4) пайдаланылатын ақпараттың жаңартылуы жəне бірнеше рет қайталануы негізінде көші-қон процестерін реттеудің ашықтығы;
5) мемлекеттің көшіп келудің əрқилы түрлерін реттеуге сараланған тəсілі.»;
3) 9-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:
«16-2) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес халықтың көші-қоны саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;»;
4) 28 жəне 41-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тəртібі
1. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза беру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындаған тəртіппен жүзеге асырылады.
2. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасында тұруға құқығы бар көшіп келушілерге, уақытша тұруға арналған рұқсаттардың берілуі солардың болуына байланысты болатын мəн-жайлардың (кəмелетке толуы, біріктіруді сұраған адамның қайтыс болуы, біріктіру жүргізуге негіз болған некенің бұзылуы немесе күшінің жойылуы) қолданылуы тоқтатылған жағдайларда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан кем емес мөлшерде отбасының əрбір мүшесін айына асырап-бағуға бұл үшін қажетті қаржылай қаражатының бар екендігі расталған жағдайда, ішкі істер органдары рұқсатты олардың өтініштері негізінде алты айға дейінгі кезеңге ұзартады.»;
«41-бап. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тарту, олардың келу жəне болу шарттары
1. Маусымдық шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес немесе жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттар негізінде халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган айқындайтын шарттарда жəне тəртіппен экономиканың жекелеген салаларына жұмысқа тартылады.
2. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартатын жұмыс берушілер оларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сəйкес санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық жəне басқа да міндетті талаптарға сай келетін уақытша тұрғын үй беруге міндетті.
3. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерге келуге арналған визаларды шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың негізінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері береді.
4. Қазақстан Республикасымен визасыз келу жəне болу тəртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген маусымдық шетелдік жұмыскерлерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары береді.
5. Маусымдық шетелдік жұмыскерлер:
1) кəмелеттік жаста болуға;
2) еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурулардың жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен талаптар сақтала отырып, тараптардың келісімінде айқындалған шарттарда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жəне шұғыл нысанда стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыруы болуға міндетті.»;
5) 42-бап алып тасталсын.
16. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 77-баптың 12-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қызметтегі міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) курсанттың, тыңдаушының жұбайына (зайыбына) төленетін ай сайынғы ақшалай төлем ол қайтадан некеге тұрған жағдайда тоқтатылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем оны алуға құқығы бар адам өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады.»;
2) 78-баптың 11-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қызметтегі міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің жұбайына (зайыбына) төленетін ай сайынғы ақшалай төлем ол қайтадан некеге тұрған жағдайда тоқтатылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем оны алуға құқығы бар адам өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады.»;
3) 84-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
4) 85-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы Заңның 77-бабы 12-тармағының, 78-бабы 11-тармағының күші қаза тапқан (қайтыс болған) курсанттардың, тыңдаушылар мен қызметкерлердің 2022 жылғы 1 қаңтарда жесір əйелдері (тұл ерлері) мен балалары болып табылған адамдарға да қолданылады.».
17. «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
17-тармағының 1) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 26-2) тармақшамен толықтырылсын:
«26-2) далалық төлемдер - əскери қызметшілерге (мерзімді əскери қызметтің əскери қызметшілерін, əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, əскери жиындарға шақырылған əскери міндеттілерді, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшілерді қоспағанда) бір тəуліктен астам далалық шығу, теңізге шығу, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысу кезеңінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер;»;
17-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 44-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Далалық төлемдер уəкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тəртіппен, тұрақты тұрғылықты жерінен тыс орналасқан жеріне қарамастан, далалық шығуда (арнаулы далалық жұмыстарды қоспағанда), теңізге шығуда болғаны үшін, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысқаны үшін іссапар шығыстары төленбестен, тəулігіне 1,2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.»;
17-тармағының 3) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Əскери қызметшілерді жəне олардың отбасы мүшелерін тұрғынжаймен қамтамасыз ету
Əскери қызметшілер (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерді, резервтегі əскери адамдарды, курсанттар мен кадеттерді, əскери жиындарға шақырылған əскери міндеттілерді қоспағанда) жəне олардың отбасы мүшелері əскери қызмет өткеру кезеңінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен бюджет қаражаты есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.»;
4) 52-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Əскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), келісімшарт бойынша əскери қызмет өткерген əскери қызметшінің, мерзімді қызметтің əскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамның, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда жəне дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындарда болған резервтегі əскери адамның жұбайына (зайыбына) төленетін ай сайынғы ақшалай төлем ол қайтадан некеге тұрған жағдайда тоқтатылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем оны алуға құқығы бар адам өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады.»;
5) 55-бапта:
17-тармағының 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй төлемдері тұрғынжайға мұқтаж, келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілерге (курсанттар мен кадеттерді, əскери жиындарға шақырылған əскери міндеттілерді, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда жəне дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындарда болған резервтегі əскери адамдарды қоспағанда) олардың баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін жəне əскери қызметшіні тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сəйкес жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Осы Заңның 52-бабы 4-тармағының күші қаза тапқан (қайтыс болған), келісімшарт бойынша əскери қызмет өткерген əскери қызметшілердің, мерзімді қызметтің əскери қызметшілерінің, курсанттардың, кадеттердің, əскери жиындарға шақырылған əскери міндеттілердің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда жəне дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындарда болған резервтегі əскери адамдардың 2022 жылғы 1 қаңтарда жесір əйелдері (тұл ерлері) мен балалары болып табылған адамдарға да қолданылады.».
18. «Жеке басты куəландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) жеке басты куəландыратын құжаттар саласындағы қатынастарды реттеу;
2) тұратын жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын сəйкестендіруді қамтамасыз ету;
3) халықты құжаттандыру жүйесін жетілдіру.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру саласындағы процестерді реттеу;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың халықты құжаттандыру саласындағы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік органдардың халықты құжаттандыру саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруы.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) міндеттілік;
3) адамның жəне азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
4) баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі;
5) шығу тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мəн-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеу;
6) адамның жəне азаматтың құқықтары мен міндеттерінің біртұтастығы;
7) қолжетімділік.»;
3) 26-бапта:
1) жəне 2) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) жəне 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) өз құзыреті шегінде жеке басты куəландыратын құжаттар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2-2) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, жеке басты куəландыратын құжаттар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;»;
3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасында жол жүрісінің жұмыс істеуінің жəне оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік басқару;
2) жол жүрісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыретін айқындау;
3) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылау;
4) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жəне жол-көлік оқиғаларының салдарын жоюға бағытталған қызметті басқару;
5) жолдардың қауіпсіздігін жəне өткізу қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті басқару;
6) көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті басқару;
7) көлік құралдарының жол жүрісіне қатысуына жəне адамдардың көлік құралдарын басқаруына рұқсат беруді жүзеге асыру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығының шаруашылық қызметтің экономикалық нəтижелерінен басымдығы;
2) жол жүрісі қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі үшін мемлекет жауапкершілігінің жол жүрісіне қатысушылардың жауапкершілігінен басымдығы;
3) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде жол жүрісіне қатысушылардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы;
4) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жүйелі көзқарас.»;
3) 10-бапта:
2), 7), 9), 11) жəне 12) тармақшалар алып тасталсын;
13) тармақшадағы «əзірлейді» деген сөз «денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əзірлейді жəне бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-1), 16) жəне 17) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 24-3) тармақшамен толықтырылсын:
«24-3) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жол жүрісі жəне оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;»;
4) 14-баптың 1-тармағында:
2) жəне 3) тармақшалардағы «, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктерінің, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «, шетелдіктермен, азаматтығы жоқ адамдармен, шетел компанияларының филиалдарымен жəне өкілдіктерімен, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалармен» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшада:
«, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктерінің, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың» деген сөздер алып тасталсын;
«өткізуді ұйымдастырады» деген сөздер «өткізуге жəрдемдеседі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 22-бапта:
1) жəне 2) тармақшалардағы «уəкілетті орган ведомствосының», «уəкілетті орган ведомствосы» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «уəкілетті орган ведомствосының мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметкерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) жəне 5) тармақшалардағы «уəкілетті органның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «уəкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметкерлері» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жəне олардың негізгі мақсаттары
1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан əрі - ішкі істер органдары) құқық қорғау органы болып табылады.
2. Адамның жəне азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекет мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғау, қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ішкі істер органдарының негізгі мақсаттары болып табылады.
3. Ішкі істер органдары өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде олардың қызметіне араласуға тыйым салынады.»;
2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
3) 5-баптың 8-4) жəне 9) тармақшалары алып тасталсын;
4) 7-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Əкімшілік полиция учаскелік полиция инспекторларының бөлімшелерінен, кəмелетке толмағандар істері жөніндегі, əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден, патрульдік полициядан, табиғатты қорғау полициясынан жəне құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тəртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден, азаматтық жəне қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау бөлімшелерінен, көші-қон полициясынан, айдауылдау қызметінен, арнаулы мекемелерден жəне қоғамдық тəртіпті сақтауды жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттері, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдары аумақтық полиция органдары болып табылады.»;
5) 8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «ішкі істер департаменттерінің» деген сөздер «полиция департаменттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 9-1-бап алып тасталсын;
7) 11-бапта:
1), 10), 14), 15), 16), 18), 19), 20), 21), 22), 24), 25), 26) жəне 26-1) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26-2) тармақшамен толықтырылсын:
«26-2) ішкі істер органдарының мақсаттары мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, ішкі істер органдары қызметінің мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;»;
8) 13-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 19-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
10) 22-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-тарауына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты жəне Ұлттық ұлан қызметінің негізгі қағидаттары
1. Ұлттық ұланның қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздерін жəне тəртібін, оның жалпы құрылымын, Ұлттық ұлан əскери қызметшілерінің өкілеттіктері мен құқықтық ережелерін айқындау осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Ұлттық ұланның қызметі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттары жəне құқық қорғау қызметінің арнаулы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады:
1) адамның жəне азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекет мүдделерін қылмыстық жəне өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғаудың міндеттілігі;
2) азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;
3) Ұлттық ұлан қатарында қызметті ұйымдастырудағы тəсілдердің біртұтастығы;
4) дара басшылық пен дəреже сатысы (бағыныстылық);
5) саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тəуелсіз болу.»;
3) 12-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) осы Заңның мақсатына, Ұлттық ұланның міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, Ұлттық ұлан қызметінің мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;»;
4) 27-бапта:
тақырып «жəне тұрғын үйге құқықтары» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғынжаймен қамтамасыз ету «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен жүргізіледі.»;
5) 28-бап алып тасталсын;
6) 30-баптың 1 жəне 5-тармақтары алып тасталсын.
22. «Дактилоскопиялық жəне геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырлсын:
«12-1) жеке басты верификациялау - жеке тұлғаның қол саусақтарының жəне (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлерінің оның дактилоскопиялық ақпаратымен сəйкес келуін тексеру арқылы жеке басты растау;»;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
3) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) еріктілік жəне міндеттілік;»;
4) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Дактилоскопиялық жəне геномдық тіркеудің негізгі міндеттері
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) дактилоскопиялық ақпарат негізінде көші-қон процестерін реттеуді қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонға қарсы күрес;
3) халықты құжаттандыру кезінде дактилоскопиялық тіркелуге жататын адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
4) дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге, қорғауға, биологиялық материалды іріктеуге және пайдалануға қойылатын негізгі талаптарды белгілеу;
5) дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы мемлекеттік реттеу;
6) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тергеп-тексеруді қамтамасыз ету;
7) дактилоскопиялық және геномдық тіркеу қызметін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету.»;
5) 7-баптың 1-тармағы 2) тармақшасындағы «шағым жасауға құқығы бар.» деген сөздер «шағым жасауға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинау, сақтау және пайдалану кезінде оның қорғалуына құқығы бар.»;
6) 9-баптың 3-тармағындағы «жедел-іздестіру, барлау, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бірлескен нормативтік құқықтық актілердің негізінде» деген сөздер «дактилоскопиялық және геномдық тіркеу жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 1-тарау мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу түрлері
Осы Заңға сәйкес ерікті немесе міндетті дактилоскопиялық және геномдық тіркеу жүргізіледі.»;
8) 10-бапта:
2-тармақтың 6) тармақшасындағы «Қазақстан» деген сөз «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне бармай, электрондық форматта берілетін визаларды қоспағанда, Қазақстан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары айқындайтын тәртіппен верификациялау» деген сөздер «дактилоскопиялық және геномдық тіркеу жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен жеке басты верификациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;
9) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Дактилоскопиялық тіркеуге жатпайтын адамдар
1. Он екі жасқа толмаған балалар:
1) дактилоскопиялық тіркеуден;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімдерінен өтуден босатылады.
2. Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу кезінде дактилоскопиялық тіркеуден өтуден өзаралық қағидат негізге алына отырып, мыналар босатылады:
1) шет мемлекеттердің, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың дипломаттық мәртебеге теңестірілген басшылары және олардың отбасы мүшелері;