6. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-бап. Электрондық сауда
Электрондық саудаға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Электрондық сауданы жүзеге асыру
1. Офертаны өз атынан электрондық нысанда жіберетін сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде:
1) офертаға шарттың маңызды талаптарын енгізуге немесе оларды айқындау тәртібін көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды енгізуге;
2) шартты жасасу тәртібі туралы ақпаратты ұсынуға;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен шот-фактураны жазып беруге, сондай-ақ «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелерін беруге міндетті.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1. Сатушының, сол сияқты сатып алушының электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде басқа тараптан электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауын талап етуге құқығы бар.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Электрондық сауда мәмілелері бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Электрондық сауда алаңындағы электрондық коммерция инфрақұрылымында:
1) электрондық сауда алаңының электрондық саудаға қатысушыларға қоятын ішкі талаптары;
2) тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет үшін банктік төлем жүйелерін пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мүмкіндігі;
3) тауардың немесе көрсетілетін қызметтің жеткізілуін ұйымдастыру немесе үйлестіру;
4) сатып алушы мен сатушы арасындағы, оның ішінде тауарды қайтарып беру кезіндегі өзара есеп айырысуды қамтамасыз ету;
5) сатып алу-сату шартын, қызметтер көрсету шартын электрондық құжаттар немесе электрондық хабарлар алмасу жолымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жасасу мүмкіндігін беру қамтылады.
Мамандандырылған электрондық сауда алаңдары қызметінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Электрондық сауда алаңы электрондық коммерцияны жүзеге асыру кезінде:
1) ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпараттың, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің тұтастығы мен құпиялылығын;
2) электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша сатып алушының өз міндеттемелерін орындауын, егер мұндай шарттарды электрондық сауда алаңы іске асырған жағдайда, қамтамасыз ету шарттарын айқындайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Электрондық коммерциядағы электрондық сауда алаңы, ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы:
1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарларда қамтылған ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге;
2) электрондық құжаттарды, электрондық хабарларды немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде оларда қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге, егер оның электрондық саудаға басқа қатысушылармен жасасқан шартында немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе;
3) егер оның электрондық саудаға басқа қатысушылармен жасасқан шартында немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттардың немесе электрондық хабарлардың мазмұнын не оларды пайдалану тәртібін өзгертуге құқылы емес.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Электрондық сауда алаңының сатушысы және (немесе) иесі электрондық сауда кезінде ақпараттың келісімге сәйкес және онда көзделген шарттарда сақталуын қамтамасыз етеді.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 29-2-баппен толықтырылды
29-2-бап. Фулфилмент орталықтарының функциялары
Фулфилмент орталығы мына функцияларды:
1) өндірушіден, сатушыдан, делдалдан немесе фулфилмент орталығының қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан басқа тұлғадан тауар қабылдауды;
2) қабылданған тауарды қоймада сақтауды;
3) тауарға тапсырыстарды, оның ішінде электрондық байланыс құралдары арқылы қабылдау мен өңдеуді;
4) тауарға келіп түскен тапсырыстарға сәйкес тауарды жасақтауды;
5) тауарды қаптауды;
6) тауарды сатып алушыға жеке жеткізу қызметімен жеткізуді немесе тауарды бөгде жеткізу қызметтері арқылы жөнелтуді;
7) сатып алушылардан тауар үшін төлемақы алуды;
8) қайтарып берулерді өңдеуді жүзеге асырады.
30-бап. Тауарлармен биржалық сауда жасау
Биржалық сауда Қазақстан Республикасының тауарлық биржалар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-тарау. Ішкі сауда субъектілеріне және тауарларға қойылатын талаптар
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 31-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-бап. Ішкі сауда субъектілеріне қойылатын талаптар
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ішкі сауда субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
1) тиiсiнше сапалы, қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн тауарларды сатуға;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) отандық өндіріс тауарларын көрнекі және физикалық қолжетімді жерлерде орналастыруға;
2) тауарларды тиісінше жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сәйкес белгiленген өлшемдер бойынша сатуға;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) заңнамасына сәйкес таңбалау туралы шешім қабылданған, таңбаланған тауарларды сатуға;
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарларды ішкі сауда қағидаларында айқындалатын тәртіппен есепке алуды жүргізуге міндетті.
Ішкі сауда субъектісі бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарлар туралы ақпараттың күнтізбелік бір жыл ішінде сақталуын қамтамасыз етеді;
3) сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелерi және талаптар қою тәртібі, өнiмдi пайдалану, оны сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы, ал талап-арызды және сотқа ұсынылатын, оған қоса берілетін құжаттар ресiмделген жағдайда, сол сияқты сатушының немесе дайындаушының (орындаушының) орналасқан жерi мен өзге де реквизиттері туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге;
4) сауда объектiсiнiң жалпы жұртқа қолжетімді жерiнде өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi талаптарына сәйкес тексерiлген бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыруға;
5) сатып алушыда тауарлардың массасы мен ұзындығына қатысты күмән туындаған жағдайларда, оған бақылау-өлшеу құралдарының көмегiмен аталған сипаттамаларды өз бетінше тексеру мүмкiндiгiн беруге;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестiгі міндетті расталуға жататын тауарларды сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестік сертификатын (белгіленген үлгідегі бланкілердегі көшірмесін) не сәйкестік туралы декларацияны көрсетуге;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын тауарларды көтерме саудада сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестiк сертификатын не сәйкестiк сертификаты көшірмесінің берілген күнін көрсете отырып, сәйкестiк сертификатының тауарларды беруші болып табылатын заңды тұлға басшысының немесе құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның немесе дара кәсіпкердің мөрімен және қолымен расталған көшірмесін не сәйкестiк туралы декларацияны көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiп пен жағдайларда фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануға;
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Заңның 32-бабында белгіленген қауіпсіздік талаптары мен нормаларға сай келмейтін тауарды айналымнан алып қоюға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдарды және тұтынушыны оның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға ықтимал қауіп туралы уақтылы хабардар етуге, оның ішінде сатылған тауардың құны мен тұтынушыға келтірілген залалдары (нұқсанды) өтей отырып, оны тұтынушыдан қабылдап алуға;
9) мемлекеттік органдардың белгiленген тәртiппен шығарылған ұйғарымдарын орындауға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартудан не көрінеу кемсітушілік сипаты бар және:
1) ішкі сауда субъектісінің осындай қызметті жүзеге асыратын басқа ішкі сауда субъектілерімен, сондай-ақ басқа ішкі сауда субъектілерімен осындай немесе өзге талаптарда тауарлар беру шарттарын жасасуына тыйым салу туралы талаптар;
2) тауарлар беруді жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің осындай қызметті жүзеге асыратын басқа ішкі сауда субъектілерімен жасалатын шарттар туралы мәліметтер ұсынуы туралы талап қамтылатын шарт жасасудан көрінетін, тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне кіруін шектеуіне тыйым салынады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ішкі сауда субъектілерінің осы Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына нормативтік құқықтық актілерде белгіленген жол берілетін шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін бұзуына тыйым салынады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарын бұзған кезде ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Егер сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі мен азық-түлік тауарларын беруші арасында мұндай тауарларды сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісіне бергеннен кейін белгілі бір уақыттан соң оларға ақы төлеу талабымен тауарлар беру шарты жасалған жағдайда, осы шартта белгілеу үшін мұндай тауарларға ақы төлеу мерзімі мынадай қағидалар бойынша айқындалады:
1) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі күнтізбелік он күннен аз жарамдылық мерзімі белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс;
2) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, күнтізбелік он және одан да көп күн жарамдылық мерзімі белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Тауарларға осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде ақы төлеу тауарлар беруді жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне немесе шартқа сәйкес тауарларға қатысты құжаттарды беру жөніндегі міндетті орындаған жағдайда жүргізіледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі мен азық-түлік тауарларын беруші арасында азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде азық-түлік тауарының бағасына ішкі сауда субъектісінің өнім берушіден белгілі бір азық-түлік тауарларының санын сатып алуына байланысты оған төленетін сыйақыны енгізу көзделуі мүмкін. Көрсетілген сыйақының мөлшері осы шарт тараптарының келісіп алуына жатады және сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасының бес пайызынан аспайды. Сыйақының көрсетілген жиынтық мөлшерін есептеу кезінде қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды. Ішкі сауда субъектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін сатып алуына байланысты осы тармақта көрсетілген сыйақыны төлеуге жол берілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген сыйақы мөлшерін арттырған кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 31-1-бап жаңа редакцияда (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-1-бап. Сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi - дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
1. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегi, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын күнтiзбелiк ай шегiнде күнтiзбелiк үш күннен асатын мерзiмге жалға (пайдалануға) берген кезде жалға беру (пайдалану) жазбаша шартын жасауға міндетті. Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шартында:
1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде);
2) жалға алушы - дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы;
3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнi;
4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрi;
5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) және жасасқан күнi;
6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның кезеңі;
7) жалға беру төлемінің сомасы және (немесе) өтелетін шығыстар сомасы;
8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсаты;
9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жері;
10) жалға берушінің және жалға алушының қолы және мөрі (ол болған кезде);
11) шартқа сәйкес өзге де талаптар міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
2. Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беруші дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жүргізуге және оны салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.
32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қауіпсіздік талаптарына сай келетін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келетін тиісті сападағы тауарлар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында айналымға жатады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Тауарлардың сапасы туралы мәліметтер мынадай ақпаратпен расталады:
1) дайындаушының тауар белгісі;
2) тауардың шыққан елі;
3) тауардың құрамы туралы;
4) азық-түлік тауарлары үшін - тамақ құндылығы;
5) дайындалған күні;
6) сақтау және жарамдылық мерзімі туралы;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) стандарттау жөніндегі құжаттың көрсетілуі;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес өзге де мәліметтер.
Тауар сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде заттаңбаларда, затбелгілерде, жапсырмаларда (стикерлерде), қосымша парақтарда, материалдық жеткізгіштерде қамтылуға тиіс.
Тауарлардың сақталуы және тасымалы олардың сапасының сақталуы және тұтыну үшін қауіпсіздік талаптарының сақталуы, оның ішінде арнайы жабдықталған үй-жайларда сақтаудың көзделген шарттарға, осы мақсаттар үшін арнайы арналған көлік құралдарында тасымалдау шарттарына қойылатын талаптардың сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда жүзеге асырылуға және белгіленген жағдайларда мұндай талаптардың сақталуы тиісті құжаттардағы жазбалармен расталуға тиіс.
3. Мыналарды:
1) айналыстан алынған тауарларды;
2) арнайы рұқсат алынбастан, айналыс қабілеті шектелетін тауарларды;
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес алып қоюға және кері қайтарып алуға жататын өнімді;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) белгіленген тәртіппен таңбалауға жататын сәйкестендіру құралдары немесе есепке алу-бақылау таңбалары жоқ акцизделетін тауарларды;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) бақылау (сәйкестендіру) белгілері немесе материалдық жеткізгіштері жоқ, бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен немесе материалдық жеткізгіштермен таңбалануға жататын тауарларды;
4) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберіндегі сатып алуды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдардың келісуі бойынша уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарларды;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) аталған тауарларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдарының нысанды киім-кешегінің заттарына жататын тауарларды;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды
4-3) қолданылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау құралдарын;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды
4-4) сексеуіл сүрегінен жасалған өнімді, Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілердің оны өткізуін қоспағанда, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл екпелерін кесуге тыйым салу қолданылатын кезеңде;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында сатуға тыйым салынған өзге де тауарларды сатуды жүзеге асыруға тыйым салынады.
32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары
1. Сауда қызметі субъектілері осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін жүзеге асыруға құқылы.
2. Сауда қызметі субъектісі:
1) сауданың мамандандырылуын (әмбебап сауда және (немесе) мамандандырылған сауда);
2) сатылатын тауарлардың ассортиментін;
3) жұмыс режимін;
4) осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатылатын тауарлар бағаларын өз бетінше айқындайды.
3. Сауда қызметі субъектісі өзінің мүдделері қозғалатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауы үшін ұсынуға құқылы.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
32-2-бап. Көтерме-тарату орталықтары
Кейіннен ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарда көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін, үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларын және тізбесі көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарда айқындалатын азық-түлік емес тауарларды тиісінше сақтауға және (немесе) олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларынан, павильондардан және (немесе) арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункционалды инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен көтерме-тарату орталығы деп танылады.
Көтерме-тарату орталықтары қызметтер кешенін көрсетеді немесе технологиялық мамандануына және көрсетілетін қызметтер түріне қарай мынадай болып бөлінуі мүмкін:
1) сақтайтын көтерме-тарату орталығы азық-түлік тауарларын сақтауға және олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған, көбінесе жеміс-көкөніс өнімдері мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарына жақын орналасқан және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және ішкі сауда субъектілеріне кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу (тазалау, калибрлеу, сұрыптау, орау және басқа да көрсетілетін қызметтер) бойынша қызметтер көрсететін жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
2) бөлетін көтерме-тарату орталығы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сақтауға және өткізу объектілері бойынша бөлуге және тауарларды сауда объектілерінің мұқтаждары үшін уақытша сақтау және тиеу (ауыстырып тиеу) жөніндегі логистикалық қызметтерді көрсетуге арналған жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
3) сауда көтерме-тарату орталығы сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және (немесе) ішкі сауда субъектілеріне сауда қызметін жүзеге асыру кезеңіне инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен шегіндегі сауда алаңдарына, сақтау орындарына және басқа да үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуді ұсынатын жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады.
7-тарау. Қорытынды ережелер
33-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
33-1-бап. 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 33-2-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-2-бап жаңа редакцияда
33-2-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.