19. Осы баптың бесінші, алтыншы, он бірінші және он екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 20-бөлікпен толықтырылды; 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 20-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
20. Осы баптың жетінші, тоғызыншы және он бесінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 21-бөлікпен толықтырылды
21. Осы баптың үшінші, сегізінші, он үшінші және он алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 22-бөлікпен толықтырылды
22. Осы баптың төртінші және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2022.30.12. № 180-VІІ ҚР Заңымен 181-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
181-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңнамасын қаржы басқарушысының бұзуы
1. Қаржы басқарушысының Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды, белгіленген тәртіппен қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізілімін жіберу жөніндегі міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы, сол сияқты кредиторлардың мәлімделген талаптарын қарау нәтижелері бойынша шешімді уақтылы қабылдамау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қаржы басқарушысының мүлікке түгендеу, бағалау жүргізу, борышкерден оның мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, оның мүлкін өз басқаруына қабылдау жөніндегі міндеттерді орындамауы, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанға дейін борышкердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмілелері анықталған кезде мүлікті борышкердің мүліктік массасына қайтару жөнінде шаралар қабылдамауы -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Сотқа қаржы басқарушысының қорытындысын, банкроттық міндеттемелерін тоқтату үшін негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытындыны, қорытынды есепті, сол сияқты сотқа және талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторларға борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің түпкілікті жоспарын ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негізінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу барысы туралы ақпаратты беру жөніндегі міндетті орындамау -
ескерту жасауға алып келеді.
5. Қаржы басқарушысының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, белгіленген тәртіпті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган айқындаған борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібін бұза отырып, борышкердің мүліктік массасын иеліктен шығаруы, кредиторлармен есеп айырысулар жүргізуі -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қаржы басқарушысының басқа кредиторларға көрінеу залал келтіре отырып, жекелеген кредиторлардың мүліктік талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекеттер сот арқылы банкроттық кезінде жасалса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Осы баптың бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Осы баптың бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 182-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 180-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 182-бап жаңа редакцияда
182-бап. Әдейі банкроттық
1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің әдейі банкроттығы, яғни заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейін үш жыл ішінде құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын тұлғаның, сол сияқты дара кәсіпкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жасаған әрекеттері, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Азаматтың әдейі банкроттығы, яғни азаматтың өзі банкрот деп танылған күнге дейін үш жыл ішінде орындалмауы банкроттық үшін негіз деп танылған міндеттемелер туындаған күннен кейін кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жасаған әрекеттері -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
183-бап. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 184-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
184-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу
1. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ақпаратты уақтылы бермеу немесе бермеу, сол сияқты анық емес ақпарат беру -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган тексеру барысында анықтаған Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзушылықтарды бағалаушылар палатасының жоймауы -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 185-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
185-бап. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу
Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны қамтитын мәліметтерді, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн кәсiптiк немесе қызметтiк жұмысына байланысты өзiне белгілі болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
186-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
Кәсiптік немесе қызметтiк жұмысына байланысты сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын немесе микрокредит беру құпиясын қамтитын мәлiметтер өзіне белгiлi болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұларды сақтау мiндетiн бұзуы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
187-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге туристік қызметтер ұсыну қағидаларында көрсетілген, саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде оларға тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәліметтерді ұсынбау, уақтылы немесе толық ұсынбау не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі -
лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайларға ұшырағаны туралы ақпарат бермеуі немесе уақтылы бермеуі -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне -жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
188-бап. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
189-бап. 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 190-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
190-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тұтынушыларды тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
лицензиядан айыра отырып және үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі нұқсан келтіруге әкеп соққан әрекеттер -
лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі нұқсан келтіруге әкеп соққан әрекеттер -
лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Сатушының (дайындаушының, орындаушының):
1) сатушының (дайындаушының, орындаушының), тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері туралы ақпаратты, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыру;
2) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы наразылыққа жазбаша жауап ұсыну жөніндегі міндеттерін орындамауы -
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сома - елеулі мөлшердегі нұқсан, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасы - ірі мөлшердегі нұқсан деп танылады.
2016.14.01. № 445-V ҚР Заңымен 190-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
190-1-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өздері өндірген бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - сексен, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
191-бап. 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
192-бап. Арнаулы техникалық құралдарды сату тәртiбiн бұзу
Арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардан басқа, тиiстi рұқсаты жоқ тұлғаларға сату -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
193-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Сатып алушының өтiнуi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелері және талаптар қою тәртiбi туралы қажеттi ақпарат бермеу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа сыйымсыз пайдалану -
тауарлар тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - жетi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап әрекеттерді (әрекетсiздiкті) жасау -
тауарлар тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының аумағында бағалар жапсырмасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды бағасын теңгемен көрсетпей өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында құны бағалар жапсырмасымен ресімделген бағадан асатын, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптары бойынша тауарды өткізген кезде оның бағасын теңгемен көрсетпеу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
194-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тарту
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
195-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
196-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау
Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 197-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
197-бап. Темекi бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың маркасын пайдалану
1. Темекі бұйымдарының өздерін қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың немесе осы бұйым сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қораптың, қаптаманың маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
198-бап. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу
1. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 199-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекiні және темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды имитациялайтын тауарларды өндiру, сату және тарату жөнiндегi талаптарын бұзу
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 133 және 423-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату жөніндегі талаптарын бұзу -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -