Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 Қаулысы
(2013.02.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және қауіпсіздігінің қажеттері үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 тамыздағы № 881 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 тамыздағы № 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегі № 996 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1235 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 505-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2219 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын
қалыптастыру, орналастыру және орындау
ережесі
Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау рәсімдерін реттейді.
Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру
ҚР Үкіметінің 2012.09.11. № 1423 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.09.11. № 1423 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.08. № 777 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қорғаныстық тапсырыс жобасы екі кезеңде қалыптастырылады. Бірінші кезеңде қорғаныстық тапсырыс өнімдеріне тапсырыс берушілер (бұдан әрі - тапсырыс берушілер) ағымдағы жылдың 20 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға 1-қосымшаға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес нысан бойынша келесі жылға алдын ала өтінімдер ұсынады.
Бірінші кезеңде қорғаныстық тапсырыс өнімдеріне тапсырыс берушілер (бұдан әрі - тапсырыс берушілер) ағымдағы жылдың 20 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға 1-қосымшаға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес нысан бойынша үш жылдық кезеңге алдын ала өтінімдер ұсынады.
Уәкілетті орган бір ай мерзімде тапсырыс берушілердің алдын ала өтінімдерін қарайды, қорғаныстық тапсырыстың ұйғарылып отырған орындаушыларын келіседі не тапсырыс берушілердің мекенжайына өтінім бойынша ұсыныстар мен ескертулер жібереді.
Тапсырыс берушілер он күнтізбелік күн ішінде алынған ескертулерді ескере отырып, уәкілетті органға алдын ала өтінімдерін қайта ұсынады.
Тапсырыс берушілер осы ескертулер келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде алынған ескертулерді ескере отырып, уәкілетті органға алдын ала өтінімдерін қайта ұсынады.
Тапсырыс берушілер (әрқайсысы жеке) Қазақстан Республикасының республикалық бюджет комиссиясының отырыстарында қорғаныстық тапсырыстың тізбесін (номенклатурасын) қорғайды.
Тапсырыс берушілер (әрқайсысы жеке) Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет комиссиясының отырыстарында өздерінің бюджеттік өтінімдері құрамындағы қорғаныстық тапсырыстың тізбесін (номенклатурасын) қорғайды.
Өтінімдер тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының бюджеті шығыстарының экономикалық сыныптамасының бағдарламалары, кіші бағдарламалары және ерекшеліктері бөлінісінде ұсынылады.
Өтінімдер үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген бағдарламалар, кіші бағдарламалар бөлінісінде ұсынылады.
Мүдделі мемлекеттік органдар қорғаныстық тапсырыстың жобасын бес күнтізбелік күн ішінде келіседі.
Мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген қорғаныстық тапсырыстың жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін Қазақстан Республикасының қорғаныстық-өнеркәсіптік мәселелері жөніндегі комиссиясы қарайды.
ҚР Үкіметінің 2012.09.11. № 1423 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.08. № 777 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Уәкілетті орган қорғаныстық тапсырыстың жобасын мемлекеттік тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелерін ескере отырып, тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде әзірлейді және қалыптастырады.
Қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау уәкілетті органмен келісім бойынша отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілер және/немесе уәкілетті ұйым ішінен басым тәртіппен, өндірістің қажетті шарттарын, оның ішінде мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды, тауарларды (өнімдерді) өндіру және/немесе жеткізу қабілеттілігін, әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) жұмысты жүргізуді және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне сүйене отырып, талап етілген техникалық сыныптауына және ұсынылған бағасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс берушілер жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2012.09.11. № 1423 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.08. № 777 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды айқындау мақсатында тапсырыс беруші үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті бекіткен күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей отандық тауар өндірушілердің, әскери және қосарланған мақсаттағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің және уәкілетті ұйымның мекенжайына қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу ниеті туралы сұрау салуды жолдайды. Мұндай сұрау салу мынадай мәліметтерді:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын және тактикалық-техникалық сипаттамаларын (техникалық ерекшелікті);
2) тауарлар (өнімдер) санын, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемдерін;
3) тауарларды (өнімді) жеткізу, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау орнын және талап етілетін мерзімдерді;
4) жеткізілетін тауарларға (өнімге), орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге кепілдеме мерзімін;
5) құны тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнына қосылуға тиіс ілеспе қызметтер тізбесін;
6) төлем шартын, оның ішінде аванстық төлем мөлшерін;
7) әлеуетті орындаушылардың сұрау салуға жауап беру мерзімін;
8) әскери және арнайы киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде тәжірибелік үлгілерді ұсыну қажеттілігі туралы талапты;
9) бағалық (коммерциялық) ұсыныстарды қамтиды.
Әлеуетті орындаушылардың жауап беру мерзімі тапсырыс берушінің сұрау салуы келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік он күнді құрайды.
ҚР Үкіметінің 2012.09.11. № 1423 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.08. № 777 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Отандық тауар өндірушілер, әскери және қосарланған мақсаттағы жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер қатарынан орындаушыларды таңдауды тапсырыс беруші мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырады:
1) әлеуетті орындаушылар ұсынатын қорғаныстық тапсырыс өнімі техникалық сипаттамалары мемлекеттік тапсырыс беруші сұрау салуының талаптарына сәйкес келеді;
2) тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін қажетті, тапсырыс беруші айқындаған көлемде қорғаныстық тапсырыс мәні болып табылатын қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға лицензияның, өндірістік үй-жайлардың, технологиялық жабдықтардың және білікті мамандардың болуы;
3) тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін қажетті, тапсырыс беруші айқындаған көлемде қорғаныстық тапсырыс мәні болып табылатын әскери және арнайы киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғану құралдарын шығару саласында мамандандырылған орындаушылар үшін өндірістік (қоймалық) үй-жайлардың және меншік құқығындағы технологиялық жабдықтардың болуы.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласында мамандандырылған орындаушыларда арнайы экономикалық аймақта орналасқан өндірістік (қоймалық) үй-жайлардың және меншік құқығындағы технологиялық жабдықтардың болуы да міндетті емес.
Егер екі және одан да астам әлеуетті орындаушыларда берілген ұсыныстар тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келген жағдайда, ең төмен баға ұсынғандар орындаушылар болып айқындалады.
Әлеуетті орындаушылар тапсырыс берушінің сұрау салуында көрсетілгеннен жақсы тактикалық-техникалық (техникалық) сипаттамалары бар қорғаныстық тапсырыс өнімін ұсынуы мүмкін.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инвестициялық жобаларды орындайтын, өндірістік қуатты жаңғыртуды және жарақтандыруды, жаңа өндірістерді, цехтарды салуды, мамандарды оқытуды жүзеге асыратын, технологиялар трансферті жөніндегі офсеттік саясатты қолданатын және шетелдік өндірушілермен өндірістің жаңа бағыттарын, перспективалы тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды және әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) көрсетілетін қызметтерді игеруді болжайтын кооперацияларды құратын отандық тауар өндірушілер, халықаралық шарттарда көзделген қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу бойынша жұмыстарды, әскери және қосарланған мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер қорғаныстық тапсырысты басым тәртіппен орындаушылар болып танылады.
ҚР Үкіметінің 2012.09.11. № 1423 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.08. № 777 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Отандық тауар өндірушілер және тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер қатарынан орындаушыларды айқындау мүмкін болмаған жағдайда уәкілетті ұйым орындаушы болып танылады.
Тапсырыс беруші үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей уәкілетті ұйымның атына осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылған сұрау салуды жібереді.
Уәкілетті ұйым үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет бекітілгеннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей тапсырыс берушіге сұрау салуға сәйкес және баға ұсыныстарын көрсете отырып, жазбаша және/немесе электронды түрде жауап береді.
Егер уәкілетті ұйым көрсетілген мерзімдерде тапсырыс берушіге жауап бермесе, не жауап сұрау салудың талаптарына сәйкес келмейтін болса, уәкілетті ұйымды қорғаныстық тапсырысты орындаушы ретінде белгілеу мүмкін емес деп танылады.
Сондай ақ, егер уәкілетті ұйымның бағалық ұсынысы сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кететін болса, уәкілетті ұйымды қорғаныстық тапсырысты орындаушы деп белгілеу мүмкін емес деп танылады.
Уәкілетті ұйым қорғаныстық тапсырысты орындауға шарт жасасқанға дейін ұсынылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың, қызметтердің бағасына негіздеме жасайды.
Уәкілетті ұйымды қорғаныстық тапсырысты орындаушы деп белгілеу мүмкін болмаған жағдайда орындаушыны тапсырыс беруші қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібіне сәйкес шетелдік заңды тұлғалар арасынан айқындайды.
Тапсырыс берушінің орындаушыларда қызметтің тиісті түрін, қорғаныстық тапсырыстың мәні болып табылатын тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен қызметтерді өндіру үшін қажетті өндірістік қуат пен технологиялық жабдықты, еңбек ресурстарын жүзеге асыруға лицензиялардың болуын тексеруі, сондай-ақ тауарларға (өнімдерге), жұмыстар мен қызметтерге баға белгілеу мәселелері жөніндегі құжаттарды қарауы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына келісуге жолдағанға дейін аяқталуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.09.11. № 1423 Қаулысымен бөлім атауымен толықтырылды
Қорғаныстық тапсырысты орналастыру және орындау
ҚР Үкіметінің 2012.09.11. № 1423 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылға қорғаныстық тапсырысты бекіткеннен кейін уәкілетті орган оның тапсырмасын тиісті тапсырыс берушілер мен орындаушыларға хабарлайды.
Шарттар жасасу жөніндегі рәсімдер қорғаныстық тапсырыс бекітілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
9. Қорғаныстық тапсырысты орындау тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады. Шарт ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың, қару-жарақ пен әскери техниканы және басқа да материалдық құралдарды өндірудің, жеткізудің, пайдаланудың, жөндеудің, жаңғыртудың, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық кешенін орындауға да, бұл жұмыстардың жекелеген түрлеріне де жасалады.
10. Тапсырыс беруші қорғаныстық тапсырыс өнімін кезең-кезеңімен және тұтастай қабылдап алуды, олардың белгіленген талаптар мен шарттардың ережелеріне сәйкес келуіне қорытынды беруді жүзеге асырады.
Тапсырыс беруші мен қорғаныстық тапсырысты орындаушы арасындағы шарт бұзылған жағдайда, тапсырыс беруші уәкілетті органға он күнтізбелік күн ішінде негіздеме ұсына отырып, қабылданған шешім туралы хабарлауға міндетті.
ҚР Үкіметінің 2012.09.11. № 1423 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.08. № 777 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді
11. Қорғаныстық тапсырысты орындаушылар қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен қызметтерді жеткізуді шартта белгіленген мерзімдерде және бағалар бойынша жүзеге асырады.
Отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер қатарынан орындаушылар тапсырыс берушіге қорғаныстық тапсырыс өніміне шығындардың негіздемесін ұсынады.
Қорғаныстық тапсырысты орындау шарты бойынша жеткізілетін тауарлардың (өнімдердің), әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) жұмыстардың, қызметтердің сапасы нормативтік және техникалық құжаттардың талаптарына және шарттың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Қорғаныстық тапсырысты орындау сапасын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнімнің өндірістік циклінің барлық сатыларында әскери өкілдік жүзеге асырады.
12. Қорғаныстық тапсырысты нақтылау республикалық бюджетті нақтылаған жағдайда жүргізіледі.
Тапсырыс берушілер тиісті кезеңге арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға 1-қосымшаға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес нысан бойынша өтінімдер ұсынады.
Қорытынды ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.09.11. № 1423 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруды, орналастыруды және орындауды, қорғаныстық тапсырыстың орындалуын, салааралық үйлестіру мен бақылауды қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті орган «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
Тапсырыс берушілер жыл сайын, 25 наурыздан кешіктірмей, уәкілетті органға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаныстық тапсырмалардың орындалуы туралы жылдық есептер ұсынады.
Уәкілетті орган жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорғаныстық тапсырыстың өткен жылы іске асырылуы туралы жылдық есеп ұсынады.
Мемлекеттік тапсырыс берушілер (қажет болған жағдайда) құрылымдық бөлімшелер арасында қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орналастыру жөніндегі өзара іс-қимыл үдерісін регламенттейтін (нақтылайтын) ведомствоішілік құжаттарды әзірлейді.
Уәкілетті органға қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінім берген мемлекеттік тапсырыс беруші (бюджеттік бағдарламаның орындаушысы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ереженің талаптарын орындамағаны (тиісінше орындамағаны) үшін жауапты болады.
3-қосымша
Бекітілген
___________________
лауазымы, аты-жөні
Мемлекеттік тапсырыс берушілердің мемлекеттік қорғаныстық
тапсырыстың орындалуы жөнінде есеп беруінің нысаны
Р/с № | Қорғаныстық тапсырыс өнімі | Өлшем бірлігі | Саны | Жұмсалған қаражат, мың теңге | Орындау мерзімі | Орындаушы | Ескертпелер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | | | | | | | |
2 | | | | | | | |
3 | | | | | | | |
| Жиыны: | | | | | | |
Орындалмаған іс-шаралар: |
1 | | | | | | | |
2 | | | | | | | |
3 | | | | | | | |
| Жиыны: | | | | | | |