Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды Республиканың Бас Прокуроры және өзге прокурорлар заңдарда белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
7-тарау Тергеу мен анықтама заңдылығына қадағалау
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
37-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi
Прокурор анықтама мен тергеу органдарының актілері мен қызметiнiң заңдылығына, жасалған қылмыстар және тергеу жүргiзу туралы өтiнiштер мен хабарларды шешудiң заңдарда белгiленген тәртібінiң сақталуына қадағалауды жүзеге асырады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 38-бап толықтырылды; 2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-бап. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарынан қылмыстық істерді, қылмыстық құқық бұзушылықтар, жедел-іздестіру қызметі, жасырын тергеу әрекеттері, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы құжаттарды, материалдарды және өзге де мәліметтерді тексеру үшін алады;
2) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңдылықтың сақталуын тексереді;
3) қылмыстық қудалау органының күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды немесе үйқамаққа алуды санкциялау туралы өтінішхатын тергеу судьясы алдында қолдайды не қолдаудан бас тартады, кепілді қолдануды санкциялайды;
4) қажет болған жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды және жүргізеді, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу туралы нұсқаулар береді;
5) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың заңсыз қаулыларының күшін жояды;
6) егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеп-тексерудің заңсыз әдістеріне жол берілсе, кінәлі адамдардың жауаптылығы туралы мәселе қояды;
7) сотқа дейінгі тергеп-тексеру толық болмаған, сондай-ақ заңдылықтың бұзылуына жол берілгені белгілі болған жағдайларда, қылмыстық істі қосымша тергеп-тексеруге қайтарады не оны толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты тоқтатады;
8) айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді, қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жібереді;
9) қажет болған жағдайда заңның бұзылуын жою, қылмыстық құқық бұзушылықтардың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсатында тергеу бөлімшелері мен анықтау органдарының басшыларынан өздеріне бағынысты органдарда тексеру жүргізуді талап етеді;
10) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары басшыларының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымдарды қарайды;
11) бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамдарды күзетпен ұстаудың заңнамада белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді;
12) заңда белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
2. Прокурордың өз құзыреті шегіндегі нұсқаулары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үшін міндетті.
39-бап. 2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-тарау Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалау
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 40-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
40-бап. Қадағалаудың мақсаты
Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды прокуратура:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде, сондай-ақ iстердi қарау мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жазалау шараларын белгiлеген кезде заңдардың дәл әрi бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз ету;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде адамның және азаматтың, лауазымды адамдар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру;
3) азаматтардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде жүргiзiлген iстерге байланысты кез келген актiге шағымдану құқығын қамтамасыз ету;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде заңдарды бұзуға кiнәлi адамдарға шара қолдану мақсатында жүзеге асырады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен ; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-бап өзгертілді
41-бап. Прокурордың әкiмшiлiк iс жүргiзу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкiлеттiгi
Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
1) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдардан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәлiметтердi, құжаттар мен iстердi талап етуге;
2) құзыретiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мен жаза қолдану кiретiн лауазымды адамдар мен органдардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне берiлген шағымдарды қарауға;
3) әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаны және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын қолданудың заңдылығы мен негізділігін тексеруге;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға қатысуға, өтiнiштер жасауға, iстi қарау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
5) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тексеруге;
6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолдануға;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiнде iс жүргiзудi қозғауға;
8) заңда көзделген басқа да iс-әрекеттердi жасауға хақылы.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Прокурордың әкiмшiлiк iс жүргiзуде заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі актілері
Тексерiс нәтижелерi бойынша прокурор:
1) сотқа, өзге өкiлеттi органға немесе лауазымды адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулыға немесе шешiмге наразылық енгiзуге;
2) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) iске қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге;
3) уәкiлдi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе қарауындағы ұйымдарға тексеру жүргiзудi талап етуге;
4) заңмен белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тоқтатуға;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулының немесе шешiмнiң орындалуын тоқтата тұруға;
6) әкiмшiлiк жолмен заңсыз ұсталған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
7) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда өз мiндеттерiн орындауға байланысты өкiлеттi мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шараларды алып тастау туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға хақылы.
9-тарау Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалау
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен ; 2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 43-бап өзгертілді
43-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi
Прокурор:
1) сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезiнде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығын;
2) аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгiленген тәртiбі мен шарттарының сақталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын;
3) бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығын;
4) азаматтық , шаруашылық , қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілерін атқару заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 44-бап өзгертілді
44-бап. Прокурордың атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкiлеттiктерi
Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзыретi шегiнде:
1) адамның құқықтары, күзетпен ұсталатындар мен сотталғандарға ізгілікпен қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен халықаралық шарттарының дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын талап етуге;
2) азаматтың, мемлекеттiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы мен өтiнiштерi бойынша атқарушылық iстер жүргiзiлуiн талап етуге және тексеруге;
3) сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерiнде тексеру мақсатымен кез келген уақытта болуға;
4) ұстап алынғандардан, күзетпен ұсталатындардан, сотталғандардан және мәжбүрлеу сипатындағы шаралар қолданылатын адамдардан жауап алуға;
5) адамдарды ұстап алуға, күзетпен ұстауға, олардың жазасын өтеуіне, сондай-ақ мәжбүрлеу сипатындағы өзге де шаралар қолдануға негіз болған құжаттарды талап етуге;
6) мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында немесе мекемелерiнде заңсыз отырған әрбiр адамды өз қаулысымен дереу босатуға;
7) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға заңды бұза отырып, қолданылған тәртiптiк шаралардың күшiн жоюға, оларды өз қаулысымен айыптық изолятордан, камералық үлгiдегi орындардан немесе карцерден қамаудан босатуға;
8) заңда белгiленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер әкiмшiлiгiнiң актілерін санкциялауға хақылы.
8-1) 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-тарау Қылмыстық қудалау
45-бап. Қылмыстық қудалау шегi
Прокуратура Конституцияға сәйкес осы Заңмен және қылмыстық-iс жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 46-бап өзгертілді; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-бап. Қылмыстық қудалау жөніндегі өкілеттіктер
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға, оны анықтау немесе тергеу органына тергеп-тексеру жүргізу үшін беруге не оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқылы;
2) тергеу, тергеу-жедел тобын басқарады, қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді;
3) тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысады;
4) заңда көзделген жағдайларда жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттері мен шешімдерін санкциялайды не оларға санкция беруден бас тартады;
5) қылмыстық қудалаудан иммунитеті мен артықшылықтары бар адамдарды ешкімнің тиіспеуінен айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұсыну енгізеді;
6) процестік келісімге бастамашылық етеді және оны жасасады, жасалған процестік келісімнің нысанасы болып табылатын қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеруді ұйымдастыруға шаралар қолданады;
7) заңда көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды тоқтатады;
8) қылмыстық істі сотқа жібереді;
9) заңда белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47-бап. Істі сотқа жіберу
1. Прокурор айыптау актісімен не қылмыстық теріс қылық туралы хаттамамен келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде, анықтау мен тергеу органдарының заңнама талаптарын сақтауын және істі сотқа жіберу үшін негіздердің жеткілікті екендігін тексеруге міндетті.
2. Қылмыстық істің сотта қаралуына жеткілікті негіздер болған кезде прокурор айыптау актісін не қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді және істі сотқа жібереді.
3. Істі сотқа жіберген кезде прокурор:
1) заңда көзделген негіздер бойынша, қылмыстық істің бір бөлігін, оның ішінде адамға қатысты тоқтатуға;
2) айыптау актісінен жекелеген айыптау тармақтарын алып тастауға, сондай-ақ онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға;
3) бұлтартпау шарасын таңдауға, өзгертуге немесе оның күшін жоюға;
4) заңда белгіленген өзге де әрекеттерді орындауға құқылы.
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен Заң 10-1-тараумен толықтырылды
10-1-тарау. Шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау
47-1-бап. Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде заңдардың қолданылуын қадағалау
1. Республиканың Бас Прокуроры және (немесе) ол уәкілеттік берген прокурорлар құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың, Қазақстан Республикасы Конституциясының және заңдарының қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
2. Халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен Республиканың Бас Прокуроры немесе ол уәкілеттік берген прокурорлар мемлекет атынан:
адамдарды ұстап беру туралы;
қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы;
бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін ауыстыру туралы;
қылмыстық істер бойынша іс жүргізу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен өтініштерді жіберу және орындау туралы шешім қабылдайды.
3. Прокуратура органдары халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
47-2-бап. Прокуратураның халықаралық құқықтық ынтымақтастық бойынша өкілеттіктері
Республиканың Бас Прокуроры және (немесе) ол уәкілеттік берген прокурорлар халықаралық құқықтық ынтымақтастық шеңберінде:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ қолданыстағы шарттарды өзгерту және толықтыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің прокуратура органдарымен құқықтық көмек, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы шарттар жасасуға және оларға қол қоюға;
3) прокуратура органдарының құзыреті шегінде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тиісті мекемелерімен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
4) прокурорлардың халықаралық ұйымдарының қызметіне қатысуға;
5) ынтымақтастық жасаушы мемлекеттердің аумағында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бірлескен шаралардың мемлекетаралық бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге, оларды орындауға қатысуға;
6) шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарының қатысуымен ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды ауыстыру, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаны орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің құзыретті мекемелеріне Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды ауыстыру мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаны орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау жөніндегі тапсырмаларын, өтінімдерін, өтініштерін жіберуге;
8) Қазақстан Республикасының мүдделерін қозғайтын қылмыстық істерді қарау кезінде шет мемлекеттердің соттарында және халықаралық соттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге;
9) халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен Заң 10-2-тараумен толықтырылды
10-2-тарау. Прокуратура органдары қызметінің өзге де бағыттары
47-3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау
Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалауды Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті прокурорлар жүзеге асырады.
47-4-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
Қадағалау қызметін тиімді жүзеге асыру мақсатында прокуратура органдарында даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді, оны прокуратура органдарының барлық деңгейлері жүргізеді.
Прокуратура органдарының қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Республиканың Бас Прокуроры белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-тарау. Прокуратура органдарындағы қызмет
ҚР 02.07.98 ж. № 266-1 Заңымен 48-бап толықтырылды; ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 48-бап өзгертілді; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
48-бап. Прокурорлар, прокуратура органдарының қызметкерлері
1. Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiн білдіруді, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
Мыналар прокурорлар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнiң, басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының басқармалары мен бөлiмдерiнiң аға прокурорлары және прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар.
Әскери, табиғат қорғау, көлiк, сондай-ақ арнайы объектiлердiң прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады.
2. Прокуратура органдарының негiзгi мiндеттерi мен функцияларын атқаратын прокуратура органдарының лауазымды адамдарына сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi.
Прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ оларға сәйкес шектi сыныптық шендердi немесе әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
3. Әскери міндетті прокуратура қызметкерлері прокуратура органдарында арнаулы есепте тұрады.
ҚР 02.07.98 ж. № 266-1; 23.07.99 ж. № 454-1 Заңдарымен 49-бап өзгертiлдi; ҚР 05.05.00 ж. № 48-II Заңымен 49-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.10.01 ж. № 247-II Заңымен 49-бап өзгертілді; ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 49-бап жаңа редакцияда ; 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен 49-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
49-бап. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiн құқықтық қорғау
1. Прокурор жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарламаны кез келген тексеру прокуратура органдары өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады.
2. Қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, прокурорды әкiмшiлiк ұстауға, жеке тексерiп қарауға, оның заттары мен пайдалануындағы көлiгiн тексерiп қарауға жол берiлмейдi.
51-бап. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 23.07.99 ж. № 454-1; 02.07.98 ж. № 266-1; 10.10.01 ж. № 247-II Заңдарымен 52-бап өзгертілді
52-бап. Еңбектi құқықтық реттеу
Мыналардың:
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі;
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
ҚР 19.06.97 ж. № 134-I; 02.07.98 ж. № 266-1; 07.04.99 ж. № 374-1; 23.07.99 ж. № 454-1; 10.10.01 ж. № 247-II Заңдарымен 53-бап өзгертiлдi ; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-бап. Прокуратура органдарының қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру
1. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi.
2. Прокуратура органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, оларға мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
54-бап. ҚР 10.10.01 ж. № 247-II Заңымен 54-бап алынып тасталды
ҚР 10.10.01 ж. № 247-II Заңымен 55-бап жаңа редакцияда
55-бап. Арнаулы қызмет стажы
1. Прокуратура органдарындағы қызмет (жұмыс) мемлекеттік қызметтiң арнаулы түрi болып табылады. Арнаулы қызмет (жұмыс) стажына прокуратура органдарындағы қызметтен (жұмыстан) басқа:
1) Қарулы Күштердегi, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы және басқа да құқық қорғау органдарындағы;
2) сот органдарындағы;
3) мемлекеттік қызметте болған қызмет (жұмыс);
4) заң мамандығы бойынша ғылыми және педагогтiк жұмыс;
5) өкiлдi билiктiң мемлекеттік органдарындағы сайланбалы лауазымдағы жұмыс уақыты есептеледi.
12-тарау Прокуратураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң өзге де мәселелерi
2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 56-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
56-бап. Прокуратура органдарын қаржыландыру
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
57-бап. Мөр мен куәлiктер
1. Республиканың Бас Прокурорына, оның орынбасарларына белгiленген үлгiдегi куәлiктi Республика Президентi бередi.
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Республиканың Бас Прокуроры, комитет төрағасы, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар қарауындағы қызметкерлерге белгiленген үлгiдегi куәлiктердi бередi.
3. Республика Бас прокуратурасының және оған бағынысты прокуратуралардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген әрi қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрлерi, Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде тиiстi шоттары болады.
58-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
59-бап. Осы Заңды iске асыру жөніндегі шаралар
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мыналарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
1) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру тәртібі туралы Ереженi;
2) прокуратура органдарының қызметкерлерi Антының мәтiнiн ұсынысын.
2. «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» 1992 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 5, 104-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1994 ж., № 9-10, 148-құжат, 158-құжат; 1995 ж., № 3-4, 34-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының