62-68-бап ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
69-бап. Мұраға құқық туралы куәлiк беру орны мен мерзiмi
1. Мұрагерлердiң жазбаша өтiнiшi бойынша мұра ашылған жердегi нотариус мұраға құқық туралы куәлiк бередi.
2. Мұраға құқық туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне көзделген мерзiмде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қараңыз
24.12.01 ж. № 276-II; (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 70-бап өзгертілді
70-бап. Мұраға құқық туралы куәлiк беру тәртібі
1. Мұраға құқық туралы куәлiк Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының нормаларына сәйкес мұраны қабылдаған мұрагерлерге берiледi.
2. 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мұраға құқық туралы куәлік мұрагерлердің мұраға қалатын әрбір мүлікке қалауына қарай олардың барлығына бірге немесе әрқайсысына жеке-жеке беріледі.
4. Нотариус қорғаншылықта немесе қамқоршылықта жүрген, кәмелетке толмаған немесе iс-әрекетке қабiлетсiз мұрагердiң атына мұраға құқық туралы куәлiк берiлгенi жөнiнде оның мүлiктiк мүддесiн қорғау үшiн мұрагердiң тұрған жеріндегі қорғаншылық және қамқоршылық органдарына хабарлайды.
5. Мұраға құқық бойынша мүлiк мемлекетке өткен жағдайда мұраға құқық туралы куәлiк уәкiлеттi мемлекеттік органға берiледi.
6. Мұрагерлiк құқық бойынша мемлекеттік меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.
Мұрагерлiк құқық бойынша мемлекеттік меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
71-бап. Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiктi беру шарттары
1. Нотариус заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактiсiн, мұраның ашылған уақыты мен жерiн, мұраға құқық туралы куәлiктiң берiлуi жөнiнде өтiнiш берушi адамдарды заң бойынша мұраны иелену үшiн негiз болып табылатын қатынастардың болуын, мұралық мүлiктiң құрамы мен тұрған орнын тексередi.
2. Егер заң бойынша бiр немесе бiрнеше мұрагердiң мұраны иеленуге тарту үшiн негiз болып табылатын айғақтарды табыс етуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, олар мұраны қабылдаған және мұндай айғақтарды табыс еткен басқа мұрагерлердiң бәрiнiң келісімiмен мұраға құқық туралы куәлiкке енгiзiлуi мүмкiн.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 72-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
72-бап. Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк беру шарттары
1. Нотариус өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактiсiн, өсиеттiң бар-жоғын, мұраның ашылған уақыты мен орнын, мұралық мүлiктiң құрамын және тұрған орнын тексередi.
2. Нотариус сонымен бiрге мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар адамдар тобын анықтайды.
3. Өсиеттiк бас тарту болған кезде нотариус бас тартылған мұраны алушыларды шақырады және оларға өсиеттік бас тартудың мазмұнын және олардың мұрагерден (мұрагерлерден) өздеріне тиесілі мұраны алу құқығын түсіндіреді.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 10-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-тарау. Ортақ бiрлескен мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер беру
73-бап. Ортақ бiрлескен меншiк үлесiне меншiк құқығы туралы куәлiк беру
1. Нотариус бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар адамдардың бiрлескен жазбаша өтiнiшi бойынша ортақ мүлiктегi үлесiн алуға тiлек бiлдiрген адамға немесе адамдарға осындай үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк бередi.
2. Ортақ меншiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк осы мүлiк орналасқан жерде берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
74-бап. Көзi тiрi жұбайының өтiнiшiмен ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк беру
1. Ерлi-зайыптылардың бiрi қайтыс болған жағдайда, нотариус мұра ашылған жерде көзi тiрi жұбайының жазбаша өтiнiшi бойынша мұраны қабылдаған мұрагерлердi хабардар ете отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк бередi.
2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк көзi тiрi жұбайына олардың некеде тұрған кезiнде жинаған ортақ мүлкiнiң жартысына, егер неке келісім-шартында өзгеше белгiленбесе, берiлуi мүмкiн.
3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі өлген жұбайының үлесiне меншiк құқығы туралы куәлiк өлген жұбайдың мұрагерлерiне олардың өтiнiшi бойынша берiлуi мүмкiн.
75-бап. 2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-тарау. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын, қойылған қолдардың
түпнұсқалығын және аударманың дұрыстығын куәландыру
76-бап. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру
1. Нотариус немесе нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адам заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтар берген құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын, бұл құжаттар және олардың мазмұны заңдарға қайшы келмеген әрi заңдық маңызы болған жағдайда куәландырады.
2. Үзiндi алынған құжатта бiр-бiрiмен байланысы жоқ бiрнеше жекелеген мәселенiң шешiмi болғанда ғана, одан алынған үзiндiнiң дұрыстығы куәландырылуы мүмкiн. Үзiндi құжаттың белгiлi бiр мәселе жөніндегі бөлiгiнiң толық мәтiнiн қайтаруға тиiс.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
77-бап. Азамат берген құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын куәландыру
Нотариус азамат ұсынған құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын, азаматтың құжатқа қойған қолының түпнұсқалығын нотариус немесе осы заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адам растаған жағдайда ғана куәландырады.
78-бап. Құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын куәландыру
Нотариус құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын, осы көшiрме нотариаттық тәртiппен куәландырылған немесе түпнұсқаны құжат жасаған заңды тұлға берген жағдайда куәландырады. Соңғы жағдайда құжаттың көшiрмесi сол заңды тұлғаның бланкiсiнде жасалып, мөрмен бекітілуi және құжаттың түпнұсқасы заңды тұлғада екендiгi туралы белгiсi болуға тиiс.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 79-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
79-бап. Құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру
1. Нотариус мазмұны жағынан заң актілеріне қайшы келмейтiн және мәмiленi баяндауды бiлдiрмейтiн құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады.
2. Нотариус қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыра отырып, құжатта жазылған фактiлердi куәландырмайды, белгiлi бiр адамның қол қойғанын ғана растайды.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қараңыз
80-бап. Аударымның дұрыстығын куәландыру
1. Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлетiн болса, бiр тiлден екiншi тiлге аударылған аударымның дұрыстығын куәландырады.
2. Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлмейтiн болса, аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қараңыз
12-тарау. Фактiлердi куәландыру
81-бап. Азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру
1. Нотариус азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады.
2. Кәмелетке толмаған азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру оның заңды өкiлдерiнiң (ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының), сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматты қорғаншылыққа алған мекемелер мен ұйымдардың өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Мүдделi адамдарға аталған фактiнi растап куәлiк берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
82-бап. Азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру
1. Нотариус азаматтың өтiнiшi бойынша оның белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады.
2. Кәмелетке толмаған азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру, оның заңды өкiлдерiнiң (ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының), сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматты қорғаншылыққа алған мекемелер мен ұйымдардың өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Мүдделi адамдарға аталған фактiнi растап куәлiк берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
83-бап. Құжаттардың көрсетiлген уақытын куәландыру
Нотариус өзiне құжаттың көрсетiлген уақытын куәландырады. Бұл туралы куәландыру жазбасы құжатқа оны көрсеткен адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып жазылады.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 13-тараудың тақырыбы өзгертілдi
13-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқаға беру, ақшаны депозитке қабылдау
84-бап. Өтiнiштердi беру
1. Нотариус жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға берудi жеке қолхатпен немесе керi хабарламалы почта арқылы жүзеге асырады. Өтiнiштер телефаксты, компьютерлiк желiлердi және өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып та берiлуi мүмкiн.
2. Өтiнiштердi беру үшiн техникалық құралдарды пайдалануға байланысты шығыстарды нотариаттық iс-әрекеттер жасауды өтiнген адам төлейдi.
3. Өтiнiш берушi адамның сұрауы бойынша, оған өтiнiштiң берiлгенi туралы куәлiк берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қараңыз
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 85-бап өзгертілдi
85-бап. Ақшаны депозитке қабылдау
1. Нотариус заңдарда көзделген жағдайларда борышкерден несие берушiге беру үшiн ақша сомалары мен бағалы қағаздарды депозитке қабылдайды.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Нотариус ақшаның түскенi туралы кредиторға хабарлайды және оның талабы бойынша оған тиесiлi ақшаны бередi. Егер ақшаны депозитке салу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 291-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған болса, нотариус кредиторға ақшаны оның тараптары арасындағы шартта белгіленген тәртіппен береді.
3. Ақша сомалары мен бағалы қағаздарды депозитке қабылдауды нотариус мiндеттемелер орындалатын жерде жүргiзедi.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Нотариус депозиті шарттарында жеке және заңды тұлғалардың ақшасы орналастырылатын банктік шоттар бойынша тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жол берілмейді.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Нотариус депозитіндегі ақша нотариустың меншігі және (немесе) оның кірісі болып табылмайды.
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 86-бап өзгертілдi; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 86-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
86-бап. Депозитке ақша салған адамға оны қайтару
Депозитке ақша салған адамға оны қайтаруға:
1) пайдасына жарна жасалған адамның жазбаша келiсiмiмен;
2) соттың шешiмi бойынша;
3) егер ақшаны қайтару мүмкіндігі тараптардың келісімінде көзделсе, тараптардың бірі өз міндеттемелерін орындамаған кезде жол берiледi.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 14-тараудың тақырыбы өзгертілдi
14-тарау. Вексель наразылығын жасау
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 87, 88, 89, 90, 91-баптар алынып тасталды
92-бап. Вексель наразылығы
Төлемеу, акцепт еместiк және акцептiң күнi қойылмағаны жөнiнде вексель наразылығын нотариус Қазақстан Республикасының аударым және жай вексель туралы заңдарына сәйкес жүргiзедi.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 14-1-тараумен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
14-1-тарау. Атқарушылық жазбаларды жасау
92-1-бап. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілдi (бұр.ред.қара); 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус тиісті белгі қойылатын, берешекті белгілейтін төлнұсқа құжат көрсетілген кезде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде атқарушылық жазба жасайды.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Атқарушылық жазба немесе тиісті қаулы негізінде мынадай даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу жүргізіледі:
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы, оның ішінде осы Заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда нотариус сотқа дейін реттеу тәртібімен куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;
2) орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;
3) нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы;
4) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы;
5) ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы;
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабы 2-тармағының 6-1), 9), 10), 12) және 12- 1) тармақшаларында айқындалған төлемдерден жалтаратын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;
7) төлеу мерзімі басталған, жария шарттар негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, сондай-ақ өзге де шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы;
8) жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы;
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақыны және өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы, оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын өндіріп алу туралы;
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған, дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Егер тұрақсыздық айыбы (өсімпұл), пайыздар тиесілі болса оларды өндіріп алу, банк заемдарын қоспағанда, борышкер орындалмаған міндеттемені жазбаша мойындаған кезде атқарушылық жазба негізінде жүргізіледі.
Атқарушылық жазбаны жасау, егер шартта тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды), пайыздарды өндіріп алудың өзге тетігі көзделмесе, борышкер орындалмаған міндеттемедегі кінәсін мойындаған кезде, орындалмаған міндеттемедегі кінәсін мойындау фактісін нотариус растаған кезде жүзеге асырылады.
92-2-бап. Атқарушылық жазбаны жасау шарттары
1. Атқарушылық жазба:
1) егер ұсынылған құжаттар берешектің немесе борышкердің өндіріп алушы алдындағы өзге де жауапкершілігінің даусыз екенін растаса;
2) егер талап қою (арыз) құқығы туындаған күннен бастап үш жылдан аспайтын уақыт өтсе, жасалады.
2. Егер атқарушылық жазба берілетін талап үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге ескіру мерзімі белгіленсе, атқарушылық жазба осы мерзім шегінде беріледі.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларының негізінде атқарушылық жазба, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлға борышкер болып табылған жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жері бойынша жасалады.
Осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларының негізінде атқарушылық жазба борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша не жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша, егер заңды тұлға борышкер болып табылса, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері бойынша не жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша жасалады.
92-3-бап. Атқарушылық жазбаның мазмұны
Атқарушылық жазбада:
1) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың тегі және аты-жөні, лауазымы;
2) өндіріп алушының атауы, оның туған датасы, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) борышкердің атауы, оның туған датасы, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол арыз берушіге белгілі болса), заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
4) өндіріп алу жүргізіліп отырған мерзімнің көрсетілуі;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) өндіріп алынуға жататын соманың немесе талап етілуге жататын нәрселердің көрсетілуі;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж сомасының немесе жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттеріне төленген соманың көрсетілуі;
7) атқарушылық жазба жасалған дата (жыл, ай, күн);
8) атқарушылық жазбаның тізілімде тіркелген нөмірі;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың қолтаңбасы мен мөрінің бедері;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) атқарушылық жазбаның күшін жою туралы өтінішті беру мерзімі мен тәртібі қамтылуға тиіс.
92-4-бап. Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу тәртібі
Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
92-5-бап. Атқарушылық жазбаны ұсыну мерзімдері
1. Атқарушылық жазба, егер заңнамада өзге мерзімдер белгіленбесе, ол жасалған күннен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.
2. Атқарушылық жазбаны ұсыну үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 92-6-баптың тақырыбы өзгертілді
92-6-бап. Борышкерге атқарушылық жазбаның көшірмесін жіберу
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Атқарушылық жазба жасағаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей борышкерге оның көшірмесін табыс етеді немесе жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкердің электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе белгілі тұрғылықты (тұрған) немесе тіркелген жері бойынша жібереді.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Егер атқарушылық жазбаның көшірмесі борышкерге:
1) тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
2) соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен тұрып жатқан басқа адам алған болса;
3) жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.
Хабарлама адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен немесе оны қабылдаудан бас тартуға байланысты қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 92-7-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
92-7-бап. Атқарушылық жазбаны беру
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Атқарушылық жазбаның көшірмесін борышкерге табыс ету туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер белгіленген мерзімде борышкерден нотариусқа қарсылық келіп түспеген жағдайда, нотариус өндіріп алушыға атқарушылық жазбаны береді не оның өтініші бойынша оны тиісті әділет органына не аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына немесе өндіріп алушы таңдаған жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Өндіріп алушыға берілген немесе жіберілген атқарушылық жазбаның көшірмесі нотариус жүргізетін істе қалады.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 92-8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 92-8-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
92-8-бап. Атқарушылық жазбаның күшін жою және оған дау айту
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылықты алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайды.
Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулының көшірмесі шығарылған күнінен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Заңның 92-6-бабына сәйкес өндіріп алушыға, борышкерге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс.
Егер жасалған атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оған дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады.
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 15 тараудың тақырыбы өзгертілдi
15-тарау. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 93-бап өзгертілдi
93-бап. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау
1. Нотариус тiзiмдеу бойынша құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдайды. Тiзiмнiң бiр данасы нотариуста қалдырылып, екiншi данасы құжаттарды сақтауға тапсырған адамға берiледi.
2. Егер құжаттар және бағалы қағаздар тиiстi түрде буылып-түйiлсе, тапсырушы адамның өтiнiшiмен нотариус тiзiмдеусiз де қабылдай алады (буып-түю нотариустың мөрiмен расталады, нотариус пен құжаттарды өткiзген адам қол қояды). Мұндай жағдайларда буып-түюдiң сақталуына нотариус жауап бередi.
3. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамға куәлiк берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 94-бап өзгертілдi
94-бап. Сақтауға қабылданған құжаттарды және бағалы қағаздарды қайтару