Қазақстан Республикасының
Заңы
Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы
(2023.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
4-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу
5-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
7-бап. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
8-бап. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыреті
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
11-бап. Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау
11-1-бап. Мұнай беруші
12-бап. Мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері
13-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар
14-бап. Мұнай өнімдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу
15-бап. Алып тасталды
16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелері
17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
18-бап. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуді және мұнай өнімдерін беруді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
19-бап. Мұнай өнімдері айналымының шарттары
20-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау шарттары
21-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу талаптары
22-бап. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу талаптары
23-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі
24-бап. Көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстары кезеңдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді және жылу беру кезеңінде жылумен жабдықтау ұйымдарын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз етуге байланысты мұнай өнiмдерiнің айналымын мемлекеттiк реттеудің ерекшеліктері
25-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн: бензинді, авиация және дизель отынын, мазутты, жол битумын өндіру және олардың айналымы үдерісiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) автожанармай құю станциясы - мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек сауда арқылы өткізуді қамтамасыз ететін, есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырылған технологиялық кешен және жабдық.
Автожанармай құю станциялары мынадай түрлерге бөлінеді:
тұрақты - жерасты немесе жерүсті ыдыстары бар, отын тарату бағандары арқылы көлік құралдарына мұнай өнімдерін құюға арналған түрі;
контейнерлік - мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстары жер үстінде орналасқан, технологиялық жүйесі отын тарату бағандарының біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған мұнай өнімдерін сақтау контейнерінде орналасуымен сипатталатын түрі;
жылжымалы - автомобиль шассиіне, тіркемеге, жартылай тіркемеге біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған ыдыс пен отын тарату бағандары орнатылған түрі;
2) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) дербес сәйкестендіру нөмір-коды - тауарларға ілеспе жүкқұжатта және мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияда мұнай өнімдерінің түрін, маркасын көрсету үшін қажетті, мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің әрбір атауына берілетін тұрақты сәйкестендіру нөмірі;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) есепке алатын бақылау аспаптары - мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде, мұнай өнімдері базаларында және автожанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы нақты уақыт режимінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған, мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындайтын техникалық құрылғылар;
5) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) компаундтеу - белгіленген сапада мұнай өнімін алу мақсатында екі немесе бірнеше құрауыштарды араластыру, оның ішінде қосындылар, қоспалар енгізу;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) қайта өңдеу өнімдері - мұнай өнімдерін өндіруші (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушіні қоспағанда) кейіннен қайта өңдеуі үшін жарамды болатын шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу өнімдері;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) қанықпаған мұнай өнімі - нормативтік техникалық құжаттардың және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін мұнай өнімі;
8) қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші - жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;
9) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) мұнай өнімдері - мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi: бензин, авиация және дизель отыны, мазут, жол битумы;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектісі – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдық, резервуарлық парк, техникалық құрылғылар мен коммуникациялар;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) мұнай өнімдерін беру жоспары - Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ай сайынғы қажетсіну көлемі;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 11-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға мұнай өнімдерін сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер ұсыну болып табылатын заңды тұлға;
12) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу - мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатынсыз, өз мұқтаждары үшін жеке және заңды тұлғаларға өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуші - мұнай өнімдерін одан әрі бөлшек сауда арқылы өткізу мақсаттары үшін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші - мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден және (немесе) импорттаушылардан одан әрі өткізу мақсаттары үшін мұнай өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) импорттаушы - Қазақстан Республикасының аумағына меншікті мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсаттары үшін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15) тармақша жаңа редакцияда
15) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу - мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің, импорттаушылардың мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсаттары үшін өткізуі жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) мұнай өнімдерін өндіру - мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ компаундтеу жөніндегі жұмыстар кешені;
Мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін өзгерту мақсатында мұнай өнімдері базаларының резервуарында және (немесе) автожанармай құю станцияларының ыдыстарында жүзеге асырылатын компаундирлеу мұнай өнімдерін өндіруге жатпайды;
17) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі - мұнай өнімдеріне қажеттілікті, оларды өндіру, өткізу, тасымалдау үдерістерін, сондай-ақ бөлшек сауда және көтерме сауда бағаларының серпінін талдау;
19) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган - мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) мұнай өнімдерін өндіруші - меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
21) мұнай өнімдерінің айналымы - мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізу, жөнелту, тасымалдау, олардың экспорты мен импорты;
22) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган - мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) тармақша жаңа редакцияда
23) мұнай өнімдерінің базасы - мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуар паркін, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылысжайлар кешені;
24) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқор - өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері негізінде қалыптастырылатын, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электронды дерекқор;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
24-1) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері - мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымының көлемдері туралы деректер;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 24-2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-2) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы - мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға, оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің автоматтандырылған онлайн-берілуін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 24-3) тармақшамен толықтырылды
24-3) мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісі - технологиялық жабдықты, резервуар паркін, мұнай өнімдерін құю эстакадасын, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қабылдауға, мұнай өнімдерін өндіруге, сақтауға, ағызуға, құюға, айдауға, тасымалдауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен құрылыстар кешені;
25) өндіріс паспорты - мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, өндірістің технологиялық үдерісін сақтау үшін қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтін, белгіленген нысандағы құжат;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26) тармақша жаңа редакцияда
26) резервуар - мұнай өнімдері базасындағы не мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісіндегі сақтауға арналған ыдыс;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
26-1) технологиялық қажеттіліктер - технологиялық отынды және (немесе) мұнай өнімдерін жылу энергиясын алуға және мұнай өнімдерін өндірушінің жабдықтарды пайдалану режиміне және олардың технологиялық сипаттамаларына байланысты өзге де технологиялық процестеріне пайдаланудың өндірістік процесі;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
26-2) технологиялық отын - шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу процесінде бөлінетін және мұнай өнімдерін өндіруші жылу энергиясын алуға және мұнай өнімдерін өндірушінің жабдықтарды пайдалану режиміне және олардың технологиялық сипаттамаларына байланысты өзге де технологиялық процестеріне жіберген ауыспалы құрамдағы газ тәрізді, сұйық және (немесе) қатты отын;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның хабарламасы - мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мұнай өнімдерін өндірушіге, мұнай берушіге, импорттаушыға, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушіге мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қағаз түріндегі немесе электрондық түрде жіберген жазбаша хабар;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28) тауарларға ілеспе жүкқұжат - мұнай өнімдерінің айналымын бақылауға арналған және мұнай өнімдерін босату мен қабылдап алу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ мұнай берушілерге мұнай өнімдерін беру жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті құжат;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды; 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) түпкі тұтынушы - мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатынсыз сатып алатын жеке және заңды тұлғалар.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңның күші:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мұнай өнімдерін кәсіпкерлік қызмет мақсатынсыз өткізуі кезінде туындайтын;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру шеңберінде туындайтын мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін өткізуі кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
4-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу
Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу:
1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өнімдерін өндірушілерге шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестелерін бекіту;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және мұнай өнімдерін беру жоспарын бекіту;
3) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) мұнай өнімдерін көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыру кезіндегі шарттар мен шектеулерді белгілеу;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу және стандарттау;
6) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағасын белгілеу;
8) мұнай өнімдерін өндіруге және өткізуге мониторингті жүзеге асыру;
9) мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын реттеу, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы мәселелерін реттеуге уәкілетті шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
5-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері
1. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың сапалы және қоршаған орта мен халық денсаулығы үшін қауіпсіз мұнай өнімдеріне сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
2. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің міндеттері:
1) адамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау;
2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау, оның ішінде мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді және олардың айналымын болғызбайтын жағдайлар жасау;
3) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасын арттыру;
4) мұнай өнімдерін өндірушілердің өңдеу қуаттарын жаңғыртуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын ұйымдастырады;
2) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) - 12) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;
12-2), 12-3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12-4) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 12-5) тармақшамен толықтырылды
12-5) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының операторын айқындайды;
12-6) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өндіріс паспортын, өндіріс паспортының нысанын бекіту және кері қайтарып алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;