"Қазақстанның Даму банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2003 ж.
11 маусымдағы № 434-II Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстанның Даму Банкi туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Даму Банкінің инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, агенттiң функциясын орындауының лимиттерi, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртібі мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Даму Банкінің Кредит саясаты туралы меморандумында (бұдан әрi - Меморандум) белгiленедi.";
2) 3-бапта:
1-тармақта "өңдеушi өндiрiстердi" деген сөздер "өңдеушi өнеркәсiптi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
2) тармақша "экспорттық операцияларына" деген сөздерден кейiн "(бұдан әрi - экспорттық операциялар)" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы "(Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)" деген сөздер алып тасталсын;
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Даму Банкінің функциялары
1. Даму Банкінің функциялары:
1) Меморандумға сәйкес, республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iрiктеу және оларға кредит беру, оның iшiнде бiрлесiп қаржыландыру;
2) қайтарымды негiзде қаржыландырылатын республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөніндегі агенттiң функциясын орындау;
3) республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобалар ретiнде қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға банк сараптамасын жүргiзу;
4) Даму Банкi заемшыларының қаржылық жай-күйiнiң және Даму Банкi қызмет көрсететiн республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iске асырудың мониторингi;
5) Даму Банкi заемшыларының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану;
6) мемлекет кепiлдiк берген заемдарды қоса алғанда, мемлекеттік емес заемдарды алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу;
7) мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауына және заңды тұлғалардың өзге де борыштық мiндеттемелерiн орындауына байланысты республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөніндегі агенттiң функциясын орындау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы құрған ұйымдар арқылы бюджеттік кредит беру жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген функция Даму Банкінің айрықша құзыретiне жатады.";
4) 5-бапта:
4) тармақша "заем қаражатын" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) заем қаражатын қоса алғанда, өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шектерде және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға;";
5) тармақшада "Бағдарламаға енбейтiн" деген сөздер "республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Даму Банкi акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Даму Банкінің қызметiн құқықтық, қаржылық және өзге де қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен iс-қимыл жасау процесiн үйлестiрудi жүзеге асырады және оған қатысады;
2) Даму Банкінің Меморандумды сақтауын бақылайды.";
6) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға сәйкес жасалған шарттарда көзделген төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатында Даму Банкінің заемдарын, басқа да заемдар мен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын есепке алу үшiн банк шоттарын ашу және жүргiзу. Бұл ретте банк шоттарындағы ақша сомасы осы тармақшада көзделген олар бойынша жасалатын операциялардың сомасынан артық болмауға тиiс;";
7) 8-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Даму Банкінің банк сараптамасын жүргiзуi";
1-тармақта "Бағдарламаға енгізу үшiн ұсынылатын" деген сөздер "осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "жобаны Бағдарламаға енгізудiң" деген сөздер "инвестициялық жобаны қайтарымды негiзде қаржыландырудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік бюджет қаражаты немесе мемлекет кепiлдiк берген заем есебiнен қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаны қарау, банк сараптамасының нәтижелерi бойынша Даму Банкінің оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
8) 9-11-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Даму Банкінің республикалық және жергiлiктi
бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы
1. Даму Банкінің республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар алуы тек қана ақылы, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық негiзде жүзеге асырылады.
2. Даму Банкінің республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алатын заемдарды беру, пайдалану және қайтару тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тартылатын заемдарды Даму Банкi Меморандумға сәйкес өзi дербес iрiктеу жүргiзетiн жобаларға кредит беру үшiн пайдаланады.
10-бап. Даму Банкінің агент функцияларын орындауы
1. Даму Банкi агенттiк қызмет көрсетуге жасаған шарттарына сәйкес осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген инвестициялық жобалар бойынша агенттiң функцияларын орындайды.
2. Даму Банкi агент болып табылатын инвестициялық жобаларды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыруды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Даму Банкiне қаражат аудару жолымен жүзеге асырады.
3. Инвестициялық жобаны iске асыру аяқталғаннан немесе мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаннан кейiн Даму Банкi қаражаттың қалдықтарын тиiстi бюджеттерге қайтарады.
4. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жобаларды қаржыландыру үшiн тартылатын мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттік емес заемдар бойынша агенттiң функцияларын орындайды.
11-бап. Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық
жобаларды iске асыру мониторингi
1. Даму Банкi өзi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларға қатысты агенттiк қызмет көрсету шарттарына сәйкес:
1) жобаларды iске асыруды қаржыландыру графиктерiнiң;
2) заемшылардың қаржылық жай-күйiнiң;
3) iске асырылатын жобалар бойынша жұмыстар, көрсетiлген қызметтер көлемiнiң нақты орындалуының мониторингiн жүзеге асырады.
2. Даму Банкi жыл сайын агенттiк қызмет көрсету шарттарына сәйкес, нәтижелердiң жобалық техникалық-экономикалық көрсеткiштерге сәйкестiгiн бағалай отырып, инвестициялық жобалардың iске асырылуына және қаржыландырылуына талдау жасайды және экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға тиiстi қорытынды бередi.";
9) 12-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Даму Банкінің инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға кредит беруi Меморандумға сәйкес айқындалған шарттарда, тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзiледi. Берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасын Даму Банкi қарыз алудың орташа құнын және операциялық шығыстарды ескере отырып есептеп шығарады.";
2-тармақ "заемдар" деген сөзден кейiн "Меморандумға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 13-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Даму Банкi қарыз алуды заемның қайтарылуын өз активтерiмен қамтамасыз ете отырып немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Даму Банкi шығарған борыштық бағалы қағаздар ол Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес қаржы агентi мәртебесiн алған кезден бастап агенттiк облигациялар болып табылады.";
2-тармақтағы "азаматтық" деген сөз алып тасталсын;
11) 14-16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Даму Банкінің заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қатысуы
Даму Банкi Меморандумға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
1) Даму Банкi бұрын кепiлге ресiмдеген заңды тұлғалардың қатысу үлесiнен немесе акцияларынан оларды одан әрi өткізу мақсатында өндiрiп алған;
2) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары (қор биржасы, орталық депозитарий) құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан;
3) лизинг берушi ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысады.
15-бап. Даму Банкінің қызметiн шектеу
Даму Банкінің:
1) жеке тұлғаларға және екiншi деңгейдегi банктерге, кредиттiк серiктестiктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына, лизинг берушi ұйымдарға және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдарға кредиттер, сондай-ақ олардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiктер беруiне;
2) осы Заңның 7-бабының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, депозиттер тартуына, жеке және заңды тұлғаларға банк шоттарын ашуына;
3) қайтарылуын қамтамасыз етпей заемдар беруiне;
4) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, есептiк-кассалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруына және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуына;
5) бұрын тартылған заемдар бойынша мерзiмi өткен (бiр жылдан артық) мiндеттемелерi болған жағдайда қосымша сыртқы және iшкi қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.
16-бап. Даму Банкінің жарғылық капиталы
1. Даму Банкінің жарғылық капиталы кемiнде отыз миллиард теңгенi құрайды және республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен құралады.
2. Даму Банкi акцияларының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесiлi болады.
3. Даму Банкінің жарғылық капиталын қалыптастыру тәртібі мен мерзiмдерi оның құрылтай құжаттарында айқындалады.
4. Даму Банкінің жарғылық капиталы, Меморандумға сәйкес экспорттық операцияларға кредит беруден басқа, кредит беру мақсатына жiберiлмейдi және өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында, оның iшiнде осы Заңның 14-бабына сәйкес акцияларды сатып алу үшiн инвестицияланады.";
12) 20-бапта:
1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген сөздер "бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ай сайын бюджеттi атқару және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органдарға - Даму Банкiне республикалық бюджеттен, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға - жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген заем қаражаттарының игерiлуi туралы есептiлiктi;";
13) 21-баптың 2-тармағы "ұйыммен" деген сөзден кейiн "(аудитормен) қаржы жылының қорытындылары бойынша Даму Банкінің қызметiне аудит жүргiзу туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Даму Банкінің акционерлерi
Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Даму Банкінің акционерлерi болып табылады.".
Қазақстан Республикасының