Президенттікке кандидаттар, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысуға құқылы.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, әкім болуға кандидаттар сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады, оларды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы.
Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу тәртібі мен шарттары бірдей болуға және қайсыбір кандидатқа немесе саяси партияға артықшылық бермеуге тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді.
Онлайн-платформаларды пайдаланушылар тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде ақпарат көлемін береді.
Үгіт материалдарын жариялау үшін шарттың талаптары қайсыбір кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге тиіс.
Шарттық негізде ұсынылған үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы, онлайн-платформаны пайдаланушы сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ олар Президентті және партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде - Орталық сайлау комиссиясына, Парламент Сенаты, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде өзге де аумақтық сайлау комиссияларына ұсынылуға тиіс.
Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар ұсынған мәліметтер орналастырылады. Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беретін бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыруды, таратуды жүзеге асыра алмайды.
Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде кандидаттардың, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітіне байланысты мерзімді баспасөз басылымының таралымы барлық кандидаттар, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар үшін бірдей болуға тиіс.
Кандидаттардың, партиялық тізімді ұсынған саяси партияның біріне бұқаралық ақпарат құралы, онлайн-платформаны пайдаланушы шарттық негізде үгіт материалдарын орналастыруға берген келісім басқа кандидаттарға, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын орналастыруға келісім беру болып табылады
Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларға шығу кезектілігі жазбаша жолданымдардың келіп түсу ретімен не егер жолданымдар бір мезгілде келіп түссе, жеребе бойынша белгіленеді.
Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар өкілдерінің телевизия мен радиода сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөздерiнен кейін iле-шала, сондай-ақ баспасөз басылымдарындағы сөздерiнен кейін сол нөмiрде түсiнiктеме жасауға тыйым салынады.»;
«5. Тиісті сайлау комиссиялары партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттарға плакаттар, үнпарақтар, ұрандар мен өзге де үгіт материалдарын басып шығару үшiн бiрдей сомада ақша бөледi. Барлық үгіт материалдарында осы материалдарды шығарған ұйым (баспа материалдары бойынша - олардың басылған жері және таралымы), тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан ақысы төленгені туралы мәліметтер болуға тиіс. Үгіт материалдарын Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде дайындауға, анонимдік үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Егер онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын шарттық негізде дайындаса, онлайн-платформаларға қатысты осы тармақтың талаптары қолданылады.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі «құралдарына» деген сөзден кейін «, онлайн-платформаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 24) тармақшасының жиырмасыншы - жиырма екінші абзацтары 2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9-тармақта:
бірінші бөліктегі «Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары» деген сөздер «Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Интернет желісінде» деген сөздер «бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 29-баптың бірінші бөлігіндегі «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне» деген сөздер «әкім болуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 33-бапта:
1-1-тармақтағы «Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін» деген сөздер «Әкімдерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың 5) тармақшасындағы «Парламент Сенатының» деген сөздер «Парламенттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-1-тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларындағы және екінші бөлігіндегі аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне», «аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне», «Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне» деген сөздер тиісінше «әкім болуға», «әкім болуға», «Әкім болуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Сайлауға, референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлауға, референдумға дайындыққа және оны өткізуге арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты сатып алуға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.
Сайлауға, референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлауға, референдумға дайындыққа және оны өткізуге арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты сатып алу Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
27) 34-бапта:
1-тармақтағы «Президенттi және Парламент» деген сөздер «Президентті, Парламент депутаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана жұмсалуы мүмкін. Қорға түскен жалпы ақша сомасы мен ерікті қайырмалдықтардың сомасы, оның көзі және сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстар туралы ақпаратты сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бес күн ішінде:
Президент, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;
Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы кезiнде - облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары;
мәслихаттар депутаттарының сайлауы кезінде аумақтық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.»;
«9. Сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған сайлау қорының ақшалай қаражатының үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi, ал үштен бiрi кандидатқа, саяси партияға қайтарылады.»;
28) 38 және 39-баптардың 1-тармақтарындағы «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын;
29) 40-бапта:
1-тармақтағы «партиялық тізім бойынша сайланатын» деген сөздер алып тасталсын және «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 29) тармақшасының үшінші абзацы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтағы «және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөнiнде» деген сөздер «сайлау бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 43-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттары» деген сөздер «Парламент Мәжілісі» деген сөздермен ауыстырылсын және «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 30) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтағы «және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын,» деген сөздер алып тасталсын;
7-1-тармақтағы және 9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын» және «, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын» деген сөздер алып тасталсын;
31) 44-бапта:
2-тармақтағы «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың 3) тармақшасында:
«аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын;
«төрт» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орталық (аумақтық) сайлау комиссиясының хабарында мыналар көрсетіледі: сайлау датасы, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне енгiзілген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; сайлау округтерiнiң жалпы саны; дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны; есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылардың саны; дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны; сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны; қайта дауыс беру өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктер (сайлау округтері) саны; Президенттiкке, Парламент Сенаты депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына әрбiр кандидат үшiн, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша әрбiр саяси партия үшiн берiлген дауыстар саны; «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны; сайланған Президент, Парламент Сенатының депутаттары, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттары, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, олардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылы, атқаратын лауазымы (жұмыс түрі), тұрғылықты жерi, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның саяси партияға қатыстылығы, қай ұлтқа жататыны туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының хабарларындағы деректер сайлау округтері бойынша ұсынылады.»;
32) 45-бапта:
тақырыптағы «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын;
«аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін», «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің» деген сөздер тиісінше «әкімдерді», «әкімнің» деген сөзбен ауыстырылсын;
33) 46-бапта:
тақырыптағы «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің» деген сөздер «әкімнің» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «Бұқаралық ақпарат құралдарында тiзiмдер жарияланғаннан кейiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы» деген сөздер «Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздермен, 1) тармақшасындағы «мәслихаттар депутаттарына» деген сөздер «мәслихаттар депутаттарының тізімі жарияланғаннан кейін» деген сөздермен ауыстырылсын және 2) тармақшадағы «аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне», «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің» деген сөздер тиісінше «әкімдердің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің тізімі жарияланғаннан кейін», «әкімнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 47-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттар тiркелген күнiнен бастап сайлау», «аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне» деген сөздер тиісінше «әкім болуға кандидаттар тiркелген күнiнен бастап және сайлау», «әкім болуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 35) тармақшасы 2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
35) 50-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы «құралдары» деген сөзден кейін «, сондай-ақ онлайн-платформалар» деген сөздермен толықтырылсын;
36) 50-5-баптың 5-тармағының екінші және үшінші бөліктері «аты-жөнiн», «атауын» деген сөздерден кейін «немесе «Бәріне қарсымын» деген жолды» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 37) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
37) 51-баптағы және 51-1-баптың 2-тармағындағы «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 38) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
38) 53-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
39) 54-баптың 1-тармағындағы «белсендi» деген сөз алып тасталсын;
40) 56-баптың 7-тармағындағы «паспорт қызметі қызметкерлерiн» деген сөздер «құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 58-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшері жиынтығында бес жүз еседен аспауға тиіс.»;
42) 59-баптың 7-тармағы бірінші бөлігі 3) тармақшасының бесінші абзацындағы «, сайлау күні не соның алдындағы күнi» деген сөздер алып тасталсын;
43) 60-баптың 2-тармағындағы «тiркеуге дейiн және тiркеуден» деген сөздер «дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркеуге дейін және одан» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 68-бапта:
тақырыптағы «Кеңесiнiң» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтардағы «Кеңес», «Кеңеске» деген сөздер тиісінше «Сот», «Сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Кеңес» деген сөз «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
45) 69-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктегі «Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдай отырып әрi Парламент өкiлеттiгiн тоқтатқан күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды» деген сөздер «Парламенттің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда депутаттарды сайлауды Республика Президенті Парламенттің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаумен бір мезгілде тағайындайды және ол Парламенттің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Парламент Сенатында өкілдігі жоқ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған жағдайда, депутаттарды сайлауды Президент әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей тағайындайды және ол сайлау тағайындалған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.»;
46) 70-баптағы «белсендi» деген сөз алып тасталсын;
47) 72-баптың 6-тармағындағы «паспорт қызметiнiң қызметкерлерiн» деген сөздер «құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 73-баптың 6-тармағы бірінші бөлігі 3) тармақшасының бесінші абзацындағы «, сайлау күнi не соның алдындағы күнi» деген сөздер алып тасталсын;
49) 74-баптың 2-тармағы «(мәслихаттар)» деген сөзден кейін «дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
50) 75-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайрымдылықтарының шекті мөлшері жиынтығында елу еседен аспауға тиіс.»;
51) 77-бапта:
4-тармақтағы «мәслихатының хатшысы» деген сөз «мәслихаттың төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «хатшысының» деген сөз «төрағасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
52) 84-бапта:
тақырыптағы «Кеңестiң» деген сөз «Соттың» деген сөзбен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтардағы «Кеңес», «Кеңеске» деген сөздер тиісінше «Сот», «Сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Кеңес» деген сөз «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 53) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
53) 85-баптың 3-1-тармағы алып тасталсын;
54) 86-баптағы «белсендi» деген сөз алып тасталсын;
55) 87-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Парламент Мәжілісінің депутаттығына:
1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы - саяси партияларға;
2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқылы емес.»;
1-тармақтың 55) тармақшасының сегізінші абзацы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну және өзін-өзі ұсыну дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлауға қырық күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың өзін-өзі ұсынуын азаматтар тиісті округтік сайлау комиссиясына осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы жүргізеді.
Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) кандидатты ұсынуы тиісті округтік сайлау комиссиясына азаматтың ұсынуға келісімі туралы өтінішімен бірге, жоғары басшы орган хаттамасынан үзінді көшірмені, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені жіберу арқылы жүргізіледі.
Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) осы қоғамдық бірлестіктің мүшелері болып табылмайтын адамдарды кандидаттар ретінде ұсынуға құқылы. Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік және оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) әрбір сайлау округінде Парламент Мәжілісінің депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады. Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы шешім қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді. Қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;
2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен және құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмемен бірге тиісті округтік сайлау комиссиясына жіберіледі.
Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаттыққа екеуден аз кандидат ұсынылған болса, онда тиісті округтік сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады.»;
56) 88-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына әрбір кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және осы Конституциялық заңмен өзіне қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясының шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының он бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Барлық басқа жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.»;
57) 89-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеуді - Орталық сайлау комиссиясы, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.»;
2-тармақта:
екінші бөлікте:
«Саяси партия ұсынған кандидат» деген сөздер «Кандидат» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тізім» деген сөзден кейін «және кандидат» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «Саяси партия ұсынған кандидат» деген сөздер «Кандидат» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 57) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Партиялық тізімде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдарың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен) кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірмелер;
2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.
Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) азаматтың осы сайлау округі бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;
2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.
Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың кез келген санын тіркеуге жол беріледі.
4-2. Округтік сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеу туралы хаттама жасайды, ол бес күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына ұсынылады.
4-3. Округтік сайлау комиссиясы:
1) кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмыс түрін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның саяси партияға, қоғамдық бірлестікке қатыстылығы және қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, кандидаттарды тіркеу туралы хабар жариялайды;
2) тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәлік береді;
3) мынадай жағдайларда:
саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), кандидат ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбаған;