2) қойылған қолдар саны тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының он пайызына жетпеген не тиісті сайлау комиссияларына қол қою парақтары ұсынылмаған кезде тиісті сайлау комиссиясы қол қою парақтарын жарамсыз деп тану, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу жөніндегі қызметті тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Тиісті сайлау комиссиялары құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, қол қою парақтарындағы осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі азаматтары қолының және тұрғылықты жерінің дұрыстығын он күн ішінде тексереді.
3. Әрбір азамат қол қою парағына тек бір рет қана қол қоюға құқылы. Азаматтың қолы оның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тіркеу орны, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері және параққа қол қою күні толық көрсетіле отырып толықтырылады.
4. Белгіленбеген үлгідегі қол қою парақтары жарамсыз болып табылады.
Осы баптың талаптары бұзыла отырып толтырылған қол қою парақтары дауыстарды санау кезінде есепке алынбайды.
113-15-бап. Дауыс беруді өткізу тәртібі мен мерзімдері
1. Тиісті сайлау комиссиясы ұсынылған қол қою парақтары осы Конституциялық заңның 113-14-бабының талаптарына сәйкес келген кезде дұрыстығын тексеру мерзімі өткен соң бір күннен кешіктірмей, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.
2. Тиісті сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатқа оны кері шақырып алу бойынша дауыс беруді өткізу туралы хабарлама жібереді.
3. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беру - дауыс беруді тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
4. Тиісті сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылданған кезден бастап бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатқа және оны кері шақырып алу бастамашысына:
бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутатын кері шақырып алуға қатысты үгіт жүргізу құқығын - күнтізбелік бес күн ішінде;
бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алуға қатысты үгіт жүргізу құқығын күнтізбелік үш күн ішінде береді.
113-16-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беру тәртібі
1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу дауыс беруді өткізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Дауыс беру осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, депутаттарды сайлау сияқты тәртіппен өткізіледі.
3. Егер дауыс беруге тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округі сайлаушыларының кемінде үштен бірі қатысса, дауыс беру өткізілді деп есептеледі.
4. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамы оны кері шақырып алуға дауыс берсе, кері шақырып алынған болып есептеледі.
5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің немесе мәслихаттың депутатын кері шақырып алу бойынша дауыс беру қорытындылары тиісінше Орталық немесе аумақтық сайлау комиссиясының отырысында шығарылады, хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелері қол қояды.
Сайлау комиссиясының бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу туралы ресми хабары дауыс беру өткізілген күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
6. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат кері шақырылып алынған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңның ережелеріне сәйкес депутаттарды сайлауды тағайындайды.»;
81) 133-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Конституциялық заңның 113-1-бабы 1 және 2-тармақтарының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Сайлау тағайындауға мыналар негіз болып табылады:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің заңда белгіленген өкілеттіктер мерзімінің аяқталуы;
2) пилоттық өңірлердің тізбесін және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәслихаттың шешімі;
3) заңда белгіленген жағдайларда, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуы, шекараларының өзгеруі (қосылуы, бөлініп шығуы немесе бөлінуі).
Әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекарасы өзгерген (қосылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) кезде сайлау жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікте ғана тағайындалады.
2. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттың шешімімен белгіленген, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізетін күнге дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды.
Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлау осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мәслихаттың шешімімен белгіленген күні өткізілуге тиіс.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оның заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс.».
2. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
2-тармақтың 1) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
1) 4-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды.
4. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады.
Алпыс тоғыз депутат - біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер бойынша саяси партиялардан, жиырма тоғызы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша жасырын дауыс беру кезінде жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде сайланады.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
2) 8-баптың 2-тармағындағы «Хатшысы» деген сөз «кеңесші» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
3) 9-баптың 5-тармағының 6) тармақшасында:
«Кеңестің екі мүшесінің» деген сөздер «Соттың үш судьясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» деген сөздер «Жоғары аудиторлық палатаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «заңдардың жобаларын және Парламент пен оның Палаталарының өзге де шешiмдерiн» деген сөздер «Парламент пен оның Палаталарының отырыстарында мәселелерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 15-бапта:
3-тармақтағы «заң актiлерiнiң жобалары» деген сөздер «заңнамалық актiлердiң жобалары осы баптың 3-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Парламент Палаталарының бірлескен отырысында заң жобаларын қарау тәртібі Парламент Регламентінде айқындалады.»;
6) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген заң жобалары Парламентке енгізілген жағдайда, Республика Үкіметі осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілерді өз жауапкершілігімен қабылдауға құқылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін қолданылады.»;
7) 17-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «Парламент Палаталарының регламенттерінде» деген сөздер «Парламенттің және оның Палаталарының регламенттерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Республика Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауына жатады.»;
8) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Заңдарды қабылдау
1. Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған заң Сенатқа беріледі, ол онда алпыс күннен асырмай қаралады.
Мәжіліс заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен тұтастай қабылдамауға құқылы. Бас тартылған заң жобасы қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.
Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда заң Мәжіліске қайтарылады. Бұл ретте Сенат Мәжіліске заңның жекелеген баптарының жаңа редакциясын ұсынуға құқылы.
Егер Сенат алпыс күннің ішінде тиісті шешім қабылдамаса, заң Президенттің қол қоюына беріледі.
2. Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, Мәжіліс заңды жаңа редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледі және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.
Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына сол көпшілік дауыспен қарсылық білдірсе, сондай-ақ егер Сенат заңды тұтастай мақұлдамаса, Палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Заңның келісу комиссиясы тұжырымдаған редакциясы осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен Мәжілістің және Сенаттың қарауына жатады.
Мәжіліс келісу комиссиясы ұсынған редакциядағы заңды Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылдамаған жағдайларда, Мәжіліс бұрын қабылданған редакциядағы заң бойынша қайтадан дауысқа салуды жүргізеді.
Егер қайтадан дауысқа салу кезінде Мәжіліс Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растаса, заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.
Егер заң Мәжіліс депутаттарының көрсетілген көпшілік даусын алмаса, заң қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.
3. Үкiмет енгiзген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға құқылы. Бұл мәселе бойынша дауысқа салу сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған кезден бастап кемінде қырық сегiз сағаттан соң өткiзiледi. Егер сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс әр Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкiмет бұл құқықты жылына екi реттен артық пайдалана алмайды.
«Жыл» деген уақыт кезеңі деп осы тармаққа қатысты алғанда ағымдағы жылды (1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығы) түсінген жөн.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар, конституциялық заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен енгізілген заңдардың жобалары Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында қаралады.»;
9) 19-баптың 2-тармағындағы «Сенаты» деген сөз алып тасталсын;
10) 20-бапта:
2-тармақтағы «заң бойынша Парламент бұрын қабылдаған шешімді растамайтын болса», «заң бойынша бұрын қабылданған шешімді растайтын болса» деген сөздер тиісінше «Президенттің қарсылығын еңсермесе», «Президенттің қарсылығын еңсерсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер Республика Президентінің қарсылығы Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға енгізілген болса, онда Парламент қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде Палаталардың бірлескен отырысында Республика Президентінің қарсылығын туғызған конституциялық заңдар немесе конституциялық заңның баптары бойынша қайта талқылау мен дауысқа салуды жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттары жалпы санының төрттен үш көпшілік даусымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, конституциялық заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.»;
2-тармақтың 11) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
11) 22-баптың 1 және 2-1-тармақтарындағы «Ұлттық Банк Төрағасын», «Ұлттық Банкі Төрағасын» деген сөздер тиісінше «Конституциялық Соты Төрағасын, Ұлттық Банкі Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын», «Конституциялық Соты Төрағасын, Ұлттық Банкі Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 12) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
12) 23-1-баптың 1-тармағында:
«Конституциялық Кеңестің екі мүшесін» деген сөздер «Конституциялық Соттың үш судьясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» деген сөздер «Жоғары аудиторлық палатаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 24-баптың 4 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Партиялық тізім бойынша сайланған Парламент Мәжілісі депутаты саяси партияның басшы органының шешімімен кері шақырылып алынған жағдайда, оның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.»;
2-тармақтың 13) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтары 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
«7. Парламент Мәжілісінің депутаты өз мандатынан:
1) конституциялық заңға сәйкес өзі партиялық тізім негізінде сайланған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес өзі партиялық тізім негізінде сайланған саяси партия қызметін тоқтатқан;
3) бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты сайлаушылар конституциялық заңда айқындалған тәртіппен кері шақырып алған кезде айырылады.»;
2-тармақтың 14) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
14) 27-бапта:
2-тармақтағы «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасы мен мүшелерiне» деген сөздер «Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы мен мүшелеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң» деген сөздер «Жоғары аудиторлық палатаның» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
3-тармақтың 1) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
1) 3-баптың 2) тармақшасы «қағидаттарын» деген сөзден кейін «, Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды деген ережені» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 14-баптың 7-тармағындағы «паспорт қызметінің қызметшілерін» деген сөздер «құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 28-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
4) белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, оларда сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн болмаған бюллетеньдер жарамсыз бюллетеньдер деп танылады.»;
4) 32-бапта:
тақырыптағы «Кеңесiнiң» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
1, 2 және 3-тармақтардағы «Кеңес», «Кеңеске» деген сөздер тиісінше «Сот», «Сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
4. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
1) 10-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында заң жобалары Парламентке енгізілген жағдайда, Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулыларын Республика Үкіметі өз жауапкершілігімен қабылдауға құқылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін қолданыста болады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулылары Үкімет мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен қабылданады.»;
4-тармақ «қабылданған» деген сөзден кейін «Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулыларының,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулылары «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ Республика Үкіметінің актілерінде айқындалатын тәртіппен әзірленеді және қабылданады.»;
2) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «Кеңеспен» деген сөз «Сотпен» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 22-баптың 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Ведомстволар, департаменттер және басқармалар министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Үкімет құрамына кіретін құқық қорғау органдары үшін, мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ескеріле отырып, қызметтер құруға жол беріледі.
Министрліктің құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді министр бекітеді.
Министрлік қызметтерінің, департаменттері мен басқармаларының жиынтығы оның аппараты болып табылады.».
5. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
1) 3-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігінде:
«Конституциялық Кеңес мүшелерінің» деген сөздер «Конституциялық Сот судьяларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
«бұрынғы Президенттерінің» деген сөздер «экс-Президенттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
2) 4-бапта:
1 және 1-1-тармақтардағы «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтың 3) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.
Президент ант берген кезден бастап он күн ішінде саяси партиядан шығуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқылы емес.
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік саяси қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаратын жақын туыстары Қазақстан Республикасының Президенті ант берген кезден бастап бір ай ішінде отставкаға беруге не атқаратын лауазымын босатуға тиіс.
Осы тармақтың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары деп: ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері, сондай-ақ жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары, балаларының жұбайы (зайыбы), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) балалары түсініледі.»;
5-тармақтың 4) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
4) 9-бапта:
2) тармақшадағы «Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын тағайындайды» деген сөздер «Сенаттың он депутатын тағайындайды, олардың бесеуі Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшада:
«Сенаты» деген сөз алып тасталсын;
«Конституцияның» деген сөзден кейін «53-бабының 1-2) тармақшасында және» деген сөздермен толықтырылсын;
«бұрын қабылданған шешімді растайтын болса» деген сөздер «Президенттің қарсылығын еңсерсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 5) тармақшасының бірінші - бесінші абзацтары 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
5) 11-бапта:
тақырыптағы «Кеңеске» деген сөз «Сотқа» деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен екi мүшесiн» деген сөздер «Парламент Сенатының келісімімен Конституциялық Соттың Төрағасын және Конституциялық Соттың төрт судьясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Конституциялық Сот судьяларының арасынан Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын тағайындайды;»;
2) тармақшадағы «Кеңеске» деген сөз «Сотқа» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтың 6) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
6) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Республика Президентiнiң Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына қатысты өкілеттіктері
Республика Президентi:
1) Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзiмге лауазымға тағайындайды, оларды лауазымынан мерзiмiнен бұрын босатуға құқылы;
2) Жоғары аудиторлық палата туралы ереженi бекiтедi;
3) тоқсанына кемiнде бiр рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының жұмысы туралы ақпаратын тыңдайды.»;
5-тармақтың 7) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
7) 17-бапта:
1) тармақшадағы «тиісінше облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының» деген сөздер «тиісінше облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өз қалауы бойынша, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне тиісті мәслихаттар өз депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сенімсіздік білдірген жағдайда, оларды лауазымынан босатуға құқылы.»;
8) 19-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
5-тармақтың 8) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
7) тармақшадағы «Республика Мемлекеттiк хатшысын» деген сөздер «Республиканың Мемлекеттiк кеңесшісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) Парламент Сенатының келісімімен Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын тағайындайды;»;
5-тармақтың 9) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
9) 33-бапта:
1-тармақтағы «Жоғары Сот Кеңесі,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
1) және 2) тармақшадағы «, Жоғары Сот Кеңесінің» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының есептерін» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың 10) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
10) 34-бапта:
тақырыптағы «бұрынғы Президенттерiнiң» деген сөздер «экс-Президенттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын.
6-тармақ 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
6. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Жоғары Сот Кеңесі
Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі, құрамын қалыптастыру тәртібі және жұмысын ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.».
7-тармақ 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына: