74) 107-бапта:
тақырып «тізімдерін» деген сөзден кейін «, кандидаттарды» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн партиялық тізімдердің, кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың екеуден аз партиялық тізімі не екеуден аз кандидат қалса, тиісті сайлау комиссиясы өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиіс.»;
2-тармақ «тізімдерін» деген сөзден кейін «, кандидаттарды» деген сөзбен толықтырылсын;
75) 108-бапта:
1-тармақ:
«қаладағы аудандық» деген сөздерден кейін «, округтік» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Округтік сайлау комиссиялары сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелері жөніндегі хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жібереді.»;
2-тармақтағы «учаскелiк» деген сөз «округтік» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі «қаладағы аудандық» деген сөздерден кейін «, округтік» деген сөзбен толықтырылсын;
76) мынадай мазмұндағы 109-1-баппен толықтырылсын:
«109-1-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру
1. Егер сайлау бюллетенiне мәслихат депутаттығына екеуден көп кандидат енгiзiлген болса және олардың бiрде-бiрi сайланбаса, округтiк сайлау комиссиясы ең көп дауыс санын алған екi кандидат бойынша депутатты сайлау жөніндегі қайта дауыс беруді тағайындайды. Егер кандидатуралардың шығып қалуы нәтижесiнде бiр кандидат қалса, онда оның кандидатурасы бойынша қайта дауыс беру өткiзiлмейді және ол сайланды деп есептеледі.
2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып, бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткізіледі. Қайта дауыс берудi өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.»;
77) 112-бапта:
1-тармақтағы «аумақтық» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақта:
«(қалалық)» деген сөзден кейін «, округтік» деген сөзбен толықтырылсын;
«саяси партия» деген сөздерден кейін «, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттарды ұсынған саяси партия, қоғамдық бірлестік және кандидаттың өзі» деген сөздермен толықтырылсын;
78) 113-бапта:
тақырыптағы «депутаттарын кезектен тыс сайлауды» деген сөздер «депутаттарын кезектен тыс сайлауды және шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау» деген сөздер «Мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды және шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мәслихат өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына бір жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткізілмейді.»;
79) 13-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1-тарау. Әкімді сайлау
113-1-бап. Әкім сайлауды тағайындау
1. Сайлау тағайындауға мыналар негіз болып табылады:
1) әкімнің заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімінің аяқталуы;
2) заңда белгіленген жағдайларда, әкім өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуы, шекараларының өзгеруі (қосылуы, бөлініп шығуы немесе бөлінуі).
Әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекарасы өзгерген (қосылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) кезде сайлау жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікте ғана тағайындалады.
2. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде алпыс күн бұрын тағайындайды. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды.
Әкімді сайлау осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оның заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс.
3. Әкімді сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекаралары өзгерген (қосылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды және тағайындалған күнінен бастап аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі үшін - елу күн ішінде, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі үшін қырық күн ішінде өткізіледі.
4. Сайлау болатын күн туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
113-2-бап. Әкімге қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының азаматы әкім болып сайлану үшін осы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тиісті аумақтық сайлау комиссиясы ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Әкім болуға кандидат Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін тиісті аумақтық сайлау комиссиясына қажетті құжаттарды ұсынады, оның тізбесін Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
113-3-бап. Әкім болуға кандидатты ұсыну
1. Әкім болуға кандидатты ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар - өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім жүргізеді.
Саяси партия бір сайлау округінде тек бір кандидат ұсынуға құқылы.
2. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының әкім болуға кандидатты ұсыну туралы шешімі хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.
3. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;
2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге тиісті аумақтық сайлау комиссиясына әкім болуға кандидатты ұсыну туралы хаттамадан үзінді көшірмемен бір мезгілде жіберіледі.
4. Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.
5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізілетін күнге отыз күн қалғанда және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
6. Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге әкім болуға екеуден аз кандидат ұсынылса, онда тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін үш күннен аспайтын мерзімге ұзартады.
Бұл ретте, ұсынылған кандидаттар болмаған не ұсыну мерзімі аяқталатын күнге бір кандидат ұсынылған жағдайда, жоғары тұрған әкім тиісінше екі не бір кандидатты ұсынуға құқылы.
113-4-бап. Әкім болуға кандидатты қолдап қол жинау
1. Әкім болуға кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, тиісті сайлау округінің дауыс беруге құқығы бар сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз даусымен қолдау табуға тиіс.
2. Сайлаушылардың қолдауы олардың қолын жинаумен куәландырылады.
3. Кандидатты қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың осы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде, тиісті аумақтық сайлау комиссиясы беретін қол қою парақтарымен ресімделеді.
4. Қол қою парақтары тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тіркеу кезеңі аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.
5. Әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болуға және онда кандидат пен қол жинайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), кандидаттың жеке қолы, сондай-ақ өз қолын қоятын сайлаушылар туралы мынадай мәліметтер қамтылған бағандар болуға тиіс:
1) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
2) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы;
3) туған күні, айы және жылы;
4) тұрғылықты жерінің мекенжайы;
5) жеке қолы.
6. Қол жинайтын адам қол жинау кезінде тиісті қол қою парағында жеке қолы тұратын кандидаттың сенім білдірілген адамын тіркеу туралы куәліктің көшірмесін көрсетуге тиіс.
7. Қол қою парағының үлгісін Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.
8. Толтырылған қол қою парақтары тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол үш күн мерзімде құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, жиналған қолдардың дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және тиісті хаттаманы ресімдейді.
9. Қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру осы баптың 1-тармағына сәйкес әкім болуға кандидатқа қажеттi көлемдегі қолдардың дұрыстығы анықталғанға дейiн жүргізiледi.
113-5-бап. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу
1. Кандидаттарды тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
2. Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына сайлау жарнасын:
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болуға кандидаттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде енгізеді.
Кандидатты ұсынған саяси партия өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына әрбір ұсынылған кандидат үшін сайлау жарнасын:
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болуға кандидаттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде енгізеді.
Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат әкім болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және жергілікті бюджет кірісіне айналдырылады.
3. Тіркелгенге дейін кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда, ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын мемлекеттік кірістер органдары кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде тексереді.
Бұл ретте, кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерді ұсынуы туралы мемлекеттік кірістер органдарының талабын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап үш күн ішінде беруге міндетті.
4. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы құжаттар тіркеуге келіп түскен кезден бастап кандидаттың құжаттарын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеру жүргізу үшін жібереді.
Арнайы тексерудің нәтижелерін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары аудандық (қалалық) сайлау комиссиясынан құжаттарды алған кезден бастап отыз күн ішінде аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынады.
Бұл ретте, арнайы тексеру барысында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының мәліметтерді ұсыну туралы талабын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап үш күн ішінде беруге міндетті.
5. Саяси партия ұсынған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:
1) саяси партияны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, осы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы отырысының кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;
2) азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамалары;
5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;
6) адамның саяси партияға мүшелігін растайтын құжат;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар.
6. Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:
1) азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік сайлаушыларының кандидатты қолдап қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы;
3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамалары;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар.
7. Жоғары тұрған әкім осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен ұсынған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:
1) жоғары тұрған әкімнің ұсынуы;
2) азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамалары;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар.
8. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеу туралы хаттама жасайды.
9. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмыс түрін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерінің мекенжайын, ұсынылу тәсілін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның саяси партияға қатыстылығы мен қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркеу туралы хабар жариялайды.
10. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәлік береді.
11. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы:
1) кандидат ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбаған;
2) кандидат осы Конституциялық заңмен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
3) кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;
4) кандидат, сондай-ақ кандидатты ұсынатын саяси партия тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін сайлау алдындағы үгітті жүргізген;
5) сот кандидаттың және (немесе) оның сенім білдірген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін анықтаған;
6) сот кандидаттың және оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
7) арнайы тексерудің теріс нәтижелері алынған жағдайларда;
8) осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда, кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
12. Дауыс беру күніне екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.
13. Кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға кандидаттарды ұсынған саяси партия, жоғары тұрған әкім немесе кандидат үш күн мерзімде тиісті облыстық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасай алады. Шағым бойынша шешімді сот немесе жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясы шағым берілген күннен бастап үш күн мерзімде шығарады.
14. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидатты тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өткізілетін күнге жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
113-6-бап. Әкім болуға кандидатураны алып тастау, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою
1. Әкім болуға кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, тіркелген күннен бастап және дауыс беру күніне екі күн қалған кезеңде өз кандидатурасын алып тастай алады, бұл туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Саяси партия немесе жоғары тұрған әкім ұсынған әкім болуға кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беру күніне екі күн қалған кезеңде өз кандидатурасын алып тастай алады, бұл туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді және кандидатты ұсынған саяси партияның тиісті филиалын (өкілдігін) немесе жоғары тұрған әкімді хабардар етеді.
2. Кандидатты ұсынған саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы немесе жоғары тұрған әкім тіркеуге екі күн қалғанда кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады, бұл туралы кандидатқа хабарлайды және кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жібереді, ол осының негізінде кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
113-7-бап. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін ұсыну
1. Егер кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күнге әкім болуға екеуден аз кандидат тіркелген жағдайда, тиісті аумақтық сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспауға тиіс.
2. Егер тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде тиісті сайлау округі бойынша әкім болуға екеуден аз кандидат қалған жағдайда, тиісті аумақтық сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспауға тиіс.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген жағдайларда, кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.
113-8-бап. Әкімді сайлау кезінде дауыстарды санау
1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жеткізіледі.
2. Дауыстарды санау нәтижесін айқындауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.
113-9-бап. Әкімді қайталама сайлау
1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса, аумақтық сайлау комиссиясы қайталама сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.
2. Егер кандидаттар ең көп бірдей дауыс санын жинаса, аумақтық сайлау комиссиясы қайталама сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.
3. Қайталама сайлау бастапқы сайлаудан кейін бір ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Дауыс беру сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сайлаушылардың сол тізімі бойынша жүргізіледі.
Қайталама сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңға сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы айқындайтын мерзімдерде өткізіледі.
113-10-бап. Әкімді сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау
1. Сайлау қорытындылары учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде тиісті аумақтық сайлау комиссиясының отырысында сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей анықталады.
Сайлау қорытындылары туралы хаттама жасалады, оған тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.
2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың басқа кандидаттармен салыстырғанда ең көп дауыс санын жинаған кандидат әкім болып сайланды деп есептеледі.
3. Сайлау қорытындыларын анықтау мен жариялаудың өзге де мәселелері осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.
113-11-бап. Әкімді тіркеу
1. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімдерді учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде тіркейді.
2. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау кезінде не сайлау нәтижелерін айқындау кезінде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, учаскелік сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың жолданымдары бойынша әкімді сайлауды жарамсыз деп тани алады және әкімді тіркеуден бас тарта алады. Бұл ретте, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының осы шешіміне кандидаттар шешім қабылданған күнінен бастап бес күн ішінде сотқа не жоғары тұрған сайлау комиссиясына шағым жасай алады, олар бес күн мерзімде шешім қабылдайды.»;
1-тармақтың 80) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
80) мынадай мазмұндағы 13-2-тараумен толықтырылсын:
«13-2-тарау. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын кері шақырып алу
113-12-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау
1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу үшін бастама жасауға сайлаушылардың сенімін жоғалту, оның ішінде сайлау алдындағы бағдарламаны орындамауға байланысты сенімін жоғалту негіз болып табылады.
2. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау депутат жұмыс істеген бірінші жыл және соңғы жыл ішінде қолданыла алмайды.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға қайта бастама жасауды депутаттың мандаты сақталатын, дауыс беру қорытындылары жарияланған кезден бастап бір жыл өткенге дейін қолдануға болмайды.
3. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау құқығы тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушыларына тиесілі.
113-13-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау және бастамашы топты қалыптастыру тәртібі
1. Тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушысы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу туралы өтінішпен тиісті аумақтық сайлау комиссиясына осындай кері шақырып алуға бастама жасау негіздерін баяндай отырып, жүгінеді.
2. Сайлау комиссиясы өтінішті осы Конституциялық заңның 113-14-бабының және осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарап шығып, бастамашыны және жоғары тұрған комиссияны өтінішті тіркеу не тіркеуден бас тарту туралы үш күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Өтінішті тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде бас тарту бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.
3. Аумақтық сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша қол жинау үшін қол қою парақтарын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, олардың нысанын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.
113-14-бап. Қол жинау тәртібі мен мерзімдері
1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу үшін азаматтардың қолын жинауды бастамашы тиісті аумақтық сайлау комиссиясында өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұйымдастырады.
2. Қол жинау мерзімі аяқталғаннан кейін:
1) қойылған қолдар саны тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының он пайызынан астам болған кезде бастамашы қол қою парақтарын тиісті сайлау комиссиясына ұсынады;