2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қайталап жасалған немесе ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасын туындатуға әкеп соқтырған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 640-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
640-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тарту -
лауазымды адамдарға - жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның сақтаудағы ашық кілттерін жоғалтуды, түрлендіруді және қолдан жасауды болғызбау үшін қажетті шараларды қолданбауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін иеленушілер туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етпеуі -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тіркеу куәлігін иеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін құқыққа сыйымсыз қол жеткізуден және пайдаланудан қорғау үшін, сондай-ақ ашық кілттерді сақтау бойынша шараларды қолданбауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін басқа тұлғаларға заңсыз беру -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 641-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
641-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын:
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) дербес деректер қамтылған ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің, дербес деректер қамтылған базаның меншік иесінің және (немесе) операторының, сондай-ақ үшінші тұлғаның оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырмауы немесе тиісті түрде жүзеге асырмауы;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бұзу;
3) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін ұсынбау;
5) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштегі түпнұсқаларын жоғалту;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке жүргізілген сынақтар бойынша оң нәтижесі бар актісі жоқ электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін дайындамау -
лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері меншік иесінің немесе иеленушісінің Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығын ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары және оларға ден қою нәтижелері туралы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде құлақтандырмауы -
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға - қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
32-тарау. Әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
642-бап. Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын азаматтардың тiзiмдерiн жергiлiктi әскери басқару органына ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау
Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын азаматтардың тiзiмдерiн белгіленген мерзімде жергiлiктi әскери басқару органына ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне - он, ұйымдардың, оқу орындарының бірінші басшыларына - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
643-бап. Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiк)
Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiк) -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 643-1-баппен толықтырылды
643-1-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын:
1) жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің және ұйымдардың жұмылдыру жоспарларының болмауы;
2) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау жөніндегі іс-шараларды орындамау;
3) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техниканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;
4) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтар запастарын жасау, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;
5) әскери міндеттілерді броньдауды жүргізбеу түрінде жасалған бұзушылық -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
644-бап. Азаматтарды жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы туралы құлақтандырмау
Азаматтарды ұйым басшысының немесе әскери-есепке алу жұмысына жауапты басқа да жауапты тұлғасының жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы туралы құлақтандырмауы, сол сияқты азаматтарға жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша уақтылы келу мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеуі -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
645-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрғылықты азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi уақтылы ұсынбау
Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрақты тұрып жатқан азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi әскери есеп жүргiзу жүктелген органдарға уақтылы ұсынбау -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
646-бап. Әскери мiндеттiлер, әскерге шақырылушылар мен азаматтар туралы мәлiметтердi хабарламау
1. Халықты әлеуметтік қорғау органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың мүгедектігі бар адам деп танылуы туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары лауазымды адамының стационарлық емделудегі және диспансерлік есептегі әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылар туралы мәліметтерді жергiлiктi әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы лауазымды адамының жергiлiктi әскери басқару органына әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзiлгендігі туралы белгiленген мерзiмде хабарламауы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бiрақ тұрмаған, жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтар туралы хабарламауы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Анықтау және алдын ала тергеу органдарының хабардар етуге жауапты лауазымды адамдарының анықтау немесе алдын ала тергеу оларға қатысты жүргізіліп жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы жергілікті әскери басқару органына заңнамада белгіленген мерзімде хабарламауы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Соттардың жергілікті әскери басқару органын хабардар етуге жауапты лауазымды адамдарының сот оларға қатысты қылмыстық істер қарап жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшіне енген үкімдер туралы заңнамада белгіленген мерзімде хабарламауы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 647-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
647-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерді орындамауы
Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелді себепсіз келмеуi не елді мекенге (әкімшілік ауданға) тұрақты тұрғылықты жерге немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзiмге) келіп, келген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қою туралы өтінішпен жүгінуге міндетті азаматтың белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз келмеуі - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
648-бап. Медициналық тексерілуден немесе жиындардан жалтару
1. Азаматтарды әскери есепке қою жөнiндегi комиссияның немесе әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтару -
әскери мiндеттiлерге - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, ал әскерге шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
649-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жоғалту
Иесiнiң кiнәсiнан әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтың басқа да есептік-әскери құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жою, сол сияқты әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтың басқа да есептік-әскери құжаттарын жоғалту -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
650-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару
Әскерге шақырылушылардың жергiлiктi әскери басқару органдарының жолдамасымен әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскери қызметке даярлықтан жалтаруы немесе оқу ұйымдарының сабақтарына дәлелді себептерсіз қатыспау -
ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
651-бап. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке және келісімшарт бойынша әскери қызметке заңсыз шақыру, оларға заңсыз кейiнге қалдыруды беру
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке және келісімшарт бойынша әскери қызметке заңсыз шақыру не оларға заңсыз кейiнге қалдыруды беру -
он жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 652-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
652-бап. Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу
1. Әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезінде немесе орындауға байланысты бiр әскери қызметшiнiң екiншiні қорлауы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3 - 6-бөліктермен толықтырылды
3. Бейбіт уақытта, әскерге шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші жасаған, ұзақтығы екі тәуліктен асатын, бірақ он тәуліктен аспайтын уақытқа бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылу, тағайындалу, ауыстырылу кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемесінен қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, ұзақтығы он тәуліктен асатын, бірақ бір айдан аспайтын уақыттағы әрекеттер -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
5. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет өткеру қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
6. Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
652-1-бап. 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
652-2-бап. 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
652-3-бап. 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
33-тарау. Мемлекеттiк билiк институтына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
653-бап. Сотты құрметтемеушілік
1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) -
ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен ескертпемен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
Ескертпе. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.
2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен 653-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
653-1-бап. Конституциялық Сотқа құрметтемеушілік
1. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың, өтінішті қарау кезінде тартылатын өзге де адамдар мен органдардың, олардың өкілдерінің қатысуынсыз өтінішті одан әрі қарау мүмкін болмаған жағдайларда хабардар ету немесе шақыру бойынша Конституциялық Сотқа дәлелсіз себептермен келмеуінен, отырыста төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаудан, Конституциялық Сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрінген Конституциялық Сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ Конституциялық Сотты және (немесе) Конституциялық Соттың судьясын құрметтемеушілік туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) –
ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
654-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушылардың жауаптылығы
Iс жүргізуге қатысушының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органға (лауазымды адамға) iс бойынша талқылауды кейiнге қалдыруға себепшi болған дәлелді себепсіз келуден бас тартуы немесе келмеуі -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
655-бап. Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн сотқа келмеу
Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн азаматтың шақыру бойынша дәлелді себептерсіз сотқа келмеуi -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
656-бап. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiн жасау үшiн ақпарат бермеу
Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiн жасау үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға қажеттi ақпарат бермеу, сол сияқты бұрыс ақпарат беру -
ескерту жасауға немесе он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
657-бап. Алқабидiң сот талқылауында iстi қарауға байланысты міндеттерді орындамауы, сондай-ақ шектеулердi сақтамауы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Алқабидiң сот талқылауында iстi қарауға байланысты, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ шектеулердi сақтамауы -
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттетуге әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
658-бап. Куәнiң айғақтар беруден бас тартуы немесе жалтаруы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) куә ретiнде сауал қоюға жататын адамның айғақтар беруден дәлелді себептерсіз бас тартуы немесе келмеуі -
екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
659-бап. Куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе көрінеу дұрыс емес аударма
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараған кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу барысында органға (лауазымды адамға) куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы, сондай-ақ сондай жағдайларда аудармашы жасаған көрiнеу дұрыс емес аударма -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу кезiнде әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған дәл сол іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Егер куә, жәбiрленушi, сарапшы немесе аудармашы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында осыған уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) iс бойынша шешiм шығарғанға дейiн өздерi берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы немесе дұрыс емес аударма туралы ерiктi түрде мәлiмдесе, олар әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 660-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
660-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды адам жасаған, құқық бұзушылық құрамы бар болған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуді қозғау жөніндегі шараларды мерзiмiнiң өтуі ішінде қасақана қолданбауы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау, егер бұл әрекет адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе елеулі залал келтiруге әкеп соқпаса, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
661-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы қаулыны немесе тапсырманы не маманды шақыру туралы талапты орындаудан бас тартуы немесе жалтаруы