жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру қызметін немесе өзге де қызметті жүргiзу -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары мен өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
513-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерінде режимдi бұзу
1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегі режимдi адамдардың көлік құралдарының өткiзу пункттерiне кірудің, оларда болудың, жүріп-тұрудың және олардан шығудың, жүктер мен тауарларды әкелудің, орналастырудың, орнын ауыстырудың, әкетудің, шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінетін бұзушылығы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жасаған дәл сол әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
514-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимін:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстаудың;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізудің;
4) шекаралық белдеуге кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың, жүріп-тұрудың және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асырудың;
5) Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізудің, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінген бұзу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары және өзге де заттар тәркілене отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
515-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз алып өту
1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының заңсыз кесіп өтуiне немесе заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған, көлiк құралына адамдардың заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өту үшiн пайдалануын болғызбау жөнiнде шараларды қолданбауы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым жұмыскерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өтуге әкеп соқтырған, көлiк құралына адамдардың заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын заңсыз кесiп өту үшiн пайдалануын болғызбау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған іс-әрекет бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының қылмыс жасауына немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан кесіп өтетiн адамның, бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өтуiне немесе заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өту үшiн пайдалануын болғызбау жөнiнде шаралар қолданбауы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
516-бап. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерін атқаруына байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
1. Әскери қызметші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқарған кезде оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер -
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
517-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы
1. 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы -
1) үш тәулік ішінде -
ескерту жасауға алып келеді;
2) үш тәуліктен астам бес тәулік өткенге дейін -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді;
3) бес тәуліктен астам он тәулік өткенге дейін -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бөлік жаңа редакцияда
4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
7. Осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
518-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қабылдаушы тұлғаның шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болуы құқығына құжаттарды ресімдеу не болудың белгілі бір мерзiмi өткеннен кейін олардың Қазақстан Республикасынан кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы не өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпеуі -
жеке тұлғаларға - ескерту жасауға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғынжай беру не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтару -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 519-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
519-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жергілікті атқарушы орган беретін, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктердің және (немесе) азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Жұмыс берушi жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) еңбекшi көшiп келушiлердi iшкi iстер органдары беретiн тиiстi рұқсатсыз тартуы немесе бiр жұмыс берушi жеке тұлғаның бiр мезгiлде бестен көп еңбекшi көшiп келушiмен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуы -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
520-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
29-тарау. Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 521-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
521-бап. Кедендік бақылау аймағының режимiн бұзу
Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (кеден органдарынан басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың өткізілуі, сондай-ақ осы аймақта мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз өндірістік және өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 522-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
522-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу
Кеден өкілінің, меншікті тауарларды сақтау қоймасын, уақытша сақтау қоймасын, еркін қойманы немесе кеден қоймасын, бажсыз сауда дүкенін иеленушілердің «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес осындай қызметті жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, кеден қоймасын немесе еркін қойманы, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған үй-жайлардың немесе аумақтардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 523-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
523-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралында мемлекеттік кіріс органының осы көлік құралы тұрған жерді анықтауына мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болмауы не оның жарамсыз болуы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 524-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
524-бап. Мемлекеттік кіріс органын тауарлардың келгені туралы хабардар етпеу
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген кезде мемлекеттік кіріс органын Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсынбау арқылы олардың келгені туралы хабардар етпеу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 525-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
525-бап. Тауарлардың кету тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кету тәртібін бұзу не Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кету үшін құжаттарды ұсынбау -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 526-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
526-бап. Авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар жағдайында шаралар қолданбау
Авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар жағдайында тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, жақын маңдағы мемлекеттік кіріс органына осы мән-жайлар және осындай тауарлардың тұрған орны туралы хабарламау не оларды жақын маңдағы мемлекеттік кіріс органына немесе мемлекеттік кіріс органы көрсеткен өзге де орынға тасымалдауды (тасуды) қамтамасыз етпеу-
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
527-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу
Тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына тапсырмау -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
528-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына жеткiзбеу
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының рұқсатынсыз кедендік бақылаудағы тауарларды және көлік құралдарын беру -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Кедендік бақылаудағы тауарларды және көлік құралдарын жоғалту немесе мемлекеттік кіріс органдары немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізбеу -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарының мемлекеттік кіріс органына тапсыру үшін қабылданған кедендiк немесе өзге де құжаттарын жеткiзбеу -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзудiң мемлекеттік кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы белгiлеген мерзімін сақтамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 529-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
529-бап. Көлiк құралын тоқтатпау
Көлік құралын тоқтатпау оның техникалық ақаулығынан немесе еңсерiлмейтiн күштiң әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өтетін көлiк құралын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында тоқтатпау -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 530-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
530-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту
Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 531-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
531-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау және тауарларды кедендiк тазарту тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау және тауарларды кедендiк тазарту тәртiбiн бұзу, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру, кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты жөнiндегі талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк рәсiммен орналастырудың бiрiншi кезектегi тәртiбiн қолдану шарттарын сақтамау -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 532-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
532-бап. Өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен жүргізілетін құқыққа сыйымсыз операциялар, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету -