2. Тiркелген тауар шығарылған жер атауымен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас географиялық объектiнiң атауын тiркемей, оны бiртектес тауарларға қатысты пайдалануға жол берiлмейдi.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық объектiлердiң атаулары болып табылатын немесе соларды қамтитын тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын, егер бұл орайда тауар шығарылған нақты жер көрсетiлсе не аударма пайдаланылса немесе белгiде «түрiнде», «үлгiсiнде», «стилiнде» деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, осы жерден шығарылмаған осындай тауарларды белгiлеу үшін пайдалануға жол берiлмейдi.
4. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын иелiктен айыру, оны бiреуге беру туралы өзге де мәмiлелер және лицензиялық шарт негiзiнде тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруге жол берiлмейдi.
38-бап. Ескертпе таңбалау
Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесi тауар шығарылған жер атауымен қатар тұстан латынның (R) әрпi түріндегі ескертпе таңбалауды, «тiркелген тауар шығарылған жердiң атауы», «зарегистрированное наименование места происхождения товара» немесе «ТШЖА тiрк.» деген сөз белгiлерiн соға алады.
11-тарау. Тауар шығарылған жер атауын құқықтық қорғаудың қолданылуын тоқтату
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының берiлуiне дау айту
1. Егер тауар шығарылған жердің атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында белгiленген талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған болса, оған дау айтылып, ол жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Егер тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану неғұрлым ертерек басымдыққа ие, сондай-ақ Қазақстан Республикасында белсендi пайдалану нәтижесiнде кеңiнен танымал болған тауар таңбасының болуына байланысты тауарға немесе оны шығарушыға қатысты тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкiн болса, тауар шығарылған жердiң атауын тiркеуге және (немесе) тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге, тауар шығарылған жердiң атауын мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күнiнен бастап бес жылдың iшiнде дау айтылып, ол жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
3. Кез келген мүдделi тұлға уәкiлеттi органға осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген негiз бойынша тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының берiлуiне қарсылық бере алады.
Қарсылық осы Заңның 23-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қаралуға тиiс.
40-бап. Тауар шығарылған жер атауының тiркелуiн және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылуын тоқтату және оларды жарамсыз деп тану
1. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу:
1) осы географиялық объектiге тән жағдайлардың жойылуына және Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тiзiлiмiнде осы тауар шығарылған жер атауы жөнiнде көрсетiлген қасиеттерi бар тауар өндiрудiң мүмкiн болмауына байланысты;
2) тауар шығарылған жер атауын құқықтық қорғаудың шығарылатын елде тоқтатылуына байланысты доғарылады.
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылуы:
1) осы Заңның 34-бабында белгiленген оның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты;
2) осы тауар шығарылған жер атауына қатысты Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тiзiлiмiнде көрсетiлген айырықша қасиеттердi тауардың жоғалтуына байланысты;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнің уәкiлеттi органға берген өтiнiшi негізiнде;
4) заңды тұлға таратылған немесе жеке тұлға - тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң кәсіпкерлiк қызметi тоқтатылған кезде доғарылады.
3. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша апелляциялық кеңестiң немесе соттың шешiмi бойынша жарамсыз деп танылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Сараптама ұйымы Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тiзiлiмiне тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеудің қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгiзедi, бұл туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды және өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
12-тарау. Тауар таңбаларын иелерінің құқықтарын және тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын пайдалану құқықтарын қорғау
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-бап жаңа редакцияда
41-бап. Апелляциялық кеңес
1. Апелляциялық кеңес уәкiлеттi органның жанындағы, өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейiн қарау жөніндегі алқалы орган болып табылады.
2. Апелляциялық кеңеске:
1) сараптама ұйымының тауар белгісін тіркеуден бас тарту, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәлімделген тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
2) сараптама ұйымының тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) табыстаудан бас тарту туралы шешімдеріне;
3) тауар белгісін, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 6-тармағына сәйкес тіркеуге;
4) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) табыстауға қарсылықтар берілуі мүмкін.
Көрсетілген қарсылықтарды сотқа дейін қарау міндетті болып табылады.
3. Апелляциялық кеңестің құрамына кәсіпкерлік жөніндегі және тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің өкілдерін қоса алғанда, мүшелердің тақ саны (кемінде бесеуі) кіруге тиіс.
4. Апелляциялық кеңестің құрамына мыналар кіре алмайды:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдер;
2) жұбайлары, жақын туыстары немесе жекжаттары;
3) сараптама ұйымының қызметкерлері.
5. Апелляциялық кеңестің кез келген мүшесі:
1) осы баптың 4-тармағының негізінде апелляциялық кеңестің отырысына қатысушылар мәлімдеген өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру жағдайында;
2) еңбекке уақытша жарамсыздығына, демалыста немесе іссапарда болуына байланысты болмаған жағдайда ауыстырылуы мүмкін.
6. Апелляциялық кеңестің әрбір отырысы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бейнетүсіру қолданылып жүргізіледі.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 41-1-баппен толықтырылды
41-1-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері
1. Егер:
1) қарсылық апелляциялық кеңесте қаралуға жатпаса;
2) қарсылыққа қол қойылмаса не оған қол қоюға өкiлеттiгi жоқ тұлға қол қойса;
3) қарсылық белгiленген мерзiмдi бұза отырып берiлсе және көрсетілген мерзiмдi ұзарту мен қалпына келтiру мүмкiндiгi жоқ болса;
4) өтiнiш берушi қарсылық берудi ресiмдеуге, мазмұндауға және рәсiмдеуге қойылатын талаптарға қатысты кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоймаса, қарсылықты қарауға қабылдаудан бас тартылады.
Көрсетілген мән-жайлар болған жағдайда, қарсылық берген тұлғаға алынған қарсылықты қарауға қабылдауға болмайтыны және ол берiлген жоқ деп есептелетiнi туралы хабарлама жiберiледi.
Қарсылық берген тұлға немесе оның өкiлi берiлген қарсылықты апелляциялық кеңес алқасының шешiмі жария етілгенге дейiн қайтарып алуы мүмкін.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 41-2-баппен толықтырылды; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 41-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-2-бап. Қарсылықты қарау
1. Қарсылықты қарауды апелляциялық кеңес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және осы Заңда көзделген мерзімдерде жүзеге асырады.
2. Қарсылық беруге арналған мерзім өткізіп алынған кезде апелляциялық кеңес ұсынылған құжаттардың негізінде мерзімді өткізіп алу себептері дәлелді деп танылған жағдайда, оны қарауға қабылдай алады.
3. Қарсылықты қарау мерзімі өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.
4. Апелляциялық кеңес:
1) қарсылықты мәлімдеуші қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхат берген жағдайды қоспағанда, өзі келмеген;
2) өтініш беруші қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыттың қажеттігі туралы өтінішхат берген жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы.
5. Апелляциялық кеңес мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;
2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;
3) қарсылықты қараудан бас тарту туралы;
4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы.
Апелляциялық кеңес қарсылықтың нысанасын немесе негізін өз бастамасы бойынша өзгертуге құқылы емес.
6. Апелляциялық кеңестiң барлық мүшелері қарсылықты қараған кезде тең құқықтарды пайдаланады. Апелляциялық кеңестің шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
7. Қабылданған шешім шығарылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарсылықты мәлімдеушіге жіберіледі.
8. Апелляциялық кеңес қарсылықты мәлімдеушінің өтінішхаты бойынша қарсылықты қараусыз қалдыра алады. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасымен ресімделеді.
9. Қабылданған шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 41-3-баппен толықтырылды
41-3-бап. Апелляциялық кеңестiң шешiмiндегі қате жазуларды және айқын техникалық қателерді түзету
1. Шешім шығарған апелляциялық кеңес қарсылық бойынша шешім жарияланғаннан кейін оның күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы емес.
2. Апелляциялық кеңес шешімде жіберілген қате жазуларды немесе айқын техникалық қателерді өз бастамасы бойынша немесе қарсылықты қарауға қатысатын тұлғалардың өтініші бойынша түзете алады.
Түзетулер енгізу туралы мәселе апелляциялық кеңестің отырысында шешіледі. Қарсылықты қарауға қатысатын тұлғаларға апелляциялық кеңес отырысының уақыты мен орны туралы хабар беріледі, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қарау үшін кедергі болып табылмайды.
3. Апелляциялық кеңестің шешіміне түзетулер енгізу апелляциялық кеңестің қосымша шешімімен ресімделеді.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 41-4-баппен толықтырылды
41-4-бап. Қарсылықты қараусыз қалдыру
1. Апелляциялық кеңес, егер:
1) қарсылық берген, апелляциялық кеңес отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабар берілген, қарсылықты өзі болмағанда қарау туралы мәлімдемеген тұлға апелляциялық кеңестің отырысына екінші рет шақырғанда келмесе;
2) қарсылық берген тұлғаның өзінің қарсылығын кері қайтарып алу туралы өтінішхаты болса, қарсылықты қараусыз қалдырады.
2. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасына түсіріледі.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42-бап. Дауларды қарау
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мынадай даулар сот тәртiбiмен қаралады:
1) тауар белгісіне немесе тауар шығарылған жердің атауына куәлік берудің құқыққа сыйымдылығы туралы;
2) тауар белгісінің пайдаланылмауына байланысты оны тіркеу әрекетіне қарсы;
3) тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) айрықша құқығын немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын бұзу туралы;
4) тауар белгісін пайдалануға лицензиялық шарттарды жасасу және орындау туралы;
5) тауар белгісін жалпыға бірдей белгілі деп танудың құқыққа сыйымдылығы туралы;
6) егер тауар белгісін пайдалану тұтынушыны тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыруға қабілетті болған жағдайда, Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп танылған тауар белгісімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас тауар белгісін тіркеудің қолданысын тоқтату туралы;
7) куәліктен туындайтын құқықтарды қорғауға байланысты басқа да даулар.
Көрсетілген даулар, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, егер бұған «Төрелік туралы» және «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, тараптардың келісімі бойынша төрелік немесе медиация тәртібімен қаралуы мүмкін.
Сараптама ұйымының осы Заңның 41-бабының 2-тармағында көрсетілген шешімдеріне талап қою арыздары тиісті қарсылықтар апелляциялық кеңесте қаралғаннан кейін сотқа беріледі.
2. Сараптама ұйымы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тауар белгісін, жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің қолданысын тоқтатуды, тауар белгісін пайдалану құқығын табыстауды немесе тауар белгісінің иесін (құқық иеленушіні) өзгертуді тіркеудің күшін жоюды қоса алғанда, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне және Тауар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізіліміне тиісті өзгерістер енгізеді, тіркеуге қатысты өзгерістер туралы мәліметтерді жариялайды.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43-бап. Тауар белгілері және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты, ал жалпыға бірдей белгiлi тауар белгісі жағдайында - барлық тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қатысты айналымға тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) келісімінсіз немесе тауар шығарылған жердің атауы немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер иесінің келісімінсіз енгiзу тауар белгісіне айрықша құқықты немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын бұзу деп танылады.
Тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану да тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің айрықша құқығын бұзу деп танылады.
2. Тауар белгісіне айрықша құқықты немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын бұзғаны үшін, оның ішінде оларды орналастырғаны не оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелердi тауарға немесе оның қаптамасына орналастырғаны үшін кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды
43-1-бап. Тауар белгісіне айрықша құқықты түбегейлі пайдалану
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кез келгенінің аумағында айналымға құқыққа сыйымды енгізілген тауарларға қатысты осы тауар белгісін тікелей тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе оның келісімімен басқа да тұлғалардың пайдалануы тауар белгісіне айрықша құқықты бұзу болып табылмайды.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44-бап. Тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің құқығын қорғау тәсілдері
1. Тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар белгісінің иесіне (құқық иеленушіге) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесіне ол шеккен залалдарды өтеуге міндетті.
2. Тауар белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені немесе жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
3. Тауар белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілемелер иесінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және бұзушының есебінен жойылуға жатады.
4. Тауар иесі осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын, оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді алып тастауды талап етуге құқылы.
5. Тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауға міндетті.
6. Тауар иесі құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушылықтың сипатын, тауар белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме тауар иесінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, бұзушыдан сот айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы.
13-тарау. Қорытынды ережелер
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-бап жаңа редакцияда
45-бап. Сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге ақы төлеу
Сараптама ұйымы тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы Заңның 3-1-бабына сәйкес ақы алады.
2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 46-бап жаңа редакцияда
46-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тізілімінде тіркеу кандидат берілген патенттiк сенiм білдірілген өкiл куәлігімен расталатын аттестаттаудан өткен кезде жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы заңнамасын білуіне тестілеу нысанында жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
2. Патенттік сенiм білдірілген өкiлдерге кандидаттар аттестаттауына:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға ты-йым салынған адамдар;
2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адамдар;
3) қылмыс жасағаны үшін заң тәртібінде белгіленген өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
4) осы Заңға сәйкес патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тiзiлiмінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, оның ішінде уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне;
3) осы Заңның 46-2-бабы 1-тармағының 2) және 6) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы үш ай ішінде тиісті шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған жағдайда, оның қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта жалғастырылады.
4. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтiнiш берушiнің өкілі ретінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi сондай-ақ өтініш беруші және (немесе) тауар таңбасының иесі дербес жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда және оның ұйымдарында патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер арқылы өздерінің өтiнiш берушi, тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының және тауар шығарылатын жер атауының иесі ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайларын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өздерінің өтiнiш берушi, тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының және тауар шығарылатын жер атауының иесі ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алады.
5. Патенттiк сенiм білдірілген өкiл сенiм бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде құпиялы ақпаратқа немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияға қойылатын талаптарды сақтаған кезде құпиялы болып танылады.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 46-1-баппен толықтырылды
46-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның), өзімен еңбек шартын жасасқан жұмыс берушінің немесе өзімен немесе өзінің жұмыс берушісімен азаматтық-құқықтық шарт жасасқан тұлғаның мүддесінде мынадай қызмет түрлерін:
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын иелену немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және тапсырмасы бойынша тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылатын жердің атауларын тіркеуге өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
3) тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына және тауарлар шығарылатын жердің атауларына құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама жасау ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат-хабар алмасуды жүргізу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жолдау, сараптама жасау ұйымы жанындағы сараптама кеңесінің отырыстарына қатысу;
4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе) өзгеге беру шарттарын жасауға, қарауға және кейіннен оларды сараптамаға жіберуге жәрдемдесу қызметін жүзеге асыруға құқылы.
2. Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен куәландырылады.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкіл тауар таңбаларына (қызмет көрсету таңбаларына) және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдер беруге және (немесе) қорғау құжаттарын алуға, сондай-ақ апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беруге байланысты істерді жүргізуге арналған сенімхаттың көшірмесін ұсынған жағдайда, көрсетілген өтінім немесе қарсылық берілген кезден бастап үш ай ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл тиісінше сараптама жасау ұйымына және уәкілетті органға сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті. Түпнұсқалылығы расталғаннан кейін сенімхаттың түпнұсқасы қайтарылуға жатады.