саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), олар ұсынған кандидаттар, өзін-өзі ұсынған кандидаттар, сондай-ақ сенім білдірілген адамдар тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін сайлау алдындағы үгітті жүргізген;
сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), кандидаттың және (немесе) сенім білдірілген адамдардың басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін анықтаған;
сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), олар ұсынған кандидаттардың, өзін-өзі ұсынған кандидаттардың, сондай-ақ сенім білдірілген адамдардың сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
кандидат Конституциямен және осы Конституциялық заңмен өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда, кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
Саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартылған немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда, мұндай шешімге кандидаттың өзі де, кандидатты ұсынған саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) де шағым жасай алады.
Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.»;
1-тармақтың 57) тармақшасының қырқыншы, қырық бірінші абзацтары 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың 2) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Партиялық тізімді, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) Жоғарғы Сотқа шағым жасалуы мүмкін. Бұл ретте, Орталық сайлау комиссиясы немесе Жоғарғы Сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.»;
8-тармақта:
бірінші бөлікте:
«тізімдерді» деген сөзден кейін «және кандидаттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
«сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған» деген сөздер «дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бір ай» деген сөздер «отыз күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 57) тармақшасының қырық тоғызыншы абзацы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөлік алып тасталсын;
58) 90-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат тиісті округтік сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгіне отырып, өз кандидатурасын кері қайтарып ала алады.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат дауыс беретін күнге екі күн қалғанда өз кандидатурасын ала алмайды.
Саяси партияның және қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беретін күнге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркелгенге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта округтік сайлау комиссиясына тиісті ұсынумен жүгіне отырып, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады.
Мұндай жағдайларда округтік сайлау комиссиясы кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.»;
1-тармақтың 58) тармақшасының жетінші абзацы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ алып тасталсын;
59) 92-1-бапта:
тақырыптағы «Саяси партиялардың» деген сөздер «Саяси партияның, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен жүз еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында бес жүз еседен аспауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Кандидаттың сайлау қоры:
1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен екі жүз еседен аспауға тиісті өз қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бес жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында елу еседен аспауға тиіс.»;
1-тармақтың 60) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
60) 93-1-бап алып тасталсын;
61) мынадай мазмұндағы 93-2-баппен толықтырылсын:
«93-2-бап. Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін шығып қалғандардың орнына Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну
1. Тиісті сайлау округі бойынша тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін барлық кандидаттар шығып қалған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз қаулысымен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс.
2. Бұл жағдайда Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
62) 94-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-бап. Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда дауыстарды санау
1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу тиісті аумақтық немесе округтік сайлау комиссиясына жіберіледі.
2. Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде тиісті аумақтық немесе округтік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды және ол дауыс берілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
3. Сайлау нәтижелері Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті аумақтық және округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықталады.
4. Дауыстарды санаудың нәтижесі мен сайлау нәтижесін айқындауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.»;
1-тармақтың 63) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
63) 94-1-бап алып тасталсын;
64) 95-бапта:
1-тармақта:
«аумақтық сайлау» деген сөздер «аумақтық немесе округтік сайлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бірліктегі», «бірлікте» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе сайлау округіндегі», «немесе сайлау округінде» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
«мерзімде» деген сөзден кейін «, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын;
«партиялық тізімдер» деген сөздерден кейін «және сол кандидаттар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Егер сайлау бюллетеніне Парламент Мәжілісінің депутаттығына екеуден көп кандидат енгізілсе және олардың бірде-біреуі сайланбаса, округтік сайлау комиссиясы ең көп бірдей дауыс санын алған кандидаттар бойынша депутатты сайлау жөнінде қайта дауыс беруді тағайындайды. Егер кандидатуралардың шығып қалуы нәтижесінде бір кандидат қалса, оның кандидатурасы бойынша қайта дауыс беру өткізілмейді және ол сайланды деп есептеледі.»;
65) 96-бапта:
1-тармақта:
«партиялық тізімдер бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
«жарамсыз деп танылған болса» деген сөздерден кейін «не екі кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 65) тармақшасының бесінші абзацы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ алып тасталсын;
66) 97-баптың 1-тармағындағы «жеті» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
67) 97-1-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Депутаттық мандаттарды бөлген кезде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдардың саны жиынтығында, партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.»;
68) 100-бапта:
тақырыптағы «Кеңестiң» деген сөз «Соттың» деген сөзбен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтардағы «Кеңес», «Кеңеске» деген сөздер тиісінше «Сот», «Сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Конституциялық Сот Конституцияны бұзу анықталған әкімшілік-аумақтық бірліктердің немесе сайлау округтерінің аумақтарындағы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауды Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің немесе сайлау округтерінің аумағындағы сайлауды жарамсыз деп тану және қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.»;
1-тармақтың 68) тармақшасының алтыншы абзацы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақ алып тасталсын;
69) 101-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «сайлауды тағайындау үшін негіз болатын табылады.» деген сөздер «сайлауды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) депутат өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы не мандаттан айырылу шығып қалғандардың орнына депутаттарды сайлауды тағайындауға негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды тиісті сайлау комиссиясы тағайындайды.
Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау наурыздың соңғы жексенбісінде және (немесе) қазанның соңғы жексенбісінде бір мезгілде өткізіледі.
Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды тиісті сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясымен келісу бойынша басқа күнге тағайындауы мүмкін.»;
70) 103-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мәслихаттар депутаттығына:
1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы - саяси партияларға;
2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 5-1-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Саяси партиядан мәслихат депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқылы емес.»;
«5-1. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың өзін-өзі ұсынуын азаматтар тиісті округтік сайлау комиссиясына осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы жүргізеді.
Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) кандидатты ұсынуы тиісті округтік сайлау комиссиясына азаматтың ұсынуға келісімі туралы өтінішімен бірге, жоғары басшы органның хаттамасынан үзінді көшірмені, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені жіберу арқылы жүргізіледі.
Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) осы қоғамдық бірлестіктің мүшелері болып табылмайтын адамдарды кандидаттар ретінде ұсынуға құқылы. Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік және оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) әрбір сайлау округінде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешім қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді. Қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;
2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен және құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмемен бірге тиісті округтік сайлау комиссиясына жіберіледі.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
8. Егер тиісті сайлау округі бойынша партиялық тізімдерді немесе кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз партиялық тізім немесе кандидат тіркелген болса, тиісті сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін жиырма күннен аспайтын мерзімге ұзартады.»;
71) 104-бапта;
тақырыптағы «кандидаттардың партиялық тізімдерін» деген сөздер «кандидаттарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.»;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
«Партиялық тізімге енгізілген кандидат» деген сөздер «Кандидат» деген сөзбен ауыстырылсын;
«кірістер мен мүлік» деген сөздер «активтер мен міндеттемелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктердегі «кірістер мен мүлік», «кірістері мен мүлкі» деген сөздер тиісінше «активтер мен міндеттемелер», «активтері мен міндеттемелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 5) тармақшасындағы «кірістер мен мүлік» деген сөздер «активтер мен міндеттемелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен) кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;
2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.
Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) осы сайлау округі бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш;
2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.
Мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген санын тіркеуге жол беріледі.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.
5. Тиісті сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына партиялық тiзiмдерді және кандидаттарды тiркеу туралы хаттама жасайды, ол бес күн мерзімде жоғары тұрған немесе аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылады.»;
6-тармақта:
1) тармақшада:
«бұқаралық» деген сөз «жергілікті бұқаралық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкесінің атын» деген сөздерден кейін «(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)» деген сөздермен толықтырылсын;
«(жұмысын)» деген сөз «(жұмыс түрін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның үшінші абзацындағы «, сайлау күні не оның алдындағы күні» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған;»;
бесінші абзацтағы «, сайлау күні не оның алдындағы күні» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Округтік сайлау комиссиясы:
1) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмыс түрін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға, қоғамдық бірлестікке қатыстылығы мен қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, кандидатты тіркеу туралы хабар жариялайды;
2) тіркеу кезінде бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарға тиісті куәлік береді;
3) мынадай жағдайларда:
саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), кандидат ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбаған;
саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), олар ұсынған кандидаттар, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидаттар, сондай-ақ сенім білдірілген адамдар тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін сайлау алдындағы үгітті жүргізген;
сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), кандидаттың және (немесе) сенiм бiлдiрілген адамдардың басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсіретін жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн анықтаған;
сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), олар ұсынған кандидаттардың, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидаттардың, сондай-ақ сенім білдірілген адамдардың сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
кандидат Конституциямен және осы Конституциялық заңмен өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды;
4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Партиялық тізімді, кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша саяси партия, қоғамдық бірлестік олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартылған немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда, мұндай шешімге кандидаттың өзі де, кандидатты ұсынған саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) де шағым жасай алады. Бұл ретте жоғары тұрған сайлау комиссиясы немесе сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.»;
8-тармақта:
«тізімдерді» деген сөзден кейін «, кандидаттарды» деген сөзбен толықтырылсын;
«сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және оған» деген сөздер «дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне» деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 105-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат өз кандидатурасын кері қайтарып ала алады, бұл туралы тиісті округтік сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Саяси партияның, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркеуге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта тиісті сайлау комиссиясына мәслихат депутаттығына кандидатты партиялық тізімнен шығару не кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жою туралы тиісті ұсынумен жүгіне алады.
Қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркеуге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта округтік сайлау комиссиясына тиісті ұсынумен жүгіне отырып, мәслихат депутаттығына кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, тиісті сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамдарды шығарып тастайды, кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат дауыс беретін күнге екі күн қалғанда өз кандидатурасын алып тастай алмайды.»;
73) 106-бапта:
тақырыптағы «Мәслихат» деген сөз «Саяси партияның, мәслихат» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын;
«Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында екі жүз елу еседен аспауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:
1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен аспауға тиісті өз қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен екі жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен он еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында жиырма бес еседен аспауға тиіс.
4. Аудандар мен қалалар мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:
1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен аспауға тиісті өз қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бес еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында он бес еседен аспауға тиіс.»;