17-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
14. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37-құжат; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершілігіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерін жарнамада көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға;».
15. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15- 16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 119-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:
«22-2) деректерді біріктіру - ақпаратты өңдеу және оны иесіздендірудің жүргізілуі орын алатын жалпылама түрде беру процесі. Біріктірілген деректерді байланыс операторы есептілікті қалыптастыру, талдау мен зерттеулерді жүзеге асыру үшін пайдаланады;»;
2) 15-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыруға міндетті. Қызметтік ақпаратты сақтау Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының шетелде жүрген абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсету жағдайларын қоспағанда, қызметтік ақпаратты және біріктірілген деректерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге беруге тыйым салынады;»;
3) 29-баптың 4-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2. Ғимараттар мен құрылысжайлардың меншік иелері не олардың сенім білдірілген адамдары байланыс операторларына көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында олардың телекоммуникация жабдығын орналастыруы үшін шарт негізінде оларға алаңдарды тең жағдайларда беруге міндетті.
Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналыста байланыс операторларына көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында олардың телекоммуникация жабдықтарын орналастыруы үшін кондоминиум объектісінің ортақ пайдаланудағы мүлкін тең жағдайларда беру туралы шешім қабылдайды.».
16. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат):
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге арналған рұқсаты не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге арналған рұқсаты;»;
2) 3-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімінің не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімінің болуы;»;
3) 5-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы;»;
4) 16-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны және (немесе) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін алғаны туралы растауды ұсынуды, сондай-ақ кредиттік тарихты қалыптастыратын толық әрі анық ақпаратты талап етуге;»;
5) 19-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер:»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер:
1) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен және өзге де кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарттар жасасуға;
2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларындағы талаптарды орындауға міндетті.»;
6) 23-баптың 1 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер - мемлекет қатысатын кредиттік бюроға, сондай-ақ ақпарат беру туралы шарттар негізінде кредиттік тарих субъектісінің келісімі болған кезде өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ақпарат беру және кредиттік есептерді алу талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептер алу туралы шарттарда айқындалады.»;
«5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге алған келісімдерін есепке алуды жүргізеді.»;
7) 25-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімі және (немесе) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.»;
«3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге және (немесе) кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімінің болмағаны үшін, сондай-ақ оны дұрыс ресімдемегені үшін ақпарат беруші, кредиттік есепті беру туралы сұрау салған кредиттік есепті алушы не олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады.»;
8) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) ақпарат беруі, сондай-ақ кредиттік бюролардан кредиттік есептерді беруі үшін кредиттік тарих субъектісінің келісімі негіз болып табылады.»;
9) 27-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюромен мемлекет қатысатын кредиттік бюро мемлекеттік тіркелген және (немесе) ақпарат берушілер осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған белгілерге сәйкес келген күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде ақпарат беру туралы шарттар жасасуға міндетті. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру туралы шартта айқындалған мерзімдерде өзге кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға құқылы.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өзге кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға міндетті.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін міндетті түрде алуы;».
17. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13- 14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-ІІ, 124-құжат):
5-бап мынадай мазмұндағы 70-39) және 70-40) тармақшалармен толықтырылсын:
«70-39) энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«70-40) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді.».
18. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22- V, 152, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 23, 99, 106-құжаттар):
25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар салынып жатқан (салынуы болжанып отырған) объектілер мен кешендердің мониторингіне қатысуға мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тартуға тиіс.».
19. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 23, 106-құжат):
1) 1-баптың 9) тармақшасындағы «заңды» деген сөз «жеке немесе заңды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 6-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) концессиялық жобаларды консультациялық қолдап отыру жөніндегі жеке немесе заңды тұлғаларды айқындайды;»;
3) 12-баптың 8) тармақшасындағы «заңды тұлғаларды» деген сөздер «жеке және (немесе) заңды тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-баптың 3-1) тармақшасындағы «заңды тұлғаларды» деген сөздер «жеке және заңды тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 17-баптың 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конкурсты ұйымдастырушы ұсынылған конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай төлемақы алады.»;
«5. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткізеді. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы олардың дереккөзін көрсетпестен, осы кездесу барысында ұсынылған конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама дереу комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге жіберіледі.»;
6) 20-баптың 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріндегі «заңды тұлғаларды» деген сөздер «жеке және (немесе) заңды тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі «құқықты» деген сөзден кейін «(құқық ауыртпалығын)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құқық иеленушіні сәйкестендіретін деректерді (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған күні) қоспағанда, жеке тұлғалар туралы ақпаратты ашатын мәліметтерді (дербес деректерді) ұсынуға болмайды.»;
3-тармақтың 8) тармақшасы «құқық иесінің» деген сөздердің алдынан «егер осы баптың 3-1 және 3-2-тармақтарында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық ауыртпалығы туралы ақпарат жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша беріледі.
3-2. Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке заңды тұлғалардың тіркелген құқықтары (құқықтар ауыртпалықтары) және тіркелген ауыртпалықтар, жылжымайтын мүлік объектісіне заңдық талаптар туралы ақпарат кез келген тұлғаға сұрау салу негізінде беріледі.»;
3) 20-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Электрондық тіркеу құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мәміле, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде туындаған, өзгерген немесе тоқтатылған жағдайларда, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) электрондық тіркеу нотариат куәландырған мәміле, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде мынадай тәртіппен жүргізіледі:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) электрондық тіркеу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізілуі мүмкін.»;
4) 22-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) электрондық тіркеу мәмілеге қатысушылардың өтінішінсіз жүзеге асырылады.»;
5) 31-баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы нұсқама түрінде ауыртпалық тіркелген жер учаскесіне құқықтың ауысқанын;».
21. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2017 ж., № 22- ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мәмілеге қатысушылардан, мемлекеттік органдардан және үшінші тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нарықтық баға мен дифференциалды айқындауға қажетті ақпаратты, сондай-ақ мәмілелерге мониторинг жүргізу үшін басқа да деректерді сұратуға;».
22. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19- ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 136-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106-құжаттар; № 24-І, 118-құжат):
1) 57-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті өзінде қалдыру туралы мәлімдеуге құқылы. Бұл жағдайда ол кепілге салынған мүліктің өтімді (бағалау құнының жетпіс пайызынан аспайтын) құны шегінде кепіл ұстаушының талаптары алдында артықшылығы бар өндіріп алушылардың талаптарын кепіл ұстаушының кепіл бойынша өзінің барлық талабын толық қанағаттандыру үшін қажетті мүлік құнынан асатын құн мөлшерінде қанағаттандыруға міндетті.»;
3-тармақ алып тасталсын;
2) 138-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) табиғи монополиялар субъектілерінен өндіріп алу;».
23. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-73) тармақшамен толықтырылсын:
«41-73) әуежай аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;