2. Мердігер (бас мердігер):
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;
2) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық (кiру, операциялық, аралық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлері мен нысандарын жүзеге асыруға;
3) атқарушылық техникалық құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз етуге;
4) құрылыс процесінде анықталған кемшіліктерді (ақаулар мен шалағайлықтарды) уақтылы жоюға;
5) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының сауалы бойынша орындалып жатқан (орындалған) құрылыс-монтаждау жұмыстарының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының сапасына зертханалық бақылау жүргізуге;
6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге;
7) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың нұсқауларын орындауға;
8) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының жұмысына кедергі келтіруге және араласуға жол бермеуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 34-4-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау
1. Әртүрлі бағыттағы объектілердің құрылысы, сондай-ақ автомобиль жолдарын не салынған объектілерді жөндеу кезінде қажет болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылады.
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тапсырыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды шарт негізінде тарта отырып жүзеге асырады.
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырыс берушілер) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға нарықтағы жұмыс істеп тұрған, құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстарды ұсыну үшін тиісті аттестатқа ие сарапшылары бар аккредиттелген заңды тұлғаларды тартуға құқығы бар.
4. Ғимарат пен құрылыстың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау кезінде техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) ұсыныстарын көрсете отырып, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі туралы қорытынды береді.
5. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындауға арналған аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы, сондай-ақ конструктивтік бөлік мамандануы бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жасау бойынша аттестатқа ие бір сарапшысы, бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі қызметті жүзеге асыратын инженер-геодезисі бар аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізуге тиіс.
Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жеке жүзеге асырады.
Жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік базасы, салыстырып тексеру есептерін орындау үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылыммен жарақтандырылған компьютерлері, өлшем және бақылау құралдары, нормативтік құжаттары және аккредиттелген (тартылған) зертханасы болуы міндетті.
6. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
7. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау:
1) бұзылудың қауіптілігін білдіретін жауапты (тіреуіш) элементтері мен қосылулардың ақаулары мен бүлінулері, қолданылған құрылыс материалдарының сапалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтіндігі анықталған;
2) өрттің және дүлей зілзаланың салдарлары;
3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары нұсқама берген;
4) ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік схемасы, өндіріс технологиялары өзгерістеріне байланысты бекітілген жобалық шешімдер өзгерген;
5) ғимараттардың, құрылыстардың нормативтік пайдалану мерзімдері аяқталған;
6) жөндеудің және реконструкциялаудың экономикалық тұрғыдан орындылығын айқындаған;
7) нормаланатын табиғи-климаттық әсер (қардың, желдің әсері) ұлғайған;
8) ғимараттар мен құрылыстардың техникалық тұрғыдан пайдалану (тұрақты түрде) кезінде құрылыстардың техникалық тексеріп қарау мерзімдерінің басталуы;
9) салынып жатқан объект құрылысын консервациялау не алты айдан астам мерзімге тоқтата тұрған;
10) пайдаланып отырған үй-жай немесе құрылысты жаңғырту, реконструкциялау, қайта жарақтау, олардың нысаналы мақсаты өзгерген жағдайларда жүргізіледі.
8. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың:
1) тиісті жұмыстарды орындау үшін салынып жатқан немесе салынған объектіге еркін кіруіне;
2) тапсырыс берушіден техникалық зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті барлық жобалау-техникалық және орындаушылық құжаттаманы алуына;
3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу үшін қажетті барлық жұмыстарды орындауына құқығы бар.
9. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар:
1) зерттеп-қарауды құрылыс материалдарының тіреуіштік қабілетінің есебі бойынша нормативтерді, нақты сапалық көрсеткіштерін және орындалған жобалық шешімдерді ескере отырып, анықталған ақауларды, жобалық шешімдердің өзгерістерін, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін айқындайтын қолданылған материалды, жекелеген конструктивтік элементтерді ескере отырып нормативтік құжаттамаларға, ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге;
2) орындалатын зерттеп-қараудың түрлерінің нормативтік талаптарына сәйкес техникалық зерттеп-қарау жөніндегі жұмысты сапалы орындауды қамтамасыз етуге;
3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде аккредиттелген сынақ зертханасын (өзінің аккредиттелген зертханасы жоқ болған кезде) тартуға;
4) белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген және метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес келетін сынақ, өлшем және бақылау құралдарын қолдануға;
5) құрылыс алаңындағы топырақ жағдайларын ескере отырып ғимараттар мен құрылыстардың конструкциялары мен элементтерінің нақты жай-күйінің негізінде салыстырып тексеру есептеулерін орындауға міндетті.
10. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жағдайларында ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізген кезде, зерттеп-қарауды жүргізуді орындайтын сарапшылар осы объектіде қолданылатын техника қауіпсіздігінің арнайы қағидалары туралы нұсқау алуға тиіс.
11. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындайтын сарапшы жүргізілетін зерттеулердің сапасына, шығарылған шешімдердің дұрыстығына және әзірленген ұсынымдардың толықтығына жауапты болады. Сарапшылар (аккредиттелген ұйымдар) берген ұсынымдар олардың орындалу қорытындылары бойынша ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын қамтамасыз етуге тиіс.
12. Сарапшылардың техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша барлық тұжырымдары мен нұсқаулары тапсырыс берушінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
13. Тапсырыс беруші техникалық зерттеп-қарау жүргізу үшін сарапшыға (сарапшыларға) ұсынылатын бастапқы деректердің, мұрағат материалдарының дұрыстығына жауапты болады.
14. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлға міндеттерін орындамағаны (тиісінше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ведомстволық бағынысты аумақтағы объектілердің құрылысына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары;
2) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3-тармақша жаңа редакцияда; 2012.13.01. № 542-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органдардың штат қызметкерлері жатады.
4) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.
3. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерiне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттік нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылу себептерiн анықтау және оларға талдау жасау;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттік нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылуын, сондай-ақ олардың зардаптарын жоюға бағытталған әсер ету шараларын өз өкiлеттiктерiне сәйкес қолдану;
3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу кiредi.
4. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тиiстi сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарының өкілеттiктерi шегiнде белгiленедi.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
36-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарының нұсқамалары
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Анықталған жолсыздықтарға не мемлекеттік нормативтерде көзделген талаптардан (ережелерден, шектеулерден), өзге де мiндеттi талаптардан ауытқушылықтарға (сәйкес келмеушiлiкке) байланысты сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерiне (субъектiлердiң атынан өкiлдiк ететiн жауапты адамдарға) нұсқама береді.
2. Нұсқамаларға қол қою құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға ғана берiледi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдары заңдарға сәйкес берген нұсқамалар Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi.
2-бөлім. Сәулет және қала құрылысы
7-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры
37-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік қала құрылысының кадастры аумақтардың, ғимараттардың және құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының және абаттандыру бөліктерінің жай-күйi туралы, сондай-ақ аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен құрылысын салудың қала құрылысын жоспарлау туралы мәлiметтердi, аумақтар мен объектiлердiң тиiстi функционалдық аймақтарға тиесiлiлiгi, олардың қазiргi және болашақтағы мақсаттары, экологиялық, инженерлiк- геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлiк қамтамасыз етiлуi туралы деректердi қамтиды.
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерi:
1) қала құрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамасын әзiрлеу және iске асыру;
2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн дамыту және өзгерту;
3) жылжымайтын мүлiкпен мәмiлелер жасауды, оны тiркеудi жүзеге асыру;
4) инвестициялық қызметтi бағалау;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) қала құрылысы және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау кезiнде пайдаланылуға тиiс.
3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жерге және басқа да жылжымайтын мүлiкке салынатын салық мөлшерiн белгiлеу, жылжымайтын мүлiк айналымын пайдалануды құқықтық реттеу, елдi мекендердiң аумақтарын ұтымды пайдалануға бақылау жасау, қала құрылысы регламенттерiн сақтау және жобаларды iске асыруды талдау үшiн пайдаланылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры деңгейлер бойынша:
1) республикалық;
2) облыстық;
3) облыстағы аудандық;
4) базалық (республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоса алғанда, елді мекендер) болып бөлінеді.
2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
38-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры
1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
4. Төменгі деңгейлердегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрлары жоғары деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық негізі болып табылады.
39-бап. 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
40-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi мен мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мониторингi
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры сәулет, қала құрылысы және құрылыс істер жөніндегі уәкілетті орган белгiлейтiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi жөнiндегi ақпаратты жинаудың, өңдеудiң, есепке алудың, тiркеудiң, сақтау мен табыс етудiң Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйесi бойынша жүргiзiледi.
Объектілер мониторингі Мемлекеттік қала құрылысының кадастрында жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры үшiн:
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік мүлiк пен жекешелендiрудi, жер ресурстарын, геодезия және картографияны аумақтық басқару органдары;
2) жылжымайтын мүлiктi тiркеу техникалық түгендеу және бағалау қызметтерi;
3) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау қызметтерi;
2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуына және пайдаланылуына бақылау жасау қызметтерi;
5) жердiң, судың және басқа да салалық кадастрлардың, тiркелiмдердiң деректерi, өзге де деректер банктерi бастапқы ақпарат (мәлiмет) көздерi болып табылады.
8-тарау. Аумақтарды дамытудың және оларға құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау
41-бап. Қала құрылысы регламенттерi
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді
1. Ғимараттарды және құрылыстарды пайдаланудың қала құрылысы регламенттерi, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзген кезде олардың жай-күйiне енгiзiлген кез келген өзгерістер белгiленген мерзiм шегiнде қолданылып жүрген артықшылықтар берудiң, тыйым салулардың, шектеулер мен өзге де режимдердiң үлгiлерiмен, түрлерiмен және параметрлерiмен сипатталады.
Регламенттердiң көздерi заңдарда белгіленген тәртiппен бекітілген қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы болып табылады.
2. Мемлекеттік қала құрылысы регламенттерiнiң сыныптағышы мен олардың көрсеткiштерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық және жергiлiктi деңгейлерде белгiленедi.
3. Мемлекеттік қала құрылысының кадастрын жүргiзуге арналған қала құрылысы регламенттерiнiң жүйесi олардың мынадай үлгiлерiн:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру кезiнде аумақ пен соған байланысты жылжымайтын мүлiктi функционалдық пайдалануды белгілеуді және (немесе) өзгертуді;
2) аумақ пен елдi мекендердi дамытудың және жайғастырудың (құрылыс салудың) интенсивтілігiн;
3) аумақ пен елдi мекендердi дамытудың және жайғастырудың (құрылыс салудың) балансын қамтамасыз етудi;
4) аумақ пен елдi мекендердi жайғастырудың (құрылыс салудың) қоршаған ортаға әсер етуiн қамтуға тиiс.
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру кезiнде аумақ пен соған байланысты жылжымайтын мүлiктердi функционалдық пайдалануды белгiлеу және (немесе) өзгерту мемлекеттік регламенттердiң мынадай түрлерi:
1) аумақты функционалдық белгiлеу және (немесе) өзгерту;
2) жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын үйлер мен ғимараттарды функционалдық белгiлеу;
3) бар үйлер мен ғимараттарды функционалдық пайдалануды өзгерту арқылы iске асырылады.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру нәтижесiнде аумақтар мен елдi мекендердi дамыту және жайғастыру (құрылыс салу) қала құрылысы регламенттерiнiң мынадай түрлерi:
1) игерiлетiн аумақтардың ауқымдары;
2) осы аумақ үшiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң жекелеген түрлерiне тыйым салу, рұқсат беру мен шектеулер;
3) жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижесiнде аумаққа түсетiн ауыртпалықтар;
4) жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижесiнде аумақты немесе жылжымайтын мүлiк объектiлерiн дамыту мен өзгерту режимдерi;
5) елдi мекеннiң немесе оның бөлiгiнiң жоспарлы құрылымы мен сәулет келбетiн қалыптастыру;
6) елдi мекеннiң немесе оның бөлiгiнiң әлеуметтiк, рекреациялық, көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдарын қалыптастыру (жетiлдiру) арқылы көрiнiс табуға тиiс.
6. Аумақты және елдi мекендi дамыту балансы қала құрылысы регламенттерiнiң мынадай түрлерi:
1) аумақтар мен объектiлердi дамытудың ресурстық жағдайлары;
2) аумақтар мен елдi мекендердiң ортаға байланысты жағдайлары;
3) халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң инженерлiк жағдайлары арқылы қамтамасыз етiлуге тиiс.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді
7. Аумақтар мен елдi мекендердi жайғастырудың (құрылыс салудың) қоршаған ортаға тигiзетiн әсерi қала құрылысы регламенттерiнiң мынадай түрлерi:
1) экологиялық және санитариялық осал объектiлердi орналастыру;
2) техногендiк қауiп төндіретiн объектiлердi орналастыру;
3) қауiптi табиғи құбылыстар көздерiне қатысты адам мекендейтiн ортаны орналастыру;
4) санитариялық, өртке қарсы және өзге де мiндеттi талаптар;
5) инженерлiк және көлiк жағдайлары арқылы реттеледі.
8. Қала құрылысы регламенттерiнiң мәлiметтерi мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгiзiлуге тиiс.
42-бап. Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы
1. Аумақты ұйымдастыру және оның кеңiстiгiне өндiргiш күштердi орналастыру Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасында қабылданған шешiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы:
1) стратегиялық және экономикалық жоспарлаудың ережелеріне сәйкес өндiргiш күштердi жайғастыру мен орналастырудың негiзгi қағидаттарын;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2) тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) табиғатты ұтымды пайдаланудың және шаруашылық қызметтiң, республикалық маңызы бар көлiк, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымды дамытудың негiзгi ережелерін;
3) өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту, тарихи-мәдени мұра объектiлерi және (немесе) қорғалатын ландшафттық объектiлерi бар аумақтарды сақтау жөнiндегi негiзгi шараларды;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4) тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) табиғи және техногендiк сипаттағы қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестердiң немесе қысылтаяң табиғи-климаттық жағдайлардың әсерiне ұшыраған ерекше қорғалатын аумақтарды, пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру үшiн пайдалану немесе пайдалануды шектеу түрлерін қамтиды.