Жүктiң немесе багаждың сақталмауының себептерi туралы тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы немесе аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы бiржақты тәртiппен жасаған құжаттар (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт және өзге де құжаттар), дау туған жағдайда, жүк немесе багаж тасымалдаушының, жөнелтушiнiң не алушының жауапкершiлiгiне негiз болуы мүмкiн мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге соттың бағалауына жатады.
Егер тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде - аралас тасымалдар операторы және аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы жауап беретiн жүк немесе багаж сапасының бүлiнуі салдарынан мүлдем өзгерiп, ол тiкелей мақсатына қарай пайдаланыла алмайтындай болып қалса, жүктi немесе багажды алушы одан бас тартуға және оны жоғалтқаны үшiн өтем талап етуге құқылы.
Жүк немесе багаж жоғалған не толық жетіспеген жағдайларда - тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы - клиентке (жүк жөнелтушіге, жүк алушыға, жолаушыға, кемемен жалданушыға) және аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы - аралас тасымалдар операторына өтем төлей отырып, жоғалған жүктi немесе багажды тасымалдағаны үшiн ақыны қайтарып бередi.
Егер тiркелген багажды немесе жүктi тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде - аралас тасымалдар операторы және аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы жоғалды деп мойындаса немесе, егер осы багаж не жүк жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн жеті күн iшiнде межелі пунктке келiп жетпесе, олар жоғалды деп есептеледi.
Алайда, егер багаж немесе жүк көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп жеткен болса, жүк алушы жүктi қабылдауға және багажды немесе жүктi жоғалтқаны үшiн тасымалдаушы төлеген соманы қайтарып беруге құқылы, ал аралас тасымалдар кезінде багажды немесе жүктi жоғалтқаны үшiн соманы клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) - аралас тасымалдар операторына, аралас тасымалдар операторы - тасымалдаушыға қайтарып беруі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңдарында тасымалдаушы және аралас тасымалдарға қатысушылар жауапкершілігінің өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.»;
7) 17-1-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тасымалдаушыға, ал аралас тасымалдар кезінде - аралас тасымалдар операторына немесе аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушыға тасымалға байланысты дау жөнiнде талап қою берілгенге дейiн оған мiндеттi түрде кінәрат қойылады.»;
8) 18-бапта:
мынадай мазмұндағы екінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Аралас тасымалдар кезінде - аралас тасымалдар операторы және аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы жүктi аралас тасымалдар және аралас тасымал кезінде өзара іс-қимыл жасасу шарттарында белгіленген мерзімде межелі пунктке жеткізуге міндетті.»;
«Аралас тасымал кезінде жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы - аралас тасымалдар операторына, ал аралас тасымалдар операторы клиентке (жүк жөнелтушіге, жүк алушыға, жолаушыға, кемемен жалданушыға) кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымалдау үшiн төленген ақының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленген ақының елу пайызынан аспауға тиiс.»;
алтыншы, жетінші және оныншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде - аралас тасымалдар операторы мен аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы, егер жүктi немесе багажды жеткiзiп берудiң кешiктiрiлуi олардың кiнәсiнен болмаса, кешiктiру жауапкершiлiгiнен босатылады.
Тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы тасымалдың кiдiруiне байланысты, егер мұндай жағдай орын алған болса, багажды немесе жүктi жөнелтушiде немесе алушыда туындаған зиян үшiн жауаптылықта болады.»;
«Осы бапта көзделген зиянның мөлшерi және оларды айқындау тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн жүк және багаж тасымалдау қағидаларында және аралас тасымалдар қағидаларында белгiленедi.».
5. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №16, 214-құжат; 1999 ж., №19, 646-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; 2001 ж., №23, 309-құжат; 2002 ж., №23-24, 193-құжат; 2004 ж., №14, 82-құжат; №23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., №2, 17-құжат; №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №13, 87-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; №19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №11-12, 54-құжат; №13-14, 62-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 112-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №2, 9, 15-құжаттар; №3, 21-құжат; №4, 30-құжат; №11, 80-құжат; №12, 85-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 79, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 64-құжат; №14, 87-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат):
4-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) контейнерлермен жүктерді тасымалдау және бос контейнерлерді тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілерінің;».
6. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №17-18, 246-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №14, 89-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №16, 129-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №24, 146-құжат; 2011 ж., №5, 43-құжат; №15, 125-құжат; 2012 ж., №14, 92-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №8, 44-құжат; №10, 52-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі - Ұлттық оператор) - осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) ақылы қозғалысты ұйымдастыру - жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешендерін енгізу және орнату, сондай-ақ ақылы автомобиль жолын басқару арқылы ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алу жөніндегі іс-шаралар;»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары оларды салу, реконструкциялау, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін Ұлттық операторға сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.»;
3) 5-баптың 1, 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасында осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері, көпірлер, өткерме жолдар) салынуы мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) салынуы мен пайдаланылуын бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.»;
«3. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, Ұлттық оператордың тартқан қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен немесе концессия шарттарының негізінде салынуы мүмкін.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолы (жол учаскесі) ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық операторға, концессионерге сенімгерлік басқаруға беріледі.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша алынады.»;
«5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша, концессия шарты негізінде алынатын ақшаны қоспағанда, Ұлттық оператордың жеке шотында есепке алынады және мыналарға:
1) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға;
2) жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін енгізу және орнату мақсаты үшін тартылған инвестицияларды қайтаруға;
3) автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) ақылы қозғалысты ұйымдастыруға;
4) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) күтіп-ұстау үшін жол-пайдалану техникасын сатып алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарға бағытталатын шығыстар, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды өтеп болғаннан кейін жүріп өту үшін ақыдан алынған ақша есебінен өтеледі.»;
4) 5-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер:
1) автомобиль көлігінің барлық түрлеріне арналған І техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);
2) автомобиль көлігінің барлық түрлеріне не жүк автомобиль көлігіне ғана арналған ІІ техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);
3) жүк автомобиль көлігіне арналған ІІІ техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);
4) астананың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріне қатысты қабылдануы мүмкін.»;
5) 12-баптың 2-тармағында:
8-1) тармақша алып тасталсын;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
38) тармақшадағы «нормативтерін бекіту жатады.» деген сөздер «нормативтерін бекіту;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:
«39) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу, диагностикалау және паспорттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес автожол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жатады.»;
6) 13-баптың 1-1-тармағында:
6-1), 6-3), 6-5), 6-6) және 6-7) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-8) және 6-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-8) елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту;
6-9) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жалғасатын жолдарды салуды келісу;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарауына сондай-ақ:
1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы көшелерін (учаскелерін) пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың көшелерін (учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
3) ақылы жүріп өтудің енгізілуіне қарай республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы көшелерімен жүріп өту үшін ақы және мөлшерлемелер алу қағидаларын әзірлеу және бекіту жатады.»;
7) 15-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде авторлық қадағалауды - жобалау құжаттамасын әзірлеуші, өндірістік қадағалауды - жұмыстарды орындаушы және автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуді техникалық қадағалауды - тапсырыс беруші өз бетінше не ұйымдар мен тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.»;
8) 20-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту ақысын ақы алу пунктін кесіп өту кезінде төлеуді жүргізуге;»;
9) 25-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Автокөлік құралын пайдаланушы ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақы төлемеген жағдайда, берешек автокөлік құралының иесінен өндіріп алынады.»;
10) 29-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, оларда ақылы қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ жол сервисі объектілерін дамыту мақсаттарында Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мемлекеттік тапсырманы орындау және тартылған инвестициялар шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау сапасына Ұлттық оператор жауапты болады.»;
11) 30-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде не тартылған инвестициялар есебінен жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар, оның ішінде сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 3-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау;»;
«3-1) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаларды басқару;»;
«6-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, ақылы қозғалысты ұйымдастыру және жол сервисі объектілерін дамыту мақсаттары үшін инвестициялар тарту;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) автомобиль жолдарымен жүріп өтуге арнайы рұқсаты жоқ габариті ірі және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдары туралы ақпаратты есепке алу және автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну;»;
мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:
«9-3) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол сервисі объектілерін дамыту;».
7. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №23, 315-құжат; 2003 ж., №10, 54-құжат; 2004 ж., №18, 110-құжат; №23, 142-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №13, 87-құжат; №14, 89-құжат; №16, 99-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат):
1) 16-баптың 2-тармағында:
«халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы» деген сөздер «денсаулық сақтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тасымалдаушы пайдаланылатын жылжымалы құрамның техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы, денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
2) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
«40-1-бап. Жүктерді аралас тасымалдау
Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.»;
3) 7-тарау мынадай мазмұндағы 55-1-баппен толықтырылсын:
«55-1-бап. Алдын ала ақпараттың мәліметтерін ұсыну
Жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, экспедиторлар, кеден өкілдері не жүктің тасымалдануына байланысты көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға тартылатын өзге де тұлғалар мемлекеттік кіріс органдарын алдын ала хабардар етуді жүзеге асыру үшін тасымалдаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) халықаралық шартта белгіленген көлем мен мерзімдерде қажетті мәліметтерді ұсынуға міндетті.»;
4) 79-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жүктi жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткен әрбір тәулiгiне жолдың теміржол бөлігі үшін, егер тасымалдаушы мерзiмнiң өтiп кеткенi өзінің кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүк алушыға темiржол көлiгiмен тасымалдағаны үшiн тасымал төлемiнiң бес пайызы мөлшерiнде, бiрақ тасымал төлемiнiң елу пайызынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.»;
5) 87-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «сақталмаған жағдайларда жауапкершіліктен босатылады.» деген сөздер «сақталмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) тығыздап тиеу нәтижесiнде вагондардың, контейнерлердiң санын өтiнiмде көзделген мөлшерден аз пайдаланған жағдайларда жауаптылықтан босатылады.».
8. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №2, 16-құжат; 2004 ж., №20, 116-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №11, 36-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №18, 143-құжат; 2009 ж., №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №14, 95, 96-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №8, 45-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 54-1-баппен толықтырылсын:
«54-1-бап. Жүктерді аралас тасымалдау
Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.»;
2) 69-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Порттың теңiз әкiмшiлiгi аралас тасымалда немесе тiкелей теңiз қатынастарында және көлiктiң басқа түрлерiн ұйымдастыру кезiнде тасымалдау үшiн жүк қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу туралы жүктi жөнелтушiлерге дереу хабарлайды.»;
3) 234-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кiнәрат жүк тасымалдауды жүзеге асырған тасымалдаушыға және жүктi тасымалдау жүргiзiлмеген болса, теңiзде жүк тасымалдау шартына сәйкес оны жүзеге асыруға мiндеттi тасымалдаушыға қойылады.»;
4) 236-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жүктiң жоғалуынан және жетіспеуінен болған залалды өтеу туралы талаптар бойынша - жүк берiлуге тиiс болған күннен бастап бiр ай өткен соң;».
9. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №15, 134-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 19-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №16, 129-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №1-2, 1-құжат; №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №8, 44-құжат; №10, 52-құжат; №14, 87-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат):
40 және 52-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Жүктерді аралас тасымалдау
Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (бiрыңғай коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi тасымалдауға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.»;
«52-бап. Жүктердi жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылық
Тасымалдаушы жүктердi жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн, егер кешiктiру өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) кешiктiрiлген әрбiр тәулiк үшін тасымалдау төлемақысының бес пайызы мөлшерiнде, бiрақ тасымалдау төлемақысының елу пайызынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.».
10. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №15, 88-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №23, 141-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
1) 1-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) көлiк жүкқұжаты - тiкелей су қатынастарында жүк тасымалдау кезiнде ресiмделетiн тасымалдау құжаты;»;
2) мынадай мазмұндағы 56-1-баппен толықтырылсын:
«56-1-бап. Жүктерді аралас тасымалдау
Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (бiрыңғай коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi тасымалдауға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.»;
3) 82-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тасымалдау, оның iшiнде аралас тасымалдар және халықаралық қатынастарда тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тасымалдаушылардың өзара жауаптылығы осы Заңда, Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде, халықаралық шарттарда және жүк тасымалдаушылар арасындағы келiсiмдерде айқындалады.»;
4) 92-бап және 100-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
11. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №17-18, 113-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) авиациялық хаб - жолаушыларды, багажды, поштаны және жүктерді межелі орынға жеткізу үшін авиакомпаниялар аралық пункт ретінде пайдаланатын, тоғысатын рейстерді ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымы бар авиакөліктік тораптық әуежай;»;
2) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-62), 41-63), 41-64), 41-65), 41-66) және 41-67) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-62) Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында әуе көлігімен багажды, поштаны және жүктерді тасымалдау мен өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдерді бекітеді;
41-63) электрондық авиажүкқұжатының нысанын бекітеді;
41-64) әуе көлігімен багажды, поштаны және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекітеді;
11-тармақтың 2) тармақшасының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
41-65) аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтері аясында табиғи монополия салаларындағы реттеуді және бақылауды жүзеге асырады;
41-66) аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтері бойынша табиғи монополиялар салаларына табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы салалар шеңберінде реттелетіндерге жатқызу мәніне талдау жүргізеді және талдау қорытындылары бойынша табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару (енгізу) туралы ұсыныстар енгізеді;