63. Тендерді ұйымдастырушы тендердің қорытындылары шыққан күнінен бастап үш күнтізбелік күн ішінде әлеуетті өнім берушілерге хабарлама және хаттама қорытындысының көшірмесін жіберу жолымен тендерге қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілерді жазбаша хабардар етеді.
7. Сатып алу туралы шарт жасасу тәртібі
64. Тендерді ұйымдастырушы тендердің қорытындылары шыққан күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде әлеуетті - өнім берушіге осы Ережеге 7 және 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалатын сатып алу туралы қол қойылған шартты жібереді.
65. Сатып алу туралы шарт, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.
66. Тендердің жеңімпазы қол қойылған сатып алу туралы шартты алған сәттен бастап он жұмыс күнінің ішінде қол қояды немесе тендерді ұйымдастырушыны келіспеушіліктері туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартатындығы туралы жазбаша хабардар етеді.
67. Егер тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушыны келіспеушіліктері туралы хабарламай, осы Ереженің 66-тармағында белгіленген мерзімде сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тендерді ұйымдастырушы жеңімпаз ұсынысынан кейін ұсынысының артықшылығы екінші болып табылатын тендердің басқа қатысушысымен сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы, бұл тендердің қорытындысы туралы хаттамамен расталады.
68. Өнім берушіні таңдауға негіз болған (баға, сапа) ұсыныстар мазмұнын өзгерте алатын сатып алу шартының жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа қандай да бір өзгерістер және (немесе) жаңа талаптар (бағаны азайтуды қоспағанда) енгізуге жол берілмейді.
Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған баға мен сапасын өзгертпеген жағдайда және басқа жағдайларда сатып алу туралы шарттың жобасына немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа сатып алу көлемін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
69. Тендерді ұйымдастырушы сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін шарт сомасын азайту мақсатында тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөз жүргізуге құқылы. Әлеуетті өнім беруші мұндай азайтуға келіспеуге құқылы, бұл ретте тендерді ұйымдастырушының дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ.
Егер сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың бағалары азаю жағына өзгерген жағдайда тендерді ұйымдастырушы мен өнім берушінің өзара келісімі бойынша сатып алу туралы шартқа осы тармақтың ережелері ескеріле отырып, тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.
8. Сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу тәртібі
70. Сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету мынадай түрде ұсынылуы мүмкін:
1) банкте орналастырылатын ақшалай кепілдік;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі.
Ақшалай кепілдік түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушының тиісті шотына салады.
Сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету мөлшері шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайды.
Егер шарттың сомасы тиісті қаржы жылына екі мың есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда, шартты орындауды қамтамасыз ету енгізілмейді.
71. Егер тендерлік құжаттамада тендерді ұйымдастырушы мемлекеттік мекеменің атынан шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ақшалай кепілдік түрінде енгізуді көздесе, онда олар тендерлік құжаттамада көрсетілген тендерді ұйымдастырушының тиісті табыс кодына салынады.
72. Шартты орындауды қамтамасыз етудің мазмұнын, нысаны мен енгізу шартын осы Ережеге сәйкес тендерді ұйымдастырушы айқындайды, тендерлік құжаттамада көрсетіледі және сатып алу туралы шартта ескеріледі.
73. Өнім беруші сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді егер осы шартта өзгеше көзделмесе, өнім беруші шарт күшіне енгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде енгізеді.
9. Фармацевтикалық қызметтердің өнім берушілеріне шығындарды
өтеу тәртібі
74. Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражаттың шегінде берілген рецептілер тізілімін салыстыру негізінде орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес нақты көрсетілген қызметтер үшін фармацевтикалық қызметтердің өнім берушілеріне ай сайын шығындарын өтейді.
75. Фармацевтикалық қызметтердің өнім берушілеріне өтеу сомасын денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар халықты тегін немесе жеңілдікпен-берілетін дәрілік заттармен және арнайы емдік өнімдермен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне сәйкес төлейді. Шарт сомасы нақты көрсетілген қызметтердің көлемі ескеріле отырып түзетілуі мүмкін.
6-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге
асыру тәртібі
76. Егер бірыңғай дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алудың жылдық көлемі құндық тұрғыдан тиісті қаржы жылына заңнамамен белгіленген екі мың есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, баға ұсыныстарын сұратумен сатып алу пайдаланылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2010.04.02. № 66 Қаулысымен 77-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) (2010 ж. 10 наурыздан бастап қолданылды)
77. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қолдану мақсатында бірыңғай дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылының ішінде бөліктерге ұсақтауға жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2010.04.02. № 66 Қаулысымен 77-1-тармақпен толықтырылды
77-1. ҚР Үкіметінің 2010.04.02. № 66 Қаулысымен күші жойылды (2010 ж. 10 наурыздан бастап қолданылды)
ҚР Үкіметінің 2010.26.05. № 474 Қаулысымен 77-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 77-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
77-2. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын баға бойынша отыз күнге дейінгі қажеттілік кезеңіне сатып алуға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары бойынша жеткізу мерзімдерін Бірыңғай дистрибьютордың бұзуына байланысты тегін медициналық көмектің (жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек) кепілдік берілген көлемін уақтылы көрсету үшін тапсырыс берушілерде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтары болмаған жағдайда жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.07.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.05. № 629 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.06.06. № 582 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 78-тармақ өзгертілді
78. Тапсырыс беруші осы Ережеге 5-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өзара аффилиирленбеген кемінде екі әлеуетті өнім берушіден баға ұсыныстарын сұратады және түскен барлық ұсыныстарды қарайды.
Әрбір әлеуетті өнім беруші жазбаша түрде ресімделген тек бір ғана баға ұсынысты береді.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде қойылатын біліктілік талаптарына ең төмен баға ұсынған әлеуетті өнім берушінің сәйкестігін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың көшірмелері және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талоны, халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарламасының көшірмесі немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны;
тиісті мемлекеттік орган (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін) берген, заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушының қолы қойылған соңғы қаржы жылдың бухгалтерлік баланстың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
заңды тұлға үшін Жарғының нотариаттық куәландырылған көшірмесі (егер Жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмеген жағдайда, акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі);
салық төлеушінің Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
әлеуетті өнім беруге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе банк филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің немесе банк филиалдарының әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендірлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берлуі тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тану үшін негіздеме болып табылмайды.
біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетіле отырып, мамандардың болуы және саны туралы мәлімет;
егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органынан осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының резиденті еместігі және салық есебіне тұрмайтыны туралы анықтаманың түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі беріледі;
2) ілеспелі қызметтер құнын қосқанда жеткізілетін дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың соңғы бағасын құраушы әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындары құрамына енгізілген әлеуетті өнім беруші ұсынып отырған бағалар кестесі;
3) техникалық ерекшелік;
4) ұсынылатын ілеспелі қызметтер;
5) ұсынылып отырған дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, фармацевтикалық қызметтердің осы Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
Сатып алу туралы шартты осы Ереженің 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ең төменгі баға бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы ұсынған әлеуетті өнім берушімен тапсырыс беруші жасайды.
7-тарау. Бір көзден сатып алу және оны қолдану шарттары
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 79-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
79. Бір көзден сатып алу - бұл мынадай жағдайларда:
1) тендер жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда тендер өтпей қалды деп танылғанда;
2) балама болмаған кезде дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар немесе медициналық техника тек бір өнім берушіде ғана бар болғанда;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте төтенше жағдайларды хабарлау салдарынан осы дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға жедел қажеттілік туындайды, бұл тендерлер өткізу мүмкіндігін болдырмағанда;
4) қалдық жоқ болған кезде, тендердің қорытындысы шыққанға дейінгі кезеңге ағымдағы қажеттіліктегі дәрілік заттарды, профилактикалық (иммуно биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен фармацевтикалық қызметті сатып алуды жүзеге асырудағы қажеттілік болғанда жүргізілетін сатып алу тәсілі.
80. Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден:
1) баға ұсыныстарына;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға;
3) ұсынылатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың осы Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарға сұрау салады.
81. Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы мынадай ақпараттан тұратын хаттаманы жасауы тиіс:
1) бір көзден сатып алу тәсілін қолдану негіздемесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, фармацевтикалық қызметінің қысқаша сипаттамасы;
3) сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы.
Осы Ереженің 5-тарауы 7-бөлігінің талаптарын ескере отырып, тапсырыс беруші сатып алу туралы шарт жасасады.
8-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алу
ҚР Үкіметінің 2010.14.07. № 716 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.27.08. № 844 қаулысымен (бұр.ред.қара) 82-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 82-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 82-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
82. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қамтуы тиіс бірыңғай дистрибьютордың тізімін қаржы жылында кемінде бір рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігімен үш жылға бекітеді.
Бірыңғай дистрибьютордың тізімін уәкілетті орган дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауын, сондай-ақ техникалық сипаттамасын, жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттарының бар екені туралы ақпаратты, бірыңғай дистрибьютордың қоймасындағы төмендемейтін қоры бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі мен көлемін көрсете отырып, бірыңғай дистрибьюторға жолдайды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар осы Ереженің 11-1-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген бағадан аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.
Дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен уақтылы қамтамасыз ету және сатып алуды жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы құрған ұйымдардан сатып алуға жататын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекітеді және бірыңғай дистрибьютордың атына дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауын, болжамды құнын (бағасын) көрсете отырып, дәрілік заттардың тізбесін жібереді.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган дәрілік заттарды Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы құрған ұйымдардан сатып алу туралы шешімді егер, Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған ұйымдардан сатып алуға ұсынылған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген және ұсынылған баға уәкілетті орган белгілеген сатып алу бағасынан төмен болған жағдайда қабылдайды.
83. ҚР Үкіметінің 2010.26.05. № 474 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 83-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 83-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83-1. Тапсырыс берушілерде сол қаржылық жылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған дәрілік заттар мен/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу шартында көрсетілген көлемнен өсу жағына қарай қосымша қажеттілік туындаған жағдайда, тапсырыс беруші бірыңғай дистрибьюторға көзделген қаражат шегінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауын, олардың көлемі мен жеткізу кестесін көрсете отырып, қосымша өтінім береді.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 84-тармақ өзгертілді
84. Тапсырыс берушілер жыл сайын бірыңғай дистрибьютор өтінім жіберген сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға келесі күнтізбелік жылға алдын ала өтінімді ұсынады, онда мыналар қамтылуы тиіс:
1) дәрілік заттар (халықаралық патенттелмеген атауларымен) мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы;
2) алдыңғы аяқталған күнтізбелік жылы пайдаланылған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың нақты саны;
3) тапсырыс берушілердің толық атауы, олардың деректемелері, мекен-жайы (почта және заңды), байланыс телефондары, факстары, электрондық почтасының мекен-жайы, бірінші басшының немесе оны ауыстыратын адамның лауазымы және Т.А.Ә., сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамның Т.А.Ә., бағдарламаның, кіші бағдарламаның, ерекшеліктің атауы шеңберінде сатып алу жоспарланады;
4) өткен жылғы нақты тұтынуды ескере отырып, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша ай сайынғы қажеттілігі көрсетілген келесі жылға қажеттілік есебі.
85. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүргізу рәсімдерін бірыңғай дистрибьютор осы Ереженің 3-бөлімінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 86-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
86. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды өткізгеннен кейін және келесі күнтізбелік жылға өнім берушілерді айқындағаннан кейін тапсырыс берушілерге тиісті күнтізбелік жылға бюджетті қалыптастыру (түзету) үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрқайсысының атауы бойынша бағасы мен ең аз қаптамадағы санын ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерге Бірыңғай дистрибьютор белгілеген өзінің үстеме бағасын ескере отырып, белгіленген бағаға 10%-дан аспайтын мөлшердегі бағаларды ұсынады. Сонымен бірге үстеме баға сомасы орфандық препараттарға арналған қаптамаға төрт айлық есептік көрсеткіш сомасынан аспауы тиіс.
Үстеме баға саясатын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Бірыңғай дистрибьютор анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 87-тармақ өзгертілді
87. Тапсырыс берушілер жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған бюджет бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға бірыңғай дистрибьютордың тізімінде көзделген келесі күнтізбелік жылға арналған дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға түпкілікті өтінімді береді, онда мыналар қамтылуы тиіс:
1) дәрілік заттардың атауы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі;
2) бекітілген бюджетке және ай сайынғы қажеттілікке сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны.
Бұл ретте, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны ай сайын ең аз қаптамаға дейін дөңгелектенеді;
3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе куәлік, жарғы/ереже көшірмелері, олардың деректемелері, мекенжайы (пошта және заңды), байланыс телефондары, факстары, электрондық поштасының мекен жайы, бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның лауазымы (атқаратын лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі), және Т.А.Ә., сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамның Т.А.Ә., сатып алу жоспарланатын бағдарламаның, кіші бағдарламаның, ерекшеліктің атауы көрсетілген тапсырыс берушілердің толық атауы;
Соңғы өтінімдерді қалыптастыру кезінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны алдын ала өтінімде көрсетілген санынан кемінде 25 %-ға (жиырма бес пайызға) арттырылуы немесе азаю жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Соңғы өтінімді қалыптастыру кезінде тапсырыс беруші сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын олардың сапасын сақтау мақсатында осы Ереженің 86-тармағына сәйкес ең аз қаптамаға дейін жинақтайды.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 87-1-тармақпен толықтырылды
87-1. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды қорытындылаған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде сатып алынатын дәрілік заттардың атауларының нақты бағасын көрсете отырып, белгіленген нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға нәтижелері туралы есеп береді.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 87-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 87-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87-2. Бірыңғай дистрибьютор ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгі мерзімде дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу және жеткiзу мониторингiн жүргiзедi және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органға денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша есеп бередi.
88. Тапсырыс берушілер осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс берушінің арасындағы дәрілік заттарды сатып алу үлгі шартына сәйкес әзірленген және жасалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың соңғы өтінімдері мен сатып алу шарттарының (бұдан әрі - сатып алу шарты) негізінде бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.
Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден соңғы өтінімді алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде сатып алу шартын қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге қол қоюға береді.
Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алу шартын алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей толық көлемде оларға қол қоюға міндетті.