2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту, сондай-ақ құбыржолмен, теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.
Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжатты алушы ресімдейді.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
1) мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын заңды тұлға, осы заңды тұлға алушы ретінде көрсеткен оның филиалы;
2) ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін алушылар болып табылатын заңды тұлға, оның филиалы;
3) мұнай өнімдерін сатып алушы, оның ішінде мұнай өнімдерін ішкі тасымалдау кезінде сатып алушы болып табылатын жеке тұлға алушы деп танылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бір жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның қызмет объектілерінің ішінде мұнай өнімдерін тасуға байланысты тасымалдау ішкі тасымалдау деп танылады.
Тауарларға ілеспе жүкқұжат интернет-ресурс арқылы электрондық түрде ресімделеді.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Шикі мұнайды, газ конденсатын, қайта өңдеу өнімдерін және мұнай өнімдерін құбыржолмен, теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдауға байланысты құжаттар қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көліктің әрбір түріне белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Шикі мұнайды, газ конденсаты мен мұнай өнімдерін сақтау және құбыржолмен, теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау құралдарының конструкциясы және пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу талаптары
1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай берушілерге, импорттаушыларға, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге ғана жол беріледі.
2. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуі осы Заңда көзделген тәртіппен олардың мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің тізіліміне енгізілгені кезінде ғана жүзеге асырылады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мұнай өнімдерін өндіруші, мұнай беруші, импорттаушы мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуді мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге және (немесе) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге ғана жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мұнай берушінің меншікті алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын мазут пен жол битумын мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің резервуарында басқа мұнай берушіге өткізу жағдайларына қолданылмайды.
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, импорттаушылардан, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнімдерін шығару кезінде) мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге немесе түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы басқа берушілерге мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
5. Импорттаушылар мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сәйкестендіру нөмірін-кодын беруге өтінім жіберуге тиіс.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдерін тек мұнай өнімдері базаларының резервуарларында және (немесе) автожанармай құю станцияларында ғана сақтауды жүзеге асыруға міндетті.
7. Мұнай өндірушілер, мұнай берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер осы бапта көзделген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізілуіне тыйым салынады.
8. 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өткізу мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге жатпайды.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің және 4-тармағының ережелері мұнай өнімдерін биржалық сауда қағидаларына сәйкес тауар биржалары арқылы өткізуге қолданылмайды.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу талаптары
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай берушілерге, импорттаушыларға, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.
Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерден және (немесе) импорттаушылардан, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнімдерін шығару кезінде) мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өткізу жағдайын қоспағанда, түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға міндетті.
Кез келген түрдегі автожанармай құю станциясын иеленушінің мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушінің мүддесінде тапсырма шарты бойынша мұнай өнімдерін өткізуіне (тиеп-жөнелтуіне) жол беріледі.
Мұндай жағдайда тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, жөнелту, растау, қабылдамау, кері қайтарып алу, қайтару және күшін жою жөніндегі міндет сенім білдірушіге жүктеледі.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тұрғындарының саны он мың адамға дейінгі елді мекендерде контейнерлік үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.
Жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге мынадай жағдайларда ғана:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы жиналған орындарда;
теңіз, ішкі су немесе әуе көлігіне май құю кезінде жол беріледі.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын екі және одан көп тұлғалардың бір мезгілде мұнай өнiмдерiн сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін автожанармай құю станцияларын пайдалануына тыйым салынады.
4. 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі
1. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мынадай мониторингті жүзеге асырады, оған:
1) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдері көлемінің, олардың түрлері бойынша мониторингі;
2) Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін өткізудің, оның ішінде мұнай өнімдерінің экспорты мен импортының мониторингі;
3) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің көтерме саудадағы және бөлшек саудадағы бағаларының мониторингі;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өнімдері базаларындағы мұнай өнімдері көлемінің мониторингі;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мұнай өнімдерін қажетсінуінің мониторингі кіреді.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін тұтыну жөніндегі болжамды жыл сайын ұсынады.
3. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған мұнай өнімдерін өткізу туралы мәліметтерді ұсынады.
4. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі деректерінің негізінде:
1) алдағы күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасының аумағында мұнай өнімдерін тұтыну, өндіру және өткізу балансының болжамын жасайды;
2) мұнай өңдеу жоспарларын бекітеді;
3) Қазақстан Республикасы ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушыларға арналған мұнай өнімдерін өндірушілерге шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестелерін бекітеді;
4) мұнай өнімдерін беру жоспарларын бекітеді;
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Мұнай өнімдері базаларын иеленушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің келіп түсуі, тиеп-жөнелтілуі және сақтауда болуы жөніндегі ақпаратты ұсынады.
24-бап. Көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстары кезеңдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді және жылу беру кезеңінде жылумен жабдықтау ұйымдарын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз етуге байланысты мұнай өнiмдерiнің айналымын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган жыл сайын облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жұмыстарының межелі көлемдерін ескере отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұндай көлемдерді мұнай өңдеу жоспарларында ескеру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге мұнай өнімдерін беру көлемі туралы ұсыныс енгізеді.
2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өңдеу жоспарларында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін ескереді.
3. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өңдеу жоспарларында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған, алдағы жылғы жылу беру кезеңіне жылумен жабдықтау ұйымдарына беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін ескереді.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын, мұнай өнімдерін өткізу кезінде: 1 наурыз - 31 мамыр және 1 тамыз - 31 қазан аралығы кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге, ал 31 қазан - 1 наурыз аралығы кезеңінде жылумен жабдықтау ұйымдарына басымдық беруге міндетті.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң мыналарды:
1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 17-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарын және 21-бабының 1-тармағының бірінші бөлігін;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) мұнай өнімдерін өндірушілер үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай берушілер үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларын және 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) мыналар:
астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап;
осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабының 26) тармақшасындағы «есепке алатын бақылау аспаптарымен» деген сөздер «мұнай өнімдерін есепке алуды қамтамасыз ететін өлшеу құралдарымен» деген сөздер болып есептелсін.
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңның 16-бабы 3-тармағының екінші бөлігіндегі «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер деп есептелсін.
4. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 33-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2010 ж., № 20-21, 119-құжат; № 22, 128-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы шілденің 20-ы.
№ 463-IV