5) бесінші бөлікте - тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жауапты хатшысын немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге лауазымды адамын не оның міндетін атқаратын адамды, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысын не оның міндетін атқаратын адамды;
6) алтыншы, жетінші және он екінші бөліктерде - конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін түсінген жөн.
2. Лауазымды адам камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бақылау объектісіне табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жойған жағдайда, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
207-1-бап. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзу
1. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу не тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілілігін айқындайтын сипаттамаларына нұсқау жасау -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) тендерлік құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тану -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу -
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Негізінде тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешімі қабылданған сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының не сатып алу жөніндегі сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда, сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта сатып алуды жүзеге асыру тәртібі деп «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын немесе «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сатып алуды жүзеге асыру тәртібін түсінген жөн.
2. Осы бапта лауазымды адамдар деп:
1) бірінші бөлікте - сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдарды және (немесе) тендерлік құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлеуге тікелей қатысатын адамдарды;
2) екінші, төртінші және алтыншы бөліктерде - сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
3) үшінші бөлікте - ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуын ұйымдастырушы құрған тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін түсінген жөн.
3. Лауазымды адам Ұлттық әл-ауқат қоры, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүргізген бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бақылау объектісіне табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық әл-ауқат қоры, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүргізген бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жойған жағдайда, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
208-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Кредиттiк бюроның Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзуы -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, ақпарат берушінің кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз беруі, сондай-ақ мұндай келісімді дұрыс ресімдемеу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды
2-1. Кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат алу жағдайларын қоспағанда, кредиттік есепті алушының кредиттік есепті ұсыну туралы сұрау салуды кредиттік тарих субъектісінің келісі мінсіз беруі, сондай-ақ мұндай келісімді дұрыс ресімдемеу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Ақпарат берушiнiң Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін, кредиттiк тарих субъектiсiнен алынған мәліметтерді кредиттік бюроға ұсынбауы, сол сияқты уақтылы ұсынбауы не анық емес мәліметтерді ұсынуы -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Мәліметтер деп кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер түсініледі.
209-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзу
Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтiнiмi үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келiссөздер жүргiзу барысында концессиялық өтiнiмнiң бастапқы параметрлерiне және сипаттамаларына өзгерiстер енгiзу -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта лауазымды адамдар деп концессия жөнiндегi конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшыларын немесе конкурсты ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыру үшiн жауапты, олардың мiндеттерiн атқаратын адамдарды түсiну керек.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 210-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
210-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен валюталық шартты ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу
1. Валюталық шартты немесе берілген есептік нөмір бар валюталық шартты ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес міндетті болып табылған кезде уәкілетті банктің осындай валюталық шартты ұсынбай валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізуі -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 210-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
210-1-бап. Уәкілетті банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы валюта заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы талабын орындамауы
1. Уәкілетті банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы валюта заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы талабын орындамауы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық уәкілетті банк осы баптың бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғанға ұқсас бұзушылықты уәкілетті банк жасаған жағдайда басталады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 211-баптың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
211-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күніне шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін талаптармен микрокредит ұсынуға байланысты жарнаманы таратуы немесе орналастыруы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-1-бөлікпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген сол бір пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың клиенттермен жасалатын микрокредит беру туралы шарттарда сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген мөлшерін көрсетпеуі, анық емес көрсетуі, сол сияқты сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерінен асыруы -
заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтуы -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен бап ескертпемен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен ескертпе жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ескертпелер.
1. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін мерзімді есептіліктің сол бір нысаны ұсынылған жағдайларда басталады.
2. Осы баптың бесінші және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалар деп екінші деңгейдегі банк, коллекторлық агенттік, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, секьюритилендiру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы немесе қарыз алуы кезінде микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтарын ұстаушы - заңды тұлға түсініледі.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 211-1-баппен толықтырылды
211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Коллекторлық агенттіктің мынадай жосықсыз әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса:
1) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимылдың «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген өзге де тәсілдерін пайдалануы;
2) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде борышкерден берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауы;
3) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде берешекті ақшадан басқа, өзге де мүлікпен өтеуді талап етуі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуі -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жосықсыз әрекеттерді қоспағанда, коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бұзуы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі -
ескерту жасауға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-1-бөлікпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-2-бөлікпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеуі -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-3-бөлікпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпаратты беруі не анық емес ақпаратты не көрінеу анық емес мәліметтерді беруі -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Коллекторлық агенттіктердің анық емес, сол сияқты толық емес есептілік ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен ескертпемен толықтырылды
Ескертпе. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін есептіліктің анық емес, сол сияқты толық емес сол бір нысаны ұсынылған жағдайларда басталады.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 211-2-баппен толықтырылды
211-2-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның бұзуы
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында не Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтамай өзгерту -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жеке тұлғамен жасасылған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның оны «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген өзге де тұлғаларға қайта беруі -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
3. Талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша кредитордың құқықтары (талап етулері) өткен кезде борышкерден банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделмеген комиссиялар мен төлемдер алу -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы баптың мақсаттары үшін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 212-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 212-баптың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
212-бап. Қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсыну мерзімдерін бұзуы
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің, кредиттік бюролардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.