екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 667-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.07. № 63-VII ҚР Заңымен 667-баптың тақырыбы өзгертілді (2021 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
2021.02.07. № 63-VII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, сол сияқты олардың заңды қызметіне кедергі келтіру -
ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екінші бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 668-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 668-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
668-бап. Адвокаттың заңды қызметіне кедергі келтіру
Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің заңды қызметін жүзеге асыруына жазбаша сұрау салу бойынша қажетті құжаттарды, олардың кәсіптік міндеттерін жүзеге асыру үшін талап етілетін материалдарды немесе мәліметтерді заңнамада белгіленген мерзімдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрінген кедергі келтіру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 669-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 669-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
669-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау
1. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау -
жеке тұлғаларға - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не жеті тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен ескертпемен толықтырылды; 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен ескертпе өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ескертпе. Соттың әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешімін орындамаған және шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген адам Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілетін адамның бақылау жасала отырып, өздігінен кетуі үшін соттың шешімінде көрсетілген мерзім өткен кезден бастап отыз тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде анықталған жағдайда, ол осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.
670-бап. Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның iшiнде борышкердiң жұмыс орны мен оның кірістері, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалудың жүргiзілгені және өндiрiп алынған соманың өндiрiп алушыға жіберілгені туралы, борышкердiң өзге де жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомалары мен мүлкiне өндiрiп алудың қолданылғаны туралы мәліметтерді ол тағайындаған мерзімде ұсыну туралы қаулыларын және заңды талаптарын орындамау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сот орындаушысына көрінеу анық емес, оның iшiнде борышкердiң кірістері мен мүлiктiк жағдайы туралы мәлiметтер ұсыну -
жеке тұлғаларға - жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
671-бап. Атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерiнiң ауысқаны туралы сот орындаушысына хабарламау
Атқарушылық құжат бойынша ұстап қалуды жүргiзетiн тұлғаның сот орындаушысына және алимент алатын адамға төлем төлейтiн адамның жұмыстан босатылғаны туралы, сондай-ақ оның жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жерi туралы, егер бұл оған белгiлi болса, дәлелсiз себептермен бiр ай мерзiмде хабарламауы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 672-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
672-бап. Атқарушылық құжатты жоғалту
Орындауына берiлген атқарушылық құжатты тұлғаның жоғалтуы -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
673-бап. Сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды орындауға кедергi келтiру
Сот орындаушысының, сот приставының мүлiкке өндiрiп алуды қолдану (тiзiмдеу, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткiзу) әрекеттерiн жасауына жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың кедергi келтiруi немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тарту -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
674-бап. Мемлекеттiк наградаларды заңсыз тағып жүру
1. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның орденiн, медалін, құрметтi атаққа берілетін төсбелгiсiн, ерекшелік белгiсiн немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруi -
Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның орденi, медалі, құрметтi атаққа берілетін төсбелгiсі, ерекшелік белгiсi немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталары тәркiлене отырып, үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi тағайындау немесе жасау -
белгiлер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
675-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану)
1. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) -
айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысаны, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бес, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға осы қызметтi жүзеге асыруға байланысты жасаған дәл сол әрекет -
айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысаны, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiлене отырып, заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды
3. Жеке күзет ұйымының күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерінің арнаулы киімін заңсыз киiп жүру (пайдалану) -
арнаулы киім тәркіленіп, жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
34-тарау. Әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
677-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, -
алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
679-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен басқа материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы -
осы ұйымдардың басшыларына алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 680-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 680-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
680-бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы
Мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы, не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
681-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау
Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар
35-тарау. Негізгі ережелер
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 682-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
682-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар)
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:
1) әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары;
2) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;
3) осы Кодекспен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қарайды.
Ескертпе. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сот және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
683-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) құзыретiнiң аражiгiн ажырату
1. Судьялар осы Кодекспен өздерiнiң жүргізуіне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстiң 684-бабында көрсетiлген iстердi қоспағанда, iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк жазалар қолданады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әкімшілік жаза түрлерінің бірі ретінде әкімшілік қамаққа алу, шетелдіктерді не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберу, әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған заттарды тәркілеу, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтерді), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу, нақты адамға берілетін арнайы құқықтан айыру (оның ішінде көлік құралын жүргізу құқығы), заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді судья қарайды.
4. Осы Кодекстiң 24-бабына сәйкес, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiліп жатқан адамның жазбаша арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi, егер бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қарауға дейін берілсе, судья қарайды.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып табылатын: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның немесе жәбірленушінің заңды өкілінің жазбаша арызы бойынша не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арызы бойынша іс әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген соттарда, мұндай болмаған кезде - жалпы юрисдикциядағы соттарда қаралуы мүмкін.
36-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң ведомстволығы, лауазымды адамдардың iстердi қарау және әкiмшiлiк жазаларды қолдану жөнiндегi құзыретi
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 684-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
684-бап. Соттар
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 409-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.07. № 63-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 73, 73-1, 73-2, 73-3, 74, 76, 77, 78, 80 (2-2 және төртінші бөліктерінде), 80-1 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 81 (екінші бөлігінде), 82 (екінші бөлігінде), 82-1, 85, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екінші бөлігінде), 145, 149, 150, 151 (екінші бөлігінде), 154, 156-1, 158, 159 (бірінші, екінші, үшінші, 3-1 және төртінші бөліктерінде), 160 (екінші бөлігінде), 169 (екінші, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 174 (екінші бөлігінде), 175, 175-1, 176, 182, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 193 (екінші және үшінші бөліктерінде), 200, 214, 234-1, 245, 246, 247 (7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктерінде), 251, 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 283-1, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (екінші бөлігінде), 312 (екінші бөлігінде), 313, 314, 316 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде), 319, 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 327-2 (екінші бөлігінде), 328 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 331 (төртінші бөлігінде), 344 (бірінші бөлігінде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірінші бөлігінде), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктерінде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екінші бөлігінде), 389, 392 (үшінші бөлігінде), 395 (екінші бөлігінде), 396 (екінші бөлігінде), 398, 400 (екінші бөлігінде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 407 (екінші және үшінші бөліктерінде), 409 (жетінші, 7-1 және 7-8-бөліктерінде), 415 (екінші бөлігінде), 415-1 (екінші бөлігінде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екінші бөлігінде), 423, 423-1, 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 424-1, 425 (екінші бөлігінде), 426 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 427, 433 (екінші бөлігінде), 434, 436, 439, 440 (үшінші бөлігінде), 443 (екінші бөлігінде), 443-1 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 445-1, 446, 449 (екінші және үшінші бөліктерінде), 450 (екінші бөлігінде), 451 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 452 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 453, 456-1, 461, 462, 463, 465, 476, 477, 478, 479, 480 (екінші бөлігінде), 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екінші бөлігінде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 498, 506, 507, 508, 510 (төртінші бөлігінде), 512 (екінші бөлігінде), 513 (екінші бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (1-1-бөлігінде), 532 (екінші бөлігінде), 543 (1-1, үшінші және төртінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екінші бөлігінде), 549, 550, 552 (екінші бөлігінде), 563 (екінші бөлігінде), 564 (бесінші бөлігінде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 590 (төртінші бөлігінде), 596 (үшінші бөлігінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 606 (екінші бөлігінде), 607 (екінші бөлігінде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 612 (үшінші және 4-1-бөліктерінде), 613 (үшінші, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртінші бөлігінде), 618, 621 (үшінші бөлігінде), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екінші бөлігінде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 664-1, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:
1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстің 435, 436 (үшінші бөлігінде), 438 (үшінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;
2) осы Кодекстің 127, 127-1, 128, 129, 130, 131, 133, 134, 135, 430 (екінші бөлігінде), 663-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
3. Жоғарғы Соттың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары осы Кодекстің 653-бабында көзделген, сот талқылауы барысында белгіленген, процеске қатысып отырған тұлғаның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерді қарайды.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 685-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
685-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Ішкі істер органдары осы Кодекстің 132, 146, 147, 190 (бірінші бөлігінде), 191, 192, 196, 197, 198, 204, 204-1, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 407-1, 407-2, 408, 420, 421, 422, 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 434-2, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441, 441-1, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 443-1 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 450 (бірінші бөлігінде), 458, 464, 469, 470, 480 (бірінші бөлігінде), 484, 485, 485-1, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлігінде), 505, 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 571 (екінші және үшінші бөліктерінде), 572 (екінші бөлігінде), 573, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (бірінші, 3-1, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.