«Күмiс алқа» алқасымен наградтау кезiнде, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының үшiншi бөлiгiнде аталған балалар да ескерiледi.
30-бап. «Алтын алқа» және «Күмiс алқа» алқаларының Қазақстан Республикасының ордендерi мәртебесi болады.
VII. 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
VIII. Ордендердi, медальдарды және басқа да ерекшелiк белгiлерiн тағып жүру тәртібі
32-бап. Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - «Алтын Қыран» орденi, Алтын жұлдыз сол жақ омырауға ордендер мен медальдардың үстiнен тағылады.
Құрметтi атақтар белгiлерi оң жақ омырауға тағылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен 33-бап өзгертілді және толықтырылды
33-бап. Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдары сол жақ омырауға осы Заңның 11 және 18-баптарында көрсетiлген реттiлiкпен тағылады.
Орден белгісін иық лентасына тағу кезінде ол оң иық арқылы өтеді. Осы орденнің жұлдызы сол жақ омырауға ордендерден солға қарай орналасады.
Наградталған адамдар ордендер мен медальдардың орнына белгіленген үлгідегі наградалар рәмізін тағып жүре алады.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен 33-1-баппен толықтырылды
33-1-бап. Наградталушыда бұрынғы КСРО-ның және өзге де шет мемлекеттердің мемлекеттік наградалары болған жағдайда КСРО-ның және шет мемлекеттердің наградалары осы Заңның 11 және 18-баптарында белгіленген ретпен Қазақстан Республикасының наградаларынан кейін тағылады.
IX. Мемлекеттік наградалардың және олармен наградталған
адамдардың мәртебесi
ҚР 03.05.01 ж. № 180-I Заңымен 34-бап толықтырылды; 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.14.06. № 290-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34-бап өзгертілді
34-бап. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері «Отан» орденіне немесе «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне ие болған азаматтарды наградтау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабына жазылады.
Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесін, сондай-ақ оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітед
ҚР 19.06.97 ж. № 134-I Заңымен 35-бап алынып тасталды
ҚР 02.04.97 ж. № 88-I; 07.04.99 ж. № 374-1 Заңдарымен 36-бап өзгертілді; ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен; 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 36-бап жаңа редакцияда; 2019.06.05. № 251-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 36-бап өзгертілді
36-бап. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғынжаймен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген негізде және тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен 37-бап жаңа редакцияда
37-бап. «Күміс алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналарға жеңілдіктер жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен белгіленуі мүмкін.
38-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ие болған адамдар олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.
Мемлекеттік наградалар мен оларға қоса берiлген құжаттар жоғалған жағдайда наградталғандар өздерiнiң наградаларға құқығын сақтайды.
Жоғалғандардың орнына «Алтын Қыран» орденiнiң, Алтын жұлдыздың, ордендердiң, медальдар мен омырауға тағатын ерекшелiк белгiлерiнiң дубликаттары, әдетте, берiлмейдi. Ерекшелiк ретiнде олар Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешiмiмен өрт, жер сiлкiну және басқа да дүлей апаттар салдарынан жоғалған, яғни наградталған адам оларды жоғалудан сақтап қала алмаған жағдайда ғана берiледi.
Наградтау туралы құжаттар жоғалған жағдайда олардың дубликаттары жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiшi бойынша Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешiмiмен берiледi.
39-бап. Қайтыс болған наградталған азаматтардың және қаза тапқаннан кейiн наградталғандардың Қазақстан Республикасы ордендерi, медальдары, құрметтi атақтарына қоса берiлетiн омырауға тағатын белгiлерi, сондай-ақ оларды наградтау туралы құжаттар отбасына естелiк ретiнде сақтауға қалдырылады.
Қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерiнiң келiсуiмен оның наградалары мен наградталуы туралы құжаттары сақтау және экспонат ретiнде көрсету үшiн мұражайларға берiлуi мүмкiн.
Егер қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерi жоқ болса, оның наградалары мен наградталуы туралы құжаттары Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен жаңа 39-1-баппен толықтырылды
39-1-бап. Мемлекеттік наградалармен наградталған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың наградталуы туралы құжаттары болған жағдайда, бұл наградаларды Республикадан тыс жерге алып кетуге құқығы бар.
Бағалы металдардан жасалған мемлекеттік наградаларды алып кету тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Х. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын айыру
40-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан айыруды наградталған адам қылмысы үшiн сотталған жағдайда - заңда белгiленген негiзде және тәртiппен соттың ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан айырған кезде олар және оларға қоса берiлген құжаттар Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылуға тиiс.
41-бап. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың мемлекеттік наградаларға құқығын соттың шешiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi қайта қалпына келтiредi.
ХI. Қорытынды және өтпелi ережелер
2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
42-бап. Сыртқы түрi жағынан Сыртқы түрі, атауы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына толықтай немесе қандай да бір бөлігі ұқсас ордендер мен медальдарды, омырауға тағатын белгілер мен оларға қоса берілетін құжаттарды тағайындауға және жасауға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының, Қазақстан халқының және Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік емес наградалармен наградтауға жол берілмейді.
43-бап. Қазақстан Республикасының орденiн, медалi мен құрметтi атаққа берiлетiн омырауға тағатын белгiсiн сатып алу, сату, айырбастау немесе өзгедей өтеуге беру, сондай-ақ мемлекеттік наградаларға қатысты басқа да заңсыз iс-әрекет жасау заңмен белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.
ҚР 07.04.99 ж. № 374-I Заңымен 44-бап жаңа редакцияда; ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен 44-бап жаңа редакцияда
44-бап. Осы Заң күшіне енгенге дейін «Отан», «Даңқ» ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі - «Халық Қаһарманы» атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жеңілдіктер беруге құқылы.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен 45-бап өзгертілді
45-бап. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1993 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 157-құжат);
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңды күшiне енгізу туралы» 1993 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы, 3 және 4-тармақтарынан басқасы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 158-құжат).
Осы Заң 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының