1) тапсырыс берушілердің және сатып алуды ұйымдастырушылардың сатып алуды жүзеге асыруы кезінде:
тендер өткізу;
баға ұсыныстарын сұрату;
бір көзден сатып алу;
бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуы тиіс дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі бойынша сатып алу;
2) бірыңғай дистрибьютор сатып алуды жүзеге асырған кезде:
екі кезеңдік рәсімді қолдану арқылы тендер өткізу;
бір көзден сатып алу;
жұқпалы және паразиттік аурулардың туындауы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайлардың салдарын болғызбау және жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді жеткізу шарты бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
3) медициналық техниканы сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлға ұйымдастырған кезде:
екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізу;
бір көзден сатып алу;
4) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарымен сатып алуы тәсілдерімен жүзеге асырылуы мүмкін.
3-тарау. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.07.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы осы ереженің 7-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәсілді қоспағанда, 7-тармағында көрсетілген тәсілдермен сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
1) фармацевтикалық қызметпен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметтің басқа түрлерімен айналысуға лицензиясының және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талонының немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарлама көшірмесінің немесе электрондық құжат нысанындағы талонның болуы;
2) кәсіби біліктілікті меңгеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (бұл талап өндірушілерге қолданылмайды);
3) жасасқан шарттар бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
4) шарттар жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілікті меңгеру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сатып алуды өткізу сәтіне төлем төлеуге қабілетті болу, таратылуға жатқызылмауға тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс;
6) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болмауы;
7) дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың әлеуетті өнім берушісінің сатып алуға ұсынылатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші не өндірушінің ресми өкілі мәртебесі болуы тиіс. Медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің өндіруші не ресми дистрибьютор, не шарты немесе оның сатып алуға ұсынылған медициналық техниканы сатуға құқығын растайтын өзге құжаттары бар өндірушінің ресми өкілі мәртебесі болуы тиіс;
8) үш айдан асатын мерзімде салық берешегі болмауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 8-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 8-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-1. Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушінің ресми өкілі мәртебесі бар дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісі тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың бір ғана өндірушісін білдіреді.
Сатып алынатын негізгі медициналық техникамен жиынтықта бірге пайдалану үшін медициналық техника және /немесе медциналық мақсаттағы бұйым қосымша талап етілген жағдайда тендердің бір лоты бойынша медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің екі және одан да көп өндірушілерді ұсынуға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2010.14.07. № 716 Қаулысымен 8-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 8-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушіге қойылатын осы Ереженің 8-тармағында, 7) тармақшасын қоспағанда, 8-1, 10-тармақтарында көзделген талаптар инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Фармацевтикалық қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
1) өткізу объектілеріне қосымшаларымен фармацевтикалық қызметпен айналысуға, оның ішінде өткізу объектілеріне қосымшаларымен есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызмет лицензиясының (құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың әлеуетті өнім берушілері ұсынады) және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талонының немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарламасының көшірмесі немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талонның болуы;
2) фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (заңды тұлғаны қайта тіркеуге дейінгі тәжірибені қоса алғанда);
3) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының, оның ішінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу пункттерінің, білікті қызметкерлер (арнайы білімі, фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техника және телекоммуникацияның байланыс құралдарының болуы;
4) шарттар жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілігі болуы;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сатып алуды өткізу сәтіне төлем төлеуге қабілетті болып табылуы, таратылуға жатқызылмауға, оның мүлкіне тыйым салынбауға, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс;
6) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техника және телекоммуникацияның байланыс құралдарының болуы;
7) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу туралы соңғы екі жыл ішінде жасасқан шарттар бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмаған болуы тиіс.
10. Әлеуетті өнім беруші өзінің кәсіби біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін сатып алуды ұйымдастырушыға, бірыңғай дистрибьюторға осы Ережеде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
11. Сатып алуды ұйымдастырушы және бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіге осы 3-тарауда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқығы жоқ.
4-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша сатып алынатын және (фармацевтикалық қызметті сатып алу кезінде) босатылатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға қойылатын талаптар
ҚР Үкіметінің 2010.14.07. № 716 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.27.08. № 844 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша сатып алынатын және (фармацевтикалық қызметті сатып алған жағдайда) босатылатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды осы Ереженің 11-1-тарауында айқындалған ерекше тәртіппен сатып алу жағдайларын қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен орфандық препараттардан басқа, дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар Қазақстан Республикасында тіркелген болуы және Кодекске және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібіне сәйкес қолдануға дайын болуы тиіс;
2) төмен температураларда сақтауды және мұзданудан сақтауды талап ететін дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар тиеу пунктінен тұтынушының соңғы пунктіне дейін сақтауды қамтамасыз етуге арналған арнайы ыдыстарда сақталуы және тасымалдануы тиіс;
3) дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарын таңбалау, тұтынушылық қаптамалау және қолдану жөніндегі нұсқаулық Кодекстің және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіптің талаптарына сәйкес болуы тиіс;
4) кемінде екі жыл жалпы жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын құрауы тиіс (жарамдылықтың қалған мерзімі жеткізу сәтіне жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын құрауы тиіс, кемінде екі жыл жалпы жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін бірыңғай дистрибьюторға жеткізуді қоспағанда). Кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі кемінде он екі ай болуы тиіс (жарамдылықтың қалған мерзімі жеткізу сәтіне кемінде он төрт айды құрауы тиіс, кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін бірыңғай дистрибьюторға жеткізуді қоспағанда);
екі жылдан кем жарамдылық мерзімі бар, бірыңғай дистрибьютордың қоймасына өнім берушіден бұдан бұрын қабылданған тауардың ауыспалы қалдығы немесе төмендемейтін қордағы тауар болып табылатын, тапсырыс берушіге жеткізілетін дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеткізу сәтіне жарамдылығының қалған мерзімі жалпы жарамдылық мерзімінің отыз пайызынан кем болуы мүмкін, ал кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар тауардың жарамдылық мерзімі жеткізу сәтіне өндіруші көрсеткен жалпы жарамдылық мерзімінен сегіз айдан кем болуы мүмкін.
5) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды осы Ереженің 11-1-тарауында айқындалған ерекше тәртіппен сатып алу жағдайларын қоспағанда, медициналық иммундық-биологиялық препараттардың өндіруші елде клиникалық немесе биобаламалылығы сыналғаны және Қазақстан Республикасында және (немесе) ТМД елдерінде кемінде бір жыл қолданылу тәжірибесі туралы дәйекті деректер болуы тиіс (бұл талаптар тендерді ұйымдастырушының және (немесе) бірыңғай дистрибьютордың қарауы бойынша белгіленеді);
6) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды осы Ереженің 11-1-тарауында айқындалған ерекше тәртіппен сатып алу жағдайларын қоспағанда, биосимилярлардың дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған сәйкестігі, клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі туралы деректері болуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.14.04. № 229 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Сатып алынатын медициналық техникаға мынадай талаптар қойылады:
1) медициналық техника Кодекске және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелуі немесе Қазақстан Республикасының аумағына уәкілетті органның рұқсатымен Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге рұқсат беру туралы қорытындысын (рұқсат беру құжатын) ұсына отырып, Кодексте көзделген жағдайларда немесе ұсынылған медициналық техниканы тіркеу қажеттілігі жоқ екенін растайтын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген құжатты көрсеткенде мемлекеттік тіркеусіз әкелінуі тиіс;
2) медициналық техниканы таңбалау, тұтынушылық қаптамалау және қолдану жөніндегі нұсқаулық Кодекстің және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіптің талаптарына сәйкес болуы тиіс;
3) медициналық техника жаңа және бұрын пайдаланылмаған болуы тиіс, бұл ретте өнім беруші медициналық техниканы жеткізу сәтінде шыққанына жиырма төрт ай болмаған медициналық техниканы ұсыну бойынша міндеттемелерді өзіне алуы тиіс;
4) өлшеу құралдарына жататын медициналық техника Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілуі тиіс.
14. Сатып алуды ұйымдастырушы және бірыңғай дистрибьютор сатып алынатын және босатылатын дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға осы тарауда көзделмеген талаптарды қоюға құқығы жоқ.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 2-бөлімнің тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бөлім. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
5-тарау. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1. Тендерді ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.14.04. № 229 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда
15. Тендерді ұйымдастырушы дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді алдағы сатып алу туралы тендерлік өтінімдерді қабылдау аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын аптасына үш реттен сиретпей шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау және ақпаратты тендерді ұйымдастырушының/сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
16. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы мен тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу үдерісінің басталуы арасындағы уақыт ұзақтығы екі сағаттан аспауы тиіс.
17. Осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланатын дәрілік заттарға, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға тендер өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) тендерді ұйымдастырушының атауы мен мекен-жайы;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың халықаралық патенттелмеген атауы, сатып алынатын медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тізбесі, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомалар;
3) жеткізудің талап етілетін мерзімдері мен шарттары;
4) тендерлік құжаттаманы алу тәсілі және орны;
5) құжаттарды ұсыну орны және тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі;
6) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты және орны.
18. Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланатын фармацевтикалық қызметті сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) тендерді ұйымдастырушының атауы мен почталық мекен-жайы;
2) сатып алынатын қызметтердің атауы;
3) қызметтерді көрсету мерзімі;
4) шарт жасасу үшін тендерлік құжаттаманы алу орны мен тәсілдері;
5) құжаттарды ұсыну орны мен өтінім берудің соңғы мерзімі;
6) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты және орны.
19. Тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін оны ұйымдастырушы әрбір тендерге жеке тендерлік комиссия құрады және оның құрамын бекітеді.
20. Тендерлік комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тендерлік комиссияның мүшелері кіреді. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұруы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күнінен бастап сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейін жұмыс істейді.
Егер тендер өтпей қалды деп танылған немесе оның қорытындылары күшін жойған жағдайда, тендерлік комиссия өзінің қызметін тоқтатады.
21. Тендерлік комиссияның құрамына тендерді ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ тендерді ұйымдастырушының және тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары кіреді.
22. Тендерлік комиссияның төрағасы тендерді ұйымдастырушы басшының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады, ол комиссияның қызметін басқарады, комиссия отырыстарына төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
23. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастырушының қызметкері болып табылады. Тендерлік комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы береді, әлеуетті өнім берушілерден тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, тендерлік комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды және материалдарды дайындайды, комиссия отырыстарын өткізгеннен кейін оның хаттамаларын ресімдейді, түскен тендерлік өтінімдерді және тендерлік өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынған уақыты мен күні, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (тендерлік өтінімдер салынған конвертті берген және конверттерді ашу рәсімінде қатысатын тұлғалар) көрсетілген конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдеріне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналын жүргізеді. Түскен тендерлік өтінімдерді және конверттерді ашу рәсімдеріне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналы тігілуі, беттері нөмірленуі және соңғы беті тендерді ұйымдастырушының мөрімен бекітілуі тиіс.
24. Қажет болған жағдайда тендерді ұйымдастырушы клиникалық фармакологтар мен денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарынан немесе дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптауды жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан тұратын сараптама комиссиясын құрады.
25. Сарапшылар (құрылған жағдайда сараптама комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкестігі бойынша сараптамалық қорытынды береді және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды. Сарапшылардың (сараптама комиссиясының) сараптама қорытындысын, егер ол тендерлік құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған болса ғана тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру және тендер жеңімпазын анықтау кезінде ескеріледі. Сараптама қорытындысы жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар (сараптама комиссиясының мүшелері) қол қояды және конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттамаға қоса беріледі.
26. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде өткізіледі. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер отырысқа қатысып отырған тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының басым бөлігі ол үшін дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе ол болмаған кезде оның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
27. Тендерлік комиссия мүшелерінің бірі өндірістік немесе басқа себепен қатыспаған жағдайда тендерлік комиссия отырысының хаттамасында оның қатыспау себебі және осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетіледі.
Егер тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны болмауы себебінен белгіленген күні мен уақытында тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссия отырысы болмай қалған жағдайда, тендерлік комиссияның хатшысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдер салынған конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және хабарланған мерзімнен 24 сағаттан кешіктірмей конверттерді ашуды өткізудің күні мен уақыты туралы хабарлайды. Бұл ретте жаңадан ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
Егер хатшы хабарлаған уақытта тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны болмаған жағдайда, тендерді ұйымдастырушы тендерлік комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыру бойынша, ауыстыру себебін көрсете отырып, өзгеріс енгізеді.
28. Тендерлік комиссия отырысының хаттамасына тендерлік комиссияның қатысқан барлық мүшелері, төраға, оның орынбасары және хатшысы қол қояды.
29. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, бұл бюджеттік бағдарлама әкімшісінің интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс және онда мыналар болуы тиіс:
1) тендерлік құжаттаманның құрамы, осы Ереженің 3, 4-тарауларының талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынуы тиіс құжаттардың тізбесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сипаттамасы, техникалық өзіндік ерешеліктерді қоса алғанда, олардың қажетті техникалық және сапалық сипаттамалары;
3) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саны (көлемі), әрбір лот бойынша сатып алуға бөлінген сома;
4) жеткізуде талап етілетін мерзімдер мен шарттар, орны;
5) төлем шарты және сатып алу туралы шарттың жобасы;
6) бағада тасымалдауға және сақтандыруға шығыстарды, кедендік баждарын, салықтарды, алымдарды және тауарлардың құнынан басқа өзге де төлемдерге шығыстар сияқты элементтердің қамтылуына қатысты нұсқауларды қоса алғанда, тендерлік өтінімнің бағасын есептеу тәсілдері мен әдістемесі;
7) тендерлік өтінімнің бағасы көрсетілуі тиіс валюта немесе валюталар, тендерлік өтінімдер бағаларын оларды салыстыру және бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын курс;
8) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес тендерлік өтінімді, сатып алу туралы шарттарды құру және ұсыну тіліне қойылатын талаптар;
9) тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар;
10) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәртібі, нысаны, мерзімдері;