Қазақстанның Даму Банкі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 25 сәуірдегі № 178-II Заңы
(2019.15.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу
3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен мiндеттері
4-бап. Даму Банкiнiң функциялары
5-бап. Даму Банкінің өкілеттіктері
6-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Даму Банкімен өзара қарым-қатынасы
2-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ҚЫЗМЕТI
7-бап. Даму Банкiнiң операциялары
8-бап. Алып тасталды
9-бап. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы
10-бап. Даму Банкінің кәсіпорындарды сауықтыруды жүзеге асыруы
11-бап. Алып тасталды
12-бап. Даму Банкiнiң қарыздар беруi
12-1-бап. Даму Банкінің жобалық қаржыландыруды жүзеге асыруы
13-бап. Даму Банкiнiң заемдарды тартуы
14-бап. Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы
15-бап. Даму Банкiнiң қызметiн шектеу
3-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ КАПИТАЛЫ
16-бап. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы
17-бап. Алып тасталды
18-бап. Дивидендтік саясат
4-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ЕСЕБI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ТӘУЕЛСIЗ АУДИТI
19-бап. Даму Банкiнiң есеп саясаты
20-бап. Есептiлiк
21-бап. Даму Банкiнiң аудитi
5-тарау. ДАМУ БАНКIН БАСҚАРУ
22-бап. Алып тасталды
23-бап. Даму Банкiнiң органдары
24-бап. Директорлар кеңесi
25-бап. Басқарма
6-тарау. ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР
26-бап. Алып тасталды
27-бап. Даму Банкiнiң жауапкершiлiгі және дауларды шешу тәртiбi
28-бап. Қадағалап ден қою шаралары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 16.05.03 ж. № 416-11 Заңымен; 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi
Қазақстанның Даму Банкі (бұдан әрі - Даму Банкі) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам болып табылады. Даму Банкі ұлттық даму институты және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға уәкілеттік берілген банк болып табылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) банкаралық кредит беру - Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және бейрезидент банктеріне кредиттер беру;
2) жоба - инвестициялық жоба, экспорттық операция, лизингтік операция;
3) инвестициялық жоба - жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, оның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға бағытталатын инвестицияларды көздейтін жоба;
4) кредиттік құрал - Меморандумда айқындалған, Даму Банкінің қарыз алушыны қаржыландыру тәсілдері;
5) қайта құрылымдау - Даму Банкі алдындағы міндеттемелерді бұзған қарыз алушы және (немесе) үшінші тұлғалар іске асыратын инвестициялық жобаның экономикалық көрсеткіштерін қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені, бұл сыйақыларды, айыппұлдар мен өсімпұлдарды алып тастауды және (немесе) қарыз алушының айналым капиталын қаржыландыруды немесе қайта қаржыландыруды және (немесе) Даму Банкінің талап ету құқықтарын қарыз алушыға беруді және (немесе) қарыз алушының жарғылық капиталына Даму Банкінің кіруін және (немесе) қарыз алушыға субсидияланған қарыз беруді және (немесе) инвестициялық жобаның экономикалық көрсеткіштерін қалпына келтіруге ықпал ететін өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін;
6) қарыз алушы - Даму Банкінен қарыз алған заңды тұлға;
7) мезониндік қаржыландыру - қарыз алушының акцияларына немесе капиталға қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен реттелген қарыз беру;
8) Меморандум - осы Заңның 1-бабында көрсетілген ұлттық басқарушы холдинг бекітетін Даму Банкінің кредит саясаты туралы меморандумы;
9) синдикатталған қарыз - Даму Банкі синдикаттың басқа қатысушыларымен бірлесе отырып, бір банктік қарыз шарты негізінде жүзеге асыратын қарыз операциясы, бұл ретте банктік қарыз шарты бойынша синдикат қатысушыларының мүдделерін білдіру, сондай-ақ қарыз бойынша кредиттік әкімшілендіру синдикат қатысушыларының біреуіне тапсырылуы мүмкін;
10) субсидияланған қарыз - қаржыландырылу құны кредиттік құралдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін есептеу үшін Даму Банкі белгілейтін қарыз алу құнынан төмен белгіленетін қарыз. Субсидияланған қарыздар бойынша өлшемдер Меморандумда белгіленеді;
11) экспорттық операциялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және шығарылатын өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты.
11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар қызметін, банк қызметін және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерін реттейтін заңнамасы Даму Банкіне осы Заңмен және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін бөлігінде қолданылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Даму Банкінің инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциясын орындауының, экспорттық операцияларды жүзеге асыруының, субсидияланған қарыз ұсынуының және қайта құрылымдауды жүзеге асыруының лимиттері, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртібі мен мерзімдері Меморандумда белгiленедi.
ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 3-бап редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен міндеттері
1. Даму Банкі қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Даму Банкінің міндеттері:
1) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредит беруді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы орта мерзімді (бес жыл және одан көп мерзімге) және ұзақ мерзімді (он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге) негізде, орналастырудан түсетін қаражатты эмитент Меморандумда айқындалған тәртіппен инвестициялық жобаларды іске асыруға жіберетін облигацияларды Даму Банкінің сатып алуы арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды дайындауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында аралық қаржыландыру;
2) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредит беруді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы экспорттық операцияларды қаржыландыру;
3) мезониндік қаржыландыруды ұсыну, жобалық қаржыландыру, синдикатталған қарыз ұсыну, Даму Банкі қаржыландыратын жобаларды іске асыру шеңберінде қарыз алушылардың ағымдағы қызметін қаржыландыру;
4) басқа да кредит институттары ұсынатын қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ қоса қаржыландыру және банкаралық кредит беру, лизинг беруші ұйымдарға, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кредиттер беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына кредит беруді ынталандыру;
5) жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.
ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Даму Банкiнiң функциялары
Даму Банкiнiң функциялары:
1) Меморандумға сәйкес жобаларды іздестіру, iрiктеу және, қоса қаржыландыруды бірге алғанда, қаржыландыру;
2) қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға шарт негізінде банк сараптамасын жүргізу;
3) Даму Банкінің қызметі шеңберінде қарыз алуды жүзеге асыру;
4) мемлекеттік бағдарламаларды, жобаларды іске асыру шеңберінде халықаралық және ұлттық даму институттарымен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
5) Даму Банкi қарыз алушыларының қаржылық жай-күйінің және Даму Банкі қаржыландыратын жобалардың іске асырылуының мониторингі, оның ішінде қамтамасыз ету мониторингі;
6) Даму Банкі қарыз алушылары міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану;
7) мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қоса алғанда, мемлекеттiк емес қарыздарды алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу;
8) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындау;
9) Даму Банкіне нысаналы қорландыру қаражатын берген жағдайда инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және сауықтыруды екінші деңгейдегі банктердің кейіннен жүзеге асыруы мақсатында екінші деңгейдегі банктерге қарыздар ұсыну болып табылады.
ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Даму Банкінің өкілеттіктері
Даму Банкі:
1) Меморандумға сәйкес өзінің кредит саясатын анықтауға;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) банк сараптамасының және қарыз алушының кредит қабілеттілігін талдаудың нәтижелері бойынша жобаны қайтарымдылық негізде қаржыландырудың орындылығын айқындауға;
3) банк сараптамасын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен консультанттар тартуға;
4) Меморандумда белгіленген шекте заем қаражатын, оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын тартуға;
4-1) заем қаражатын қоса алғанда, қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шектерде және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) жобаларды іріктеуді және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, қоса қаржыландыруды бірге алғанда, оларға кредит беруді жүзеге асыруға;
6) жиынтық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге;
7) отандық және шетелдік банктердің және басқа да қаржы институттарының қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру жөніндегі агенті болуға;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) қайта құрылымдауды жүзеге асыруға құқылы.
11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының
Даму Банкімен өзара қарым-қатынасы
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде банктерді, банк конгломераттарын және резервтік талаптарды пруденциялық реттеу, басшы қызметкерлердің келісуі, активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Даму Банкінің Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, қарыз алуды және қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында еншілес ұйымды құруға немесе оны иемденуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың, оның ішінде бейрезиденттердің капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру (кері қайтарып алу) тәртібіне қойылатын талаптарды орындауын бақылауды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының Даму Банкiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.
2-тарау. Даму банкінің қызметі
ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап өзгертілді; 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап жаңа редакцияда ; 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара) ҚР 2005.09.06 № 56-III Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 7-бап редакцияда жазылды
7-бап. Даму Банкінің операциялары
Даму Банкі өз функцияларын орындау үшін лицензиясыз ұлттық және шетелдік валютамен мынадай банктік және өзге де операцияларды:
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қарыз операцияларын: резидент немесе бейрезидент заңды тұлғаларға төлем жасалу, мерзімдік және қайтарымдылық шарттарымен (Меморандумға сәйкес ел экономикасын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру шартымен) ақшалай нысанда кредиттер беруді;
2) резидент және резидент емес заңды тұлғаларға және секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде шығарылатын облигациялар бойынша ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілдіктер беруді;
3) резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілгерліктер мен өзге де міндеттемелер беруді;
4) аккредитивті ашу (қою) мен растауды және ол бойынша міндеттемелерді орындауды;
5) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Даму Банкі қызмет көрсетілетін жобалар шеңберінде жасаған шарттарда көзделген төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, Даму Банкі алдындағы міндеттемелерді орындау үшін ақшаны резервке алу мақсатында Даму Банкі қарыз алушыларының банк шоттарын ашуды және жүргізуді, оның ішінде Даму Банкінің қарыздарын, басқа да қарыздар мен қаражаттарды, оған қоса республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) ұлттық басқарушы холдинг тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру бойынша агенті болуы кезінде, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындау кезінде банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
8) резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың Даму Банкі алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, қаражатты есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) Даму Банкінің өтімділігін тарту мақсатында депозиттер қабылдауды, заңды тұлғалардың, оның ішінде банктердің банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
10) Даму Банкінің қарыз алушыларын, корреспондент-банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда, резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша олардың осы баптың 5) - 9) тармақшаларында көзделген банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруды;
11) аударым операцияларын: резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
12) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдауды;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дилерлік қызметті;
14) лизингтік қызметті;
15) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды;
16) өз мүлкін жалға беруді;
17) қолма-қол шетел валютасымен операцияларды қоспағанда, шетел валютасын айырбастау операцияларын;
18) Меморандумға сәйкес келетін мақсаттарда бағалы қағаздар нарығындағы қаржы консультанты мен андеррайтер қызметін;
19) мезониндік қаржыландыру беруді жүзеге асырады.
8-бап. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-бап. Даму Банкінің республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы
1. Даму Банкінің республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар алуы тек қана ақылы, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық негiзде жүзеге асырылады.
2. Даму Банкінің республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алатын заемдарды беру, пайдалану және қайтару тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бюджеттерден тартылатын заемдарды Даму Банкi Меморандумға сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 4-бабының 9) тармақшасында көзделген жағдайда өзi дербес iрiктеу жүргiзетiн жобаларға кредит беру үшiн пайдаланады.
ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Даму Банкінің кәсіпорындарды сауықтыруды жүзеге асыруы
Даму Банкіне нысаналы қорландыру қаражаты берілген жағдайда, инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және сауықтыруды екінші деңгейдегі банктердің кейіннен жүзеге асыруы мақсатында Даму Банкі контрагент-банктерге арналып белгіленген лимиттер шеңберінде екінші деңгейдегі банктерге қарыздар береді.
Кәсіпорындарды сауықтыру мақсатында Даму Банкінің контрагент-банктерге арналған лимиттерінен асып кеткен жағдайда, сондай-ақ өзге де жағдайларда Даму Банкі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкіл (агент) болуға құқылы.
11-бап. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда
12-бап. Даму Банкінің қарыздар беруі
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Даму Банкі қаржыландыруды Меморандумда айқындалған шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
Берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасы қарыз берудің құнын және Даму Банкінің операциялық шығыстарын ескере отырып есептеледі.
Даму Банкі органдарының қаржыландыру туралы шешімдерді қабылдау жөніндегі құзыреті Меморандумда және Даму Банкінің жарғысында айқындалады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Даму Банкі беретін қарыздар, болашақта келіп түсетін мүлік кепілін, оның ішінде күтілетін жүйелі ақшалай түсімдерді, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті, тиісті мүлікке талап ету құқықтарын (мүліктік құқықтарды) қоса алғанда, кепілмен, кепілдікпен, сақтандырумен және Меморандумға сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс басқа да тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.
Даму Банкі жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларға қарыздар беруге, сондай-ақ мезониндік қаржыландыруды және қамтамасыз етпей банкаралық кредит беруді жүзеге асыруға құқылы.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін және тізбесін акционерлердің жалпы жиналысы бекітетін инвестициялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттары мен тәртібі Меморандумға сәйкес айқындалады.
Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғаларға, сондай-ақ жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттарын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген, Даму Банкімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдік шарттарын беруге тыйым салу және көрсетілген тұлғалармен мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі қолданылмайды.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Даму Банкінің лизингтік қызметті жүзеге асыруы туралы, жарғылық капиталдарына Даму Банкі қатысатын заңды тұлғаларға кредит беру, олардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді беруі туралы шешімдерді Даму Банкінің директорлар кеңесі Меморандумға сәйкес бекітеді.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1-бап. Даму Банкінің жобалық қаржыландыруды жүзеге асыруы
Даму Банкі жобалық қаржыландыруды Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға құқылы.
Даму Банкінің жобалық қаржыландыруы арқылы жүзеге асырылатын жобаларға қойылатын талаптар, жобалық қаржыландыру кезінде қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері Меморандумда белгіленеді.
11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгерді
13-бап. Даму Банкінің заемдарды тартуы
1. Даму Банкi қарыз алуды заемның қайтарылуын өз активтерiмен қамтамасыз ете отырып немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен жүзеге асырады.
1-1. Даму Банкi шығарған борыштық бағалы қағаздар ол Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес қаржы агентi мәртебесiн алған кезден бастап агенттiк облигациялар болып табылады.
2. 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздарды және Даму Банкінің басқа да борыштық мiндеттемелерiн орналастыруға, өтеуге және олар бойынша сыйақылар төлеуге байланысты бүкiл қызметтi немесе оның бiр бөлiгiн агенттерге сенiп тапсыруға құқылы.
11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Даму Банкінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы
1. Даму Банкi Меморандумға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
1) Даму Банкi бұрын кепiлге ресiмдеген заңды тұлғалардың қатысу үлесiнен немесе акцияларынан оларды одан әрi өткізу мақсатында өндiрiп алған;
2) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары (қор биржасы, орталық депозитарий) құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан;
3) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша лизинг ұстаушы ұйымдардың және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысқан;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)