Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған кезде əскери қызметшіге (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери қызметшісін қоспағанда) біржолғы тұрғын үй төлемдері əскери қызметке (үздіксіз қызметке) кірген соңғы күнінен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалады.
Бұл ретте осы тармақта көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдері:
1) ағымдағы тұрғын үй төлемдері бұрын жүзеге асырылған;
2) қызмет өткеретін əрбір жерінде соңғы бес жыл ішінде иеліктен шығару ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бұрын берілген немесе меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрған кезеңдер шегеріле отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды.
Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрған арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне немесе əскери қызметшіге осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған кезде біржолғы тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған кезеңдері үшін, бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің кезеңдері шегеріле отырып, ағымдағы тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері отбасы құрамының өзгеруі жəне тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеу кезеңдері ескеріле отырып, мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын оның ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сəйкес арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе əскери қызметші қызмет өткеріп жүрген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайластырылған тұрғынжайды жалға алу ақысының бір шаршы метрі құнының мөлшерін тұрғын үй төлемдерін алушының өзін қоса алғанда, отбасының əрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр есебімен алынған тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады.
Осы тармақтың күші арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне жəне əскери қызметшіге, егер олар не олардың жұбайы (зайыбы):
1) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
2) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы алса;
3) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса;
4) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттеме орындалмаған, сондай-ақ тұрғынжайды мұрагерлік бойынша алған жағдайды қоспағанда, осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы бар болса, қолданылмайды.
2. Тұрғын үй төлемдерін алушыға осы баптың 1-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжайға құқығы олар некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.
Егер арнаулы мемлекеттік органның қызметкері жəне əскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылса, осы баптың 1-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындау жүзеге асырылады.
Тұрғын үй төлемдерін алушыны жеке құрам тізімдерінен алып тастау берілген баянатына сəйкес оған төленбеген біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындауға жəне жүзеге асыруға кедергі болмайды.
Жеке құрам тізімдерінен алып тасталған Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 1-тармағының бірінші жəне бесінші бөліктерінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін тізімдерден алып тасталған күннен бастап тоқсан күн ішінде қызмет өткерген мемлекеттік мекемеге жүгінуге құқылы. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін жүгінген жағдайда мемлекеттік мекеме біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
3. Осы баптың 1-тармағының бірінші жəне бесінші бөліктерінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерінің сомасы тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша негізгі борыш сомасынан асатын жағдайларда көрсетілген төлемдер қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күнге сыйақы ескеріле отырып, негізгі борыш сомасынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
4. 2025 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелері бар əскери қызметшілер (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери қызметшілерін қоспағанда) қатарынан тұрғын үй төлемдерін алушыларға біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері осы баптың 3-тармағы ескерілмей айқындалады.
101-13-бап. Əскери қызметшілерге ақшалай өтемақы
2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеуде он жəне одан да көп жыл əскери қызметте болған, күнтізбелік есептеумен жиырма жəне одан да көп жыл əскери қызмет мерзімі бар жəне жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын əскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сəйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
Осы бапта көзделген ақшалай өтемақы, егер əскери қызметшінің не оның жұбайының (зайыбының):
1) тұрғынжайда елу пайыздан аз үлесінің болуын не тұрғынжайды мұрагерлік бойынша алуын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болса;
2) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
3) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы алса;
4) соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік (пайда болу) құқығында өзіне тиесілі тұрғынжайды иеліктен шығаруды жүргізсе, төленбейді.
Бұл ретте əскери қызметшіге осы баптың бірінші бөлігінде көзделген ақшалай өтемақы, егер оның тұрғынжайға құқығы олар некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай төленеді.
Ақшалай өтемақы мөлшері бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын оның ағымдағы жылдың қаңтар айындағы деректеріне сəйкес Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің құнын əскери қызметшінің өзін қоса алғанда, отбасының əрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр алаң есебімен тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады.
Ақшалай өтемақы төленген адамдар ақшалай өтемақы төленген күннен бастап үш айдан кешіктірмей, қызметтік тұрғынжайды белгіленген тəртіппен тапсырады.
101-14-бап. Жеке арнайы шот
1. Тұрғын үй төлемдерін алушы екінші деңгейдегі банкте бір ғана жеке арнайы шот ашады жəне оны пайдаланады.
2. Тұрғын үй төлемдері тоқтатылған жағдайда мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдері тоқтатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей мемлекеттік мекеменің банктік шотының деректемелерін көрсете отырып, екінші деңгейдегі банкке ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тоқтату туралы хабарлама хат жолдайды.
Тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй төлемдері тоқтатылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жеке арнайы шотын жабуды жəне тұрғын үй төлемдерінің қалған сомасын мемлекеттік мекеменің хабарлама хатында көрсетілген деректемелерге сəйкес мемлекеттік мекеменің банктік шотына аударуды өтініп екінші деңгейдегі банкке жүгінуге міндетті.
Тұрғын үй төлемдері тоқтатылған жəне жинақ шоты болған кезде тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі жинақтарды толықтыру мақсатында түскен тұрғын үй төлемдерінің сомаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен мемлекеттік мекеменің хабарлама хатында көрсетілген деректемелерге сəйкес кейіннен мемлекеттік мекеменің банктік шотына аудару үшін оларды жеке арнайы шотына аудару үшін екінші деңгейдегі банкке жүгінуге міндетті.
3. Қызметтен шығарылған құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші жеке арнайы жəне жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемдерін осы Заңның 101-5-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарға ғана пайдаланады.
101-15-бап. Кейбір тұрғын үй төлемдерін алушылар құқықтарының ерекшеліктері
1. Тұрғын үй төлемдерін алушы:
1) тұрғынжайды меншікке алу, оның ішінде төлемдерді бөліп төлеу немесе ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалану арқылы алу;
2) кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу;
3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу;
4) тұрғын үй жəне тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу;
5) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындағанға дейін ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдері осы Заңның 101-4-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші қызметтен шығарылған адамдарға қолданылмайды.
2. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе əскери қызметші не оның жұбайы (зайыбы) біржолғы тұрғын үй төлемдерін, ақшалай өтемақыны алған, тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған немесе тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемені орындаған жағдайларда, сондай-ақ оларда тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайға меншік құқықтары пайда болған жағдайда, тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеуге арналған ағымдағы тұрғын үй төлемдері 2025 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған кезде ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері осы Заңның 101-1-бабы 1-тармағы төртінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып қайта қаралуға жатады.»;
17) 107-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы Заңның 111-бабында (101-бабының 3, 4 немесе 4-1-тармақтарында, 109-бабының 2, 2-1 немесе 2-2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда) жəне 114-бабында көзделген негіздер туындаса;»;
18) 109-бапта:
2-1-тармақта:
бірінші жəне екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен он жəне одан көп жыл болған əскери қызметшілер немесе құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ əскери қызметтен, құқық қорғау органдарындағы қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар жекешелендіруге жататын, тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
Еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен жиырма жəне одан көп жыл болған əскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ əскери қызметтен, құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар жекешелендіруге жататын, тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды өтеусіз жекешелендіруге құқылы.»;
үшінші бөліктегі «арнаулы мемлекеттік органдардағы» деген сөздер «құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Əскери қызметші немесе құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оның отбасы мүшелерінің осы Заңда белгіленген тəртіппен қызметтік тұрғынжай алуға жəне оны өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.»;
4-тармақтағы «2 немесе 2-1-тармақтарында» деген сөздер «2, 2-1 немесе 2-2-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 111-баптың 1-1-тармағындағы «арнаулы мемлекеттік органдардағы» деген сөздер «құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 112-баптың бірінші бөлігіндегі «(курсанттар, аспиранттар)» деген сөздер «(курсанттар, кадеттер, аспиранттар, тыңдаушылар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) мынадай мазмұндағы 122-баппен толықтырылсын:
«122-бап. Прокуратура органдарының, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің жəне азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктері
Осы Заңның 13-1-тарауының тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктері бөлігіндегі күші 2025 жылғы 1 шілдеден бастап прокуратура органдарының, экономикалық тергеу қызметінің жəне азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылады.».
4. «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар жəне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспедегі «наркологиялық жəрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық жəне мемлекет қауіпсіздігін қорғау мақсатында» деген сөздер алып тасталсын;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Азаматтардың денсаулығын сақтау, есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымы саласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылды ұйымдастыру осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Осы Заңның мақсаттарына қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:
1) есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылау;
2) есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын жəне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылды мемлекеттік реттеу;
3) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті лицензиялау;
4) мемлекеттік жəне өзге де органдардың қызметін ведомствоаралық жəне ведомствоішілік үйлестіру;
5) есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымының жəне олардың теріс пайдаланылуының жолын кесуге бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен жүргізу міндеттерін кешенді түрде шешу;
6) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну жəне сонымен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасын қамтамасыз ету;
7) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну жəне сонымен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасы үшін əлеуметтік базаны кеңейту, оның ішінде қоғамдық, діни, халықаралық жəне басқа да ұйымдар мен азаматтарды ерікті негізде тарту арқылы кеңейту;
8) есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылау, олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
3. Осы Заң мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) адамның жəне азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, өмір мен денсаулықты қорғау басымдығын қамтамасыз ету;
2) заңдылықты сақтау;
3) Қазақстан Республикасының есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар жəне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы;
4) есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласында насихатқа тыйым салу жəне жарнаманы шектеу.»;
4) 5-баптың 3-тармағында:
6), 19) жəне 22) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;»;
5) 22-бап мынадай мазмұндағы 5, 6 жəне 7-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Есірткі жəне психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркəсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сұрыптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті органның есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен, денсаулық сақтау жəне өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органдармен келісілген ұсынысы бойынша айқындайды.
6. Есірткі жəне психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркəсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігіндегі тетрагидроканнабинолды өсіру шарттарына жəне оның жол берілетін құрамын айқындауға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті органның есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен, денсаулық сақтау жəне өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органдармен келісілген ұсынысы бойынша белгілейді.
7. Есірткі жəне психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркəсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сұрыптарын өнеркəсіптік қайта өңдеу тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның агроөнеркəсіптік кешенді дамыту жəне денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органдармен келісілген ұсынысы бойынша айқындайды.».
5. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспенің бірінші бөлігіндегі «жəне азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған орта объектілерін, ресурстарды күзетуге, қылмысқа жəне қарудың заңсыз таратылуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастықты дамытуға бағытталған» деген сөздер алып тасталсын;
2) 2-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымына мемлекеттік бақылауды белгілеу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған орта объектілерін, табиғи ресурстарды күзету, қылмыстылыққа жəне қарудың заңсыз таралуына қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты дамыту осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қару айналымына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру осы Заңның негізгі міндеттері болып табылады.
3. Осы Заң мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) азаматтар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін қамтамасыз ету.»;
4) 29-баптың 1-тармағында:
7) жəне 8) тармақшалар «əзірлейді» деген сөзден кейін «жəне бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын;
8-2) жəне 8-6) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-7) тармақшамен толықтырылсын:
«8-7) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;».
6. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тəртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде жəне арнаулы үй-жайларда ұсталатын адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету жəне мұндай адамдардың соларда ұсталуының заңдылығын қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
Адамдарды арнаулы мекемелерде жəне арнаулы үй-жайларда ұстау қылмыстық жазаларды, қылмыстық-процестік мəжбүрлеу шараларын, əкімшілік жазаны орындау, əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету жəне азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады жəне арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тəн азабын немесе рухани азап шектіру мақсатындағы əрекеттермен ұштаспауға тиіс.
2. Адамдарды арнаулы мекемелерде жəне арнаулы үй-жайларда ұстау тəртібі мен шарттарын айқындау, олардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету осы Заңның негізгі міндеттері болып табылады.
3. Осы Заң мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі;
3) ізгілік;
4) жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу.»;
2) 2-бапта:
8) тармақша «мүмкін болмаған кезде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 46-6-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда əкімшілік қамауға алынған адамдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) күзетпен ұстау - сот санкциясымен адамдарды уақытша ұстау изоляторында, тергеу изоляторында немесе гауптвахтада Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақытша оқшаулау;»;
3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Қазақстан Республикасының адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тəртібі мен шарттары туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тəртібі мен шарттары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
4) 3 жəне 4-баптар алып тасталсын;
5) 5-баптың 3) тармақшасы «арнаулы қабылдау орындарына» деген сөздерден кейін «жəне қабылдау-бөлу орындарына» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 7-бап алып тасталсын;
7) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Арнаулы мекемелердің жəне арнаулы үй-жайлардың құқықтық мəртебесі
1. Тергеу изоляторлары заңды тұлға құқықтарына ие болады.
Олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады жəне таратылады.