2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау сауда объектілеріне бару жолымен жүзеге асырылады және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылауға бағытталады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерін асыру анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықты жою туралы нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша шығарылады.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер арқылы бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпей жүзеге асырылады.
34-бап. Дауларды шешу
Сауда қызметiн мемлекеттік реттеу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
35-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының