2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) өтініш берушінің орнықсыз қаржылық жағдайының болуын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне нұқсан келтіру ықтималдығын куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің орнықсыз қаржылық жағдайының белгісі болып табылады.
3. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен;2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27- бап өзгертілді
27-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшiн уәкілетті органға мынадай құжаттар табыс етiледi:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтiнiш;
2) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екі қаржы жылына қаржылық есептілік, құжаттарды ұсынар алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп қамтылатын құрылтайшы - заңды тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында аяқталған соңғы екі қаржы жылына қаржылық есептілік орналастырылған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылатын көздер мен ақша сомасының сипаттамасын қоса алғанда, құрылтайшы - жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер. Осы Заңның 26-бабы 6-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген қаражат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) бизнес-жоспар.
6-1) 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Өтінішке мыналар да қоса беріледі:
1) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін, еншілес ұйым құруға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға ие болуға рұқсат алуы қажет болған жағдайда, осы Заңның 26 және 32-баптарында көзделген құжаттар мен мәліметтер;
2) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
3) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттар. Өтініш беруші акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларға ақы төленгенін растайтын құжаттарды заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
4) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттар;
5) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берілгені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
2. Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттік органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 4)-6) тармақшаларында аталған құжаттардың мазмұнына, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсаттың заңдық күші болады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берілген рұқсат:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2) сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат берілген күннен бастап үш ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алынбаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда еншілес ұйым құруға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттардың және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімнің күші жойылды деп есептеледі.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап елу жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хабарлама өтініш берушіге және Корпорацияға жіберіледі.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Осы баптың талаптары осы Заңның 33-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қойылатын талаптарға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28- бап өзгертілді
28-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту негiздерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартуға:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ұсынылған құжаттардың осы Заңның 27-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуіне ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;
2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;
3) уәкiлеттi органға құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты жалған ақпарат берiлу;
4) құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы залал шеккен қызметі;
5) 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісім беруден осы Заңның 26-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартуы;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) осы Заңның 26-бабында белгіленген шектеулерді сақтамауы;
7) құрылтайшы жеке тұлғалардың, атқарушы органның не құрылтайшы заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысының алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болуы негіз болып табылады.
2. Уәкiлеттi орган осы Заңның 27-бабының 6-тармағында көзделген мерзiмде өтiнiш берушiге бас тарту негiзiн көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.
29-бап. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттік тiркеу
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттiк тiркеудi Корпорация уәкiлеттi органның оны құруға рұқсаты болған кезде жүзеге асырады.
2. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 31-бап жаңа редакцияда
31-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар
Құрылтай құжаттарына енгiзiлетін, Корпорацияда қайта тiркелудi талап ететiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта тiркелу күнінен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
Құрылтай құжаттарына қайта тiркелудi талап етпейтiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хатын қабылдап алғаны туралы Корпорацияның белгiсi соғылған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көрсетілген хатының көшiрмесiн, құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың көшiрмесiн ұсынуға міндетті.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 31-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар ету
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекітуге уәкілеттік берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органының қаржы өнімдерін бекітуі туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы олардың бекітілуі туралы уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуы
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертiлдi
1. Осы Заңның 48-бабында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құра алады немесе иелене алады.
Уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге арналған рұқсатын алу жөніндегі талап аталған ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - Қазақстан Республикасы резидентінің акцияларына иелік ету (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы осы ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне жанама түрде иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру тәртібі, рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) иеленуге, сондай-ақ ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуға құқылы емес.
3. Қазақстан Республикасының резиденттері - еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) иеленуге құқылы емес.
Бұл талап банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдарына қолданылмайды. Бұл ретте аталған тұлғаларға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылады.
4. Еншілес ұйымды құруға, иеленуге рұқсат алу үшін өтінішке мынадай құжаттарды:
1) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) еншілес ұйымды құрған жағдайда - оны құру туралы шешімді не еншілес ұйымды иеленген жағдайда - оны иелену туралы шешімді (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпаратты;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда) қоса беру қажет.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру холдингі болмаған жағдайда еншілес ұйыммен байланысты ұйымдар туралы:
олардың қызметі осы ұйымдар қауымдастығының меморандумы немесе ережелері шарттарына сәйкес біріктірілген негізде басқарылса;
егер аталған ұйымдардың атқарушы органының, басқару органының (акционерлік қоғамдар үшін), қадағалау кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол бір тұлғалар білдірсе;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) еншілес ұйымның бизнес-жоспарын;
6) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елдерінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олардың және сақтандыру тобының орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты еншілес ұйымның орналасқан елінің заңнамасын талдау негізінде сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкін болмауын болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы ақпаратты;
7) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы қаржы жылына қаржылық есептілігін қоса беру қажет.
Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырған жағдайда, өтініш беруші осы есептілікті ұсынбайды;
9) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) мыналарды:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметтерді;
акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны, оларды иелену бағасы, орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді;
заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялардың саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді қамтитын, жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларды сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды иеленген заңды тұлға туралы деректерді қоса беріледі.
Бұл талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иелену жағдайларына қолданылады;
12) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) олардың негізінде еншілес ұйымды бақылауды иелену болжанатын немесе бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, бақылауды растайтын өзге де құжаттар қоса беріледі.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі әрбір аяқталған соңғы екі қаржы жылының қорытындылары бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде шығынсыз қызмет жасау және пруденциялық нормативтерді, оның ішінде уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш беру күнінің алдындағы соңғы үш ай ішінде шоғырландырылған негізде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді сақтау шартымен еншілес ұйымды құруға құқылы.
6. Еншілес ұйымды құруға, иеленуге рұқсат беруден бас тартудың негіздері:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ұсынылған құжаттардың осы бапта көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі не ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;
2) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сай келмеуі;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабы 3-тармағының 3), 4) 5) және 6) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының болжалды болуының нәтижесінде пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
5) еншілес ұйым қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық салдарларды талдау;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі;
7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)