ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., №23-24 (қосымша); 1995 ж., №15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 187-құжат; №14, 274-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №1-2, 8-құжат; №5, 55-құжат; №12, 183, 184-құжаттар; №13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., №2-3, 23-құжат; №5-6, 50-құжат; №11-12, 178-құжат; №17-18, 224, 225-құжаттар; №23, 429-құжат; 1999 ж., №20, 727, 731-құжаттар; №23, 916-құжат; 2000 ж., №18, 336-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 7-құжат; №8, 52-құжат; №17-18, 240-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №2, 17-құжат; №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 3-құжат; №11, 56, 57, 66-құжаттар; №15, 139-құжат; №19-20, 146-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 56-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №10, 31-құжат; №14, 58-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 4-құжат; №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20, 21-құжаттар; №4, 28-құжат; №16, 131-құжат; №18, 143-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №13-14, 58-құжат; №21, 97-құжат; №23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 7, 16, 18-құжаттар; №8, 44-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №2, 21, 28-құжаттар; №3, 32-құжат; №4, 37-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №16, 129-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 13, 15-құжаттар; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №7, 36-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61, 63-құжаттар; №14, 84-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 42, 45-құжаттар; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №20-I, 110-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 128-құжат; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 70-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №15, 55-құжат; №22-III, 109-құжат; 2018 ж., №1, 4-құжат):
1) 152-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) тараптардың бірінің талап етуі бойынша қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн, оларға мәмiле нысаны, атап айтқанда белгiлі бір нысандағы бланкiде жасау, егер заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, аталған тұлғаның мөрімен бекемдеу сәйкес келуге тиіс.»;
2) 303-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кепiл ұстаушының келiсiмiмен кепiл нысанасы кепiл ұстаушының құлпы салынып, кепiл берушіде қалдырылуы мүмкiн. Кепiл нысанасы кепiл туралы куәландырылатын белгiлер салынып (анық кепiл), кепiл берушiнiң иелiгiнде қалдырылуы мүмкiн.»;
3) 307-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кепiл туралы шартта кепiл нысанасы, кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi немесе ең жоғары сомасы және орындалу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Егер кепіл нысанасы жылжымайтын мүлік болған жағдайда, кепіл туралы шартта оның бағасы көрсетілуге тиіс.
Кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен және кепіл нысанасы бағаланбастан, кепіл нысанасы болып табылатын жылжымалы мүліктің және (немесе) жылжымалы мүліктің жекелеген санаттарының (машина жабдығын және материалдық айналым құралдарының қорларын қоса алғанда) кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы болуы мүмкін.
Кепіл туралы шартта кепiлге салынған мүлiк тараптардың қайсысында екендігі және оны пайдалануға болатындығы да көрсетiлуге тиiс.
Кепіл нысанасын бағалау теңгемен көрсетіледі және егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін. Шетелдік валютада міндеттемені қамтамасыз ететін кепіл нысанасын бағалау теңгемен және кепіл туралы шарт жасасылған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша міндеттеме валютасымен көрсетіледі.»;
4) 309-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Егер кепіл нысанасы жылжымалы мүлік болған жағдайда, кепіл құқығы, егер шартта өзгеше көзделмесе, оны пайдалану нәтижесінде алынған бөлінетін жемістерге, өнімге және кірістерге (оның ішінде кейіннен сатып алынған активтер мен ауыстырылған активтерге) қолданылады.
Бұл ретте кепіл құқығы бөлiнетiн жемiстерге, өнiмге және кірістерге (оның ішінде кейіннен сатып алынған активтер мен ауыстырылған активтерге) талаптың нақты қанағаттандырылған кезіне кепілге салынған жылжымалы мүлікпен қамтамасыз етілмейтін көлемінде ғана қолданылады.»;
5) 327-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кепiл берушi айналымдағы тауарларды кепiлге салу шарттарын бұзған кезде кепiл ұстаушы өзiнiң белгiлерiн кепiлге салынған тауарларға қою арқылы шарттың бұзылуы жойылғанға дейiн олармен операцияларды тоқтата тұруға құқылы.».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №13, 99-құжат; 2005 ж., №9, 26-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №11, 55-құжат; №12, 79, 83-құжаттар; №16, 97-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №14, 105-құжат; №15, 106, 109-құжаттар; №16, 129-құжат; №17, 139-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №15-16, 64-құжат; №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №13-14, 62-құжат; №15-16, 76-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №6, 49, 50-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 114-құжат; №15, 120-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 9, 11-құжаттар; №3, 27-құжат; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №11, 80-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 64-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №19-І, 99, 101-құжаттар; №19-ІІ, 103-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №20-VІІ, 115, 117-құжаттар; №21-І, 124, 126-құжаттар; №22-ІІ, 145-құжат; №22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-ІІ, 53, 56-құжаттар; №8-ІІ, 72-құжат; №10, 79-құжат; 2017 ж., №3, 6-құжат; №4, 7-құжат; №12, 34-құжат; №14, 51, 54-құжаттар; №23-V, 113-құжат):
1) 9-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жер учаскесі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны бойынша есептелетін бағамен берілуі мүмкін.
Бұл ретте жер учаскесін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың меншігіне ресімдеу жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
2) 12-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) алып қою - жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда тоқтатуға бағытталған, мемлекеттік органдардың әрекеті;»;
43-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 46) тармақшамен толықтырылсын:
«46) функционалдық аймақ - жер учаскелерін пайдаланудың бірыңғай режимі бар елді мекендердегі олардың нысаналы мақсатының тобын қамтитын шартты аймақ.»;
3) 14-1-бапта:
1-тармақтың 16) тармақшасындағы «ақпарат ұсыну;» деген сөздер «ақпарат ұсыну жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 17) тармақшасы алып тасталсын және 2-тармақтың 26) тармақшасындағы «ақпарат ұсыну;» деген сөздер «ақпарат ұсыну жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 27) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Мемлекеттік корпорацияға осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жіберу;»;
4) 17-бап мынадай мазмұндағы 8-3) тармақшамен толықтырылсын:
«8-3) Мемлекеттік корпорацияға осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жіберу;»;
5) 18-бап мынадай мазмұндағы 8-3) тармақшамен толықтырылсын:
«8-3) Мемлекеттік корпорацияға осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жіберу;»;
6) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Мемлекеттік корпорацияға осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жіберу;»;
7) 27-баптың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі;»;
8) 43-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұралып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (конкурсты, аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.»;
9-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендiру құжаты сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерiстер болмаған жағдайда, мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзетін Мемлекеттік корпорация жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, ал жер-кадастр кітабына және жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық кадастрдың мәліметтері негізінде енгізіледі.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
9) 44-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұралып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (конкурсты, аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.»;
10) 44-1-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Елді мекен шегінде объект салу үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін беру осы Кодекстің 48-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, мынадай ретпен жүргізіледі:»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұралып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (конкурсты, аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.»;
8-тармақта:
төртінші бөліктің екінші сөйлемі «мәліметтер» деген сөзден кейін «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық кадастрдың мәліметтері негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініш беруші жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттарды алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге өтініш береді.»;
11) 45-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұралып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (конкурсты, аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.»;
12) 48-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға;»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұралып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (конкурсты, аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.»;
13) 53-баптың 6-тармағының үшінші сөйлеміндегі «жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда тіркелуге тиіс» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 63-баптың 2-тармағындағы «жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда тіркеледі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 65-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жердi оның нысаналы мақсатына немесе елді мекендердегі жерлерде функционалдық аймаққа сәйкес, уақытша жер пайдалану кезiнде - оның ішінде, жалдау шартына (уақытша өтеусiз жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға;»;
16) 79-баптың 11-тармағындағы «жылжымайтын мүлікке құқықты тіркейтін органдарда» деген сөздер «Мемлекеттік корпорацияда» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 84-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Коммерциялық мақсаттарды және мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандыру мақсаттарын көздейтін кез келген иеліктен шығару не мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру мақсаттарынан туындамайтын және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздемейтін өзге де иеліктен шығару жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару болып танылмауға тиіс.»;
18) 85-баптың 3-тармағындағы «жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда» деген сөздер алып тасталсын;
19) 109-баптың 1-тармағында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Елдi мекендерде орналасқан жер учаскелерінің нысаналы мақсаты осы Кодекстің 107-бабының 3-тармағында көзделген функционалдық аймақтарға сәйкес белгіленеді және жергілікті атқарушы органдардың жер учаскесіне құқық беру туралы шешімдерінде және сәйкестендіру құжаттарында көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдардың жер учаскесіне құқық беру туралы шешімдерінің және функционалдық аймақтар көрсетілмеген, жер учаскелеріне берілетін сәйкестендіру құжаттарының заңдық күші болады.
Сәйкестендіру құжатын функционалдық аймақ көрсетілген құжатқа ауыстыру құқық иеленушінің өтініші бойынша жүзеге асырылады.»;
20) 145-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылау жерге түгендеу жүргізу, зерттеп-қарау, жерді пайдалануға байланысты схемалар мен жобаларды әзірлеу, жердің мемлекеттік кадастрларын және мониторингін жүргізу кезінде де жүзеге асырылады.»;
21) 147-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.» деген сөздер «жүргізілуіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпараттың уақтылы орналастырылуына;
4) сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) уақтылы өткізілуіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.»;
2-тармақтың 13) тармақшасындағы «жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.» деген сөздер «жүзеге асырылуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпараттың уақтылы орналастырылуына;
15) сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) уақтылы өткізілуіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.»;
22) 164-1-баптың 2-тармағының бесінші бөлігіндегі «жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға» деген сөздер «Мемлекеттік корпорацияға» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №16, 140-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №16, 97-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №11, 102-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №3, 27-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 56-құжат; 2017 ж., №3, 6-құжат; №12, 34-құжат):
1) мазмұнында:
2-бөлімнің, 4-тараудың және 19-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау»;
«4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау
19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау»;
2) 3-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау;»;
3) 4-бапта:
41) тармақша алып тасталсын;
58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«58) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында басқару, бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;»;
4) 2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау»;
5) 13-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;»;
18-37) тармақша алып тасталсын;
2-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
9) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;»;
11) тармақша алып тасталсын;
6) 15-баптың 15-1) тармақшасы алып тасталсын;
7) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау»;
8) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген орман қорын пайдалану тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу, оның ішінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру, оларды есепке алу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында көзделген өзге де қағидалар мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады.
2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері, өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер және байқаулар арқылы жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.»;
9) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан тұрады.»;