41-67) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесін бекітеді;»;
11-тармақтың 3) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 2-тарау мынадай мазмұндағы 16-7-баппен толықтырылсын:
«16-7-бап. Азаматтық авиация саласындағы тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу
1. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесін табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша, әуежайлық алымдарға және аэронавигациялық қызмет көрсетуге қатысты Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарын және ұсынылатын практикасын ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
4) 65-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Әуежайды пайдаланушы ұсынылатын қызметтердің азаматтық авиация саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігін айқындау үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұсынылатын қызметтердің сапасына аудитті тұрақты негізде жүргізеді. Мұндай аудитті жүргізу азаматтық авиация ұйымдарының арасындағы шарттық негізде жүзеге асырылады.»;
5) 65-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Авиациялық хабтардың аэровокзалдарының транзиттік жолаушылар мен олардың багажына қызмет көрсету үшін қажетті алаңы, инфрақұрылымы және жабдықтары болуға тиіс.»;
6) 76-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жүкті тасымалдаған кезде жөнелту және межелі пункттері, жүктің салмағы, оны тасымалдаудың шарттары көрсетілген жүкқұжаты берiледi. Жүкқұжат қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде жазып беріледі. Жөнелтуші мәліметтер ұсынуға және жүк берілгенге дейін Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін алушыға қажетті барлық құжаттарды жүкқұжатына қоса беруге тиіс.
Электрондық түрде жазып берілетін жүкқұжаттарды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау авиакомпаниялар қолданатын ақпараттық жүйе мен ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi аралас тасымалдауға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау ерекшеліктері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Жүк жөнелтушінің, жүкті алушының жүкті әуе тасымалдауына арналған құжаттарда көрсетілген межелі пунктке әуе тасымалдаушының уақтылы жеткізуіне және оның сақталуын қамтамасыз етуіне құқығы бар.
Жүкті, багажды немесе пошта жөнелтілімдерін тасымалдау шарты бұзылған жағдайда, жүк жөнелтушінің немесе жүкті алушының тасымалдаушыдан жүктің, багаждың немесе пошта жөнелтілімдерінің сақталмау себептері туралы құжаттарды (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт және өзге де құжаттар) жасауды талап етуге құқығы бар.
Егер жүктің сапасы оның тiкелей мақсаты бойынша пайдаланылуы мүмкін болмайтындай өзгергендігі анықталған болса, жүк алушының бүлінген немесе бұзылған жүкті қабылдаудан бас тартуға және оны жоғалтқаны үшiн өтем талап етуге құқығы бар.
5-2. Әуе тасымалын жүзеге асыратын авиакомпания:
1) жолаушылар мен жүк жөнелтушілерден авиациялық қауіпсіздік пен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды, оның ішінде қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу арқылы сақтауын талап етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларға (жүкті жөнелтушілерге) тиісті үлгідегі ақаусыз әуе кемесін, білікті ұшу экипажын, тасымалдау қауіпсіздігін және өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді;
3) жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген, жолаушыларға, жүкті жөнелтушілерге, жүкті алушыларға қызмет көрсету талаптарын сақтайды;
4) жолаушының, жүкті жөнелтушінің немесе жүкті алушының талап етуі бойынша және жолаушыны, багажды, жүкті немесе пошта жөнелтілімдерін тасымалдау шарты бұзылған жағдайда, олардың бірі тасымалдау құжаттарын көрсеткен кезде жүктің, багаждың немесе пошта жөнелтілімдерінің сақталмауының себептері туралы құжаттарды (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт және өзге де құжаттар) жасайды.»;
7) 88-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әуе кемесіндегі жолаушылар ретіндегі адамдардың:
1) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайлар туғызуына;
2) экипаж мүшелеріне қауіп төндіруіне;
3) әуе кемесінің бортында ұшудың бүкіл кезеңінде темекі шегуіне;
4) ұялы байланыс пен радиоэлектрондық құралдарды әуе кемесінің бортында «ұшуда» деген автономды режимде пайдалануды қоспағанда, ұшудың бүкіл кезеңдерінде ұялы, транкингтік байланыс қызметтерін пайдалануына, әуе кемесін жүргізу, биікке көтерілу, қонуға бет алу кезеңдерінде радиоэлектрондық құралдар мен тұрмыстық мақсаттағы жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануына тыйым салынады.».
12. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №5, 40-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 10-құжат; №3, 15-құжат; №14, 72-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №11, 56-құжат; №15, 78-құжат):
35-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне азаматтық авиация ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге;».
2-бап. Осы Заң, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 11-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын және 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 27-і.
№ 363-V