2) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары (қор биржасы, орталық депозитарий) құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан;
3) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша лизинг ұстаушы ұйымдардың және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысқан;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) инвестициялық жобаларды қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қайта құрылымдауға, сондай-ақ мезониндік қаржыландыру кезінде қарыз алушылардың жарғылық капиталдарына қайта құрылымдауға, қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қайта құрылымдауға, қатысады.
2. Жарғылық капиталына Даму Банкі жүз процент қатысатын ұйымдардың басқару органдарында тәуелсіз директорлардың болу қажеттігін Даму Банкі дербес айқындауға құқылы.
11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді; 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 15-бап редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Даму Банкінің қызметін шектеу
Даму Банкінің:
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) жеке тұлғаларға, кредиттік серіктестіктерге, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушыларға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына кредиттер, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша банктік кепілдіктер, кепілгерліктер және ақшалай нысанда орындалуы көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне;
2) жеке тұлғалардың депозиттерін тартуына және жеке тұлғаларға банк шоттарын ашуына;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мерзімдік, төлем жасау, қайтарымдылық қағидаттарын сақтамастан қарыздар беруіне;
4) жеке тұлғаларға есептік-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруына;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) бұрын тартылған қарыздар бойынша мерзімі өткен (бір жылдан артық) міндеттемелері болған кезде қосымша сыртқы қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-тарау. Даму банкінің капиталы
ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді; 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Даму Банкінің жарғылық капиталы
1. Даму Банкінің жарғылық капиталы кемінде екі жүз елу миллиард теңгені құрайды.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемесін айқындайды.
Қаржылық тұрақтылық параметрлерінің (коэффициенттердің) нашарлау жағына қарай күтілетін өзгеруі кезінде және параметрлердің (коэффициенттердің) аз дегенде біреуі бойынша шекті мәндерге қол жеткізген кезде Даму Банкінің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес ұлғайтылуы мүмкін.
Жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге жағдайларда да ұлғайтылуы мүмкін.
Несие портфелінің активтерге ең жоғары арақатынасы Меморандумда белгіленеді.
3. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда
18-бап. Дивидендтік саясат
Даму Банкінің дивидендтік саясатын акционерлердің жалпы жиналысы айқындайды.
4-тарау. Даму банкінің есебі, есептілігі және тәуелсіз аудиті
06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара) ; 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Даму Банкінің есеп саясаты
1. Даму Банкінің есеп саясатын Даму Банкінің директорлар кеңесi бекiтедi.
2. Даму Банкі бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Есептiлiк
Даму Банкi:
1) ай сайын бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға республикалық бюджет ақшасының шығыстары туралы;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ай сайын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттер ақшасының шығыстары туралы;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) ай сайын мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға - Даму Банкiне республикалық бюджеттен, тиiстi облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген заем қаражаттарының игерiлуi туралы есептілікті табыс етеді.
4) 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Даму Банкінің аудитi
1. Даму Банкi қызметiнiң аудитiн (сыртқы аудитiн) акционерлердiң жалпы жиналысы белгiлейтiн тәртiппен таңдап алынған аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады.
2. 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Даму Банкінің жылдық қаржылық есептiлiгi аудит аяқталғаннан кейiн акционерлердiң жалпы жиналысында қаралып, бекітіледi.
5-тарау. Даму банкін басқару
22-бап. 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) Заңымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Даму Банкінің органдары
1. Даму Банкінің органдары мыналар:
1) жоғары органы - акционерлердiң жалпы жиналысы;
2) басқару органы - директорлар кеңесi;
3) атқарушы органы - басқарма;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес өзге де органдар.
2. Даму Банкi органдарының функциялары, өкiлеттiктерi мен қызмет тәртібі осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және Даму Банкінің жарғысында белгiленедi.
2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді;2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 24-бап редакцияда жазылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Директорлар кеңесі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Директорлар кеңесінің төрағасын қоса алғанда, директорлар кеңесінің мүшелері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімінсіз сайланады.
2. Директорлар кеңесін сайлау тәртібі мен оның өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес айқындалады.
2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 25-бап редакцияда жазылды (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Басқарма
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Басқарма алқалы орган болып табылады және Даму Банкінің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Басқарма төрағасы мен мүшелері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімінсіз сайланады.
Басқармаға басқарма төрағасы басшылық етеді.
Басқарма Қазақстан Республикасының Заңдарында және Даму Банкінің жарғысында Даму Банкінің басқа органдар мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған қызметтің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
2. Басқарманы сайлау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес айқындалады.
6-тарау. Қосымша ережелер
26-бап. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алынып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 27-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
27-бап. Даму Банкінің жауапкершiлiгі және дауларды шешу тәртібі
1. Даму Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiпте жауапты болады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Даму Банкiнің, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
3. Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 28-баппен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 28-бап жаңа редакцияда
28-бап. Қадағалап ден қою шаралары
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган құзыретіне реттеу кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Даму Банкіне «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
Даму Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды оларда белгіленген мерзімдерде қадағалап ден қою шараларының орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының