға елеулі әсер етсе, тауарды өндіру тәсілінің сипаттамасы, сондай-ақ оны сақтау мен тасу шарттары туралы ақпарат;
8) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, тауар өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын мәліметтер.
3. Егер атауы географиялық нұсқама ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында болса, өтінімге осы географиялық объектінің шекараларында өтініш берушінің тауардың ерекше қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін, тауар өндірісінің кем дегенде бір сатысын жүзеге асыратыны туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы қоса беріледі. Сондай-ақ өтінімге мәлімделген тауардың белгілі бір сапасы, репутациясы және (немесе) басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен айқындалатынын растайтын құжат немесе құжаттар қоса беріледі.
4. Тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім үлгілік бланкіде ұсынылуға және онда осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауардың ерекше қасиеттерінің және басқа да сипаттарының сипаттамасы (оны өндіру үшін пайдаланылатын бастапқы материалды, физикалық, химиялық, микробиологиялық, органолептикалық немесе өзге де сипаттамаларын қоса алғанда) қамтылуға тиіс.
5. Егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында болса, өтінімге жергілікті атқарушы органның мәлімделген тауарды өтініш берушінің осы географиялық объектінің шекараларында өндіретіні туралы қорытындысы қоса беріледі. Сондай-ақ өтінімге мәлімделген тауардың ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатынын растайтын құжат немесе құжаттар қоса беріледі.
6. Бұрын тіркелген географиялық нұсқамаға және Қазақстан Республикасының аумағындағы тауар шығарылған жердің атауына құқық беруге арналған өтінімге жергілікті атқарушы органның тауарды өтініш берушінің осы географиялық объектінің шекараларында өндіретіні туралы қорытындысы, сондай-ақ мәлімделген тауар саласына жататын уәкілетті орган берген, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауардың сипаттамалары мен ерекше қасиеттерінің болуын растайтын құжат қоса беріледі.
7. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімге, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге сараптама ұйымының сараптама жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжаттар қоса беріледі. Іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда өтінімге сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі.
8. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім және оларға қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, онда өтініш беруші өтінім берілген күннен бастап бір ай мерзімде олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасын ұсынуға тиіс.»;
17) 8-тараудың тақырыбындағы «Тауар шығарылған жер» деген сөздер «Географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 30-бапта:
1-тармақта:
«Өтінім» деген сөз «Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім» деген сөздермен ауыстырылсын;
«отыз жұмыс күні» деген сөздер «үш ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оның осы Заңның» деген сөздер «олардың осы Заңның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өтініш берушінің өтінішхаты бойынша бұл мерзім өтінішхат сұрау салуға жауап ұсыну мерзімі өткенге дейін келіп түскен жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.»;
19) мынадай мазмұндағы 30-1 және 30-2-баптармен толықтырылсын:
«30-1-бап. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы мәліметтерді жариялау
1. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін олар туралы мәліметтер апта сайын бюллетеньде жарияланады.
Шет тілінде материалдары бар, географиялық нұсқамаға арналған өтінімді, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімді жариялау олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасы болған кезде жүргізіледі.
2. Берілген географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы мәліметтер мыналарды қамтуға тиіс:
1) мәлімделетін белгілеме;
2) өтініш беруші туралы деректер, оның ішінде өтініш берушінің және оның өкілінің мекенжайы;
3) тауардың түрі;
4) тауар шығарылған жерді көрсету (географиялық объектінің шекаралары).
30-2-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) оларды пайдалану құқығын беруге қарсы қарсылықтар
1. Кез келген мүдделі тұлға географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап бір ай ішінде сараптама ұйымына осы Заңның 26 және 27-баптарында көзделген негіздер бойынша мәлімделген белгілемені тіркеуге қарсы қарсылық беруге құқылы.
2. Сараптама ұйымы келіп түскен қарсылық (қарсылықтар) туралы хабарламаны берілген қарсылықтың (қарсылықтардың) көшірмесін қоса бере отырып, ол (олар) келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жібереді.
3. Өтініш берушінің берілген қарсылыққа (қарсылықтарға) қатысты өз ұстанымын өзіне осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап бір ай ішінде білдіруге құқығы бар.
4. Сараптама ұйымы осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген, мүдделі тұлғаның (мүдделі тұлғалардың) қарсылығын (қарсылықтарын) және өтініш берушінің ұстанымын назарға ала отырып, тиісті сараптама қорытындысын шығарады.
5. Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімге осы Заңның 13-бабы 4) және 5) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.»;
20) 31 және 32-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Сараптама нәтижелері бойынша шешімдер
1. Сараптама нәтижелері бойынша мынадай:
1) географиялық нұсқаманы тіркеу және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беру туралы;
2) географиялық нұсқаманы тіркеуден және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы;
3) тауар шығарылған жердің атауын тіркеу және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру туралы;
4) тауар шығарылған жердің атауын тіркеуден және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
2. Өтініш берушіге осы баптың 1-тармағында көзделген шешім туралы хабарлама жіберіледі.
Осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда өтініш берушіге тиісті сараптама қорытындылары да жіберіледі.
3. Өтініш беруші өзіне тіркеуден бас тарту туралы сараптама қорытындысы жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде уәжді қарсылық беруге құқылы, оны қарау нәтижелері бойынша сараптама ұйымы қарсылық келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде түпкілікті қорытынды шығарады.
Сараптама ұйымы түпкілікті қорытындының негізінде осы баптың 1-тармағында көзделген шешімді қабылдайды.
4. Өтініш беруші географиялық нұсқаманы және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын тіркегені, тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркегені үшін сараптама ұйымының көрсетілетін қызметіне ақы төлеуді өзіне тіркеу туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде жүргізеді. Аталған көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы құжат ұсынылмаған кезде географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім кері қайтарып алынды деп танылады және олар бойынша іс жүргізу тоқтатылады.
5. Түпкілікті қорытындымен келіспеген кезде өтініш беруші осы Заңның 12-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен қарсылық бере алады.
32-бап. Өтініш берушінің құқықтары
1. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімге, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге сараптама жүргізу кезінде өтініш берушіге осы Заңның 13-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құқықтар беріледі.