2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығаруға:
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын қоспағанда, сақтандыру агенті жасаған, Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтары бойынша сақтандыру ұйымына уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шарасы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін сақтандыру шарттарын жасасуын сақтандыру ұйымының анықтауы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) тапсырма шартының талаптарынан туындайтын міндеттерді сақтандыру агентінің орындамауын сақтандыру ұйымының анықтауы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамның осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуін уәкілетті органның, сақтандыру ұйымының анықтауы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) тараптардың келісуі бойынша тапсырыс шартын тоқтату;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) сақтандыру агентінің соңғы екі жыл ішінде сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырмауы негіз болып табылады.
Сақтандыру агенті осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, осы тұлғаға ол шығарылған кезден бастап бес жыл бойы сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.
Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенті арасында жасалған тапсырыс шарты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мән-жайларға байланысты емес негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, сақтандыру агенті туралы ақпарат тапсырыс шарты тоқтатылған күннен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталуға тиіс.
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының бұзылуына жол берген, заңды тұлға болып табылатын агенттің жұмыскері лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу кіретін қызметкерлердің тізімінен алып тасталуға жатады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4-тарау 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Сақтандыру агентінің құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлға бола отырып, осы Заңның 18 және 18-1-баптарында көзделген шектеулерді ескере отырып, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының және (немесе) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;
2) сақтандыру ұйымынан лицензиясының бар екендігі және қаржылық есептілік деректері туралы дұрыс ақпарат алуға;
3) сақтандыру бойынша консультативтік қызметті жүзеге асыруға;
4) өзінің делдалдық қызметін қолма-қол ақшасыз төлеммен жүзеге асырғаны үшін сақтандыру ұйымынан сыйақы алуға құқылы.
2. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
1) сақтанушыға тапсырма шартын, сондай-ақ:
оның жеке басын куәландыратын;
сақтандыру агенттерінің тізілімінде оның деректерінің бар екендігін растайтын құжаттарды көрсетуге;
2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған сақтандыру ұйымы лицензиясының көшірмесін қоса алғанда, өзі сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы туралы ақпарат беруге;
3) жасасатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қағидаларымен сақтанушыны таныстыруға және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 828-бабында көзделген жағдайларда қағидалардың көшірмесін беруге;
4) ақпарат және, бар болса, - жасасатын сақтандыру шарты бойынша барлық қажетті құжаттарды беруге;
5) сақтандыру шартын жасасу кезінде құжаттарды дұрыс және уақтылы ресімдеуді қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың жабықтығын қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) өзі сақтанушылардан толық көлемде алған сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) сақтандыру ұйымына тапсыруға міндетті.
5-тарау. Актуарийлік қызмет және аудит
19-бап. Актуарийлiк қызмет
1. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Актуарийлiк қызмет осы Заңға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерi (стандарттары) ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Актуарлық қызмет:
1) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерлерін есептеу;
2) сақтанушыларға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берілетін қарыздардың мөлшерлерін айқындау;
3) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша ірі мәміленің жасалғаны туралы актуарлық қорытынды жасау;
4) сақтандыру тарифтерін есептеу әдіснамасын және олардың экономикалық негіздемесін әзірлеу, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін есептеу;
5) аннуитеттік сақтандыру және өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын және сақтандыру резервтерін бағалау үшін өмір сүру көрсеткіштерін талдау және жаңарту;
6) актуарлық есеп-қисаптар мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету және ұсынымдар беру;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін бағалауға байланысты мәселелер;
8) тәуекелдерді және (немесе) тәуекелдердің болуына байланысты қаржылық міндеттемелерді талдау және сандық, қаржылық бағалау, сондай-ақ қаржылық тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау бойынша қызметтер ұсынуды қамтиды.
3. Актуарийлiк есептеулер мынадай негiздер бойынша:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша бастамашылық актуарийлiк есептеулер;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мiндеттi актуарийлiк есептеулер жүргiзiледi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Актуарийлiк есептеулер жүргiзу кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi актуарийлiк есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшiн қажеттi, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәлiметтердiң бәрiн беруге мiндеттi.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Актуарий өзi жасаған актуарийлiк есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдiгiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауап бередi.
6. Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлердi уәкiлеттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің дұрыстығын тексеру нәтижесін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға жібереді.
ҚР 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара) Заңдарымен 20-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
20-бап. Аудит
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқықты және осы баптың 1-1-тармағының талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйым жүргізеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Аудиторлық ұйымның:
тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, оның акционерлеріне және басшы қызметкерлеріне тәуелсіз екенін;
тексерілетін сақтандыру брокеріне, оның акционерлеріне (қатысушыларына) және басшы қызметкерлеріне тәуелсіз екенін;
тексерілетін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, оның акционерлеріне және басшы қызметкерлеріне тәуелсіз екенін;
лицензияға сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті және аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетінін не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екенін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда аудиторлық есеп жарамды деп танылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру холдингінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдардың, сондай-ақ сақтандыру тобына кіретін ұйымдар бір аудиторлық ұйымда қатарынан жеті жылдан аса не аудиторлық ұйымда жұмыс істейтін аудиторда қатарынан бес жылдан аса өзінің қызметіне аудит жүргізуге құқығы жоқ.
Осы тармақтың талабы банк конгломератының құрамына кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
3. Сақтандыру тобына бас ұйым және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын оның еншілес ұйымдары ретінде кіретін ұйымдардың аудитін белгілі бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Сақтандыру тобының құрамына кіретін бас ұйымның және Қазақстан Республикасының резиденттері емес оның еншілес ұйымдарының аудитін, осындай аудит жүргізу олар резидент болып табылатын ел заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда, белгілі бір аудиторлық ұйым жүзеге асыруға тиіс.
4-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Аудиторлық ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін тәуелсіз актуарийді тарту арқылы жүргізуге құқылы.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының құрамына кіретін басқа да заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында қызметі лицензиялауға жатпайтын ішкі аудит қызметі (аудитор) болуы міндетті.
7. Ішкі аудит жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында айқындалады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Қаржы жылының қорытындысы бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясынан айырылған немесе мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қоспағанда), сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокерлері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым үшін міндетті. Аудиторлық ұйымның аудиторлық есебі мен ұсынымдарының көшірмелерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокерлері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым және аудиторлық ұйымдар уәкілетті органға осы құжаттарды алған немесе олар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есептің көшірмесін алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталында қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаға табыс етуге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
9. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын өзі осы құжаттарды қазақ немесе орыс тілдерінде алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға табыс етеді.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін өзі орналасқан елдегі қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйым, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаржылық жағдайына әсер ететін, аудиторлық есепте көрсетілген кемшіліктерді уәкілетті орган айқындаған мерзім ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға - қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөнінде осы Заңның 53-3-бабында көзделген шараларды;
сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымға - осы Заңның 53-4-бабының 2-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Сақтандыру холдингі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайына әсер ететін, аудиторлық есепте көрсетілген кемшіліктерді аталған тұлғалар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін сақтандыру холдингіне осы Заңның 53-4-бабының 3-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйымдардың, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін тану бөлігінде аудиторлық есепте жазылған, қаржылық есептілік және (немесе) қаржылық есептілікке байланысты өзге де ақпарат туралы пікірлер мен тұжырымдардың уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелерінен ауытқуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан осындай ауытқу себептерін түсіндіруді талап етуге құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметінде тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтаған жағдайда, одан тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға, оның ішінде стратегия мен бизнес-модельге қатысты, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты өзге ақпаратқа аудит (бұдан әрі - өзге ақпарат аудиті) жүргізуді тексеруге жататын мәселелер тізбесін, аудиттелетін кезеңді және аудиторлық ұйымның уәкілетті органға өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну мерзімін көрсете отырып, талап етуге құқылы.
Уәкілетті органның талап етуі бойынша өзге ақпарат аудитін жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін міндетті.
Осы баптың 14-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзге ақпарат аудитін жылына бір реттен артық жүргізбейді, бір мәселе бойынша өзге ақпарат аудиті үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, оны аудиторлық ұйымның ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Аудиттің болжамды бағыттары, көлемі, жүргізілу сипаты, аудит жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен стандарттардың ерекшеліктері сипатталған өзге ақпарат аудиті бойынша тексеру жоспары аудиторлық ұйымның уәкілетті органмен алдын ала келісуіне жатады.
Аудиторлық ұйым өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны уәкілетті органға ұсынады және ол жариялауға жатпайды.
Өзге ақпарат аудитінің нәтижелерін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған кезде ескеруі мүмкін.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13. Аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүзеге асыру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым уәкілетті органмен келісу бойынша аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымды тартады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым аудит немесе өзге ақпарат аудитін жүргізуге шарт жасасқаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды аудиторлық ұйымды таңдағаны туралы хабардар етеді. Өзге ақпарат аудиті жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның алдында өзге ақпаратқа аудиторлық ұйым болып табылмайтын ұйымның аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтінішхатын уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Өзге ақпарат аудитін жүргізу тәртібіне осы бапта белгіленген талаптар өзге ақпаратқа аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізу тәртібіне қолданылады.
Уәкілетті орган өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым шығарғанға дейін аудиторлық ұйымға осы баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың келісімінсіз, құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, осы баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ақпаратты және түсініктемелерді, сондай-ақ сақтандыру құпиясын және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоса алғанда, олардың қызметіне байланысты, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауына негізделген өзге де ақпаратты беруге құқылы.
Аудиторлық ұйым осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жіберген ақпаратқа міндетті бағалау мен талдау жүргізеді. Аудиторлық ұйым жүргізілген бағалау мен талдау нәтижелерін өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепте немесе аудиторлық қорытындыда қамтылған пікірлер мен тұжырымдарды білдірген кезде пайдаланады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14. Сот өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны жарамсыз деп таныған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым аудитті және (немесе) өзге ақпарат аудитін қайта жүргізуге міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15. Уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде клиенттер тізбесі жөніндегі мәліметтерді қоса алғанда, ақпаратты талап етуге құқылы. Клиенттер жөніндегі мәліметтер аудиторлық ұйым клиенттерінің келісуімен беріледі.
6-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құру
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады.
Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.
3. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иелене алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.