Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 Қаулысы
(2013.16.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен, медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 632 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 298-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 632 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 150-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қазандағы
№ 1729 қаулысымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
ережесі
1-бөлім. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алудың негізгі
ережелері
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 392 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына және 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды не мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған, қызметінің негізгі мәні медициналық техниканы кейіннен қаржылық лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін сатып алуды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын ұйым (бұдан әрі - лизинг беруші) қаражатының есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық лизинг шарттарында сатып алуын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.26.05. № 474 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.07.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.05. № 629 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.01. № 28 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың аффилиирленген тұлғасы - (берілген өкілдіктерінің шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге, оның ішінде шартқа орай мүмкіндігі бар тұлға, сондай-ақ, оған қатысты тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың сондай құқығы бар кез келген тұлға;
2) әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасы - шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) осы әлеуетті өнім беруші қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге, оның ішінде шартқа немесе өзге мәмілеге орай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ оған қатысты аталған әлеуетті өнім берушінің сондай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) тапсырыс берушілер - денсаулық сақтау саласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарлар мен қызметтер сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
4) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор (бұдан әрі - бірыңғай дистрибьютор) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тапсырыс берушілерге жеткізіп беру жөніндегі қызметтер ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) сатып алу - тапсырыс берушінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсілдермен өз иелігіндегі ақшаның есебінен сатып алуы немесе осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсілдермен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордың сатып алуы не Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алу;
6) дәрілік заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ ағзаның жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық белсенді заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік субстанция, табиғи шығу тегі бар дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк- өнімдер, дәрілік препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, парафармацевтикалар;
7) медициналық иммундық-биологиялық препараттар - инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары;
7-1) медициналық техника - аурулардың профилактикасы, диагностикасы, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін медициналық мақсаттарда жеке, кешендерде немесе жүйелерде қолданылатын аппараттар, аспаптар және жабдық;
7-2) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығыc, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;
8) біртектес тауарлар мен қызметтер - бірдей болмаса да, ұқсас сипаттамасы бар және ұқсас құрамдауыштардан тұратын тауарлар мен қызметтер, бұл оларға бірдей функцияларды орындауға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік береді;
9) биосимиляр - сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі бойынша бұрын тіркелген эталондық инновациялық биологиялық дәрілік затқа ұқсас деп мәлімделген және соған ұқсас халықаралық патенттелмеген атауы бар түрлендірілген биологиялық дәрілік зат;
10) әлеуетті өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе сатып алу үдерісіне қатысатын заңды тұлға;
11) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі - біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген, сатып алудың жеңімпаздары деп танылған жағдайда шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер, шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сот шешімімен бұзушылық жіберген деп танылған, жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесіне осындай заңды тұлғаларды кіргізуге негіз болып табылған өнім берушілер туралы сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютер қалыптастыратын мәліметтер;
11-1) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалыптастыратын әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі;
12) өнім беруші - осы Ережеге сәйкес жеткізу шартын жасасқан не Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамалық актілеріне сәйкес қаржылық лизинг шартын жасасқан заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
13) тендер - әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және сатып алу туралы шарттың неғұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағдарланған сатып алу тәсілі;
14) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер - сатып алудың неғұрлым темен бағасын айқындау рәсімдерін өткізу жолымен әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютердың сатып алу тәсілі;
15) тендерлік құжаттама - әлеуетті өнім берушіге тендерлік өтінімді дайындау үшін тендерді ұйымдастырушы ұсынатын тендер өткізудің шарттары мен тәртібін қамтитын құжат;
16) тендерлік өтінім - әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамаға немесе осы Ереженің 10-тарауының ережелеріне сәйкес жасалған ұсынысы;
17) сатып алуды ұйымдастырушы - тапсырыс беруші немесе осы Ереженің 88-4-тармағына сәйкес сатып алуды ұйымдастыру үшін белгілеген тапсырыс беруші немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлға;
18) отандық тауар өндіруші - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және «СТ-KZ» ішкі айналымы үшін тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті орган растаған жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген немесе қайта өңделген, тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндіретін заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
18-1) шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) - шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының резиденті емес және толығымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілген немесе қайта өңделген, белгіленген тәртіппен тауардың шығу тегі туралы сертификаттармен расталған тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндіретін шетелдік заңды тұлға;
19) тек бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі (бұдан әрі - бірыңғай дистрибьютордың тізімі) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін, тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін, халықаралық патенттелмеген атаулары немесе дәрілік заттардың құрамы, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары көрсетілген бірыңғай дистрибьютордың қоймасында қалыптасатын төмендемейтін қоры бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі мен көлемін, сондай-ақ техникалық сипаттамаларын, жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын құжат;
19-1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган - индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20) Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
20-1) Қазақстан Республикасының резидент еместері - Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын шетелдік жеке және заңды тұлғалар;
21) белгіленген баға - бірыңғай дистрибьютор өткізетін, өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге міндеттенетін сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың құны;
22) фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау (медициналық техниканы қоспағанда), көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға (алуға), сақтауға, әкелуге, әкетуге, сапасын бақылауға, ресімдеуге, таратуға, пайдалануға және жоюға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз етуге байланысты қызмет;
23) босату бағасы - бір әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату бағасы;
24) шығындарды өтеу - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары) өнім берушіге фармацевтикалық қызметтің құнын өтеу мөлшері;
25) ұзақ мерзімді жеткізу шарты - осы Ережеде белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде бірыңғай дистрибьютер тиісті өндірістік практика стандарттарына сәйкес дәрілік заттардың, ISO стандарттарына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құруға ниеті бар және өндірісті құрғаннан кейін отандық тауар өндіруші өлшемдеріне сәйкес келетін заңды тұлғамен жеті жылға дейінгі мерзімге жасайтын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;
26) кепілдік берілген сервистік қызмет көрсету - шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қоспағанда, жеткізілген медициналық техниканы тиісінше пайдалану және сақтау шартымен сатып алу шартында және қаржылық лизинг шартында келісілген мерзімге өнім беруші (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын оны жарамды жай-күйде ұстау жөніндегі қызметтер кешені, ол техникалық қызмет көрсетудің, техникалық диагностикалаудың және жабдықты дефектациялаудың, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының, техникалық консультациялар мен оқытудың кез келген түрлерін қамтиды;
27) қаржылық лизинг шарты - лизинг беруші белгілі бір өнім берушіден мүлікті өз меншігіне сатып алуға және осы мүлікті лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде беруге міндеттенетін шарт, оның ішінде лизинг нысанасын сақтандыруды көздейді;
28) сатып алу туралы шарт - осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес лизинг беруші/Тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, барлық қосымшаларымен және оған толықтырулармен, сондай-ақ шартта сілтемесі бар барлық құжаттамалармен бірге тараптар қол қойған шарт;
29) клиникалық-техникалық негіздеме - сұрау салынған медициналық техниканың қажеттілігі және оны қолдануға денсаулық сақтау ұйымдарының әзірлігі туралы ақпаратты қамтитын құжат;
30) лизинг бepуші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға қаржылық лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы;
31) лизинг алушы - қаржылық лизинг шартының талаптарына орай лизинг нысанасын қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы (лизинг мәмiлесiне қатысушы);
32) лизинг төлемдері - қаржылық лизинг шартын жасасқан сәттегi баға бойынша лизинг нысанасының бүкіл құнының өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және қаржылық лизинг шартының қолданылу мерзiмiне жүзеге асырылатын, қаржылық лизинг шарты қолданылатын мерзiмге қаржылық лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, олар:
қаржылық лизинг шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзуге және мақсаты бойынша пайдалану үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығыстарды өтеуді;
лизинг бойынша сыйақыны қамтиды;
33) біріздендіруді талап ететін медициналық техника - облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алынатын, біртекті медициналық қызметтерді көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдары сатып алатын бір үлгідегі техникалық сипаттамалары бар медициналық техника;
34) лизинг мерзiмi - қаржылық лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға лизинг нысанасы уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл ретте лизинг нысанасына лизинг берушінің меншік құқығын сақтай отырып, қаржылық лизинг шартын мерізімнен бұрын бұзу лизинг мерзімін өзгертуге әкеп соқтырмайды.
2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алудың принциптері мен тәсілдері
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;
2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасында әділетті бәсекелестік;
4) сатып алу үдерісінің жариялылығы мен ашықтығы;
5) отандық тауар өндірушілерді қолдау принциптерін сақтай отырып жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкілетті орган белгілеген бағадан аспайтын бағамен сатып алынады.
Дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағалар өндіруші растаған бағалардың, көтерме бағаларды талдау негізінде, сондай-ақ алдыңғы жылғы сатып алу бағасын және тұтынушылық баға индексін есепке ала отырып айқындалады.
Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың шекті бағаларын жыл сайын уәкілетті орган бекітеді.
Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаны мониторингілеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қалыптастыру тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Тендерді ұйымдастырушының жұмыскерлеріне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларына, оның ішінде бірыңғай дистрибьютордың аффилиирленген тұлғаларына осы ережеде реттелетін сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға тыйым салынады.
Әлеуетті өнім берушінің және оның аффилиирленген тұлғасының бір лотқа қатысуға құқығы жоқ.
Әлеуетті өнім берушінің егер:
1) осы әлеуетті өнім берушінің жақын туыстарының, зайыбының (жұбайының) немесе өзіне тән басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдауға құқығы болса не өткізілетін сатып алулар тендерінде тапсырыс берушінің өкілі немесе ұйымдастырушысы болып табылса;
2) тендерге қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысының, заңды тұлға құрылтайшысының, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, жарғылық капиталына қатысуға қатысы болса;
3) әлеуетті өнім берушінің басшысы және (немесе) тендерге қатысуға үміткер осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілі жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне енгізілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;
4) тендерге қатысуға үміткер кәсіпкерлік қызметтті жүзеге асыратын, жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;
5) әлеуетті өнім беруші және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілі жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде болса;
6) әлеуетті өнім берушінің қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатылған жағдайда сатып алуға қатысуға құқығы жоқ.
6. Сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың жұмыскері, егер ол әлеуетті өнім берушінің лауазымды немесе сенімді тұлғасының жақын туысы (ата-анасы, жұбайы, ағалары, әпкелері, балалары) болып табылса не сатып алу нәтижелеріне басқалай жеке мүдделі болса, сатып алумен байланысты міндеттерді орындай алмайды;
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.14.07. № 716 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.07.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру:
1) тапсырыс берушілердің және сатып алуды ұйымдастырушылардың сатып алуды жүзеге асыруы кезінде:
тендер өткізу;
баға ұсыныстарын сұрату;
бір көзден сатып алу;
бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуы тиіс дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі бойынша сатып алу;
2) бірыңғай дистрибьютор сатып алуды жүзеге асырған кезде:
екі кезеңдік рәсімді қолдану арқылы тендер өткізу;
бір көзден сатып алу;
жұқпалы және паразиттік аурулардың туындауы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайлардың салдарын болғызбау және жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;