Монополияға қарсы орган өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде онда жазылған дәлелдерді ескере отырып, хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Хабарламаны орындауды ұзарту мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімді құрайды.»;
11) 203-бапта:
1-тармақтағы «жазбаша түрде» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлға ұсынатын өтінішхат және оған қосымшалар жеке тұлғаның нотариат куәландырған қолтаңбасымен расталады.»;
12) 204-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы және 8) тармақшадағы «көлемі;» деген сөз «көлемі қамтылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
13) 206-баптың екінші бөлігіндегі «жазбаша» деген сөз алып тасталсын;
14) 207-баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
15) 217-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тергеп-тексеру объектісі - өздерінің әрекеттеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін жеке тұлға, заңды тұлға немесе дербес салық төлеуші болып табылатын (қаржы ұйымдарын қоспағанда) оның филиалы. Аталған тұлғалар тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған кезден бастап тергеп-тексеру объектісі деп танылады;»;
16) 220-баптың екінші бөлігіндегі «Өзіне қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін жеке немесе заңды тұлға» деген сөздер «Тергеп-тексеру объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 223-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тергеп-тексерудің жалғыз объектісі - заңды тұлға филиалы есептік тіркеуден алынған;»;
18) 24-тараудың 1-параграфы мынадай мазмұндағы 244-1-баппен толықтырылсын:
«244-1-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім
1. Көлік құралдарының және (немесе) олардың компоненттерінің, ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) оның компоненттерінің өндірісін дамытуды ынталандыру мақсатында индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер жасасады.
Көлік құралы деп ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, адамдарды, жүктерді немесе өзінде орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған құрылғы, оның ішінде техникалық жағынан күрделі бұйым түсініледі.
Ауыл шаруашылығы техникасы деп жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі бұйым түсініледі.
Көлік құралына компонент деп көлік құралы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және көлік құралының өндірісі үшін қажетті өзге де жинақтауыш түсініледі.
Ауыл шаруашылығы техникасына компонент деп ауыл шаруашылығы техникасы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі үшін қажетті өзге де жинақтауыш түсініледі.
2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдердің бірін жасасу Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының көлік құралдарының және (немесе) олардың компоненттерінің, ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) оның компоненттерінің өндірісі саласындағы индустриялық қызметтің субъектісі болып табылатынын растау болып табылады.
3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-1), 24-9) және 24-10) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының мұндай келісімдер шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауын тексеруді жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде санамаланған келісімдердің бірінің талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы бөлігінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган анықталған бұзушылықтар жойылмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес хабарлама жіберілген кезден бастап бір ай мерзімде келісімді біржақты тәртіппен бұзады.
5. Ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) кодтарын қоспағанда, көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес СЭҚ ТН кодтары бойынша жасалады.
СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесінің бастапқы талаптарын орындағаннан кейін жасалады, олар технологиялық жабдықты пайдалануды және мынадай шарттардың орындалуын қамтиды:
1) екі ауысымдық жұмыс режимі кезінде кәсіпорынның өндірістік қуаты жеңіл автомобильдерге қатысты - жылына кемінде жиырма бес мың, ершікті тартқыштарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты - жылына кемінде он мың, автобустарға қатысты - жылына кемінде бір мың екі жүз болатын СЭҚ ТН-ның тиісті коды бойынша жеңіл автомобильдерге қатысты - кемінде екі модельді, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты кемінде бір модельді дәнекерлеу, бояу (жеңіл автомобильдер бойынша катафорезді қоса алғанда) және шанақты (кабинаны) құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды кәсіпорында ұйымдастыру;
2) жеңіл автомобильдерге қатысты - айлық есептік көрсеткіштің он сегіз миллион еселенген мөлшерінен кем емес, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты айлық есептік көрсеткіштің жеті жүз елу мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы.
7. 2020 жылғы 31 желтоқсанда өз күшін тоқтататын, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (көпжақты келісім) бұрын жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды орындауды қоса алғанда, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелері орындалғаннан кейін ғана жасалады.
Жеңіл автомобильдердің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімнен басқа, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірімен жасалған келісім шеңберінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімді осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарында белгіленген тәртіппен жасасуға жол беріледі.
Жасалатын, 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін күшіне енетін келісімдерге осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесінің талаптары қолданылады.
8. Тракторлардың, астық жинау комбайндарының және сүрлем жинау комбайндарының СЭҚ ТН коды бойынша ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-10) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес мынадай шарттар орындалған кезде жасалады:
1) кәсіпорында дайындамаларды пішуді, июді, дәнекерлеуді, құрастыруды және бояуды қоса алғанда, дайындау жөніндегі операцияларды ұйымдастыру;
2) айлық есептік көрсеткіштің үш жүз жетпіс бес мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы.
3-тармақтың 18) тармақшасының жиырма бірінші абзацының қолданысы 2021 ж. 1 сәуірге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде аталған абзац 2-баптың 2-тармағының редакцияда қолданылды
9. Осы Кодекстің 286-бабына сәйкес инвестициялық преференциялар беруге және Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобильдік көлік құралдарының және олардың компоненттерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес көлік құралдарына және (немесе) олардың компоненттеріне, ауыл шаруашылығы техникасына және (немесе) оның компоненттеріне қатысты техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыруға Қазақстан Республикасының заңды тұлғасында көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім болған жағдайда ғана жол беріледі.
10. Осы баптың 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес келісімдер жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берілетін жеңілдіктер мен преференциялардың көлемі индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін оқшаулауды бағалау жөніндегі баллдық жүйе негізінде айқындалатын болады.
Оқшаулауды бағалау жөніндегі баллдық жүйе оқшаулаудың ең жоғары деңгейімен жасалған көлік құралдары бойынша жеңілдіктер мен преференциялардың ең жоғары деңгейін беруді қамтамасыз етуге тиіс»;
19) 286-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнайы инвестициялық жоба бойынша - арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе еркін қойма иесі ретінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім болған кезде - көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өндірушілерге беріледі.»;
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақта:
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшаның бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5) құйма өнімді өндіруді қоса алғанда, машина жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын қоспағанда, мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі жиырма алты пайыздан аспайды;
құйма өнімді өндіруді қоса алғанда, мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - машина жасау саласындағы Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі елу пайыздан аспайды.
Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды, бұған құйма өнімді өндіруді қоса алғанда, мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап жиырма жылдан аспайтын мерзімді құрайтын машина жасау саласындағы инвестициялық басым жобалар кірмейді. Мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан толық шыққанға дейін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.»;
6) тармақша алып тасталсын;
5-1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
20) 289-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 286-бабының 5-тармағына сәйкес келетін инвестициялық басым жобаларды іске асыратын, осы Кодекстің 286-бабының 5-1-тармағына сәйкес келетін арнайы инвестициялық жобаларды іске асыратын, сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар бойынша инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына:»;
21) 292-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен қабылданады және тіркеледі.»;
22) 25-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 296- 1 және 296-2-баптармен толықтырылсын:
«296-1-бап. Инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылау нысандары
Инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мынадай:
1) осы Кодекстің 296-2-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылған есептерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асырылатын камералдық бақылау;
2) инвестициялық қызмет объектісіне бару, оның ішінде инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасы мен талаптарын орындау жөніндегі құжаттарды қарау нысандарында жүзеге асырады.
296-2-бап. Инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастыру мен асыру тәртібі
1. Инвестициялық келісімшарт жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді 25 шілдеден және 25 қаңтардан кешіктірмей, тіркелген активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындардың баптары бойынша таратып жаза отырып ұсынады.
2. Инвестициялық келісімшарт пен арнайы инвестициялық келісімшартқа қосымшаға өзгерістер тараптардың келісуі бойынша жылына екі рет енгізілуі мүмкін.
3. Инвестициялық қызмет объектісіне бару арқылы тексеру жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда тіркелген активтер пайдалануға берілгеннен кейін алты ай ішінде жүргізіледі.
4. Тексеру нәтижелері бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өкілі мен инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі туралы актіге қол қояды.
5. Инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жібереді және бұзушылықтарды жою үшін үш ай мерзім белгілейді.
6. Егер инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінген және кедендік баждар төлеуден босатылған технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар пайдалануға берілмегені не пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференцияларға байланысты кедендік баждардың сомасын төлемеген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімпұлды есепке жаза отырып, пайдаланылмаған жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар бөлігінде оларды төлейді.
7. Инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін екі ай ішінде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға аудиторлық есепті ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;
2) жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша таратып жазу;
3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;
4) инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мәліметтер.
Егер инвестициялық келісімшартта инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестициялық келісім шарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы екі ай ішінде уәкілетті органға аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган белгілеген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін ұсынады.
8. Мемлекеттің экономикалық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық келісімшарттың бұзылуы туралы ақпарат:
1) тиісті шаралар қолдану үшін мемлекеттік кіріс органдарына және қажет болған кезде өзге де мемлекеттік органдарға;
2) мемлекеттік заттай грант берілген инвестициялық келісімшарттар бойынша мемлекеттік кіріс органдарына, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.
9. Инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық келісімшарттың қолданысы ішінде:
1) берілген мемлекеттік заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүліктің нысаналы мақсатын өзгертуге;
2) берілген мемлекеттік заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
10. Кедендік баждар салудан босату объектілерінің нысаналы пайдаланылуын бақылау Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
23) 323-баптың 2-тармағындағы «159-бабы 1-тармағының, 295-бабының 3, 4 және 5-тармақтарының» деген сөздер «295-бабы 3, 4 және 5-тармақтарының және 296-2-бабы 1-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 127-бапта:
екінші бөліктің бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін.
Электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама белгілі болған соңғы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша жіберіледі.»;
төртінші бөлікте:
5) тармақшадағы «байланыстың өзге де құралдары» деген сөздер «өзге де электрондық байланыс құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) белгілі болған соңғы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша қағаз жеткізгіште жіберілген хабарлама тараптың тиісінше хабарландырылуы болып табылады.»;
сегізінші абзацтағы «жеткізудің өзге де құралдары» деген сөздер «жеткізудің өзге де электрондық құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 128-бапта:
бірінші бөліктің он екінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Хабарлау немесе шақыру туралы телефонограмманы берген адам оны өзінің қолтаңбасымен және оның кімге және қашан берілгендігін көрсетіп, куәландыруға тиіс.
Телефонограмманың жіберілгенін растайтын құжат іс материалдарына қоса тіркеледі.»;
3) 130-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматқа жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама сотқа қайтарылуға жататын қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне қол қойғызып, оған жеке табыс етіледі.
Заңды тұлғаға жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама оның өкіліне немесе басқарушылық функцияларды орындайтын тиісті адамға, күзет қызметінің қызметкеріне не шақырылатын, хабарланатын тұлғаның басқа жұмыскеріне табыс етіледі, олар өздерінің лауазымын, тегін және аты-жөнін көрсете отырып, қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне алғандығы туралы қол қояды.
Соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама, егер хабарлау мен шақырудың электрондық түрлерін жіберудің барлық мүмкіндігі таусылған жағдайда, заңды тұлғаға жіберіледі.
Соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама, тіпті, егер заңды тұлға көрсетілген мекенжайда болмаса да, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша оған жеткізілген болып есептеледі.»;
үшінші бөлік «адам», «сондай-ақ» деген сөздерден кейін «қағаз жеткізгіштегі» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 131-бапта:
бірінші бөлік «немесе» деген сөзден кейін «қағаз жеткізгіштегі» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «немесе» деген сөзден кейін «қағаз жеткізгіштегі» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 196-баптың бірінші бөлігі «хабарлауға және» деген сөздерден кейін «күтпеген және (немесе) төтенше жағдайларға байланысты» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 198-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Істі қарауды кейінге қалдыруға:
1) егер сот осы Кодекстің 196 және 197-баптарында көзделген тәртіппен - процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп таныған;
2) осы Кодекстің 188-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіп қолданылатын істі талқылау кезінде қатысушылар тәртіпті жаппай бұзған;
3) осы Кодекстің 153-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен - қарсы талап қойылған;
4) осы Кодекстің 73-бабында көзделген тәртіппен қосымша дәлелдемелерді ұсыну немесе талап ету қажет болған;
5) қатысушылардың сот отырысына келуіне кедергі келтіретін не оған мүмкіндік бермейтін күтпеген және төтенше мән-жайлар туындаған жағдайларда жол беріледі.».
5. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 г., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар;2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):