2. Режимді қамтамасыз ету күзетте ұстау орындарының әкімшілігіне, сондай-ақ қызметкерлеріне жүктеледі, олар қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгілегендей жауап береді.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Күзетпен ұстау орындарында режимді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстау орындарындағы ішкі тәртіптеме қағидаларын (бұдан әрі - Ішкі тәртіптеме қағидалары) бекітеді.
Ішкі тәртіп ережелерімен:
1) сезіктілер мен айыпталушыларды қабылдап алу және камералар бойынша орналастыру;
2) жеке тінтуді, саусақтарының таңбасын алуды, суретке түсіруді, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушылардың заттарын тексеруді жүргізу;
3) сезіктілер мен айыпталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін алып қою;
4) сезіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету;
5) сезіктілер мен айыпталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ ең қажетті нәрселер мен басқа да өнеркәсіп тауарларын сатып алу;
6) сезіктілер мен айыпталушылардың сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар алу және жіберу;
7) сезіктілер мен айыпталушылардың жеделхаттар, хаттар, ақша аударымдарын алу және жіберу;
8) сезіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жолдау;
9) сезіктілер мен айыпталушылардың діни жоралар жасауы;
10) айыпталушыларды еңбекке тарту;
11) сезіктілер мен айыпталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) күдіктілер мен айыпталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу;
13) сезіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету;
14) сезіктілер мен айыпталушылардың күн сайын серуенге шығарылуы;
15) сезіктілер мен айыпталушылардың осы Заңның 17-бабында аталған адамдармен жолығысуын өткізу;
16) сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу әрекеттері мен сот мәжілістеріне қатысуын қамтамасыз ету;
17) күзетте ұстау орындары әкімшілігі басшысының және ол уәкілдік берген адамдардың сезіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауы;
18) күзетте ұстау орындарында қайтыс болған сезіктілер мен айыпталушылардың мәйіттерін беру;
19) сезiктiлер мен айыпталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану;
20) сезiктiлер мен айыпталушыларды күзеттен босату тәртібі белгiленедi.
2. Ішкі тәртіп ережелерінде сол сияқты сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарындағы мінез-құлық ережелері, тамақ өнімдерінің, ең қажетті заттардың, аяқ киімдердің, киім-кешектердің және сезіктілер мен айыпталушылар өзінде ұстап, сақтап, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуына болатын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысып сатып ала алатын басқа да өнеркәсіп тауарларының тізбесі мен мөлшері белгіленеді, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушыларға белгіленген ақылы қызмет түрлерінің тізбесі көрсетіледі.
Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты қараңыз
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау
16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары
1. Сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында болған кезеңде:
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, күзетте ұсталу режимі, тәртіптік талаптар, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;
2) күзетте ұстау орындарында жеке басының қауіпсіздігіне;
3) күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысына және күзетте ұстау орындарындағы қызметті бақылайтын адамдарға аталған адамдар оның аумағында болған уақыттарда өтініш жасауға;
4) қорғаушысымен жолығысуларға;
5) туыстарымен және осы Заңның 17-бабында аталған өзге де адамдармен жолығысуларға;
6) құқыққа қарсы мақсатта пайдаланылуы мүмкін немесе мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтері бар құжаттар мен жазбаларды қоспағанда, қылмыстық іске қатысты не өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне байланысты құжаттар мен жазбаларды өзінде сақтауға;
7) өздерінің күзетте ұсталуының заңдылығы мен негізділігі және өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы мәселелер бойынша ұсыныстармен, арыздармен, соның ішінде сотқа жүгінуге;
8) хат жазысуға және жазу құралдарын пайдалануға;
9) тегін тамақ алуға, материалдық-тұрмыстық және медициналықсанитариялық жағынан қамтамасыз етілуге;
10) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерін іс жүргізуге және өзге де іс-әрекеттерге тартуға тыйым салынатын түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;
11) күн сайын ұзақтығы бір сағаттан кем емес серуендеуге;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) тізбесі мен саны Ішкі тәртіп қағидаларында айқындалатын заттар мен нәрселерді пайдалануға;
13) күзетте ұстау орындарындағы кітапханадан алынған не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен сатып алынған әдебиетті және мерзімді баспасөз басылымдарын, сондай-ақ стол үсті ойындарын пайдалануға;
14) Ішкі тәртіп ережелері және басқа сезіктілер мен айыпталушылар құқықтары сақталуы шартымен сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында діни жоралар жасауға, өзінде діни әдебиет, ғибадат заттарын ұстауға;
15) өзінің білімін көтерумен шұғылдануға және арнайы әдебиетті пайдалануға;
16) сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттар алуға;
17) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің тарапынан сыпайы арақатынасқа;
18) азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуға;
19) заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылардың сондай-ақ:
1) ақша аударымдарын алуға және жөнелтуге;
2) некеге отыруға және оны бұзуға, егер олар заңдарға қайшы келмеген жағдайда, өзге де отбасылық-құқықтық қатынастарға қатысуға;
3) тергеу орнындағы дүкеннен (дүңгіршектен) не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алуға;
4) газеттер мен журналдарға жазылуға және оларды алуға;
5) әкімшіліктен қажет болған жағдайда күзетте ұстау орындарында киіп жүруге рұқсат етілген маусымдық киім-кешек алуға құқығы бар.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Сөйлеу не есту, не көру кемістігі бар мүгедектер болып табылатын күдіктілер мен айыпталушылардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандар көрсететін қызметтерді пайдалануға құқығы бар.
3. Күзетте ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларға тиісті жағдайлар болған кезде еңбек етуге мүмкіндік беріледі.
4. Сезіктілер мен айыпталушылардың жоғарыда аталған құқықтардан басқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген құқықтары бар.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ұстап алынған кезінен бастап қорғаушымен оңаша және құпия кездесулер беріледі. Кездесулердің саны мен ұзақтығы шектелмейді. Мынадай жағдайларда:
2018.02.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсетуі бойынша - қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен;
2) қорғаушы болып тағайындалғаны туралы қоғамдық бірлестіктің немесе оның басшы органының тиісті шешімін көрсетуі бойынша - қорғаушылар болып табылатын кәсіптік одақтардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) соттың қаулысын, тергеушінің немесе анықтаушының қаулысын, сондай-ақ өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша - қорғаушылар ретінде іске қатысушы өзге де адамдармен;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) қылмыстық процесті жүргізетін органның шешімін көрсетуі бойынша - шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің ресми өкілімен кездесуге рұқсат беріледі.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қылмыстық процесті жүргізетін адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың туыстарымен және өзге де адамдармен - айына екі реттен аспайтын, ал кәмелетке толмағандардың үш реттен аспайтын, әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін болатын кездесуіне рұқсат берілуі мүмкін.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін не мәліметтерді беруге әрекет жасалған жағдайда, кездесу мерзімінен бұрын үзіледі.
4. 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Жұқпалы ауруы бар (ВИЧ/ЖҚТБ (СПИД) және туберкулез) науқастарға жолығысулар саны мен ұзақтығы медициналық қызметкермен (дәрігермен) алдын-ала әңгімелесіп, ауруды жұқтыру мүмкіндігі туралы жазбаша хабарланғаннан кейін белгілеген тәртіппен беріледі.
18-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Сезіктінің немесе айыпталушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнген не басқа сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басына қарсы қылмыс жасалу қаупі туындаған кезде күзетте ұстау орындарының қызметкерлері осындай қауіп төнген сезіктінің немесе айыпталушының жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде дереу шаралар қолдануға міндетті.
19-бап. Хат жазысу
1. Сезіктілер мен айыпталушыларға туыстары мен өзге де адамдардан айына екі хат немесе жеделхат алуға және жөнелтуге рұқсат етіледі. Хатхабарларды жөнелту және алу сезіктілер мен айыпталушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Сезіктілер мен айыпталушылардың хат жазысуы қылмыстық істі жүргізуші және цензура өткізуге тиіс адамның немесе органның рұқсаты бойынша күзетпен ұстау орнының әкімшілігі арқылы ғана жүзеге асырылады, бұған осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар қосылмайды.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтерді қамтитын, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар хаттар адресатқа жіберілмейді, күдіктілер мен айыпталушыларға табыс етілмейді және іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан адамға немесе органға беріледі.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сезіктілер мен айыпталушылардың қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталушы адамдармен хат жазысуы қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
5. Сезікті мен айыпталушының атына келіп түскен хаттарды тапсыруды, сондай-ақ оның хаттарын адресаттарға жөнелтуді, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, хат келіп түскен немесе оны сезікті және айыпталушы тапсырған күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей, күзетте ұстау орнының әкімшілігі жүргізеді. Хатты мемлекеттік тілге немесе ресми қолданылатын орыс тіліне аудару қажет болған жағдайда оны тапсыру мерзімі аудару үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін.
6. Жақын туысының қайтыс болғандығы немесе ауыр науқастығы туралы мәліметтер сезіктіге немесе айыпталушыға ол мәліметтер алынғаннан кейін дереу хабарланады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Сезіктінің немесе айыпталушының атына ол күзетте ұстау орнынан кеткеннен кейін келіп түскен хаттар алынғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей оның кеткен жері бойынша жөнелтіледі.
20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау
1. Сезіктілер мен айыпталушылардың мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жолдаған ұсыныстары, арыздары мен шағымдары күзетте ұстау орнының әкімшілігі арқылы жіберіледі.
2. Прокурорға және сотқа жолданған ұсыныстар, арыздар мен шағымдар цензурадан өткізілмейді және адресатқа желімдеп жабылған түрінде дереу жіберіледі.
3. Мемлекеттік органдарға жолданған ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды күзетте ұстау орындарының әкімшілігі олар берілген кезден бастап бір тәуліктен кешіктірмей қарап, жөнелтуге тиіс.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтері бар, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға қатысты осы Заңның 19-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіп қолданылады.
5. Соттың, анықтаушының, анықтау органы бастығының, тергеушінің немесе прокурордың іс-әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен дереу жіберіледі.
6. Ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға жауаптар сезіктілер мен айыпталушыларға қолы қойғызыла отырып хабарланады және жеке істеріне тігіледі.
7. Өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты ұсыныстар, арыздар мен шағымдар жасағаны үшін сезіктілер мен айыпталушыларды кез келген нысанда қудалауға жол берілмейді. Күзетте ұстау орындарының мұндай қудалауға кінәлі лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
21-бап. Тамақтану, тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алу
Сезіктілер мен айыпталушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар бойынша денсаулығы мен күш-қуатын сақтау үшін жеткілікті тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Сезіктілер мен айыпталушыларға осы Заңның 24-бабының 4-тармағына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынғандарын қоспағанда, қолма-қол ақшасыз есеп айырысып тамақ өнімдерін, ең қажетті заттарды, сондай-ақ басқа да өнеркәсіп тауарларын сатып алуға құқық беріледі.
22-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
1. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі сезіктілер мен айыпталушыларға гигиенаның, санитарияның және өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай келетін жағдайлар жасауға міндетті.
2. Сезіктілер мен айыпталушылар бір адамға шаққанда кемінде екі жарым шаршы метр санитариялық алаң нормасы негізге алынатын үй-жайларда ұсталуға тиіс.
3. Сезіктілер мен айыпталушыларға жеке жатын орын, төсек-орын мен ас ішу құралдары берілуге тиіс.
4. Барлық камералар радиохабар құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс. Камераларға күзетпен ұстау орнының кітапханасынан әдебиет пен мерзімді баспасөз басылымдарын беруге рұқсат етіледі.
23-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
1. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі белгіленген санитариялықгигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы талаптардың сақталуын, сезіктілер мен айыпталушылардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Күдіктілер мен айыпталушыларға медициналық, оның ішінде психиатриялық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ оларды медициналық мекемелерде ұстау мен оларға қызмет көрсетуге осы мекемелердің персоналын тарту тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қорғаныс министрлігі айқындайды.
3. Сезіктілер мен айыпталушылар дене жарақатын алған жағдайда куәландыруды күзетте ұстау орындарының медициналық қызметкерлері кешіктірмей жүргізеді. Медициналық куәландырудың нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітіледі және зардап шегушіге хабарланады. Медициналық куәландыруды күзетте ұстау орнының әкімшілігі басшысының не қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның шешімі бойынша медициналық мекеменің қызметкерлері жүргізеді.
4. Сезікті немесе айыпталушы ауыр науқастанған не қайтыс болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі оның жақын туыстарына және осы факт бойынша тексеру жүргізетін прокурорға хабарлайды. Қайтыс болған адамның мәйіті патология-анатомиялық зерттеуден, сондай-ақ заңдарда көзделген іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін оны сұраған адамдарға беріледі. Қайтыс болып, мәйіті сұралмаған адамды жерлеу мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
5. Сезіктінің немесе айыпталушының қайтыс болуы мүмкін ауыр науқасы байқалған жағдайда медициналық қорытынды болса, тергеу изоляторы әкімшілігінің прокурорға және істі жүргізуші органның алдына бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселе қоюға құқығы бар.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Тергеу изоляторында немесе уақытша ұстау изоляторында ұсталушы шетелдік қайтыс болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі ол туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне дереу хабарлайды. Сонымен бірге бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне немесе өзге де өкілдігіне жазбаша түрде хабарлайды.
24-бап. Сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар және ақша аударымдарын алу
1. Сезіктілер мен айыпталушыларға салмағы почта ережелерінде көзделген нормалардан аспайтын сәлемдемелер мен сәлем-сауқатты мөлшерін шектемей алып тұруға рұқсат етіледі.
2. Сезіктілер мен айыпталушыларға күзетте ұстау орындарына келіп түскен ақша аударымдары олардың жеке шоттарына қосылады. Сезіктілер мен айыпталушылар күзетте ұстау орындары әкімшілігінің рұқсатымен өз қаражатынан туыстарына және өзге де адамдарға ақша аударымдарын жөнелте алады.
3. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі дәрігердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайларда сезіктілер мен айыпталушылар үшін оларды қабылдай алады.
4. Сезіктілер мен айыпталушыларға адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін немесе қылмыс қаруы ретінде пайдаланылуы мүмкін не күзетте ұстаудың мақсатына кедергі келтіруге арналған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін беруге тыйым салынады.
5. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін тексеруден жасырып қалу немесе сезіктілер мен айыпкерлерге беру, сондай-ақ белгіленген ережелерге қарамастан оларға кез келген нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін беру заңдарға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Қосымша ақылы қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету
Мүмкіндігіне қарай тергеу изоляторларының әкімшілігі сезіктілер мен айыпталушыларды қосымша ақылы тұрмыстық және медициналық санитариялық қызмет көрсетулермен қамтамасыз етеді, олардың тізбесі мен ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілейді.
26-бап. Айыпталушыларды еңбекке тарту
1. Тиісті жағдайлар болған кезде айыпталушылар, өздерінің тілегі бойынша, белгіленген тәртіппен тергеу изоляторлары аумағында еңбекке тартылады.
2. Айыпталушылардың жалақысы заңда көзделген ұстап қалулардан кейін олардың жеке шоттарына аударылады.
3. Айыпталушыларды еңбекке тарту алдын ала тергеу мен анықтауға кедергі келтірмеуге тиіс.
27-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың тергеу іс-әрекеттеріне және
сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету
1. Күзетте ұстау орындарының әкімшілігі тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындарына қабылдауды және оларды жіберілген жеріне жөнелту үшін айдауылға беруді қамтамасыз етеді.
2. Сезіктілер мен айыпталушыларды тергеу іс-әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысудан босату заңдарда көзделген негіздерде жүзеге асырылады.
28-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың азаматтық- құқықтық мәмілелерге қатысуы
Сезіктілер мен айыпталушылардың, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен және Ішкі тәртіп ережелерінде белгіленген ретпен, өздерінің өкілдері арқылы немесе тікелей азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуға құқығы бар.
29-бап. Әйелдерді күзетте ұстаудың ерекшеліктері
1. Сезікті және айыпталушы әйелдер үш жасқа дейінгі балаларын өздерімен бірге ұстай алады.
2. Күзетте ұстау орындарында жүкті әйелдер және өзімен бірге балалары бар әйелдер үшін жақсартылған материалдық-тұрмыстық жағдай жасалады, мамандандырылған медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тамақтандырудың және затпен қамтамасыз етудің көтеріңкі нормалары белгіленеді.
3. Жүкті әйелдерге және жанында балалары бар әйелдерге күн сайын ұзақтығы үш сағатқа дейінгі серуен беріледі.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жүкті әйелдерге және жанында балалары бар әйелдерге жазалау шарасы ретінде тәртіптік изоляторға отырғызуды қолдануға болмайды.
5. Қажет болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі заңда белгіленген тәртіппен баланы туыстарына немесе өзге де адамдарға не балалар мекемесіне уақытша беру туралы өтініш жасауы мүмкін.
30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері
1. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға жақсартылған материалдық-тұрмыстық жағдай жасалады және тамақтандырудың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын көтеріңкі нормалары белгіленеді.
2. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушылардың күн сайынғы серуендерінің ұзақтығы екі сағаттан кем емес болып белгіленеді. Серуендеу кезінде кәмелетке толмағандарға дене жаттығулары мен спорт ойындары үшін мүмкіндік беріледі.
3. Жағдай болған кезде кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға кинофильмдер көрсетіледі, олар үшін телехабарлар көру ұйымдастырылады, спортпен шұғылдану және басқа да демалыстар үшін үй-жайлар, сондай-ақ ашық ауада спорт алаңдары жабдықталады.
4. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға оқулықтар мен мектеп-жазу құралдарын сатып алуға және алуға, сондай-ақ оларды осы Заңының 24-бабында көзделген нормалардан асатын сәлем-сауқаттар мен сәлемдемелер арқылы алуға рұқсат етіледі.
3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу
31-бап. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары
1. Сезіктілер мен айыпталушылар жалпы немесе осы Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарына сәйкес бір кісілік камераларда ұсталады.
2. Күзетте ұстау орны әкімшілігі басшысының прокурор санкция берген дәлелді қаулысы бойынша сезіктілер мен айыпталушыларды бір кісілік камераға бір тәуліктен астам мерзімге орналастыруға жол беріледі. Сезіктілер мен айыпталушыларды бір кісілік камераларға орналастыруға мынадай жағдайларда:
1) осы Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудің өзгедей мүмкіндігі болмаған кезде;
2) сезіктінің немесе айыпталушының не басқа да сезіктілердің немесе айыпталушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде;
3) сезіктінің немесе айыпталушының жеке ұстау туралы жазбаша арызы болған кезде;